Мазмұны кіріспе 3 зейін туралы жалпы түсінік


ЗЕЙІНДІ ДАМЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ



бет10/12
Дата27.05.2022
өлшемі82,51 Kb.
#35722
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
ЗЕЙІНДІ ДАМЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ.

2.1 Зейінді дамыту мен тәрбиелеудегі мұғалімнің ролі.
Бастауыш сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін еске ала отырып, оны тәрбиелеудің кейбір жолдарын көрсетуге болады.
Зейінді дамытуда, әрі өтілетін сабақтың жемісті болуына сыртқы жағдайдың атқаратын маңызы зор. Оқушы еңбектенетін жерде, оның көңілін аударатын қоздырғыштардың (шу, баланы қызықтыратын қажетсіз әңгімелер) болмауы керек, қажетті гигиеналық шаралар сақталуы шарт (таза ауа, тиісті жарық).
Ырықсыз зейінді тәрбиелеу үшін мектеп оқушысының танымдық ықыласын дамытып, оның түсіну шеңберін ұлғайтқан жөн. Баланың жалпы ақыл – ойы өскен сайын оның ырықсыз зейінінің дамуы да күшейе түседі.
Мектепке келген балада мұғалімді тыңдау, оқу материалының мазмұнына үңілу сықылды зейінділік әдеті болмайды. Зейінді тәрбиелеудің бірден – бір жолы – мектепте оқудың алғашқы аптасындағы әңгімелер мен ертегілерді мұғалімнің оқып беруі. Сонымен қатар бұл оқу мұғалімге оқушылардың қайсысының зейіні зор, қайсысынікі шамалы екендігіне құнды бақылау жасауға мүмкіндік береді. Балалардың зейін ерекшеліктерін білген мұғалімге олармен сабақ өткізу жеңіл болады.
Зейінді аударып, оны тарта білудің маңызды шарты сабақты жақсы ұйымдастыру болып табылады. Ол үшін мұғалім сабақтың жоспарын ойластырып, уақытты есептеп тағы басқамен мұқият әзірленуі қажет. Сабаққа қажетті заттар өз орнында, рет – ретімен тұруы қажет. Сабақ басталар кезде, қажетті құралдар болмай, сонны іздестіріп, не ұмыт қалған сынып журналына, борға балаларды жұмсап, т.б. әбігершілік жасау мектеп оқушысының зейініне қатты әсер етеді.
Сабақ басталарда, оның мақсатын айтқан пайдалы, өйткені оқушылар өзінің міндеттерін түсініп, немен айналысатынын біліп отыруы қажет. Осыны күні бұрын ескерту керек. Жұмыс басталарда балаларды алда тұрған істі қуанышпен күтетіндей дәрежеге жеткізген пайдалы. Бұл олардың зейінін күні бұрын мұқият жинақтауға көмектеседі. Еңбектің, жұмыстың жалықтыратын қиын жерлерінде оның маңыздылығын айтқан жөн, сонда ғана ырықты зейін туады.
Ырықсыз зейінді аудару үшін оқу материалының мазмұны және оның қандай формада берілуінің маңызы зор. Мұғалімнің белгілі мөлшердегі жарқын эмоцияға толы нақтылы фактілер мен мысалдарға құрылған қызықты әңгімесі–иллюстрациялар көрсету, көрнекі құралдарды пайдалану. Көрнекілік, әсіресе, бастауыш сыныптарда өте қажет. Бала тек көз алдында заттар мен құралдар тұрғанда ғана зейін аударып қоймай, оның үнемі зейінді болу жағын қарастыру қажет.
Баланың зейінін тәрбиелегенде айналадағы жарамсыз жағдайды өзгертіп немесе зейінді соған бейімдеу керек. Сабақ жүріп жатқан бөлме есігі ашылып жабылса, не балалар сөйлесіп отырған болса немесе дәлізде біреулер шуласа, баланы алаңдатып, зейінін бөледі. Мұндайлардан сақтандыратын шаралар жүргізу керек. Өндіріс жұмыс жағдайының зейінді алаңдатпайтыны кемде – кем. Заводтарда, фабрикаттарда, цехтарда, машиналардың тарсыл – гүрсіл, сыбдыр – шуында істелетін жұмыс аса күшті де, өте тұрақты зейін қоюды тілейді. Мұнда да зейінді алаңдатып алудан сақтай білген дұрыс, қиыншылықты ығыстыратын қажырлы қайрат жиып, зейінді тәрбиелеу керек. Бөгде тітіркендіргіштердің барлығы да зейінді түскен нәрсесінен үзіп алып, басқа нәрсеге түйілте бермейді, керісінше, зейіннің түйілуін күшейтіп, жұмысын берекелендіретіндері де болады. Кейде уілдеген бәсең жел, музыканың баяу естілген сазды үні зейінді күшейте түседі, оның шаршамауына қуат береді. Зейіннің сергек болуына көмектеседі. Бұларды еске алып, дұрыс пайдалану – тәрбиешінің зор міндеті.
Сезім адам зейініне түрліше әсер етеді. Ол – бірде зейіннің күшін ұлғайтады, тұрақтылығын арттырады, бірде берекесін кетіреді. Бағытталған объект жарамды сезім туғызса, зейін күшейеді және күшті болған берекелене түседі. Сезіммен оянған ырықты зейін күшті және тұрақты болады. Адамның санасы іс - әрекет үстінде жаңа біліммен байыса, оның көңіліндегі күмән тұрақтылығы да әсер етеді. Көңілдің бөгде себептерден туған күйі зейінге жарамсыз әсер тигізеді. Көрші бөлмеден естілген ән мен күйден туған сезім баланың сабақ оқуда тұрақтап отырған зейінін төмендетеді. Зейіннің сезіммен қатынасының болатынын ескеріп, оны тәрбиелеп отыруға міндетті. Ерік сипаты мақсатқа ұмтылып, іс - әрекетке дайын тұрады. Бұл сипат ырықты зейінде де болады. Тапсырылған жұмысты орындауға бел байлағанда, зейін күшті, тұрақты болып, жұмыс жеңіл атқарылады. Адам өзіне ұнамаған жұмысты қажыр, қайрат салып қана істей алмайды. Ендеше, ырықты зейіннің тәрбиесі еріктің дамуымен тығыз байланысты, мұны ескермеуге болмайды.
Зейін қою қызығумен да тығыз байланысты. Қызыққан нәрсеге адам ілтипатын түсіріп зейін қояды. Бірақ қызықтырған нәрсе барлық зейінді тәрбиелей бермейді. Сондықтан қызыққанына ғана зейін қоюға, баланы үйретуге әуестенбеу керек, қызықтырмайтын жұмысқа қайрат, күш жұмсап, зейін қоя білуге тәрбиелеген мақұл. Мұғалім мен тәрбиеші мұны мұқият ескеруі керек. Ырықты зейінді тезірек үйреншікті зейінге айналдыру үшін, мүмкіндігінше қалтқысыз беріліп жұмыс істеуге тиіс. Кісі өз зейінінің жарамды – жарамсыз дамытып, жарамсызын тәрбиелеп отыруға міндетті.
Баланың зейіні тіпті ерте, өмірінің бірінші айларында көрінеді. Әуелі ырықсыз зейін орнығады. Бөбек әшекейлі нәрсеге көзін, әуезді дыбысқа құлағын салады. Тәрбиенің ықпалымен дамып келе жатқан сезімімен, мүддесімен, игілік – қызығумен сабақтасып, ойын, іс - әрекетінде жас балаларда ырықты зейін пайда болады. Баланың ырықты зейініне түйілетін нәрселерінің көлемі кеңиді және зейіннің күші мен тұрақтылығы арта бастайды. Баланың оқу процесінде де ырықсыз зейін үлкен орын алады. Ырықсыз есте сақталуы да тұрақты болады. Сондықтан оқыту процесінде шәкірттің ырықсыз зейінімен жүргізуге болмайды.
Үлкеннің нұсқауымен түйілетін ырықты зейін 3–5 жас арасындағы балаларда болады. Үш пен жеті жас арасындағы баланың зейінін дамытуға ойынның үлкен мәні бар. Бала ойнағанда алдына мақсат қояды, ойынның айла – тәсілін өздері тыңдап, қимыл - әрекетін өздері ұйымдастырып, біреуі екіншісінің істегенін бақылайды. Бұл көріністерде ырықсыз да ырықты зейіннің қызметі бар. Мектепке дейінгі дәуірдегі баланың ырықты зейінін дамытуға үй еңбегіне қатысуының, өзін - өщі күте білуінің пйадасы зор. Ырықты зейін мектеп жасында әдәуір дамиды. Бала жасының ілгерілуіне қарай, зейіннің жеке – жеке қасиеттері – көлемі, ауысуы, бөлінуі, күші мен тұрақтылығы дамиды. Жасқа толмаған баланың зейінінің көлемі өте тар. Бір қолында алма ұстап отырған бөьектің екінші қолына ойыншық, конфет ұстатсаң, алманы тастап жібереді, өйткені, зейінін екі жаққа бірдей бөле алмайды. Зейіннің бөлінуі баланың ойынында, оқу процесінде, еңбекке қатысында үлкендердің басшылығымен жетіледі.
Зейіннің белгілі дәрежеде жетілген күші мен тұрақтылығы оқу оқуға, ақылдың, әсіресе ойлаудың дамуына көмектеседі. Мектепке дейінгі дәуірде зейіннің күші мен тұрақтылығы баланың сезіміне бағынады. Олардың сезімі ұзаққа созылмайды, тұрақты болмайды, сондықтан баланың зейіні де онша тұрақты емес. Сонда да олардың сезімінде өзіндік күш бар болғандықтан, зейіні ұзаққа созылмаса да, біраз уақытқа тұрақты боп көрінеді. Мектеп жасындағы балаларда сезімнің тұрақтылығы арта түседі. Мұғалім оқушының сезімін оятатын тәсілдер қолданып, олардың зейінінің күші мен тұрақтылығын тәрбиелеп отыруға тиіс. Зейінді күшті және тұрақты ететін күш – ерік. Зейіннің кейбір қасиеттері ерікпен бірге дамиды.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет