Дипломат менеджер. Көптеген менеджерлік ептіліктер келіс сөз процедуралармен байланысты болады. Орта және жоғары буын менеджерлері өзінің жұмыс уақытының көбін негізінен адамдық байланыстарды белгілеп, дамытуға, іскерлік байланыстарды тереңдетуге, мәліметтерді бекітуге, дау- дамайларды шешуге, билік өкілдерімен қарым- қатынасты жақсартуға жұмсайды.
Әр қилы делдалдық әрекеттерге менеджерлерді қатынастырудың қажеттілігі артып келеді. Бұл, әсіресе, көбейіп келе жатқан халықаралық байланыстарда маңызды орын алатын дипломатиялық қабілетті қажет етеді.
Лидер менеджер. Лидердің міндетті ісі мен менеджердің міндетті ісі бірдей емес. Көбінесе менеджерліктің міндетті ісі ретінде бизнестің материалдық қосалқы жүйесінің қызыметін (ресурстар, процедуралар, өндіріс, технологиялық процестер) қолдауға қажетті кәсіби іс- әрекеттердің жиынтығы ұғылып жүр.
Лидерлік функция екі қосылмалы кәсіби- технократиялықтан және эмоциональды- тұлғадан тұрады.
Тәрбиеші менеджер. Өндірістік процестер күрделене түсуіне байланысты қызыметкерлерге қойылатын талап күшейіп отыр. Ең алдымен қызыметкерлердің технологиялық эрудициясының көтеру қажет. Осымен қатар олар өмірдегі өнегелік жақтарын (нравственных сторон) жетілдіруі керек. Техника мен технологияның күрделе түскен процесі мамандарды тұрақты түрде кәсіби оқытуды талап етеді.
Қызметкердің тәрбиелік денгейі, асқан өнегелілігі экономикалық прогрестің (жетістіктің) шешуші шарты болып табылады.
Жаңашыл менеджер. Бұл арада менеджердің инновациялық түрі айтылып тұр. ҒТП қарақыны жоғары боып тұрғанда инновацияға (жаңаны енгізу) нем құрайды қараушылық артта қалдырады. Тозған құралдарды ұдайы тәртіпке келтіріп, жаңаны енгізуге жұмсалатын қаражатты үнемдегеннен гөрі жаңа техника мен технологияны өндірісте қолдану еңбектің өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыруда әлде қайда тиімді.
Адам қасиеті мол менеджер. Ол әлеуметтік сапаларға ие тұлғаны білдіреді. Әр менеджердің өз мінезі бар- өз өзін ұстау тәртіптерінің жиынтығы.
Менеджмент бойынша капиталдық еңбек менеджер тұлғасына табылатын сапа мен мінездік сипатының тізбелерін қамтиды. Мысалы, Ф. Тейлор мінсіз менеджерді ақылды, білімді, техниканы жете менгерген, күш- жігерлі, сыпайы, батыл, адал, оң мен солын, яғни жақсы мен жаманды айыра алатын адам ретінде сипаттайды.
Бағыныштыларды, яғни қол астындағыларды басқарағанда «адами тәсілдемеге» ие болуы керек. Менеджер жемісті еңбек етуі үшін мыналарды естен шығармайды: жұмыскерлер оған емес, ол- жұмыскерлер үшін қызмет етуі керек. Жүйе тоқтаусыз жұмыс істеу үшін ол екі жаққа да пайдалы болуы керек ( Питер Э. Лэнд).
Өз кәсіпорны үшін жаңа нарықты таба алатын әрі нарықтағы өзгерістерге бәсең (әлсіз) жауап беріп қана қоймай, нарықты өзгертуге ықпалы бар маман, білікті менеджер болып саналады.
Менеджердің жұмыс тиімділігі қол жеткен нәтижелермен кәсіпорын шығындарының арақатынасымен өлшенеді. Мұндай ұйымдағы менеджменттің мақсаты- аз шығынмен мол нәтижеге қол жеткізу болып табылады.
Тиімді басшылық пен басқаруды мұны қалай істеуді білетін адам емес (бұл өте маңызды болса да), мұны істей алатын адам ғана жүзеге асыра алады! (Питер Э. Лэнд).
Басшылық ісінде жетістікке жету үшін менеджердің үш ептілігі (амалы) болуы керек: біріншісі- нақтылығы, мұның мағынасы былай: ол нақты пәндермен ( құралдармен, саймандармен, өндіріспен және т.б) жұмыс істей алуы керек; Екіншісі- тұжырымдамалылығы, яғни тұжырымдамалық ептілігі ( тұжырып ойлай алатын қабілеті); үшіншісі- адами – ең басты ептілігі.
Танымал менеджер Ли Якокка менеджердің роліне қатысты маңызды қорытынды шығарған болатын: «Барлық шаруашылық операцияларын түпкі түйінінде үш ауыз сөзбен айтуға болады: адамдар, өнім, пайда. Адамдар алдынығ кезекке шығады. Егер сіздің сенімді командаңыз (жасағыңыз) болмаса, онда басқа фактороларда көп нәрсе тындыра алмайсың»
Әлбетте, менеджер- ол команданы өзінше жақтықтырушысы, оның міндеті- команданы жасақтап, олрдың өзара әрекеті қамтамасыз ету.
Ф. Энгельс былай жазды: «... «тарих» емес, нақты, тірі адам- міне осының бәрін істеген, бәріне ие және бәріне араласады».
Жетістік формуласы: дайын болу * ниеттену * істей білу= орындау (Питер Э. Лэнд).
2.4. Аттестациялық көрсеткіштер және орташа менеджерді бағалау
Басқарушы қызметкердің міндеті игіліктермен қызметтерді тікелей өндірушілердің жұмыс істеуіне мүмкіндіктермен жағдай тудыру. Егер басқарушы қызметкер мұндай жағдайларды жасамайтын болса, онда ол қызметінен кетеді.
Басқару машықтарына ие болу:
Жоспарлау;
Үйлестіру;
Стандартты емес шешімдер;
Әкімшіліктігі;
Ресурстарды пайдалану;
Қызметкерлерді (персоналды) басқару машықтары:
Бағыныштыларды үйрету;
Олардың қызметін бақылау;
Қол астындағылардың уәждемесі;
Күш жігерді үйлестіру
өкілеттіліктерді табыстау (делигиролвание полномочий).
АҚШ Еңбек министрлігінң қызметкердің сапасына қоятын кәсіби талаптарына:
оқытудың (үйретудің) қажеттлігі (жалпы білім);
оқытудың (үйретудің) қажеттлігі (арнайы):
қабілеткердің денгейі және бағыты (бағыттылғы);
мүдделер;
жеке мінездемесі.
Физикалық мүмкіндіктері
Еңбек жағдайы.
Аттестациялық көрсеткіштер
1.Білім.
1.1.Жалпы дайындық деңгейі.
1.2.Арнайы дайындық деңгейі.
1.3.Шекткс мәселелерді білу.
2.Жеке басының сапасы
2.1.Адалдық.
2.2.Дені сау болу.
2.3.Сымбаттылығы.
3.Қабылеті.
3.1.Ұйымдастырушылық.
3.2.Шығармашылық
3.3.Басқарушылық
4.Сұқбаттасу қабілеті.
4.1.Анық сөйлеу.
4.2.Психологиялық табандылық.
4.3.Ақылдылығы.
5.Жұмыс тәжірибесі.
5.1.Стаж.
5.2.Қызыметі өсу.
5.3.Қызыметіне сай болу.
6.Тілек.
6.1.Жеке қалауы.
6.2.Фирма жұмысындағы тілегі.
6.3.Болашаққа талпыну.
2.5.Менеджменттің стратегиясы мен тактикасы
Стратегия – мақсатқа жетудің құралы, пайданы ең көп шамада алу үшін ресурстарды қалай пайдалану керектігін кеңінен ұғындыратын тұжырымдама. Мақсаттарға қол жеткізу бірқатар мәселелерді шешу қажет етеді: стратегиялық, әкімшілік, оперативтік. Стратегиялық мәселеге өндіруге қажетті өнімдер мен қызыметтерді таңдау, осы өнімдерді сатуға болатын нарықтар мен тұтынушыларды таңдау жатады.
Бизнес мәселелері бойынша тәжірибелі маман фирманы жетістікке жеткізетін өзгеше стратегияларды танып, көре біледі.
Стратегияны таңдау барысында орталарға, әрекеттердің тактикалық мағынасына, бәсең және белсенді стратегиялардың таңдауына баға беріледі.
Стратегия ұйымның өз қызыметінде басшылыққа алынатын шешімді қабылдаудың таңдау ережесі болып табылады. Ереженің төрт тобы бөліп көрсетіледі:
осы шақтада және болашақта да фирма қызыметінің нәтижелерін бағалауда пайдаланылатын ережеге (сапалық – бағдар, сандық – тапсырма);
қандай өнім түрін және технологиялық әзірлеуді, бұйымдарды қайда өткізуге болатынын, бәсекелестерден қалай асып түсудің жолдарын анық анықтайтын сыртқы ортамен фирманың қатынасын қалыптастыратын ереже. Бұл ережелердің жиыны өнімдік – нарық стратегиясы немесе бизнес стратегиясы деп аталады;
ұйым ішіндегі қатынас пен процедураны белгілейтін ереже.Оны ұйымдық бәсеке деп жиі атайды;
негізгі оперативтік тәсілдер деп аталатын фирманың өз қызыметінде күнделікті жүргзетін ереже.
Стратегияны жасау процесі қандай да бір жылдам әрекетпен біте қоймайды.Әдетте ол фирманың өсуі мен позициясын нығайтуды қамтамасыз ететін жалпы бағыттарды белгілеу арқылы аяқталады.
Қалыптастырылған стратегия іздестіру әдістерінің стратегиялық жобаларын (нақты учаскелер мен мүмкіндіктерге назар аударуды күшейтіп, стратегиямен қиыспайтын қалғандарын тастап) дайындауда пайдаланылуы керек.
Мақсатардың жиынына қол жеткізудің ықтимал әр түрлі жолдары бар: бұл жолдар стратегия деп аталады. Мысалы, мақсат: неге қол жеткізілді? Үш жылдық кезеңді аяқтауға айналымды 50%-ға және пайданы 60%-ға өсіруді қамтамасыз ету.
Менеджментте мақсаттарға қол жеткізу үшін баламаны пайдалану қажет. Мысалы, мақсатқа жетудің баламалары:
шығарылған өнімдердің есебінен нарықтық үлесін мкөбейту;
шығарылатын өнімдердің атауын көбейту есебінен нарықты кеңейту;
жаңа нарыққа, мүмкін болса, халықаралық нарыққа шығу;
өндіріс шығындарын кеміту;
түпкілікті өнімнің сатылу көлемін өзгертпей сатылас интеграция есебінен өндірістің объектілерін ұлғайту;
ағымдағы кәсіпорындарды сатып алу немесе қосу есебінен өсіру және т.б.
Басқа да стратегиялары болуы ықтимал.
Ұйымның алдында төрт негізгі стратегиялық баламалар тұр:шектеулі өсу, өсу, кеміту және осы үш стратегияны ұштастыру.
Шектеулі өсу.Көптеген ұйымдар шектеулі өсу болып табылатын стратегиялық баламаларды ұсынады.Бұл стратегияға ақпаратты ескеру арқылы түзетілген әрі қол жеткен межеден мақсаттарды белгілеу тән. Шектеулі өсу стратегиясы негізінен өз жағдайына қанағаттанатын тұрақты технологиялы өнер кәсіптің кемеліне келген салаларында қолданылады. Ұйымның бұл баламаны таңдау себебі, ол ең оңай, әлдеқайда қолайлы әрі әрекет етудің қатері аз тәсілі. Егер фирма шектеулі өсу стратегиясын ұстану арқылы өткен шақта пайдаға кенелген болса, онда сол стратегияның жолымен жүрелі.
Өсу.Өсу стратегиясы жыл сайынғы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттардың деңгейін өткен жылдағы көрсеткіштердің деңгейінен өткен жылдағы көрсеткіштердің деңгейінен елеулі асыру арқылы жүзеге асарылады. Бұл стратегия жиі таңдап алынатын екінші балама болып табылады. Ол технологиясын жылдам өзгертіп отыратын динамикалы дамитын салаларда қолданылады. Оның тоқырауға ұшыратын нарықты тастап шығу өз фирмаларын жан-жақты дамытуға, яғни әртараптандыруға (өнім наменклатурасының әр түрлілігі) ұмтылатын басшылар ұстануы мүмкін. Өсуі жоқ тұрақсыз салалар банкротқа ұшырауды білдіреді. Тұрақты салалардағы өсудің болмауы немесе жан-жақты дамытудағы сәтсіздік пайданың түсуін тоқтатуға әкеп соғады.
Ішкі және сыртқы өсу болады. Іштей өсу тауарлардың ассортиментін кеңейту жолдарымен болуы мүмкін. Сырттай өсу сатылас немесе деңгейлес өсудің формасындағы шектес салаларда болуы ықтимал (мысалы, өндіруші көтерме сауда фирмасын – жабдықтаушыны сатып алады немесе өнімнің белгілі бір түрін өндіретін бір фирманы (айталық сусын шығаратын) немесе басқасын сатып алады).
Өсудің әлдеқайда мойындалған әдеттегі формасы корпорациялардың қосылысы болып табылады.
Кеміту.Басшылар сирек таңдайтын әрі соңғы құралдың стратегиясы деп жиі аталатын балама кеміту стратегиясы болып табылады. Мақсаттардың деңгейі өткен шақтағы қол жеткен межеден төмен белгіленеді. Шындығында көптеген фирмалар үшін кеміту операцияларды оңтайландыру мен қайта бағдарлаудың сенімді жолын білдіреді.
Кеміту баламаларының аясында бірнеше нұсқалар болуы мүмкін:
1.Тарату.Кемітудің ең ұйымды нұсқасы ұйымның материалдық қорлары мен активтерін толық көтере сату (распродажа) болып табылады.
2. Артықтарды алып тастау (отсечение лишнего). Фирмалар өзінің бірқатар бөлімшелері мен қызымет түрлерін өзінен бөліп тастауды пайдалы деп есептейді (кәсіпорынның бір бөлігін сату және т.б.).
3.Кеміту және қайта бағдарлау. Тоқыраған экономикадағы көптеген фирмалар пайданы көбейтуге талпынғанда өз қызметінің бір бөлігін қысқартудың қажет деп санайды.
Кеміту стратегиясына көбінесе компания қызыметтерінің көрсеткіштері нашарлауын тоқтатпағанда, экономика құлдыраған немесе ұйымды құтқару үшін жүгінеді.
Ұйымдастыру стратегиясы.Ол барлық баламаларды (аталғандарды) ұштастыруды ұйғарады. Оны ең алдымен бірнеше салаларда белсенді әрекет ететін ірі фирмалар қолданады. Ұштастыру статегиясы жоғарыда келтірілген-шектеуліөсу, өсу және кеміту – үш стратегияның кез-келгенін біріктіруді білдіреді.
Стратегиялық баламаларды қарастырғаннан кейінменеджмент олардыңбіреуіне нақты тоқталады. Стратегиялық баламаларды таңдаудағы мақсат – ұйымның ұзақ мерзімді тиімділігін барынша арттыру болып табылады. Жоғары буынның басшылары тиімді стратегиялық таңдауға қол жеткізу үшін фирмалардың (кәсіпорынның) және оның болашағының дәл әрі бөлуші барлық тұжырымдамаларына ие болуы керек. Стратегиялық таңдау жақтаушылық (басыбайлы етіп алушылық) әдетте, келешек стратегиясын шектеп тастайтындықтан шешім мұқият зерттеліп, өз бағасын алуы керек.
Басшылар жүзеге асыратын стратегиялық таңдауға әр түрлі факторлар әсер етеді – тәуекелдік, бұрынғы (өткен шақтағы) стратегияларды білу, меншік иесінде тудыратын реакция, уақыт факторы.
Мынаны есте ұстау қажет: стратегиялық менеджмент орындау қызметін ұйғарады, яғни тек ойлап қана қоймай, соны іс жүзінде асыруды қажет етеді.
2.6. Менеджменттің стратегиялық бағыты
Менеджмент тұтас нарықтық экономиканы және ішнара кәсіпорындарды басқарудың тұрақты тетіктерінің болғанын қалайды (ұйғарады). Бұл арада менеджменттің өз стратегиялық бағыты болуы керек. Бұл бағыттырдың схемасы нарықтық экономиканы, менеджменті дайындауды, ұйымдық қатынаста басқаруды қайта құруды, шетелдік тәжіребиені және компьютерлік техниканы зердерлеп (үйреніп), пайдалануды қамтиды.
Менеджменті дайындау мыналарды қамтиды: басқарушылық және экономикалық білімдердің философиясын; дайындау сапасын; технологиялық білімді; дайныдау формаларын; дайындау әдістерін.
Менеджменттің басты бағыты ретінде болатын өз компоненттері бар меншік түрлері; бәсекелестік; монополиясыздандыру; банк кредит жүйелерін дамыту.
Басқару ісін қайта құру мына бағыттарды қамтиды: басқару орталықсыздандыруды; басқарудың жаңа түрін құқтық тұрғыдан қамтамасыз ету; экономикалық басқаруды демократияландыру; басқарудың (ұйымдастыру нысандары) икемділігі; басқаруды кәсібилендіру.
Достарыңызбен бөлісу: |