Мазмұны кіріспе І бөлім. Шешендік өнер туралы түсінік шешендік өнердің тарихы, қазақ халқының шешендік өнері Шешендік дағдылар мен біліктіліктер ІІ бөлім



бет4/6
Дата13.12.2022
өлшемі57,52 Kb.
#57000
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Шешендік сөздерді оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту

8. Білімдерін тексеру. Тест.  
1. Сөз мәдениетін нешеге бөліп қарастыруға болады?
А) 1
Ә) 2
В) 3
2. Ауызекі сөйлеу деген не?
А) іскерлік қарым-қатынас жасау
Ә) жазу арқылы жүйелеп сөйлеу
В) бетпе-бет көріп өзара пікір алмасу
3. Тыңдау деген не?
А) біреудің сөзін қабылдау
Ә) сұрақ қою
В) жауап беру
4.  Таза сөйлеу – биік ...
А) сыпайылық
Ә) мәдениеттілік
В) өрескелдік 
5.  Сөз мағынасын түсінбей қате сөйлеу неге жатады?
А) тыңдай білу әдебіне
Ә) ауызша сөйлеудің стильдік ерекшелігіне.
В) сөйлеу сапасына кері ықпал ететін нәрсеге
6.  Жүйелі мәнді сөйлеудің негізгі сапалары не?
А) тіл тазалығы, сөз байлығы, түсінікті болуы
Ә) айтылу заңдылықтарын сақтау, қызынып сөйлеу
В) сұхбат құру, өз пікірін білдіру
7.  Сөйлеу әдебіне не жатады?
А) сөйлеушінің пікірін түйіндеу, қорытындылау
Ә) эмоциональды сөйлеу, қимыл қозғалысты қолдану
В) орфоэпиялық норманы сақтау, байыпты сөйлеу, әңгімелесіп отырған ортаның ыңғайын байқау
8.  Тыңдау неше түрге және қалай бөлінеді?
А) 3 түрге, пікір айтқан адамның сөзін қайта-қайта бөлу, өзі келіспейтін пікірге қызбаланып қарсы сөз айту, қимыл қозғалысымен тоқтату
Ә) 2 түрге, үндемей тыңдау және өзара ой алмастыра отырып тыңдау
В) 1, сұхбат құру
9.  Адам тыңдау, сөйлеу, жазу мәдениетін меңгерсе, ...
А) ойын жүйелі жеткізе алады
Ә) өзі туралы жоғары пікірде болады
В) басқалар қызыға қарайды
10. Қолдану аясы, сөйлеу мақсаты, өзіндік стильдік ерекшелік, тілдік құрал неге жатады?
А) тыңдай білу әдебіне
Ә) жүйелі сөйлеу шарттарына
В) ауызекі сөйлеу тілінің стильдік ерекшелігіне.
9. Үйге тапсырма.  Абай шығармаларынан сөз өнері туралы айтылған сөздерді теріп жазыңдар. Қай сөз өздеріңе ерекше әсер етті, сол сөзге қатысты қысқаша ойларыңды білдіріңдер.
10. Бағалау.


Оқушыларды шешендік өнерге бейімдеуде монолог әдісі, пайымдау әдісі, эвристикалық әдіс, репродуктивті әдіс, диалог әдістері кеңінен қолданылады. Осындай әдіс - тәсілдердің арқасында оқушының бойында белсенді оқу әрекеттері қалыптасады, оқушының жеке ізденіс қабілеті дамиды, оқушының өзінің шешендік тәжірибесін жүргізу мүмкіндігі қалыптасады, нәтижесінде сөздік қоры молаяды, яғни дәстүрлі сабақпен салыстырғанда меңгерілетін жаңа сөздер екі есеге артады. Оқушының жеке дара қабілеті дамиды [19].
Бүгінгі шәкірттеріміз – ертеңгі маман, ел билейтін, халыққа қызмет ететін, әр алуан-алуан маман иелері. Ол өз тілінде еркін сөйлей алатын, өз ой - пікірін жұртшылыққа ауызша және жазбаша түрде сауатты жеткізе білуі керек. Міне, оқушының ана тілінде сөйлеу мәдениетін, тіл шеберлігін арттыру үшін шешендік сөздерді сабақта қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Сондықтан олардың алдында сөйлеген сөздері шебер де көркем болуға тиіс.
Тарихтан белгілі билер мен шешендер, ақын - жыраулар шығармашылығы тіл игерудің үлкен мектебі екені сөйлеу тілінің шеберлігіне қарай бағалау, соған байланысты халықтың немесе елдің тағдырын шешу сиқты үрдістің маңыздылығы да бабалар дәстүрінің негізі. Әрине шешендікке қойылатын талап қоғамның дамуына байланысты жаңаша сипат алады. Бұл ұлттық озық дәстүрімізді әлемдік өркениеттілікпен ұштастыра отырып, шәкірт бойына қалыптастыру - біздің парызымыз болмақ.. Ол мақсатты орындауда оқушының бойында танымдық және практикалық бағыттағы бірнеше міндеттер қойылады.
Танымдық бағыт бойынша:
- қарым - қатынас жасауда сөйлеу әдебін үйрену;
- шешен сөйлеудің талаптары мен шарттарын ұғындыру;
- ауызекі сөйлеуде шешен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Практикалық бағыт бойынша:
- ауызекі сөйлеу, жазу, тыңдау;
- тіл мәдениетін жетілдіру;
- сөздікпен жұмыс, мәтінді талдау;
- тірек сөздер арқылы мәтін құрастыру;
- сөйлеу талаптарына сай дағдыларды жетілдіру;
Соңғы жылдары еліміз егемендік алғаннан кейін шешендік өнердің қажеттілігі күн санап артып келеді.

2.2 Балаларды шешендік сөздерге баулу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту


Шығармашылық тапсырмалар, жаттығулардың мазмұны балалардың жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек. Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: Біреуі сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан ешнәрсе келмейді-деген қорқыныш сезімі, екінші өзіне-өзі тым риза болушылық сезімі, үшінші жалқаулық. Осындай жағдайлардың алдын-алу керек.


Балалардың шығармашылықпен айналысуына балабақшада, үйде қолайлы жағдай жасау. Балалрды шығармашылыққа баулуда олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын артыруда сабақта және сабақтан тыс оқу-тәрбие жұмысында әр түрлі әдәс-тәсілдерді қолдануға болады.

  • Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау .

  • Арнаулы бір тақырыпта пікірталас туғызу.

  • Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен тапсырмаларды шешу.

  • Берілген тапсырманы түрлендіру бағытында жұмыстар(әңгіменің ұқсастығын салыстыру, шағын әңгімелер құрау, бөліктерге бөлгізу, ат қойғызу)

  • ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру.

  • ой шапшаңдығын,сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.

  • Мәтін, әңгіме,ертегіні өз бетінше аяқтау.

Ал, сабақтан тыс уақытта балалардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері:

  • Мұражайға апару,

  • Әр түрлі кездесулер өткізу,

  • әр түрлі тақырыпта пікірталас, сайыстар өткізіп,алған әсерлерін баяндату,

  • Балаларға арналған журналдарды , кітаптарды, ертегілерді оқып беру [20].

«Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды, естіп,көріп, ұстап,татып ескерсе,дүниедегі жақсы –жаманды таниды-дағы сондайдан көргені,білгені көп болған адам білімді болады»-деп Абай атамыз айтқандай –бала тілін дамытатын өзінің қоршаған ортасы.
Атап айтсақ айналасындағы түрлі оқиғалар,жанұясы,достары,көрген мултьфильмдері, кинолары балалардың ойлау әрекетін, тілін дамытып, қортынды жасай білуге бейімдейді. Ой дамыту-тіл дамытумен ұштасады.
Ұлы бабамыз ғалым Ж.Баласұғын былай деген екен:
Қалар мұра – сөз кісіден кісіге,
Сөзді мұра тұтсаң пайда ісіңе.
Кісіден мирас қалған ата сөзі ғой,
Ата сөзі ұқсаң құттың көзі ғой.
Шешендік сөздердің, сөзгерлерінің өрнекті де өткір тілін үйрететінін айтып кеткен. Шешендік өнерден ертеден ел өмірінде ғасырлар бойы қолданылған салт дәстүрімізді білеміз. Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне қарағанда,шешендік сөздердің өзіне тән ерекшеліктері иен өзгешеліктері бар.
Адам өмірінде, тұрмыс тіршілікте, қоғамдық жағдайларда кездесетін әртүрлі құбылыстарға, тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық баға, тұжырымды түйін есебінде қолданылады. Даналардың шешендік сөздері адалдық пен әділдікке, тапқырлыққа үндеген. Халқымыз ежелден от тілді, орақ ауызды ақындарды, шешендерді құрметтеп, олардың дана сөздеріне үлкен мән беріп және шешендік өнерді балалар тәрбиесіне пайдаланып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған.
Балалардың қызығушылықтарын, жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданып, түрлі шығармашылық іс-әрекеттер ұйымдастыру арқылы балаларды шешендік өнерге баулимын.
Тіл дамыту, көркем әдебиет, айналамен таныстыру, сабақтарында балалардың тілін дамытуда яғни драмалау әдісінің де маңызы зор. Мысалы т.б. тыңдай білуге, кейіпкерлер мен автор сөзін айыра білуге, олардың көңіл-күйін, мінез құлқын анықтауға, оларға сай сөзін, іс-әрекетін, ойын көрсете білуге үйретемін.
«Драма» басқа шығармашылық жұмыстарға қарағанда балаға жақындау, өйткені ол ойынмен байланысты, оның тұла бойында шығармашылықтың әртүрлі элементтері бар – деп Л.С.Выготский айтқандай-сахналау балалардың ойын, тілін, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Шығарманы сахналау кезінде бала кейіпкерді тек бейнелеп қоймай сөзін айтып кейіпкердің сыртқы бейнесін келтіреді, дұрыс жест, мимика таңдап жасай білуге үйренеді.
Әңгімелерді, ертегілерді, мысалдарды, шешендік сөздерді сахналау кезінде балалар көркем мәнерлеп сөйлеуге, алған әсерін әрекет арқылы білдіруге үйренді. Сахналау кезінде әңгіме, ертегілерді өзімнің шығармашылық ізденісімен толықтырып, баланың қабілетіне сәйкес түрлендіріп отырамын. Сахналау көріністерді қою кезінде балалар кейіпкерлер мен автордың сөзін түсініп, ажырата білуге, олардың көңіл күйін, мінез құлқын анықтауға, кейіпкерлерге сипаттама беруге, рольдерді бөліп ойнауға, кімнің қалай ойнаған өзара талқылауға үйренеді [21].
Қазақ шeшeндiк сөздeрi — бастаy алар қайнар бұлақтарын түркiлiк танымнан түптeн тартып, өзiндiк ұлттық eрeкшeлiктeрдi, қасиeттeрдi бойына жинақтап, көркeмдiк қyатымeн, ғибраттық сарынымeн дараланған, сондай-ақ, ас бай поэтикалық тiлiмeн өзгeшe қалыпта көрiнгeн, халқымыздың рyхани азығына айналған көркeмдiк құбылыс.
Бүгiнгi қолымызға жиналған мәлiмeттeрдi саралай кeлгeндe шeшeндiк сөздeрдiң көлeмiнiң тым аyқымды, iшкi жанрлық түрлeрiнiң дe алyан түрлi eкeндiгiнe, классикалық әдeбиeттiң кeлeлi мәсeлeлeрiн шeшyдe кәдeгe асып жатқан шығармалар eкeндiгiнe көз жeткiздiк.
Бастауыш сыныптарда шешендік сөздерді оқытудың негізгі мақсаты бастауыш сынып оқушыларының өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын, жауаптаса алатын тұлға деңгейіне көтеру, яғни ұлттық шешендік сөйлеудің айла амалдарын шешендік өнердің сыр мен сымбатын, тапқырлықты, тақырыптық тәсілдерді қолдану бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру.
Оқушыларға шешендік сөздерді туралы сөз қозғағанда ең алдымен мұғалімге назар аудару керек. Мұғалімдер күнделікті сабақ беру үрдісінде шешендік сөздерді орынды жерінде ойын дәлелдеуде дәнекер етсе, оқушыларды тілге шебер ойы орамды мәдениетті сөйлеуге тәрбиелейді.
Бір сөзбен айтқанда бұл зерттеудің жаңалығы – оқушылардың шешендік сөздерді меңгеру нәтижесінде сана-сезімі мен ақыл ой ұшқырлығы, сөз шеберлігі, дұрыс ойлау жүйесін қалыптасатын, төменгі сыныпта шығармашылық қабілетін арттыруға болады [22].
Жас ұрпақты ұлттық сан - сезім рухында тәрбиелеуде, ана әлдиімен даритын ана тілін дамытуда, ауыз екі шешен сөйлеуге үйретуде, сөз өнеріне баулуда - сөздің алар орын зор.
Өйткені жалпы білім беретін мектептің басты мақсаты – дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау болса, сол тұлғаның басты көрсеткіші – сөйлеу әрекетін еркін меңгеруі, өз ойын ашық айта алуы ғана емес, сонымен қатар, оның өзіндік сөйлеу стилінің қалыптасуы.
Бүгінгі заман талабы іскер, белсенді, қандай жағдайда да өздігінен шешім жасап, жол таба білуге бейім адам тәрбиелеуді қажет етіп отыр. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасында әр оқушыны дара тұлға деп танып, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғышарт жасауға мән берілуі тиіс. Бастауыш сыныптарда шешендік сөздерді оқытудың негізгі мақсаты бастауыш сынып оқушыларының өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын, жауаптаса алатын тұлға деңгейіне көтеру, яғни ұлттық шешендік сөйлеудің айла амалдарын, шешендік өнердің қыр - сырын, тапқырлықты, тақырыптық тәсілдерді қолдану бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру. Жас ұрпаққа қазақтың би – шешендерінің өмірінен мәлімет беріп қызықты тұстарынан сөз қозғау өнегелі істерге апарар жол және де билер мен шешендердің көрегендігін, даналық сөздерін оқытып, жатқа айтқызу жас ұрпақты шешендікке, ата - бабада бабадан қалған мол мұраны игертуге баулиды.
Қорытындылап қарасақ, шешендік сөздерге халық даналығы, инбаттылық пен ізгілік нышандары жатады екен.
Шешендік сөздердің бастауыш сыныпта, балаларға, олардың тілін дамытуға, сөздік қорын байытуға қаншалықты қажет екенін көріп отырмыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет