Мазмұны кіріспе 3 зейін туралы жалпы түсінік



бет7/12
Дата27.05.2022
өлшемі82,51 Kb.
#35722
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
stud.kz-2162 (копия)

Сыртқы алаңдаушылық–субъектіге тысқы, қоршаған орта жағдайларының әсер етіп, ырықты зейіннің ырықсыз зейінге ауысуынан болады. Әсіресе адамды алаңдататын жағдайлар – заттар мен құбылыстардың кенеттен пайда болып, күшті өзгермелі әрі жедел әсер етуіне байланысты. Сондықтан оқушылардың сабақ дайындау барысында оларды негізгі ісінен алаңдататын заттар мен әсерлерді болдырмауға тырысу қажет. Зейіннің ішкі алаңдауы көңіл–күй, толғаныс нәтижесінде туындайды, орындалатын іске қызықпаудан, жауапкершілікті сезінбеуден келіп шығады. Шәкірт өзінің оқу жұмысымен байыпты әрі тиімді шұғылдануы үшіне оның болмысындағы сабақтан алаңдататын көңіл күйзелістерін (ашу, ыза, қорқу т.б.) басып отыру керек. Сонымен бірге оқушыларда алаңдаушылықты кеміту үшін оларда білімге, оны игеруге деген ұмтылыс пен қызығушылықты тәрбиелеп бару өте маңызды қызмет.
Мектеп жасына дейінгі балаларда алаңдаушылық жиі ұшырайды. Өйткені олар әлі күрделі іс - әрекетпен айналыспағандықтан, зейіннің жоғары түрлері өз дәрежесінде болмайды.
Алаң болушылыққа ұқсас көріністер адамның бір жұмысқа қатты беріліп істеген кездерінде де байқалады. Адам қатты үңіліп жұмыс істеген кезде басқа еш нәрсені сезбейді, елемейді. Осындай жағдайда ол айналасындағы өзгерістерді байқамайды. Мұндай адамдардың зейінін уақытында бөле аулмаушылықтың кемшілігі зейіннің көлемі өте тар және икемсіз келетіндігінен.


E. Зейіннің шашыраңқылығы.
Зейіннің шашыраңқылығы деп адамның ұзақ уақыт аралығында өз зейіні мен назарын нақты затқа бағыттай алмауын айтамыз. Шашыраңқылықтың екі түрі белгілі: жалған және шын.
Жалған шышыраңқылық – адамның бір іске өте беріліп, өзін тікелей қоршаған заттар мен құбылыстар әсеріне елеңдемеуі. Мұндай шашыраңқылық әсіресе шығармашылық жұмыстармен шұғылданатын адамдарда көп кездеседі. Адамның ішңі жан – күйі бағытталуынан болатын шашыраң – қылықтың қызметке онша зияны жоқ, солай да болса, оның қоршаған ортада бағдар алып жүруінде біраз кедергі жасайды.
Адамға көп нұқсан келтіретін зейіннің түрі – шын шашыраңқылық. Мұндай құбылысқа кезіккен адамның өзі ырықты зейінін қандай да бір затқа не әрекетке бағыттап, тоқтата алуы қиындайды, оның көп ерік күшін жұмсауына тура келеді. Зейін шашыраңқы адамның ырықты зейіні тұрақсыз, алаңдауға берілгіш келеді. Шын шашыраңқылықтың физиологиялық себебі – ішкі тежелу күшінің кемдігінен. Сөз сигналдарының әсерінен туындайтын қозулар жеңіл тарап кетіп, шоғырлануға келмейді. Осының салдарынан зейіні шашыраңқы адамның ми қабығында қажет болған қозулардың тұрақсыз көздері орнығады.
Шын шашыраңқы зейіннің себептері әртүрлі. Бұларды біліп алу әр мұғалім үшін міндетті талап. Бұлар: 1) жүйке жүйесінің жалпы зақымдануы; 2) қан аздылық; 3) мұрын, тамақ сарқаттарынан миға оттегінің жеткілікті келіп түспеуі; 4) дене мен ой шаршауынан; 5) көңіл – күй күйзелістері.
Шын шашыраңқылықтың және бір себебі – мидың күшті әсерлерге көп душар болуынан. Осыдан оқу жылы барысында баланы көп кино көруден, шектен тыс думанды жиылыстардан сақтандыру қажет. Шын шашыраңқылық тұрақты қызығулардың кемдігінен де болады. Кейбір оқушылар жағдайына қарамастан бірден көп іске араласады (cпорт үйірмесі, кітапхана, ән – күй, тағы - тағысындар), бірақ ешбірімен де ыждағатты шұғылдана алмайды. Осыдан бала зейін шашыраңқылығына ұшырып, оңды оқи алмайды. Шын шашыраңқылық отбасында дұрыс тәрбиесінің болмауынан да туындайды: сабақ дайындау режимінің бұзылуы, ойын мен демалыстық реттелмеуі, еңбектің міндеттерден ажырауы, тілегінің бәрін орындай беру. Мұғалімнің келеңсіз әрекетінен болатын сабақтағы салғырттық пен енжарлық – оқушылардағы шын шашыраңқылықтың және бір себебі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет