ӘОЖ: 811. 512. 122ˈ 373. 22: 58 Қазақстан аумағындағЫ Өсімдіктің КҮрделі атауларын мағынасына қарай топтау



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі333,56 Kb.
#6767

ӘОЖ:811.512.122ˈ 373.22:58    

 

ҚАЗАҚСТАН   АУМАҒЫНДАҒЫ  ӨСІМДІКТІҢ   КҮРДЕЛІ   АТАУЛАРЫН  

МАҒЫНАСЫНА   ҚАРАЙ    ТОПТАУ 

 

Сүлейменова Г.С., магистр, аға оқытушы 



І.Жансүгіров атындағы  Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 

 

Бұл  мақалада  күрделі  сөздер  барлық  сөз  табынан  орын  алатыны,  аналитикалық 



тәсіл  көне  замандардан  келе  жатқаны  айтылады.  Соның  ішінде  біріккен  сөздерді 

қарастырып,  Қазақстан  аумағындағы  күрделі  өсімдік  атауларын  мағынасына  қарай 

топтастырылды. 

В данной статье рассматриваются  сложные слова встречающиеся во всех частях 

речи и возникновения аналитических форм с древних временложные слова,в частности  

составные названия растений Казахстана сгруппированы по семантическому признаку. 

The article states that the compound words found in all parts of speech and of the origin of 

analytical forms since ancient times. This article explains complex words, mainly compound names 

of plants of Kazakhstan,aggregated by semantic  sign. 

Кілт  сөздер:  күрделі  сөздер,  синтетикалық  тәсіл,  аналитикалық  тәсіл,  белскенді 

сыңарлар, лексикалық бірлік 

 

Аналитикалык  тәсіл арқылы екі я онан да көп сөзден кұралып, бір лексикалық мағына 

беретін  сөздер  күрделі  сөздер  деп  аталады.  Мысалы,  бойжеткен,  елтаңба,  әнүран,  әнтаспа, 

өуежай,  жазбапікір  (отзыв),  жылыжай  (теплица),  қонақүй  (гостиница),  ауыз  ашар,  шағын 

кәсіп, аш-жалаңаш, бау-бакща, бизнес-жоспар, бизнес-орталық, ғалым-хатшы, Қазақгелеком, 

АҚ  (акционерлік  қоғам)  т.б.  Күрделі  сөздер  қанша  сөзден  құралса  да,  бір  сөз  болып 

саналады,  бір  сөздің  қызметін  аткарады.  Көпшілік  жағдайда  олар  екі  сөзден  трады,  яғни 

күрделі  сөздің  құрамында  екі  сыңар  болады.  Алайда  екіден  көп  сөзден  де  құрала  береді. 

Мысалы,  Екібастүз,  Кемпірөлген,  Ащысай  сияқты  мысалдар-оның  құрамы  үш,  төрт  сөзден 

қүралуы да бар екеніне дәлел. 

   Қазақ тілінде күрделі сөздер кең орын алады. Күрделі сөздер барлық сөз таптарында 

бар.  Мысалы,  Ас  үй,  әуе  серігі  (стюардесса),  жол  сілтеуші  (регулировщик),  кұрбан  айт, 

нағашы  жұрт  деген  күрделі  сөздер  -  зат  есім.  Түлкі  тымақты,   қыр мұрынды,  қара  мұртты, 

ащы судай, ессіз адамдай - күрделі сын есімдер; жеті-сегіз, жүз алпыс жеті, мың тоғыз жүз 

тоқсан тоғыз - күрделі сан есімдер; кейбір, бірнеше, әлдебір, әлдеқалай - күрделі есімдіктер; 

алып  кел,  барып  көр,  алып  бер,  Кіріп  шық,  келіп  кет  -  күрделі  етістіктер;  таңертең, 

жаздыгүні,  биыл,  бүгін,  зорға-зорға  -  күрделі  үстеулер;  жалт-жұлт,  адыраң-адыраң  - 

еліктеуіш 

 

сөздер;  әйткенмен,  сол  себепті,  не  болмаса,  сүйтсе  де  -  күрделі  шылаулар; 



бәрекелді (барака аллаһу) - одағай. 

   Күрделі  сөздердің  барлық  сөз  табынан  орын  алуы  оның  тілге  кең  таралғанының 

көрсеткіші  ретінде  қаралу  керек,  яғни  тіліміз  күрделі  сөздерге  өте  бай.  Бұл-жалғыз  қазақ 

тілінің  ерекшелігі  емес,  дүние  жүзі  тілдеріне  тән  жалпы  құбылыс.  Рас,  күрделі  сөздің 

қолданылуы әр тілде бірдей деп қарауға болмайды. Ол туралы ғалым А.А.Пашковский былай 

дейді:  «Күрделі  сөздер  түрлі  тілдердің  лексикалық  системасынан  орын  алады.  Кейбір 

тілдерде сөздерді бірікгіру қосымша тәсіл болып, оның нәтижесі елеусіз болады да, сөздіктің 

периферия бөлімінен орын алады. Келесі бір тілдерде ол өте кең тараған, негізгі тақырыпқа 

жатады. Соңғы топтағы тілдерге жапон тілі жатады. Лексикадан алатын сөздің типіне қарап, 

оны күрделі сөздің тілі деуге болады» Ф.А.Ганиев күрделі сөз неміс, ағьлшын, жапон және 

хинди, славян тілдерінде көп қолданылады деп санайды. Түркі тілдерінің ғалымдары, оның 

ішінде казақ тілінің ғалымдары да, түркі тілдерін де күрделі сөзге бай тілдер деп таниды. Бұл 



-  осы  тілдерде  сөзжасамның  аналитикалық  тәсілінің  көне  замандардан  бастап,  күні  бүгінге 

дейін қолданылып келе жатқанының нәтижесі. Түркі тілдерінің ең көне жазба ескерткіштері 

саналатын  орхон  жазбаларында  кісі  аттары  мен  жер-су  атауларында  күрделі  сөздер  жиі 

кездеседі,  ол  дәстүр  қазір  де  сақталған.  Мысалы,  Әубәкір,  Бөкейхан,  Жантөре,  Жанмырза, 

Қызылорда, Таддықорган, Ақмола, Ақгөбе, Ащысай т.б. 

   Бұл дәстүр басқа сөздерге де кең тарап, аналитикалық тәсіл арқылы басқа атаулар да 

жасалған, сондықтан ол қазір барлық сөз таптарының сөздерінен мол орын алып отыр. 

   Қазақ  тілінде  күрделі  сөздердің  сыңарларын  байланыстыратын  басқа  тілдердегідей 

(орыс  тілі)  арнайы  қосымша  жоқ.  Күрделі  сөздердің  ішкі  сыңарлары  бір-бірімен  орын, 

мағына арқылы байланысады. Мысалы, алпыс бес, жүз елу екі, қызыл ала, Алатау, Қаратау 

деген күрделі сөздердің құрамындағы сыңарларды байланыстырған қосымша жоқ. 

    Тілдердің  көбінде  күрделі  сөздер  мәселесінде  түрлі  көзқарас,  даулы  мәселелер  өте 

көп.  Олардың  көбі  күрделі  сөздердің  тілдерде  танылу-танылмауына  байланысты.  Бұл 

мәселенің түп негізі күрделі сөздердің емлесінен туып жатады. Бірсыпыра тілдерде күрделі 

сөздердің  сыңарларын  бірге  жазылу  дәстүрі  бар.  Ондай  тілдерде  дау-шар  аз,  бірақ  күрделі 

сөздер  тілге  үнемі  қосылып  отырады.  Міне,  мұндай  күрделі  сөздердің  танылуы,  жазылуы 

қалыптасқанша,  алалық  туып  отырады.  Ағылшын  тілі  -  жазу  мәселесінде  де  өте 

консервативті  тіл  екені  белгілі,  соның  өзінде  ғалым  О.Д.Мешков:  «Ағылшын  тіліндегі 

мерзімді  баспасөзбен  таныс  адам  онда  күрделі  сөздердін  бірде  бірге,  бірде  бөлек  жазылып 

жүргенін біледі» деп жазады . 

Ал  жазуы  бір  ғасырда  бірнеше  рет  өзгерген  тіл  білімі кеш  дамыған  түркі  тілдерінде 

күрделі  сөз мәселесі  шешілді  деп айту  мүмкін емес, күрделі  сөз мөселесінде пікір  алалығы 

өте  күшті,  оның  ішінде  қазақ  тілі  де  бар.  Бұл  жағдай  күрделі  сөз  мәселесіне  ерекше  назар 

аударуды 

 

керек етеді. Сондықтан күрделі сөздердің белгілерін білу кажет. 



   Күрделі сөздердің сыңарлары қалай болса солай, кез келген сөзден жасала бермейді, 

оның  өзіндік  зандылықтары  бар.  Біріншіден,  күрделі  сөздің  құрамындағы  сыңарлар 

мағыналық қатысы бар сөздерден құралады. Екіншіден, күрделі сөздердің сыңарлары толық 

мағыналы  сөздерден  болады.  Күрделі  сөздің  мағынасын  жасайтын  оның  сыңары  толық 

мағыналы дербес сөздер болуы керек. Бүл мәселе дүние жүзі тілдерінің басым көпшілігінде 

танылған,  тек  түркі  тілдерінің  кейбірінде  ғана  бірлі-жарым  жеке 

 

пікірлер  кездеседі.  Бірақ 



жалпы  тіл  білімі  көлемінде  күрделі  сөздер  толық  лексикалық  дербес  сөзден  жасалады  деп 

саналады. 

   Тіл  білімінде  күрделі  сөздердің  түп  төркіні  сөз  тіркесі  саналады.  Тілде  кейбір  сөз 

тіркестері  бірте-бірте  мағыналық  дамуға  ұшырап,  құрамындағы  сыңарларының  мағынасы 

жымдасып, кірігіп бір мағынаға көшкен. Олардың сыңарлары өзінің алғашқы мағынасынан 

алыстап,  өзінің  дербестігінен  айрылған,  сыңарлардын,  мағынасының  бір-бірімен  кірігуінің 

нәтижесінде олар біртұтас сөзге 

 

айналып, белгілі бір ұғымды білдіретін күрделі сөз болып 



қалыптасқан.  Сондықтан  күрделі  сөздің  мағынасы  берілу  үшін,  күрделі  сөздің  құрамы, 

құрамындағы сыңарлардың орын тәртібі ол қалыптасқан кездегі қалып сақталуы қажет.  

   Күрделі сөз өзінің сыңарларының мағынасының біртұтас мағынаға кірігіп, бір сөзге 

көшуінен  бастап,  бір  сөз  болып  танылатындықтан,  ол  тілдегі  басқа  сөздер  сияқгы  дайын 

тұрған лексемалар болып саналады да, сөйлемге сол дайын тұрған қалпында кіреді. Демек, 

күрделі  сөздер  сөйлемге  дайын  тұрған  қалпында  алынатын  лексикалық  бірліктер 

болғандықтан, ол сөйлемде бір сөздің қызметін атқарады, сөйлемнің бір мүшесі болады, бір 

сұраққа жауап береді. 

    Біріккен  сөздердің  бір  тобы  сыңарларының  өте  ықшамдалуы  арқылы  жасалған. 

Мысалы, биыл (бүл жыл), бүгін (бүл күн), сексен (сегіз он), сөйтіп (солай етіп) т.б. Мұндай 

сөздер ғылымда кіріккен сөздер деп аталады. 

    Кіріккен  сөздер  -  құрамындағы  сыңарлары  дыбыстық  құрамын  толық  сақтамай, 

немесе түрлі дыбыстық өзгерістерге ұшырау арқылы бір-бірімен мағына жағынан ғана емес, 

дыбыстық  құрамы  жағынан  да  кірігіп,  ықшамдалып,  біртұтас  сөзге  айналған  сөздер. 

Мысалы,  әкел  (алып+кел),  өпер  (алып+бер),  әкет  (альт+кет),  биыл  (бүл+жыл),  бүгін 


(бүл+күн),  сәресі  (сахар+асы),  ағайын  (аға+іні),  кдрлығаш  (қара  ала  құс),  білезік 

(білек+жүзік),  сексен  (сегіз+он),  тоқсан  (тоғыз+он),  белбеу  (бел+бау),  қайтіп  (қалай+етіп), 

түрегел  (түра  кел),  белуардан  (бел+буардан),  ендігәрі  (ендігіден+әрі),  ашудас  (ашу+тас), 

сөйтіп  (срлай+етіп),  өйтіп  (олай+етіп),  бірдеме  (бір+неме),  біресе  (бір+ерсе),  қолғанат 

(қол+кднат) т.б. 

Келтірілген кіріккен сөздердің сыңарлары үлкен өзгеріске ұшыраған, бұлардың ішінде 

бір  сыңардан  бір  ғана  дыбыс  қана 

 

сақталып,  сөздің  құрамындағы  дыбыстары  өте 



ыкщамдалғандары 

Қазақ жері де табиғаттың осы ұшан теңіз байлығына мол. 

Тілде  пайда  болып  жатқан  күрделі  сөздердің  қазақ  тіл  білімінде  алатын  орны 

ерекше.Күрделі  сөздердің  қалыптасу  ерекшелігіне  қарай  бірнеше  түрлері  бар.Тіліміздегі 

сөзжасам  жүйесінде  синтетикалық  тәсілдерден  кейін,негізінен,аналитикалық  тәсілімен 

жасалатын  сөздер  кең  орын  алады.Біз  сол  аналитикалық  тәсілмен  жасалған  өсімдік 

атауларына  арнайы  тоқталмақпыз.Ғасырлар  бойы  қолданып  келген,  халық  тілінде  әбден 

қалыптасқан өсімдік атауларын былай топтастыруға болады. 

І.а)Төрт  мал  атауларының  және  олардың  қосалқы  атауларының  күрделі  өсімдік 

атауларын жасауға қатысы 

Ат : атқонақ,айқұлақ,атқұтыртқан,т.б. 

Айғыр:айғырқияқ 

Бие:биебау,биеемшек,биеқарын т.б 

Жылқы:жылқышөп т.б. 

2.Қой:қой бүлдірген,қойжелек,қойкемірген,қой қарақат,қойоты,т.б. 

3.Ешкі:ешкі  бұршақ,ешкіқоңырау,ешкі  мия,ешкісабақ,ешкі  сасыр,ешкішөп,ешкі 

тал,ешкіқұйрық т.б. 

 

Теке: текесақал,т.б. 



4.Түйе:түйе жапырақ,түйеқарын,түйетабан,түйетікен,түйеқарын,түйеқұйрық 

Нар:Нарқайсар 

5.Сиыр:сиыр бұршақ,сиыр бүлдірген,сиыр қарақат,сиырқұйрық,сиырсілекей т.б. 

ә) Сонымен бірге төрт түлік төлдеріне байланысты күрделі өсімдік атаулары бар 

1.Бота:ботакөз,ботақұлақ,ботатабан т.б. 

2.Бұзау:бұзаубас. 

Өгіз:өгізкөз,өгізтіл,өгізөлең,т.б. 

Тана:танакөз 

3.Қозы:қозыгүл,қозықұлақ,қозықұйрық,т.б. 

Тоқты:тоқты шайыр,т.б 

Лақ:лағоты 

4.Тай:тайтұяқ т.б. 

Құлын:құлынембес 

Құлан:құланқұйрық 

ІІ.Күрделі  өсімдік  атауларының  жасалуында  жабайы  аңдар  атауларының  да  атқарар 

қызметі өте күшті,мысалы: 

1.Аю: аю бадам,аю балдырған,аю бүлдірген, аю жүн,аю құлақ,аюоты,аютабан т.б. 

2.Арыстан:арыстанауыз,арыстантабаны,т.б. 

3.Борсық:борсықжүн 

4.Бөрі:бөріаяқ,бөрі бұршақ,бөріжидек, бөрі жөке,бөрікөз,бөріқарақат,бөріқұлақ,т.б. 

Қасқыр:қасқыржем,қасқыржидек,қасқырмасақ, қасқыртабан т.б. 

Тарлан:тарланқияқ 

5.Бұғы:бұғы қынасы,бұғы мүгі т.б 

6.Бұлан:бұланмүйіз 

7.Елік:елікшөп,елікбалдырған т.б. 

8.Киік:киікоты,киікшөп т.б. 



9.Бөкен: бөкен  

10.Құлан:құланқұйрық 

11.Құндыз:құндызгүл,құндызшөп 

12.Құралай:құралайгүл 

13.Марал:маралоты,маралтамыр,маралқурай т.б. 

14.Қоян: 

қоян 

беде,қоянжын,қоянқұйрық,қоянжүн,қояноты,қоянсүйек,қоянтамақ,қоянтобық,қоян 



жоңышқа,қоян жүзген 

15.Доңыз;доңызоты,доңызсырт,доңыз қоға,доңыз түк 

16.Түлкі:түлкіжем,түлкіқұйрық,түлкімасақ 

17.Суыр:суыроты 

ІІІ. а)Күрделі өсімдік атауларының жабайы құс атауларымен келуі. 

1.Аққу:аққугүл,аққуоты 

2.Бөдене:бөденешөп 

3.Бұлдырақ:бұлдырықот,бұлдырықшөп. 

4.Құс:құсаяқ 

5.Көккек. көкекоты,көкекшөп 

6.Ләйлек:ләйлекшөп 

7.Торғай: 

торғайжем,торғайбас,торғайоты 

8.Тырна:тырнашөп 

9.Үкі:үкікөз 

ә)Сонымен бірге үй құстарының аттарымен келетін күрднлі өсімдік атауларына мысал 

келтірейік. 

1.Қаз:қазтабан,қазтамақ,қазоты т.б. 

3.Тауық.тауықбас,тауықкөз т.б. 

4.Үйрек.үйректұмсық 

ІY.Күрделі өсімдік атауларының үй жануарларының аттарымен келуі: 

1.Есек:есекмия,есекжем,есекшөп т.б. 

2.Ит:итбүлдірген,итемген,итжидек,иттікен,итмия,иткәсік,итшу,ит бадам,т.б. 

Құмай:құмайшөп 

3.Мысық:мысықоты,мысыққұйрық,мысықтабан 

Y.Тілімізде  күрделі  өсімдік  атауларын  жасауда  бақа-шаян,құрт-құмырсқалардың 

аттары да үлкен қызмет атқарады. 

Бақа:бақажапырақ,бақаоты,бақаауыз т.б. 

Балық: балықкөз, балықоты, т.б. 

Бүрге: бүргедән, бүргешөп, т.б. 

Жылан: жылантамыр, жылантіл, жыланшөп, жыланбас, жыланкөз, 

Кене: кенедәрі, кенедән. 

Көбелек: көбелекгүл 

Кірпі: кірпібас. 

Қандала: қандалашөп. 

Құрт: құртшөп. 

Тышқан: тышқанқұйрық. 

Шаян: шаянмойын, шаянмойнақ, шаянот. 

Шыбын: шыбынбас, шыбынжұрт, шыбынқырғыш, шыбынот, шыбынжек 

Шіркей: шіркейот. 

1.а)  Сондай-ақ  күрделі  өсімдік  атауларының  жасалуына  адамға  қатысты  сөздер, 

жынысы, жасы да ұйытқы болады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

Адам: адамтамыр, адамшөп. 



 

 

 



 

 

 



 

Баба: бабажапырақ.   

 

 

 



 

 

 



 

 

Бала: балажапырақ.   



 

 

 



 

 

 



 

 


Өгей: өгейшөп, өгейшек.   

 

 



 

 

 



 

 

 



Ер адамға байланысты аталатын күрделі өсімдік атауларына біра мысал келтірейік: 

Ер:ербасы, ерқұны.   

 

 

 



 

 

 



 

 

Еркек: еркекбуын, еркекшөп, еркекқамыс, т.б.   



 

 

 



 

Мырза: мырза сораң. 

 

 

 



 

 

 



 

 

Құл: құлқайыр. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Балуан: балуаншөп.  

 

 



 

 

 



 

 

 



     

б)  Әйел адамға байланысты аталатын күрделі өсімдік атаулары да жоқ емес. 

Қыз: қызбалтыр, қызжүзім, қызқарағай, қызтаңдай, қызшөп.   

 

 



Келіншек: келіншекшөп.   

 

 



 

 

 



 

 

Кемпір: ккемпіршөп. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

  1.  Адамның  дене  мүшелері,  анатомиялық  атаулар  да  күрделі  өсімдік  атауларының 



жасалуына үлкен әсер етеді. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Бармақ: бармақтамыр. 

 

 

 



 

 

 



 

 

Саусақ: саусақгүл.   



 

 

 



 

 

 



 

 

Тырнақ: тырнақгүл   



 

 

 



 

 

 



 

 

Ерін: ерінгүл.  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Тіс: тісдәрі, тісжеміс, тісшөп. 

 

 

 



 

 

 



 

 

Тіл: тілқияр, тілқияқ  



 

 

 



 

 

 



 

 

Қолтық: қолтықгүл, қолтықсабақ.  



 

 

 



 

 

 



Бауыр: бауыршөп, бауырмүк, бауырқұрт.  

 

 



 

 

 



Бүйрек: бүйрекшай, бүйрекбет.   

 

 



 

 

 



 

Бүйір: бүйіргүл. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



Жүрек: жүрекжапырақ, жүрекшөп. 

 

 



 

 

 



 

 

Өт: өтқұлақ.   



 

 

 



 

VIII. Әр түрлі діни ұғымдарға сөздермен байланысты күрделі өсімдік атаулары бірен – 

саран  болса  да  кездеседі.  Мысалы:  әулиеғаш,  перітіс,  жындышөп,  иманжапырақ, 

шайтанкелмес, 

шайтанқұлақ, 

шайтантемекі, 

молдаяқ, 

тәуіпдәрі.                                                                                                                                                               

IX.  Күрделі  өсімдік  атауларының  мезгілге  қатысты  сөздер  арқылы,  сол  мезгілде  өсетін, 

гүлдейтін кезіне байланысты жасалуы: мысалға  

 

 

 



Аяз: аязоты, аязшөп  

 

 



 

 

 



 

 

 



Қыс: қысшөп  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Көктем: көктемшөп  

 

 

 



 

 

 



 

 

Мамыр: мамыргүл   



 

 

 



 

 

 



 

 

Наурыз: наурызгүл, наурызшешек  



 

 

 



 

 

 



Күндіз: күндізгүл т.б. 

 

 



 

 

 



 

 

 



Түн: түнсұлу, түнсұлугүл   

 

 



 

 

 



 

 

Ымырт: ымыртгүл 



X.  Күрделі  өсімдік  атауларының  әр  түрлі  мекендік  атауларға  өсетін  жеріне 

байланысты аталуы: Балшық: балшықшөп 

 

 

 



 

 

Батпақ: батпақ аққанаты, батпақ балдырған, батпақгүл, батпақшөп т.б. 



 

Бұлақ: бұлақшөп 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



Беткей: беткейшөп.   

 

 



 

 

 



 

 

 



Дөң: дөңбет   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Жайлау: жайлаугүл   

 

 

 



 

 

 



 

 

Жартас: жартасшөп   



 

 

 



 

 

 



 

 

Жер: жержастық, жерқосақ, жерсабақ, жерсабын, жерсағыз, жер тары, жертүйнек   



Құм: құм ебелек, құмот, құмшөп, құмберіш т.б.  

 

 



 

 

          



Қыр: қыржапырақ,   

 

 



 

 

 



 

 

 



        

Орман: орманот. 

 

 

 



 

 

 



Өзен: өзенқұлақ т.б.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Сай: сайсабақ сайсағыз т.б.  

 

 



Сор: сортікен, сортаңшөп, сораң, т.б. 

 

 



 

 

 



 

 

Су: сужапырақ, сужұлдыз, сукөрік, су сорғалдақ, суқабақ, сусімір, т.б. 



 

 

Тау: таугүл, таусағыз, таушешек, тауқурай, т.б.   



 

 

 



 

 

Тас:  тастағаш,  тасбүлдірген,  тасжарған,  тастөбе,  тас  қабақ,  тас  қоңырбас,  тас 



бұйырғын, тасжапырақ, тасқараң, таспажапырақ, т.б.   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Шөл: шөлмасақ, шөлқияқ, т.б. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



XI.  Күрделі  өсімдік  атауларының  бірінші  сыңарлары  әр  түрлі  түске  байланысты 

болып айтылуы тілде өнімді қызмет атқарады.   

 

 

 



 

 

 



Ақ:  ақжелек,  ақбас,  ақгүл,  ақжапырақ,  ақжелкен,  ақжелкек,  аққанат,  аққой,  аққурай, 

ақмамық,  аққылтан,  ақтамақ,  ақ  таспа,  ақтікен,  ақшуақ,  ақшұнақ,  ақшонақ,  ақ  айрауық,  ақ 

баттауық, ақ жүзген, ақ қонақ, ақ сора. 

Ақбас  беде,  ақбас  жоңышқа,  ақбас  щырмауық,  ақбасқурай,  ақнабат,  ақсырттан, 

ақшытай, т.б. 

Ала: ала бота, ала қоғыралатікен, т.б. 

Боз:  бозбұға,  бозкілем,  боз  қонақ,  бозтікен,  бозшағыл,  бозшалғын,  боз  арша,боз     

бедеге, боз изен, боз көде, бозқылтық, бозғыл көде, т.б. 

Жирен: жиренқұлақ 

Көк: көкбиік, көк тал, көк мысыққұйрық, көк терек, көкбас беде, көкбасшөп, көкгүл

т.б.  (Біздің  қазақ  халқы  “көк”  түсін  жасыл  түс  мағынасында  да  тілімізде  қолданған.  Осы 

қолданыста “жасыл” түс мағынасында айтылаған.) 

Күлгін: күлгінбас, күдгінгүл, т.б. 

Күрең: күреңот, күреңшөп, күрең тал, т.б. 

Қара:  қарабарақ,  карабүлдірген,  қаражеміс,  қаражидек,  қараккенен,  қара  құмық, 

қараматау, қара от, қаратамыр, қара ажырақ, қара алма, қара андыз, қара арша, қара бұрыш, 

қара бидай, қара қоғыр, қара жусан, қара меңдуана, қара өрік, қара самырсын, қара сексеуіл, 

қарашора, қаратұяқ, қарасаған, қара сұлы, қара тал, қара терек, қара ырғай, т.б. 

     Қоңыр: қоңырбас, қоңыр балдыр, т.б. 

Қуаң: қуаңдәрі 

              Қызыл:  қызылбояу,  қызылқат,  қызылтаңдай,  қызылқұйрық,  қызыл  қоянжын, 

қызыл  мия,  қызыл  сораң,  қызыл  тал,  қызыл  тұзшөп,  қызл  арша,  қызыл  бұрыш,  қызыл 

жоңышқа, қызыл жүзген, қызыл жыңғыл, қызыл қайың, т.б. 

 Қырмызы: қырмызыгүл. 

 Сары: сарыгүл, сарысадақ, сарысазан, сарысояу, сарытікен, сарытұңғиық. 

 Шұбар: шұбаршөп. 

 Бөрте: бөрте жусан, бөртегүл (Бөрте-көкшіл сұр деген мағынаны білдіреді.) 

Адамзат  тіршілігінде  өсімдіктер  дүниесінің  маңызы  зор.Ерте  кезден  бастап-ақ  ата-

бабаларымыз  өсімдіктерді  зерттеп  ,танып-біліп,ат  қойып  олардың  жемісін,дәндерін  азық 

етіп,ал  жапырақ  сабақ  ,гүл,тамырын  дәрі  –дәрмекке  түрлі  нәрселерді  бояуға 

пайдаланған.Келе-келе  адам  өсімдіктердің  ішіндегі  бастыларын  қолдан  өсіретін 

болды.Бүгінде  олардан  көптеген  азық-түліктік  қорлар,әр  түрлі  өндірістік  шикізаттар 

аламыз.Өсімдіксіз өмір жоқ. 

 Зерттеудің барысында тілімізде өсімдіктің күрделі атаулары көп екендігі байқалады. 

Өсімдіктің  атауларын  жасауда  белсенді  сыңарлардың  барлығы  көрінді.  Өсімдіктің  күрделі 

атаулары  –  күрделі  сөзге  жататын  лексикалық  бірлік.  Өсімдік  атауларын  жасауда  сол 

өсімдіктің  пішіні  ,  түсі,  белгісі,  қызметі,  қасиеті,  т.б.  сол  сияқты  ерекшеліктері  өсімдік 

атауларының қалыптасуына негіз болған.  

 Қорыта  келгенде,  жұмыста  күрделі  өсімдік  атауларын  мағынасына  қарай 

топтастырдық. 

 


ӘДЕБИЕТТЕР 

1.

 



 Қалиев,  Б.   Өсімдік  атауларының  орысша-қазақша  сөздігі=Русско-казахский 

словарь названий растений - Алматы : Ана тілі, 1993. - 104 б.  

2.

 

 Қалиев  Б.  Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары - Алматы : Ғылым, 1988. - 159 б.  



3.

 

«Ана тілі» газеті №44 (1302) 4 -11 қараша 2015  



4.

 

  Құралұлы    А Өсімдіктерге,  жануарларға  байланысты  терминдер  мен  сөз 



тіркестерінің түсіндірме сөздігі  - Алматы : Өнер, 2006. - 76 б. - (Ұлттық дүниетаным) 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет