Диплом жұмысының практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының материалдарын «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» курстары бойынша және этнографиялық зерттеулерде, тәрбие құралы ретінде қолдануға болады. Жұмыста Абай шығармаларының философиялық мәні бар қара сөздерінен мысалдар берілген. Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріне сүйене отырып зерттелген материалдар жалпы Абай шығармашылығына қызығушылық танытатын ғылыми ізденушілерге қажетті құрал бола алады.
Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тараудан, бірнеше тараушалардан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде диплом жұмысының қысқаша мазмұны мен мақсат-міндеттерімен танысуға болады. Сонымен қатар зерттеу нысанын басшылыққа ала отырып, осы жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы жөнінде мағлұмат берілген.
Бірінші тарауда Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі қазақ қауымы, қазақ қоғамы сипатталып, «қазақ менталитеті» ұғымы, «толық адам» идеясына түсінік беріліп, жан-жақты талдау жүргізіледі.
Екінші бөлімде Абай өлеңдеріндегі ортаршылдық саясатының келесіздіктері, қазақтың рухани дағдарысының бейнеленуі негізге алынып, ақынның қазақ жастары туралы тұжырымдары мен мұсылман қауымының қағидаларына талдау жасалады.
Абайдың әдеби тілді қалыптастырудағы еңбегі. Абай өлеңдеріндегі тіл тазалығы көріністері.Жазба әдебиет.
Абай - қазақтың қазіргі жазба әдеби тілінің ірге тасын қалаушы, оның өз шығармашылығында қазақтың ауызша тарап келген байырғы әдеби тілін негіз етуі және қазіргі жазба әдеби тілдің негізін салушы. Абайдың қазақ әдеби тілі даму тарихындағы алатын орны туралы қазіргі қоғамдық ой-пікірімізде негізгі бір тұжырымы бар, ол: Абай - қазақтың қазіргі жазба әдеби тілінің ірге тасын қалаушы деген қағида.
Абай да өз шығармашылығында қазақтың ауызша тарап келген байырғы әдеби тілін негіз етті, оның барын дамытып, жоғын толықтырды, жаңа сатыға көтерді. Әрине, Абай қазақ әдеби тілін жаңа сатыға көтергенде, бұрынғы принцип - бағыттардың күллісін жоққа шығарған жоқ, керісінше, ең басты өмірлік белгілерін сақтап, оларды әрі қарай ұстады. Бұл принцип- бағыттардың негізгілері мынадай:
1) жалпыхалықтық сөйлеу тілін әрдайым негіз етіп ұстау. Қазақтың ауызша дамыған байырғы әдеби тілінің сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысы осы принцип бойынша дамығандықтан, ол дәуірден дәуірге ауызекі сөйлеу нормасына орай өзгеріп отырған.
2) жоғарғы принципке қарама-қарсы жалғастылық принципі. Ертеде белгілі бір кезеңдерде пайда болған көркемдеу элементтері үзілмей сақталып, келесі дәуірлерге қайталап келіп, стандарттануы осы принцип бойынша жүзеге асады.
Абай өзіне дейінгі қазақ әдеби тілінің осы екі даму принципін де қолдады: ол да, бір жағынан, жалпыхалықтық сөйлеу тәжірибесінен негізін үзбеуді кездесе, екінші жағынан бұрыннан келе жатқан дәстүрлі элементтерді де жоққа шығармай, барынша пайдалануды мақсат етті.
Абайтанушылардың жазғандарына қараған да, Абай қазақтың бай ауыз әдебиетін, өзіне дейінгі және өзімен тұстас арқа, Жетісу ақындарын жақсы білген, тілдеріне зер салған. «Сөздері бірі жамау, бірі құрау» деп, сол әдебиеттің ең бетке шығар үш өкілі - Бұқар, Шортанбай, Дулатты сынағанымен, олардан көп үйренген, бұл сөзінде Абай олардың өлең ұйқастарын, сөз қиыстырған ақындығын олқысынбаған, үшеуінің бірдей идеясын, ой кедейлігін сынаған.
Қазақ өлеңі бұрын білмеген теңеудің, эпитеттің, метафораның жаңа түрлерін Абай поэзиясында ғана кездестіргенімізбен, олардың қолданылу принциптері мен жасалу техникасы Абайға дейінгі қазақ өлеңіне де тән болатын. Бұл шарттан ақынның аттап өтуі мүмкін емес. Бірақ осылардың барлығын жетілдіру, түрлендіру, кеңейту, оларға жаңа сапалық белгі қосу-ұлы ақынның, тіл дамуында айрықша қызмет еткен қаламгердің еңбегі. Бұл жерде Абай өзіне дейінгі дамыған, халықтың эстетикалық-рухани сұранысын сан ғасыр бойы өтеп келген қазақ поэзиясы тілінің жалпы заңдылықтарын сақтай отырып, қазақ өлең сөзіне орасан көп өзгеріс-жаңалықтар енгізді деп кесіп айтуға болады. Абайдың қазақ поэзиясы тіліне қосқан үлесі, істеген еңбегі, енгізген жаңалықтары ретінде мына тақырыптарды көрсеткен жоқ.
Бірінші. Абайды өз қолтаңбасының көрінуі. Ақынның өз қолтаңбасын сипаттайтын мынадай тілдік фактілерді көрсетуге болады: 1)Абай қаламына бір ұғымды әр алуан тұрғыдан айқындау, ол үшін дәстүрлі эпитеттерді де, жаңаларын да пайдалану тән. Мысалы, ет жүрек, жау жүрек, ит жүрек, ыстық жүрек, ауру жүрек дегендерінде кәнігі тұрақты эпитеттерді жұмсаса, асау жүрек, сұм жүрек, мұз жүрек, жылы жүрек, қырық жамау, жүрек дегендерінде жаңа белгілерді тосын эпитеттерді келтіреді. 2)Абайдың өзіне тән қолтаңбасын танытатын белгілердің және бірі-экспрессивтік бояуы күшті модальдік реңкі бар сөздерді образ үшін шебер пайдаланады. Мысалы, бір ғана «Болыс болдым мінеки» деген өлеңінде Абай болыс, шабарман, пысықтардың портретін жасау үшін далпылдап, жалпылдап, барқылдап, шаңқылдап, аңқылдап, тарқылдап, қарқылдап, шыбындап, жымыңдап деген жағымсыз бейнелі етістіктерді келтіреді.
Екінші. Абай шығармашылғы арқылы қазақ көркем сөзінің лексикалық құрамына өзгеріс енді. Ол өзгерісті туғызған екі нәрсе: бірі-ақын жырлаған тақырыптар мен шығармаларының жанрлық құрылысы, екіншісі-жаңа образдар іздеу. Абай ең алдымен, қазақ поэзиясының тіліне бұрын көп ұшыраспайтын лексикалық топтарды қатыстырды. Оның басты тақырыбының бірі-адам, адамның моральдық бет-бейнесі, сыртқы портреті, іс-әрекеті. Адамның психологиялық күйін білдіретін сөздерді өлең тіліне молынан енгізді. Мысалы, сүйіскен жастарды бір-бірімен кездескен кездегі ішкі көңіл-күйлерін дәл беру үшін бұрыннан жиі қолданылатын жүрегі лүпілдеу, буыны босау, жүрегі елжіреу, жүрек балқу, ләззат алу, сағыну тәрізді тіркестермен қатар, суыну, ысыну, елең қағу, бас шошу, қызару, сұрлану деге сияқты жай-күй атауларын да пайдаланады.
Үшінші.Абай поэзиясының тіліне айқындық пен дәлдік тән. Абай қолданған образдардың басым бір тобы қазақ халқының көп ғасырлық күн-көріс тіршілігінің негізі-малға байланысты болып келеді. Еңбексіз күн көрісті жөн көретін замандастарының жағымсыз портретін беруде: үш күн қолың босаса, бола қалдың бас асау, не ұрлық, не қулыққа байланғанда кестің бау деп келтірілген образдары жылқыға қатысты. Абай өлеңдерінде күлкіні мәліш саудаға, алыс-берісті асық ұтысқа, бозбаланы оңғақ бұлға, жапырағынан айрылған ағаш-қурайды қайыршы кемпір-шалға баласа, мұндағы мәліш сауда, асық ұтыс, оңғақ бұл, қайыршы кемпір -шал-барлығы да өз тұсындағы қазақ тіршілігіне өте таныс нәрселер.
Төртінші. Қазақ поэзиясы тілінің даму барысында Абай енгізген өзгеріс жаңалықтардың ең бастысы фразеология саласында болды. Ең алдымен ол фразеологияны поэтикалық экспрессияның құралы ретінде жұмсауды күшейтті.
Бесінші. Өлеңге қатыстырылатын жеке сөздерді таңдауда Абай ұсынған және бір амал сөздік пен шығарма стилінің сәйкестендірілуі. Егер өлең суреттеме сипатында болса, оған таңдап алынатын сөздер көбінесе көз алдыңа белгілі бір картинаны елестетіндер болады. Мысалы, «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі суреттеу мәнеріндегі тұңғыш тамаша үлгі болып табылады. Аң аулау картинасын көзге елестетіп беру үшін ақын жанды-жансыз заттардың атаулары мен іс-әрекет, қимыл аттарын тура мағыналарында жұмсайды. Қыран, оның аспанға қайқаң қағып шығуы, түлкінің аузын ашып қоқақтап тұрғаны, қанат-құйрықтың төмен қарай құйылғанда, суылдап ысқырғаны т.т.
Ирония, сарказм мәнерінде жазылған өлеңдерінде мысқылдау, келекелеу бояуы күшті етістіктердің шоғырланып келтірілуі, құржаң-құржаң ету, тоңқаңдау сияқты «картиналы» сөздердің де қолданылуы-Абайдың шығарма стилі мен тілінің үйлесімін сақтағанын танытады.
Алтыншы. Абай қазақ өлеңінің құрылысына да бұрын-соңды болып көрмеген жаңалықтар енгізіп, бұл ретте де қазақ поэзиясын жоғары сатыдағы жазба әдебиет қатарына қосты.
Абай ең алдымен өлеңнің ұйқас түрлерін көбейтіп, құбылтты. Оның ішінде абаб суретті шалыс ұйқас пен 6,7,8,14 тармақты жаңа щумақтардың ұйқас фигурасы -қазақ поэзиясында бұрын болмаған тың дүниелер. Сондай-ақ Абай өлеңнің жаңа өлщемдерін енгізді. Әсіресе аралас буынды тармақтардың өлшемі қазақ поэзиясында соны түр болды.
Қазақ поэзиясында проза синтаксисіне жақын құрылымды да тұңғыш рет Абай ұсынды. Мысалы, «қатыны мен Масақбай» өлеңін тармақтарға бөлмей тұтас жазсақ: сырмақ қып астына байының тоқымын, отының басына төрінің қоқымын бүксітіп, бықсытып, қоқсытып, келтірді деген екі-ақ сөйлем (ал өлеңде жеті жол) болып оқылар еді. Демек бұл тармақ араларында өлең тасымалы қолданылған прозаға жақын құрылым.
Қорыта келгенде, Абай қазақ өлеңінің құрылысына барлық жағынан өзгеріс-жаңалықтар қосты деуге болады, Осы арқылы ол қазақ өлеңін жоғары дәрежелі жазба поэзия деңгейіне көтерді.
Достарыңызбен бөлісу: |