Мазмұны кіріспе қазақ Әдеби тілінің Қалыптасуындағы абай дәуірі


ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ АБАЙ ДӘУІРІ



бет8/14
Дата03.03.2022
өлшемі70,59 Kb.
#26917
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
1. ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ АБАЙ ДӘУІРІ
1.1 ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдеби тілінің даму ерекшелігі
Көркем әдеби тіл жалпы халықтық тілдің өңделіп, қырланған түрі, әдеби тіл дегеннің мазмұны, сипаты. Әдеби тілдің басты белгісі- оның өңделген, сұрыпталған, нормаланған тіл болуы.

Әдеби тілдің тарихын баяндамас бұрын “әдеби тіл” деген категорияның өзі туралы түсінікті анықтап алу қажет. Өйткені әдеби тіл дегеннің мазмұны, сипаты жөнінде тек қазақ тіл білімінде емес, жалпы лингвистикада анық, айқын, үзілді-кесілді айтылған тұрақты пікір жоқ. Бірқатар ғалымдар әдеби тіл дегеніміз жалпы халықтық тілдің өңделіп, қырланған түрі деп таныса, енді бірсыпырасы жалпы хатқа түскен дүниелердің тілі әдеби деп табады. Сондықтан орыс әдеби тілінің тарихын сөз еткен бірқатар мамандар жазусыз әдеби тілдің болуы мүмкін емес деп санайды.

Қазақ тіл білімінде «әдеби тіл» деген ұғымға тиянақты бір анықтама берілмей келеді. Өйткені, қазақ тілінің бізге мәлім тарихының ерекшеліктері, жұмсалу өрісі толық зерттеліп біткен жоқ. Бізде де әдеби тіл статусын жазумен ғана байланыстыру идеясы жоқ емес.

М.Балақаев: «Әдеби тіл-жазба тіл, жазуы болмаған халықтың тілі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмайды,»-деп жазады. Дәл осындай тұжырымды Ғ.Мұсабаев та айтады: «Әдеби тіл ең әуелі-ақ жазуға сүйенеді, жазу стилінсіз әдеби тіл болмақ емес»-дейді. Енді бірқатар зерттеушілер қазақтың әдеби тілін ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады деп, мұны ұлы ағартушы-демократтар Абай мен Ыбырайдың есімдерімен байланыстырады. Тіпті қазақ әдеби тілін Қазан революциясынан кейін ғана пайда болып, дамып отыр деген пікірлер де жоқ емес.

Қазақ әдеби тілін де біз қазақ халқының ұлт болып қалыптаса бастағанға дейінгі түрі және ұлттық түрі деп бөліп қараймыз. Бұл екі кезеңнің аралық тұсы-өткен ғасырдың екінші жартысы, яғни қазақтың ұлттық әдеби тілі ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап қалыптасты деген тұжырымға келеміз.

Әдеби тіл дегеннің басты белгісі-оның өңделген, сұрыпталған, нормаланған тіл болуы, бұл-бір. Қызметі жағынан сол халықтың өмірінде ұйымдастырушы, қоғам мүшелерінің басын қосушы сипаты, яғни жалпыға ортақтық қасиеті болуға тиіс. Әр нәрсенің, әр құбылыстың заты салыстыру арқылы, өзге құбылыстардың қарама-қарсысына қою арқылы таныла түседі. Әдеби тілді тану үшін оның қарама-қарсысына қойылатын басты құбылыс-ауызекі сөйлеу тілі. Бұл-үшінші шарт. Әдеби тіл қолданылу тәжірибесінде қоғам сынынан өткен, нормаларын қоғам санасы дұрыс деп қабылдаған және ол нормалар барша үлгілерге ортақ болуы шарт. Бұл әдеби тілдің төртінші сипаты. Көптеген зерттеушілер әдеби тілді жазу арқылы белгілі жүйеге түскен, өңделген, сұрыпталған жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, қалыптасқан, тұрақты, орныққан нормалары, срильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін халықтың бәріне де көпшілігіне ортақ түсінікті, қоғамдық қызметі әр-алуан жалпы халықтық тілдің екшелген, сұрыпталған түрі деп көрсетіп жүр.

Қазақ әдеби тілінің даму барысын дәуірлерге бөлу мәселесінде де орныққан бірыңғай пікір жоқ, ол да түсінікті. Өйткені бұл тілдің басталар тұсы мен әрі қарайғы даму бағыты әрқилы танылып келген соң, оның дәуірлерге бөлінісе де болмақ емес. Қазақ әдеби тілінің даму көшін дәуірлерге бөлместен бұрын, оның басын қай кезден бастап алатындығы жайлы пікірлермен танысу қажет. Мұнда да біркелкілік жоқ. Қазақ әдеби тілінің басталар тұсы жайындағы көзқарастарды беске бөліп топтастыруға болады.

1) Қазақ әдеби тілінің тарихын ертеден, көне түркі дәуірінен, хундар мемлекеті кезінен бастайды (Ғ.Мұсабаев ІІ ғасырдан, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев V ғасырдан т-б)

2) Қазақ әдеби тілінің тарихы XVІІІ ғасырдан басталады (Қ.Жұмалиев, М.Балақаев т.б.)

3)ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан басталады (Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев)

4)Қазақ әдеби тілі қазан төңкерісінан кейін басталады (Т. Қордабаев)

5) Қазақтың төл әдеби тілі ауызша дамыған авторлық поэзия түрінде оның халық болып құралған кезеңінен, XV-XVІ ғасырлардан басталады, ал ескі жазба әдеби тілі XVІ-XVІІ ғасырлардан, жаңа ұлттық жазба әдеби тілі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады (Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев, Б.Әбілқасимов, А.Ысқақов т.б.) Қазақ әдеби тілі жайында энциклопедияға жазған мақаласында М.Балақаев пен Ә.Құрышжанов оның тарихын мынадай кезеңдерге бөліп қарайды:

1-кезең-XVІІІ ғасырдың ІІ жартысы, бұл қазақ әдеби тілінің алғашқы дәуірі,

2-кезең-ХІХ ғасыр бұл ғасырдың ІІ жартысында жаңа сапалы жазба әдеби тіл пайда болды.

3-кезең-қазан төңкерісінен кейінгі.

1968 жылы жарық көрген «Қазақ әдеби тілінің тарихы» атты оқу құралында да әдеби тіл тарихын өзгеше баяндайтын зерттеуші М.Балақаевтің концепциясы негізге алынғандықтан, қазақ әдеби тілінің даму барысын мынадай кезеңдермен байланысты қаластырылады:

1. ХVIII-ХІХ ғасырдағы әдеби тіл.

2.ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдеби тіл.

3. ХІХ ғасыр ІІ жартысындағы әдеби тіл.

4.XX ғасыр басындағы әдеби тіл.

5. 1920-1930 жж әдеби тіл.

6.1940 жылдан кейінгі әдеби тіл. Бұл дәуірлеу қазақ әдеби тілінің тарихын ғылыми теориялық тұрғыдан гөрі, қазақ халқының әлеуметтік өмірінің хронологиялық мерзімдеріне қарай жасалған шартты кесте екенін мойындау керек. Әдеби тіл әрдайым өзгеріп отырады. Ол өзінің қызмет ету барысында көптеген күрделі жолдардан өтеді. Сондықтан әдеби тілдің даму кезеңдерін тарихи тұрғыдан алып қарау керек болады. Қазақ әдеби тілінің даму тарихын ең алдымен басты-басты екі дәуірге бөлеміз:

1. Қазақ халқының ұлттық кезеңге дейінгі әдеби тілі.

2.Қазақ халқының ұлт болып қалыптасқан кезеңіндегі әдеби тілі. алғашқы дәуірдің өзін шартты түрде екі кезеңге бөліп қарастыруға болады:

1-кезеңі Қазан хандықтарының құрылуы мен қалыптасу тұсы, бұл XV-ХVIII ғасырдың І жартысын қамтиды, мұны қазақ хандықтарының кезіндегі әдеби тіл деп те атап жүр.

2-кезеңді де күні бүгінге дейін бел алып келген дағды бойынша ХVIII ғасырдың ІІ жартысынан ХІХ ғасырдың ІІ жартысына дейінгі тұсқа шамалауға болады. Бұл тұста қазақ даласында хандық жойылды. 1-дәуір қазақтардың дербес халық болып құралып, өз алдына хандық тұрған тұсы- XV ғасырдан басталып, ХІХ ғасырдың ІІ жартысына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңдегі әдеби, әсіресе ауызша дамыған әдеби дәстүр қазақ халқы мен қазақ хандығының құралу процесіне үлес қосқан үлкен әлеуметтік күш болды. Қазақтың төл жазба әдеби тілінің алғашқы нышандары XVІ ғасырларда-ақ көріне бастады.(мысалы, Жалайыр Қадырғали би жазған шежіресі, хандар кеңсесінің әр алуан жазбалары т.б.). Бұл кезеңде жыраулық мектеппен қатар ақындық дәстүр күшейе түсті.

2-дәуір ХІХ ІІ жартысынан басталады. Бұл -қазақтың ұлттық жаңа жазба әдеби тілінің қалыптасу тұсы болды. Бұл кезеңнің өзін кейде ХІХ ІІ жартысынан ХХ ғасырдың басына дейінгі, ХХ ғасырдың алғашқы екі он жылдығындағы және совет дәуірі деп келте кезеңдерге бөліп қарастыру да байқалады. Бұлайша дәуірлеу әдеби тілдің өзінің даму сатыларына қарап айқындау емес, қоғам өмірінің әлеуметтік хал-ақуалына қарап бөлшектеу болып табылады. Ал шындығында өткен ғасырдың екінші жартысында қалыптасып өмірге келген қазақтың ұлттық жаңа жазба әдеби тілі сапалық үлкен өзгеріссіз бүгінгі қазақ әдеби тіліне келіп ұласып отыр.

ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бермен қарай қазақ халқының әлеуметтік-саяси өмірінде небір өзгерістер, жаңалықтар болып өтті, бірақ тіл өзінің негізгі сипатын түбегейлі өзгерткен жоқ, рас сөздік қазына молықты, грамматикалық нормалар тұрақтала түсті, функционалдық стильдердің жеке белгілері айқындала түсті, орфоэпиялық нормаларды сақтау қолға алынды.

Әдеби тілдің қоғамдағы басты қызметі-адамдар арасындағы қатынас құралы болу. Сондықтан жалпы тілге тән қасиет-коммуникативтік қызмет-әдеби тілге де тән. Әдеби тіл арқылы айтушының ойын, пікірін ұғамыз, сұрағына жауап береміз. Әдеби тіл арқылы өзіміз көзбен көрмеген оқиға туралы мағлумат аламыз. Мысалы, әр түрлі ауыз әдебиетінің нұсқаларын, кейінгі кезде нақтылы тарихи деректерді зерттеу негізінде жазылған тарихи еңбектерді, көркем туындыларды оқу арқылы халқымыздың өткен ғасырлардағы бастан кешірген тарихи өмірін біліп, оларды көз алдымызға елестете аламыз. Былайша айтқанда пікір алысу яғни адамдар арасындағы коммуникативтік қатынас жалғыз әдеби тіл арқылы ғана соны жеткізу адамдардың бір-бірімен ұғысуы, білмегенді білу, білім алу, тілдің коммуникативтік қызметі арқылы жүзеге аcады. Әдеби тіл коммуникативтік қызмет атқарумен ғана шектеліп қалмайды. Әдеби тіл арқылы белгілі бір оқиғаны оқушыға жеткізіп ғана қоймайды, оқушының сезіміне әсер де етуге болады. Ол әдеби тілдің екінші экспрессивтік-эстетикалық қызметі болып, қызметі көркем шығарма тілінен анық байқалып, образды ой білдірумен астасып жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет