II-бөлім. Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде
2.1. Менеджменттің мәні
Менеджмент мкәсіпорынды ұйымдастырудың принциптері (заң жағынан) туралы, оны дамытудың стратегиясы (идеологиялық бөлігі) туралы, қызметтерді іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдерді қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару ғылымы.
Менеджментте басты нәрсе кез келген адамдық қарым-қатнастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады.
Менеджмент тура мағынасында «адамдарды басқару» ұғымын білдіреді. Менеджменттің отаны болған АҚШ-та корпаративтік бизнеспен мүлікке билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті заңға сәйкес өз мойнына алатын тұлғаны менеджер деп атайды. «Менеджмент» термині американдықтар үшін фирманың алға қойған мақсаттарна қол жеткізудегі материалдық және адамдық ресурстарды әлде қайда тиімді пайдалануды және интеграцияны қамтамасыз ететін процесті білдіреді.
Басқаша айтқанда, менеджмент – бұл нарық жағдайында фирманы және оның қызметкерлерін басқарудың теориясы мен іс тәжірибесі.
Менеджмент – нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен жағдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі.
Менеджмент еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік, экономикалық уәждеме (мотивация) жағдайларында туған нақты басқарудың өзінше тұжырымдамасында пайда болып, ресімделеді. Әміршілдік-әкімшілдік, технократиялық, жоспарлы-директивтік, өктемшілік (авторитарное) басқарулар оның қарсы түрлері болуы ықтимал.
Басқару типі ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:
1.Адам, онвң қажеттіліктері, мүдделері, уәждері (мотивы), құндылықтары, нұсқамалары басқаруды ұйымдастырудың бастапқы сәті мен оны жүзеге асырушы болып табылады.
2.Басқарудың тәсілдемесінде, птинциптерінде және әдістерінде экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне артықшылықтар беріледі. Бұл әсіресе маркетингте – тұтынушылардың мүддесін алдыңғы орынға қоятын басқаруда жиі білінеді.
3.Менеджермен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менедже,р экономикалық және әлеуметтік – психологиялық білімдерді игеріп оқуы керек.
4.Ұйымдастыру ісінде менеджментке жағдайдың өзгеруіне қарай және инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни жаңашылдыққа жылдам бейімделе алатындай басқаруды икемді ұйымдастыру тән.
5.Менеджмент менеджменттің жеке басына қойылатын талаптардың кешенін танытуы керек. Олардың ішіндегі негізгілері-тапқырлық, байланысқа бейімділік (коммуникабельность), сенімділік. Менеджменттің басқару өнерімен қатар қойылатыны кездейсоқ емес.
Менеджменттің мыналарды қамтамасыз ететін ең маңызды деп саналатын сәттерін бөліп көрсетуге болады:
еңбек өнімділігін арттыру;
бәсекеге жарамдылық;
тұтынушыға бағдарлану (маркетинг);
іс-әрекетте еркін болу әрі ереже бойынша жұмыс істеу.
Басқару процесі кез келген ахуалға ғылыми тәсілдемені қолдану өнері болып табылады. Менеджмент әрдайым жағдайларға қарай басқаратын ахуалдық басқаруды білдіреді.
Менеджментте бастысы – ең алдымен кәсіпорынның мүддесін көздейтін нақты мақсаттарды (ұзақ мерзімді, алдағы кезендік және ағымдық) белгілейді.
Ескі стилді ұсынатын кәсіпорын басшыларынан менеджерлердің басты, яғыни принциптік айырмашылығы, міне, осында.
Жеке кәсіпорынмен тұтас экономиканың экономикалық жағдайы түпкі есебінде үш негізгі факторлармен анықталады:
техника мен технологияның деңгейі;
жұмысшы күшінің сапасы және еңбек уәждемелерін кеңінен пайдаланылуы;
өндірісті ұйымдастыру және басқару )менеджмент).
Менеджменттің жағдайы техникамен технологияның деңгейіне, жұмысшы күшінің сапасына әсер етеді. Осы заманғы менеджмент – бұл экономикалық қатнастардың ерекше саласы.Аса көрнекті экономист Альфред Маршалл (1842-1924 ж.ж.) басқаруды үш дәстүрлі – капиталмен, еңбекпен және жермен қатар өндірістің жеке факторы ретінде бөліп көрсетуі тегін болмаса керек.
Техника мен жаңа технологияның дамуы өндіріс ауқымының өсуі басқаруды қиындатып, оны арнайы білімді талап ететін ерекше қызмет түріне бөлді.Мәселені шешу қажеттілігі тәжірибені белсенді түрде байытуға, өндіріс пен еңбекті басқарудың тиімді әдістерін іздеструге, басқару ғылымының пайда болуына әкеп соқты. (Басқару тәжірибесін жүйелеуге талпыныс Англияда ХІХ ғасырдың басында орын алды. Басқару бойынша алғашқы оқулық – математика, инженер профессоры, ағылшындық кәсіпкер Ч.Бебиджаның “Экономика машин и производства” (1832 ж) атты кітабы болды.)
Бұл анықтамадан бөлек басалардың көптеген анықтамалары бар. Оның біреуі менеджментті адамдармен қалай қарым-қатнас жасаудың тәсілі ретінде, билік және басқару өнері ретінде, ептілік және әкімшілік машық (административные навыки) және т.б. ретінде қарастырады.
Менеджмент анықтамасы менеджер қызметінің мазмұны тікелей байланысты. Танымал америкалық менеджер Ли Якокка “Карьера менеджера” кітабында адамдармен қарым-қатнас жасай білу, олардың мінез-құлқын танып, жұмысқа ынталарын ояту, басқаларға тапсырма берудің тәсілдері сияқты оның негізгі элементтерін бөліп көрсетеді. Осы заманғы басқару ғылымы – пән аралық болады. Басқарудың әрбір функциясы айрықша ғылымға жатады: индустиялық социология, инженерлік социология, әлеуметтік психология, әлеуметтік инженерия және т.б. Шетелдегі менеджменттің дамуы басқарудың нарықтық тұжырымдамасын тудырған басқару теориясы мен маркетинг теориясын біріктірді.
Менеджмент мәселелерімен бүгінгі таңда әр түрлі білім саласының мамандары – математиктерден антропологтарға дейін айналысады.
2.2. Менеджменттің әр түрлілігі
Басқару қызметінің әр түрлі салаларында пайдаланылатын менеджменттің сан алуан түрлері бар.
Ішкі менеджмент – ішкі мәселелердің басымдығын сыртқыдан айрықшалап көрсететін басқару типі. Басымдықтар нақты жағдайлармен, басқару стратегияларымен, менеджердің кәсіби қызметінің стилімен және басқару процесінде пайда болатын мәселелердің сипатымен анықталады.
Фирма жұмысының ішк және сыртқы мәселелеріне менеджердің жиі көңіл бөлуіне тура келеді. Бұл мәселелердің күрделі мазмұына қарай анықталады. Менеджердің назар салуы – оперативті, ахуалдық немесе тұрақты түрлерінде болуы ықтимал.
Ішкі менеджменті басқару қызметін бөлу процесінде пайда болатн басқарудың міндетті ісі ретнде қарастыруға болады. Белгілі бір жағдайларда ішкі бссқару мндетті ісінің негізгі бөлігін менеджердің орынбасарына сеніп тапсырып, менеджерге (бірінші тұлғаға) тек ішкі қызметті реттеудің жалпы мәселелерін ғана қалдыруға болады.
Ұйымдастыру менеджменті:1) тар мағынасында – басқарудың жалпы міндетті істерінің бірі – ұйымдастыруды жүзеге асыруға бағытталған басқару әрекеттерінің, амалдарының және процедураларының жиынтығы; 2) менеджменттің бір бағыты (мектебі, ілімі жалпы ұйымдастырудың принцмптерімен ұйымдастырудың мәселелерн шешуді алдынғы орынға қоятын басқарудың тәжірибесі және теориялық тұжырымдамасы.
Бұл менеджмент мыналарды қамтиды: ұйымдық мқұрылымды жобалау әрі жасау (жетілдіру); міндетті істердің аражігін дәл ажырату, ұйымдастыру міндеттерін бөлу.
Ұйымды (кәсіпорын, фирма) біртұтас организм ретінде қарастырған әрі жұмысты дұрыс ұйымдастыра білетін әрбір менеджер жетістікке жетеді деп сенген Анри Файоль (1841-1925 ж.ж.). Ол ұйымдық менеджменттің негізін қалаушыц деп саналады. Нақ сол Файоль басқаруды айырықша қызмет түрінде бөліп қарастырған болатын. Файоль өзі әмбебап деп санаған (еңбек бөлісі, билік, дисциплина, басшылықтың бірлігі, орталықтандыру, тәртіп, қызметкердің тұрақтылығы және т.б.) басқарудың 14 принципін әзірледі.
Ұйымдық менеджмент ұйымдық-өкімдік әдістерімен, яғни тікелей басқарудың ұйымдық қатынасқа ықпал етудің тәсілдері мен құралдарының жиынтығымен жүзеге асырылады.
Тәжірибе менеджмент – менеджмент тұжырымдамасы. Ол осы тұжырымдаманың негізгі ережелері мен принциптерін нақты пайдалануға бағдарланған. Басқару ісімен байланысты объенктивті құбылыстарды түсіндіріп беретін принциптер де жоқ емес.
Тәжірибе смпатында болатын менеджмент бар. Ол басқарудың іс тәжірибесінде пайдалануға болатын идеаны, ережені және принципті қамтиды.
Тәжірибе менеджменттінің тұжырымдамасын жасайтын екі тәсілдеме бар. Біреуі – прогматикалық, екіншісі – ғылыми. Біріншісі – мәселені рецепті бойынша шешуге және нәтижені жуық арада тікелей алуға бағдарланған болса, екіншісі – сан алуан жағдайлар мен ахуалдар бойынша сараланатын әдістермен технологиялық схемаларды таңдап, талдауға негізделген. Екінші тәсілдеме әлдеқайда тиімді болмаұ. Ол арнайы дайындықты қажет етеді.
Бұл менеджмент әр түрлі қызымет салаларында - өндірістік, әлеуметтік, экономикалық, сондай-ақ мәдени салада да және т.б. жүзеге асырылуы ықтимал. Ол басқару тұжырымдамасын жасауда, оның негізгі ережелерін, басымдықтарын (артықшылықтарын), тәсілдерін белгілеуде ерекшеліктерімен айырықшаланады. Бірақ, басқару саласында емес.
Өндірістік менеджмент – менеджмент типі. Оның негізгі сипаты әлеуметтік менеджменттен бір айырмашылығы – басқару объектісінің ерекшелігін, яғни өнліріспен анықталады.
Өндіріс-бұл қандайда бір өнімді немесе қызмен көрсетуді әрқашан дайындап отырады. Өндірісті басқару адам қызметін басқару болып табылады. Өндірісті басқаруды басқа да элементтер қамтиды(МТС, ресурстар, өнімді өткізу, технологиялық процестер).
Өндірістік менеджменттің ерекшеліктері басқару жүйесінің құрылымы мен міндетті істерін, басқару тетіктерінен және басқару шешімдерін әзірлеу технологиясынан білінеді. Өндірістік менеджмент өндірістік және басқару жағынан нақты сапаға ие қызметкерлерді қажет етеді. Басқарушы қызметкері белгіл бір дәрежеде өндірістің технологиялық ерекшеліктерін білуі керек.
Стратегиялық менеджмент-менеджменттің әр түрлілігі. Оның басты ерекшелігі–болжағыштық (дальновидность), мақсаткерлік (целеустремленность), келешектігі (перспективность), стратегиялық бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Ол экономикалық даму, өткір бәсекелестік, ҒТП (НТП), басқаруда адам факторы ролінің арту динамикаларының тереңдей түсуінің нәтижесінде пайда болады. Оның артықшылығы ресурстарды, ең бастысы уақыт ресурсын ұтымдыц пайдаланады. Стратегиялық менеджмент басқаруды ұйымдастыруда және әдістемелерінде, басқарудың тетіктері мен технологиясында, оның парадигмасы мен тұжырымдамасында көрініс табадцы.
Бұл менеджменттің маңызды сәттеріне мыналар жатады:
фирманы сипаттауға арналған мәртебе (статус), оның әлеуметтік-экономикалық ортада алатын орны, фирманың даму әлеуеті;
фирманвң басқару мақсаты болып табылатын фирманың мақсаты. Мақсат – болашақта ьолатын шындық (реальность будущего),ол үлкен талдамалық және жобалау жұмысының мазмұны мен нәтижесі болып табыцлады;
басқару шешімдерінде ұйғарылатын стратегиялық бағдарламаның жүзеге асырылуы алға қойылған мақсаттарға қол жеткізеді. Бұл бағдарламада бағдарларды, даму кезендерін, басымдылықтарды, шектеу факторларын анықтап алудың маңызы зор. Страрегиялық бағдарлама дамудың жалпы бағытынан қайсысы ауытқитынын көрсетіп береді;
басқарудың тиімділігін, сапасын, әлеуетін бағалау және реттеу.
Инновациялық, қаржылық, экологиялық менеджмент, сондай-ақ адам ресурстарының менеджменті мен жасаушы (тудырушы) менеджмент болады (“Мацусиба дэнки” (Жапония) – бүгін кешегіден гөрі әлдеқайда жақсы жұмыс істеп қалуға ұмтылу) және басқалар.
2.3. Менеджерлік қызмет пен оның тиімділігін жіктеу
Менеджментте басты тұлға, әлбетте, менеджерлер (басқарушы)болады. Менеджерлік қызметтің мәні өзгеріссіз қалады, тек менеджердің функциялары мен оның қызмет әдістері ғана өзгереді.
Осы заманғы менеджерді қоғамдық өндіріс жүйесінде былацша көрсетуге болады: басқарушы, дипломат, лидар, тәрбиеші, жаңашыл (жаңа идеаларды тез қабыцлдайды деген мағынада), адамдық асыл қасиеттерді бойына сіңірген тұлға. Басқарушы- менеджер. Бұл әуел бастан менеджерге тән боп келген дәстүрлі функция. Осы функцияны орындау арқылы менеджер қолына билік тиген қызметкерге айналады. Басқарушы менеджер өз сөзінде тұратын, шыншыл, адал, кең пейілді болуы кереку. Оның жоғары кәсіби дайындығы болуы тиіс әрі іскерлік сұхбатқа машықтануы, яғни дағдылануы қажет.
Оның зияткерлік көкжиегі (интеллектуальное горизонты) кең болғаны дұрыс (күрделі тұжырымдамалардың мәнің түсіну, дәл талдай білу , тілі бай, оқи білуге, жазуға және т.б. қабілетті болуы. (“Оқу мен жазу туа бітеді, ал береке тағдырдың тартуы” (У.Шекспир)).
Достарыңызбен бөлісу: |