1.1. Қазіргі ағылшын тіліндегі есімдіктердің зерттелу тарихы
Қазіргі кезде есімдіктер мен орын алмастырушы сөздер көптеген ғалым-лингвистердің еңбектерінде қарастырылған. Көптеген лингвистер орын алмастырушы сөздер туралы айта отырып, есімдік – зат есімдерді, яғни орын алмастырушы сөздерді есімдіктердің бір қызметі ретінде қарастырады. Осындай жұмыстың бірі - Е.М.Гордон мен И. П. Крылованың «A Grammar of Present Day English» еңбегі [1,12]. Бұл еңбекте есімдік екі дәрежеге бөлінеді – зат есімдік есімдік және сын есімдік есімдік. Орын алмастырушы сөздер ретінде тек зат есімдік болуы мүмкін. Есімдік басқа зат есімді анықтауы да мүмкін Е. Е. Израилевич пен К. Н. Качалованың еңбектері [3, 44]. Е.М.Гордона мен И.П.Крылованың еңбектеріне сабақтас, мазмұндас. Олардың жұмыстарының кейбір тұстарында ғана айырмашылықтар бары аңғарылады. Мәселен, Е.М.Гордон есімдікті жіктегенде өздік есімдік пен эмфатикалық есімдіктің айырмашылығын айырып көрсетеді. Е.М.Качалова мен оның авторластары эмфатикалық есімдіктер мен өздік есімдіктегі қосымша қызмет болып табылады дейді [3,55].
М. Г.Рубцова өзінің «Ағылшын ғылыми және техникалық әдебиетін оқытуға үйрету. Лексикалық - грамматикалық анықтамалық» еңбегінде есімдікті орын алмастырушы сөздер ретінде қарастырады, сонымен қатар есімдік функциясына негізгі мағынаны олар орын алмастырушы сөздер ретінде қызмет еткенде ғана мән береді. Сондай-ақ ол өз жұмысында басқа да орын алмастыратын сөздер мен орын алмастыратын етістіктерді қарастырады [4, 48].
Етістіктердің орнын алмастырушы сөздер ретінде көбіне көмекші етістіктер мен жалғаулық етістіктер қызмет етеді. Бұл етістіктер қандай да болмасын мағыналық етістікті алмастыруы мүмкін. Сондай-ақ модальдық етістіктердің орнын алмастыратын сөздер де болады. Модальдық етістіктер келер шақ немесе өткен шақтың түрлерін құрайды, мұндай жағдайда оларды басқа мағына алмастырады. Мәселен have to, be able to және т.б.
Орнын алмастырушы сөз болып тек қызметтік сөздер болмайды. Орын алмастырушы сөздер ретінде пайдаланылатын басқа да тәуелсіз сөздер болады, мәселен, thing сөзі. С. С Беркнер мен оның авторластары орын алмастырушы сөздер ретінде кейбір дөрекі сөздер мен жаргондық сөздерді де айтуға болады дейді [5, 17]. «Жиі пайдаланылатын сөздер кең семантикалы stuff, thing, story сөздері, сондай-ақ shit дөрекі сөзі. Көбінде this thing, stuff like that есімдіктерімен бірлесіп пайдаланылады. Әсіресе олар оқушылардың сөйлесуі кезінде кездессе, кейде оларды оқытушылар да пайдаланады. Мұндай сөздер мен сөз тіркестері біртектес атаулар қатарының жалпы мүшелерін белгілеу үшін пайдаланылуы мүмкін: things like that, stuff like that, shit like that. Бұл орын алмастырушы сөздер, олардың мағынасын тек контексте ғана түсіну мүмкін болады». Ал, қазақ тілі энциклопедиясында есімдік сөз табына мынадай анықтама берілген: есімдік – есім сөздердің орнына қолданылатын сөз табы. Есімдіктің қай сөздің орнында жұмсалып тұрғаны алдыңығы сөйлемнен белгілі болғандықтан ол жалпы мағынаға ие. Мысалы: Мен – сөйлеушіні, сен – тыңдаушыны, ол – бейтарап адымды танытады. Сөйтіп, бұл сөз табының құрамына енетін сөздердің мағынасының нақтылы болмай, жалпылама болып келуі есімдіктің лексика-семантикалық өзгешелігі болып табылады.Айталық, мен, сен сияқты сөздердің нақтылы мағына беретін сөздердің де, абстрактылы мағынада да жұмсала беруі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |