Мазмұны кіріспе 3 зейін туралы жалпы түсінік



бет8/12
Дата27.05.2022
өлшемі82,51 Kb.
#35722
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
1.4 Зейінді дамыту жолдары.
Мектепке дейінгі шақтың басында баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс - әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталады. Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе пайда болысымен – ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.
Мектепке дейінгі шақта балалар іс - әрекетінің күрделіленуіне жалпы ақыл – ой дамуының іслгерілуіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кішкентайлар бір ойынды 30 – 50 минут ойнайтын болса, бес – алты жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы бір жарым сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделілірек іс - әрекеттері мен қарым – қатынастарының бейнелуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей – тегжейлерін бөліп алады.
Бірақ мектепке дейінгі шақта зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға, құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде. Ықтиярлы зейіннің бастамалары баланың жеке басынан тыс жатыр. Бұл ықтиярсыз зейіннің өздігінен ықтиярлы зейіннің пайда болуына әкеліп соқпайтындығын көрсетеді. Ықтиярлы зейін үлкендердің баланы іс - әрекеттің жаңа түрлеріне тартуының, білгілі бір құралдардың көмегімен оның зейінін бағыттап, ұйымдастыруының арқасында қалыптасады. Баланың зейініне басшылық жасай отырып, үлкендер кейін солардың көмегімен ол өз зейінін өзі басқара бастайтын оған қажетті жолдарды үйретеді. Мысалы, бір тәжірибеде зеребелік сипаттағы сұрақтар мен жауаптардан тыйым салу ойыны өткізіледі. Ондағы тыйым түрі былай болды: “Ия, не жоқ деп айтпайсыңдар, ақты және қараны алмайсыңдар”. Ойын барысында балаға бірнеше сұрақтар берілді. Олардың ішінде белгілі түстердің аттарымен жауап беретін сұрақтар да болады. Сұрақтар мынадай типте болатын: “Сен мектепке барып жүрсің бе”, “Партаның түсі қандай?”, “Сен ойнауды ұнатасың ба?”, “Сен ауылда болып көрдің бе?”, “Шөптің түсі қандай?”, “Ауруханада болғаның бар ма?”, “Сен дәрігерді көрдің бе?”, “Халаттарының түсі қандай?”. Бала қайткенде де жылдам жауап беруге және мынандай нұсқауды орындауға тиіс: 1) тыйым салынған түстерді, мысалы, қара мен ақты немесе қызыл мен көкті; 2) бір түсті екі рет атамау. Тәжірибе бала ойынның барлық шарттарын орындай аларлықтай етіп құрылған, бірақ бұл баладан үнемі зейініне күш салуды талап етті, көп жағдайларда мектеп жасына дейінгі балалар осы міндеттердің бәрін орындай алмады.
Егер үлкен адам балаға ойынның шарттарына ынталы түрде зейінді шоғырландырудың сыртқы көмекші құралдары ретінде түсті карточкалар жиынтығын ұсынса, нәтиже басқаша болып шығады. Неғұрлым аңғарғыш балалар бұл көмекші құралдарды өздігінен пайдалана бастайды. Бұл балалар тыйым салынған, мысалы, қара мен ақ түстерді көрсеткен тиісті карточкаларды шетке бөліп тастайды да ойын процесінде тек алдында жатқан карточкаларды пайдаланады.
Зейінді нақтылы, дара тапсырмаларға байланысты ұйымдастырудың ахуалдық құралдарынан басқа жан – жақты құралы – сөйлеу бар. Үлкендер баланың зейінін сөзбен нұсқау беру арқылы ұйымдастырады. Қайсыбір жағдайларды ескере отырып, берілген іс - әрекеттерді баланың орындауы қажет екенін ескереді. (“Мұнараны тұрғызарда алдымен дөңгелекшелердің ең үлкенін таңдап ал…” Міне, дұрыс. Ал, ендігі үлкен қайсы? Іздеп көр” Тағы сол сияқтылар). Кейінірек бала қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін зейін салуға тиісті заттар мен құбылыстарды сөз арқылы өзі белгілеу бастайды.
Сөйлеудің жоспарлаушы функциясының дамуына қарай бала өз зейінін болашақ іс - әрекетке күні бұрын ұйымдастыра неменеге даралана білуін сөзбен тұжырымдау қабілетіне ие бола бастайды. Зейінді ұйымдастыратын сөз арқылы өзіне берілетін нұсқаудың мәні төмендегі мысалдан жақсы көрініп тұр. Мектепке дейінгі жастағы балаларға жануарлардың суретін салынған он карточка берілді, олардың ішінен белгіленген суреттері бар (мысалы, тауықтың немесе жылқының), карточкалардың біреуін болса да таңдау, бірақ тыйым салынған карточканы (мысалы, аюды) алмау ұсынылды. Бала карточкаларды қатарынан бірнеше рет іріктеді. Басында оған іс - әрекеттің тәсілі жөнінде ешбір нұсқау берілмеді. Мұндай жағдайларда балалар тапсырманы қинала орындап, жиі қателесті. Бірақ балаға нұсқауды естіртіп, дауыстап айту ұсынылғанда (карточкалардағы бейнелерді зейін қоя қарағаннан кейін олардың қайсысын алуға болатынын, қайсысын болмайтынын) тапсырманы орынлау бірден өзгерді. Бұдан кейін мектепке дейінгі ересектерден бастап балалар дұрыс шешімге келе бастайды, тіпті кейінгі тапсырмаларда жануарлардың жаңа түрлері салынған карточкаларды енгізгеннің өзінде де жауаптары дұрыс болып шығып отырды. Карточкаларды таңдап алу процесінде балалар жұмыла пайдаланды.
Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10–12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез–құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.
Мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді. Балаларға өздері үшін бір текті әрі тартымы шамалы іс - әрекетке зейін қою қиынға түседі, сонымен бірге ойын процесінде немесе әсерлі сезімге бөлерліктей тапсырмаларды шешерде олар едәуір ұзақ уақыт бойы ықыласты болып жүреді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі мектепке дейін оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс - әрекеттің нәтижелі түрлері, іс - әрекет формаларын жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет