Мазмұны кіріспе І бөлім. Шешендік өнер туралы түсінік шешендік өнердің тарихы, қазақ халқының шешендік өнері Шешендік дағдылар мен біліктіліктер ІІ бөлім



бет1/6
Дата13.12.2022
өлшемі57,52 Kb.
#57000
  1   2   3   4   5   6

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
І БӨЛІМ. ШЕШЕНДІК ӨНЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК



    1. Шешендік өнердің тарихы, қазақ халқының шешендік өнері

    2. Шешендік дағдылар мен біліктіліктер

ІІ БӨЛІМ. ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
2.1 Шешендік сөздерді оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту
2.2 Балаларды шешендік сөздерге баулу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Бүгінгі бала – ертеңгі ел иесі. Сол болашақ ел иесі Отанының қадір қасиетін сақтауға, оның мәртебесін арттырып отыруға атсалысар азамат болып өсуі қажет.


Шешендік сөз бата-тілектен бастап, бүкіл өнеге, өсиет сөздерді қамтиды. Жас ұрпақтың өзінің ана тілінде еркін мүдірмей сөйлеу үшін зор мақсат – тілін дамыта оқыту қажет. Оқушылардың тілін дамыту қазіргі кезде оқу - тәрбие ісіндегі басты мәселе деп танимын. Сол себепті де шешендік сөз және сөз мәдениетін дамыту мен қатар ой - өрісін, дүниетанымын қалыптастыру арқылы ұлттық ерекшеліктерімізді анықтаймыз.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа таралып келе жатқан шешендік сөздерін келешек ұрпаққа тиімді жеткізу, сол арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамытып, өмірге деген көзқарасын таныта білу - әдебиет пәні мұғалімінің басты міндеті .
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов. Ал бесіктен басталатын тәрбиенің бірден–бірі – қазақ ауыз әдебиеті. Шешендік өнер болса, ауыз әдебиетінің бір саласы. Балаларды мектеп табалдырығын аттағаннан бастап дұрыс сөйлеуге, дұрыс ойлауға, сөздің мағынасын түсінуге тәрбиелеу- мұғалімнің міндеті, ата – ананың парызы. «Шешендік өнер» бұл орайда көмекші құрал бола алады. Ол мұғалімге бағыт бағдар береді. Ал балаларды көркем және шебер сөйлеуге тәрбиелейді. Оқушыларға шешендік сөздерді оқыту барысында мұғалім қазақ халқының би - шешендерінің өмір тарихын оқытып, олардың тапқырлықтары мен ойларының дәлдігін, сөз шеберлігін ұғындырады. Оқушыларға бидің ел - жұртының әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін, өткен кеткен көне шежіресін, тарихын, қоғамдық даму барысын, айнала қоршаған табиғатын сан алуан қасиеттерін, құпияларын жетік білетін, бүгінгіге баға беретін, болашаққа болжам жасап, адамдардың қырлы - қырлы мінез құлықтарын айтқызбай - ақ дөп басатын, ғылым білімнен хабардар, кемел пікірлерін шешен тілмен жеткізіп беруде дара қасиеті бар біртума жандар екенін дәріптеу. Би шешендердің екі - ақ ауыз сөзбен дауды шешуі, жаудың бетін қайтаруы - олардың басты қасиеттерінің бірі. Ата-бабамыздың-төкпе ақындық пен сұңғыла жыршылық, айыр көмей шешендік пен төгілдірген күйшілік секілді киелі өнерлеріміздің ірге тасы бала санасына сәби шақта қалатынын ерекше ескеріп, осынау балдәурен балалық кезеңге айрықша мән берген. Мектепте әрбір оқушының шешен сөйлеу қабілетін дамыту үшін ұстаздар ұжымы ата-анамен, яғни отбасымен бірлесе істелетін жұмыс түрлерін ұйымдастыруын керек. Сондай-ақ бұны аса қажетті әрекет деп білеміз. Егер ата-ана үйде бала тәрбиесіне үлгі етіп, шешендік сөздермен мысал келтіріп, баланы әңгімеге тартса, оның ойын оятады десек, мектеп түрлі үйірмелер, пікір алмасулар, интеллектуалдық ойындар, сахналық қоймаларды қою жұмыстарын өнерпаздық тәсілмен жүзеге асыру керек. Міне, осындай жұмыстарды жүргізу барысында шешендік сөз үлгілерін оқушы ынталана тыңдап, ол сөздерді өмірде пайдалану үшін жадында сақтайды. Сонымен қатар шешендік сөздер жинақтарынан таңдаулы өнегелі сөздерді оқып, дағдыға айналдыруды ұсынған жөн. Курстық жұмысымда осы туралы айтатын боламын. Шешендік сөздердің тәрбиелік мәнін ұғындырып, ұшқыр ойға жол ашу, сол арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу. Сабақ өту барысында шешендік сөздерге талдау жасату , мән мағынасын ашу . Шешендік сөздерді оқытуда мұғалім әдіс - тәсілдерді орынды әрі тиімді пайдалана білуі керек.
Курстық жұмыстың мақсаты: Шешендік сөздерді оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамытуды қалыптастыру.
Міндеттері:

  • Шешендік өнердің тарихы, қазақ халқының шешендік өнерін сипаттау;

  • Шешендік дағдылар мен біліктіліктерді қарастыру;

  • Шешендік сөздерді оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамытуды талдау;

  • Балаларды шешендік сөздерге баулу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуды талдау.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І БӨЛІМ. ШЕШЕНДІК ӨНЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК



    1. Шешендік өнердің тарихы, қазақ халқының шешендік өнері



Шешендік сөздер деп қазақ халқының өмірінде арғы – бергі кезеңдерде ғұмыр кешкен белгілі бір тарихи тұлғалар (айталық атақты би, ақын, шешен, ел бастаған батыр мен басшы т.б.) есімдеріне байланысты айтылатын өнегелік мағына – мазмұны терең сөздерді айтады. Мұндай сөздер елді, туған жерді сүюге, батырлық пен елдікті, ізгілік жақсылықты дәріптеп, әділдік үшін күресуге, ел қамын ойлайтын қамқор азамат болып өсуге тәрбиелейді [2].
Қазақ қашанда сөз қадірін жоғары бағалап, қандай да «Аталы сөзге арызға ғана бас имейді» деп уәжге тоқтаған, өзі де пікірін шебер де, оралымды өрнектеп айта білген ділмәр халық қой.
Шешендік-сөзбен жүзеге асыратын әрі сөзбен барша жетістіктерге жеткізетін өнердің саласы. Шешен сөзінің дәлелдігін-оның әділдікті жан-тәнімен қолдап қорғауы барлығына түсінікті болғанда айқын көруге болады-деп Квинтилиан айтқан екен. Шешендік өнер- адамзат өркениеті тудырған рухани-мәдени құндылықтардың бірегейі. Сондықтан шешендік өнер мен оның тарихы-адамзат мәдениеті тарихының сабақтас бір бөлігі.
Көне дәуірде б.з.д. Ү-ІҮ-ғасырларда Грециядан басталып, Римде б.з.д. бірінші ғасырда - Цицерон заманында өркендей түскен шешендік өнерінің гүлдену кезеңдерінің тарихы әлемге әйгілі. Өйткені, сол кезеңдерде-ақ көне Греция мен Римде шешендік өнері өркендеп қана қойған жоқ, шешендік өнері туралы ғылымның –риториканың да негізі қаланды. Көне риториканың жетістіктері гректің ұлы шешені, саяси қайраткері әрі мәмлегері Демосфеннің есімімен тығыз байланысты. Шешендік сөздің түр-түрін ажыратып, жүйелеп топтастыру да күрделі істің бірі болып табылады. Шешендік сөздің құрылымы да жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Шешендік дәстүр, шешендік мектеп бізде бүгінге дейін түрен тимеген мәселе күйінде қалып отыр десек, артық айтқандық емес.
Халықтың өмірі, тарихы, елдің тұрмыс тіршілігі қазақ көкірегінен жыр-дастан, өлең-ән, ертегі-аңыз, күмбірлеген күй болып төгілді. Табиғатынан көзі ашық, көкірегі ояу, өзінің кең жазира туған даласындай дарқан дарынды ойын-сауықшыл халқымыз осы баға жетпес қазынаны киелі дүниедей қастерлеп, ұрпақ санасына сіңістіріп, болашаққа мәңгі өлмейтін мұра етіп қалдырды. Барша қазақ мәдениетінің түп қазығы саналатын осы теңдесі жоқ қазына бүгін халқымыздың рухани сусындайтын шалқыған шалқар дариясына айналып отыр [3].
Халқымыздың мақтанышына айналған қазақтың көне ауыз әдебиетінің арада талай ғасырлар өтсе де ұрпақтан-ұрпаққа тарап, ел зердесінде мықтап орныққан, танымдық мәнін, тәрбиелік мазмұнын әсте жоймаған заман ағымына қарай қайта жасарып, айрықша көпшілік ілтипатына ие болып отырған түрі шешендік сөздер, тағылымдар. Қазақ-табиғатынан ділмар, шешен халық. Қазақ тарихында елдің елдігін, халқының бірлігін, бүтіндігін көксеген, елді адалдыққа, адамгершілікке, жақсылыққа үндеп, халқының мұң-мұқтажын, мүддесін көздеп ғұмыр кешкен ділмарлар көптеп саналады. Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билер-заманында қоғамдық қайраткерлер дәрежесіне көтерілген ірі тарихи тұлғалар, қара қылды қақ жарған әділ шешендер. Барша ғаламға ортақ аспан әлемінде Шолпан жұлдызы біреу-ақ. Ал қазақ деген ұлы халықтың ұлы көшін бастаған билер керуенінде мәңгі өшпейтін, өшпек өз алдына елдік көшіміз керуенін жалғастырып, ұзаған сайын қарсы алдынан жарқырай түсетін үш Шолпан жұлдызы бар. Олар-Төле, Қазыбек, Әйтеке.
Ел аузында «Әйтеке жарып айтады, Қазыбек қазып айтады, Төле тауып айтады» деген ұлағатты сөз бар.
Бұлар-қазақтың әлем алдында ортақ тұтар, қайталанбас дара тұлғалар. Бұл үшеуі тұрғыдан, жақсыны жаман жараламайды, елімізді дау араламады. Өйткені, үшеуі жер бөліспеді, дау бөліспеді, жау бөліспеді, бәрін қазаққа ортақ санап, енші бөліспеді.
Шешендік өнердің қалыптасуында билердің орны айрықша. Билік жүйенің қалыптасуы, дамуы және тоқырауы халқымыздың әлеуметтік өмірмен тікелей байланысты екені мәлім. Билік жүйе жойылды. Бірақ шешендік өнер жойылған жоқ. Қазақ шешендік өнерде сөз ойға тәуелді болады. Егер керісінше болса, айтайын деген ойдың мәні солғындайды. Ұлы Абайдың «Көңілдегі көрікті ой, ауыздан өңі қашады», - деуі содан. Демек, ұтқыр ой мен көркем сөз тең түсіп отырса ғана сөз әсерлі де тартымды, әрі қуатты болады, тыңдаушыны баурап алып, еріксіз мойындатады [4]
Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: «Қазақтар… мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын», – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.
Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.
Қазақ шeшeндiк сөздeрi — бастаy алар қайнар бұлақтарын түркiлiк танымнан түптeн тартып, өзiндiк ұлттық eрeкшeлiктeрдi, қасиeттeрдi бойына жинақтап, көркeмдiк қyатымeн, ғибраттық сарынымeн дараланған, сондай-ақ, аса бай поэтикалық тiлiмeн өзгeшe қалыпта көрiнгeн, халқымыздың рyхани азығына айналған көркeмдiк құбылыс. Сондықтан да баба мұрасы – ұрпаққа ұлағат, кейінгіге аманат, келер күнмен бірге жасайтын рухани асыл қазына.
Шешендік — тек тарихи құбылыс қана емес, қоғамдық құбылыс. Түрлі тарихи қиын кезеңдерде шешендік қоғамға қызмет етті. Шешендік өнердің тарихына көз жіберсек, шешендік әсіресе тәуелсіздік жолындағы күресте өте-мөте белсенді қызмет атқарды. Шешендер тіпті жер дауы мен жесір дауын қозғаса да, түбі елдікке, бірлікке, теңдікке барып тірелді. Сондықтан да әйгілі шешендердің тайпа көсемдері, ханға кеңесші билер, қол бастаған батырлар болуы тегін емес еді. Шешендердің әрі би, әрі қолбасшы, әрі батыр, әрі жырау — философ болуы да осы ұлы мұраттан туындағаны белгілі.
Ертедегі қазақ қоғамында халықтық мәні бар шешендік сөздердің рөлін жоғары бағалаған. Оның үстіне елдің тағдыры әрдайым қылыштың жүзімен емес, шешеннің тілімен де шешілетін тұстары болған. Қазақ шешендік өнерінің тарихи тармақтары сан қатпарлы [5].
Ұлттық шешендік өнерінің тарамдарын білу – бүгінгі ұтқыр ойлы, шешен тілді ұрпақ тәрбиелеудің кепілі де. Әлемдік шешендіктану ілімінің бір тармағы қазақтың шешендік дәстүрін әлеуметтік феномен тұрғысынан таразылағанда белгілі бір әлеуметтік ортада, қоғамда, қалай да бір адами оқиғаға байланысты қалыптасып, айрықша тапқырлықпен, суырып салмалықпен, көркем тілмен айтылатын озат ойлар мен тәлімді тұжырымдар үрдісі болмақ [1,34-35]. Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті. Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.
Ал қазақтың от ауызды, орақ тілді шешен-билер мұрасының тағылымын рухани байлығымыз ретінде кейінгі ұрпаққа қалай дәріптеп, оның тереңдігіне, тұңғиығына қалай бойлап жүрміз? Мәселен, қазақ халқы шешендік мұрасының жас атаулыға жұғысты болар өнегелік-тағылымдық қырларының сапына сөздің құдіретті күшке ие екендігін аңғартуын, сөздің өзіндік бояуы, дәмі, адам сезіміне әсер етерлік қоңыр иісі бар екендігін, ал оның күші дауыс ырғағы арқылы берілетіндігін танытуын; шешендіктің ой еркіндігі, сөз еркіндігі, ауызекі тілдегі сөздерді әдемі тізбектеп, оралымды орналастыру, тиімділігін күшейтіп, қисынды ойға сыйғызуды аңғартуын; сөзбен тоқтату, сөзбен жаңылыстыру, қарсыласын сөз тындарлық жағдайға түсірудің орасан күшті өнер екендігіне көз жеткізуін; тұспалдап сөйлеуге, мегзеуге, бейнелеуге, символдауға, басқаны айта отырып, нені нысаналап отырғанын жасыра, жұмбақтап айтуға, яғни терең зейінділік пен ойлылыққа төселтуін; астарлап сөйлеу халқымыздың мәнері екендігін, бұл тек сөйлеу шеберлігімізді ғана емес, сөйлеу мәдениетімізді де танытатын, ойлау қабілетімізді аса тереңдетер құбылыс екендігін аңғартуын; тапқырлыққа, шапшаңдыққа, тез жауап берушілікке баулуын; өзгені тыңдауға, өзгенің өнегелі ісінен тағылым алуға жөн сілтеуін қосар едік. Бұл ретте қазақ ғалымы, профессор Мәтжан Тілеужановтың: «Сөзбен қаймықтыру, сөзден жаңылыстыру, жауларын сөз тыңдарлық жағдайға түсіру – мықты өнер. Ол қару-жарақтан да күшті. Суырылған қылышты қынабына қайта тықтыру – қарсыласыңды қаһарлы сөзіңмен, тапқырлығыңмен, шешендігіңмен иілткенің. Ал бұл ойлау қабілетіңе байланысты, оның күштілігіне, құбылмалылығына байланысты» деуі әбден құптарлық.
Қысқасы, шешендік – ел келешегі жастардың рухын аспандатар, асқақтатар өнер. Ал қазақтың халықтық рухы орасан. Тек рух сақталса ғана, жастар рухын оята білгенде ғана халық мерейі, абыройы қаз қалпында болмақ. Рух тұнған тұста ғана қалыптасу үстіндегі тұлғаны тұтандырар, ілгерілетер идея да күшті. Демек, бүгінде жастардың рухын еселеп жандандыра, жаңғырта түсер кешенді ойлы істер ауадай кажет. Ал ел болашағы – қазақ жастарының рухының биіктігі, жоғарылығы – ұлт тәуелсіздігі сақталуының бірден-бір айғағы[6,87]. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, шешендік шежіре-рухани байлық көзі. Халқымызға тән шешендік өнер тәліміне кейінгі ұрпақты тәнті етер болсақ, орасан рухани шапағат, парасат сыйлаймыз. Ал рухы зор, рухани бай ұрпақ – еліміздің сенімді келешегі.
Бүгінгі қазақ елінде, туған жерімізде қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алып, ана тіліміздің коғамдық қызметі жоғарылаған кезеңде шешендік сөздің әлеуметтік мәнін ұғындыру ici және мемлекеттік тілде шешен сөйлеу мәдениеті мәселесі аса өзекті. Ал жастарды шешен сөйлеу мәдениетіне баулу ici – өз алдына мән-мағынасы зор мәселе.
Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет-дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырып салма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.

    1. Шешендік дағдылар мен біліктіліктер

Қазіргі кезде оқушыларды тәрбиелеу ісінде олардың ішкі жан дүниесі мен рухани әлемін тану, дамыту, жетілдіруге байланысты бірнеше іс-шаралар жүзеге асуда. Жасөспірімдерді рухани адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу адамдармен достық, мейірімділік, басқаны түсіну, біреулердің қайғысы мен қуанышына ортақтасу, өзгелердің мінез-құлқы мен пікіріне төзімділік таныту кезінде жетіле түседі. Адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейрімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ [7].


Шешеннің адамды жақсы мен жаман деп тану да олардың міне-құлық, қасиеттерін халықтық таным тұрғысынан саралауы. Қазбек шешеннің жақсы мен жаманның қандай екенін танытқан болжамдары адамгершілік идеяларын насихаттайтын даналық нақылға айналған. Шешен адамгершілік идеяларын жақсы мен жаманды салыстыра отырып та, оларды жеке-дара саралай отырып та сабақтайды.
«Өнерің мен өнегең азбасын» дейтін сөзінде: «Жақсы деген кісінің алды-арты бірдей жарық болар, Жақсы деген ісіңнің бас-аяғы бірдей анық болар»-дейді. Бұл өмірде сан мәрте жолығатын жақсы мен жаманның қандай екені, олардың ісінің қандай екені жайлы бұрыннан таныс таным-түсінік немесе жалаң да қасаң сөз емес, шешеннің образды ойлауы нәтижесінде жақсы мен жаман күтпеген қырынан көрінеді. Қазбек шешен жақсы мен жаманды, олардың ісін саралай келіп, тыңдаушысына ақыл-кеңес те береді: «Жаман істі қостама, жаман кісіні бастама. Жақсы істі тастама, Жақсы кісіні жасқама». Расында, бұл ақыл-кеңес қана емес, адам өмір бойы жадында ұстап жүруге тиіс даналық нақыл екені даусыз. Шешен бұл ақыл-кеңесті орындаудан болатын кесір-кесепаттардан да сақтандырады: «Жаман істі қолдасаң, қарың талады, жаман кісіні бастасаң, жағың талады. Жақсы кісіні жасқасаң, өнегең азады». Сөздің соңында шешен тыңдаушысына үміт арта сөйлеп, «Қарың мен жағың талмасын, өнерің мен өнегең азбасын»-, дейді [8].
Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу-бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Адамгершілікке тәрбиелеу білім беру мен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Шешендік сөздері арқылы балалардың ақыл-ой жақсы дамиды. Баланың қабілетін жан-жақты жетілдіру үшін дене еңбегімен қатар, ақыл-ой тәрбиесін өрістету аса қажет [9].
«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» деп тектен-текке айтпаған, шешендік өнерді құрметтеп оған жастарды ерте жаттықтыруға ерекше мән берген. Сөз бастаған шешенді қыр ойдың тұтқасы деп санаған. Мысалы: «Аяз би» ертегісіндегі өмірде көрген-білгеннен терең топшылау жасай білген ақыл-парасаты мол Аяз биді, «Ер Төстік» ертегісіндегі өзінің ақылды, білгірлік істерімен жарына айнымас дос, ақылшы бола білген Кенжекейді немесе аңыз әңгімелердегі ханның залымдығын даналығымен әшкерелеп, жеңіп отырған Жиренше шешенді, оның ақылды жары Қарашашты мысал етуге болады. Халық өз ертегілері мен аңыздарында, шешендік сөздерінде жастарды солардай ақылды, парасатты, ойлы болуға баулиды. Сонымен қатар осы шешендік сөздері арқылы отаншылдыққа тәрбиелеуге болады. Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты Отанға, халқына, елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп, қалыптастыру жетекші орын алады.
Шешендік өнер оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетік меңгеріп, шебер сөйлеу дағдысын қалыптастырады. Би-шешендердің сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады. Мақалдың немесе өлең ұйқастарын таба отырып, берілген қысқаша мәтінді өз ойымен жалғастыра білуді үйренеді. Танымдық, шығармашылық қабілеттері артады.
"Егер адамға балық берсең, ол бір күн тоқ болады, ал егер қармақ беріп, оны қолдануды үйретсең, ол өмір бойы тоқ болады",- дейді шығыс даналығы. Білім беру мекемесінің басты мақсаты, ҚР "Білім туралы " Заңында көрсетілгендей, оқушылардың танымдық - шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Белгілі орыс педагогы В.А. Сухомлинский айтқандай : "Егер мұғалім ойлауға үйретпесе, бала білім қоймасына айналады да, қаншама білімі мол болғанымен, ол өмірде өз білімін дұрыс пайдалана алмайтындықтан , жерін айдап, дәнін сеппеген диқанға ұқсап шыға келеді".
Қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім дегеніміз- аз уақыт ішінде мол идея қорын алу емес, керісінше, жеке тұлғаның толық дамуын қамтамасыз ететін іс шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға қажет екендігін, әр тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, дарынды балалардың тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттері мен ерекшеленетіні атап өту қажет.
Сонымен бірге бұл жеке тұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап береді. Жеке тұлғаны өздігінен білім алуға баулу- оны ғылым мен мәдениетке үйрету, білім, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту. Бүгінгі таңда еліміздің саяси -экономикалық және әлеуметтік даму бағытын ескерсек, болашақ ұрпақ тәрбиесіне де жаңа талаптардың қойылуы заңдылық. Елбасы Н. Ә. Назарбаев " Тарих толқынында " атты еңбегінде ұлттық тарихымыздың өткені мен бүгіні, болашағы туралы танымдық-тағылымдық құнды ой, ғылыми тұжырым жасаған. "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан " атты жолдауында оқыту мен білім берудің жаңа стандарттары жасалынып, қазіргі заманның ағымына білікті түрде ілесе алатын бәсекеге қабілетті, белсенді ұрпақ тәрбиелеу басты міндеттердің біріне айналып отыр. Бұл әрине, ұстаздардың да білім берудегі біліктілігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін шыңдауды қажет етеді. Сондай-ақ, Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлттық Кеңестің мәжілісінде жасаған баяндамасында "Мәдени мұраларды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау одан әрі дамыту ісіне кең көлемде, білек түре кірісетін кез келді. Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, барымыз бен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету - "Мәдени мұра" бағдарламасының басты мақсаты болуы тиіс" - деп, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық мәдени мұраның мүмкіндігі мақсатын айқындап берген болатын. Осыған байланысты бүгінгі ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыруда халқымыздың сан ғасырлар бойы қастерлеген, сан ғасыр халық жадында сақталып, көптің талғамынан, ой елегінен өткен шешендік сөздер мен өлең жырларды оқушыларға мектеп жасынан бастап оқыту- олардың рухани - құзыретті тұлға болып қалыптасуына басты себеп бола алады.
Қазақтың шешендік сөздері - өзіндік ұлттық ерекшеліктері мен қасиеттерді бойына жинақтаған, көркем тілімен, ғибраттық сарынымен дараланған, аса бай поэтикалық тілімен ерекшеленеді [10]. Ал, дәл қазіргі уақытта біздің қоғамымызға жан-жақты қарым - қатынас жасай білетін, ұлттық ойлау мәдениеті қалыптасқан тұлғалар қажет. Сондықтан, біз мұның негізі қазақ халқының даналықпен айтқан шешендік сөздерінде жатыр деп ойлаймын.
Қазіргі кездегі оқу-тәрбиенің міндеті осы тың жатқан дүниені , даналыққа құрылған қанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді, шешендік өнерді жас ұрпақтың бойына қалыптастырып, сол арқылы рухани байлығын арттыру. Жоғарыда атап өткендей, шешендік сөздер қазақ халқының ата- бабаларынан мұра болып қалған ең асыл қазынасы. Сондықтан сол қазынаның кілті- мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, термелер мен толғаулар, шешендік сөздер, ақындардың өлең жырларындағы сырлы сөздерінде. Мен әр сабағымды поэзиямен ұштастырып, оқушыларды ақындық өнерге, сөз құдіретін түсіне білетін шешендікке баулу арқылы дұрыс сөйлеу біліктілігі мен дағдысын меңгерту, сөз төркініне мән беріп сөйлеу шығармашылығын дамытуға, жетелеуді мақсат етемін. Қазақ әдебиеті сабағында шешендік сөздерді өткен кезде өмір тәжірибесінде пайдаланып келе жатқан билер мен хандардың, ақындар мен шешендердің ( Төле би, Қазыбек би, Жиренше шешен, т.б.) аузынан шыққан дуалы, өнегелі сөздерін, толғауларын рөлге бөліп оқытып, мәні мен мағынасын жан-жақты ашу үшін пікірталас, пікір сайыстар, сахналық көріністерді ұйымдастырамын.
Шешендік сөз - адамзат тарихындағы рухани материалдық мәдениеттің дамуының негізгі құралдарының бірі . Шешендікке құрылған әңгімелерді, аңыздарды және өлеңдерді оқыту оқушылардың тілін ұштайды, сөздік қорын байытады , өмірге деген көзқарасын оятып , дүниетанымына жол ашады .
Әдебиет сабақтарының танымдық мақсатында мыналар ескерілуі қажет :
1. Шешендік сөздерді халқымыздың қадір тұтуы.
2. Шешендік сөздердегі ұлттық мәдениет және парасаттылық.
3. Асыл сөздің астарындағы ұлағатты сөздер.
4. Дау - жанжалдардың бітімін екі - ақ ауыз сөзбен шешіп, ел мен елді бітістіріп, жарастырып келелі мәселелерді тындырып отыратындығы [11]. Билер мен шешендердің көрегендігін , даналық сөздерін оқытып, жатқа айтқызу жас ұрпақты шешендікке, ата - бабадан қалған мол мұраны игертуге баулиды. Оқушыларға шешендік сөздерді үйрету туралы сөз қозғағанда, ең алдымен, мұғалімге назар аударылады. Мұғалім күнделікті сабақ беру үрдісінде шешендік сөздерді орынды жерінде ойын дәлелдеуде дәнекер етсе, оқушыларды тілге шебер, ойы орамды, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелейді. Бір сөзбен айтқанда - оқушылардың шешендік сөздерді меңгеру нәтижесінде сана - сезімі мен ақыл ой ұшқырлығы, сөз шеберлігі, дұрыс ойлау жүйесін қалыптастыру. Шешендік сөздер жалпы білім беретін мектептерде 5 - ші сыныптан бата - тілектерден , би – шешендердің қысқаша өмірбаяны мен шешендік сөздерімен басталып, ары қарай жалғастырылып оқытылады. Шешендік сөздерді оқыту барысында оқушылардың көру түйсіктері, есту түйсіктері, қабылдау түйсіктері маңызды рөл атқарады. Шешендік сөздерді оқыту оқушылардың сөйлеу тілін дамытып, тапқыр болуға, кез келген мәселенің шешімін өз беттерімен шешуге, салт дәстүрді құрметтеуге, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетуге баулиды.
Халқымыздың ертеден өзінің мәдени - этникалық білімі мен тәрбие берудегі ұлттық тәрбие негізін қайта жаңғырту арқылы халқымыздың мәдени құндылықтарына көңіл аударылуда. Себебі, бүгінгі күні халқымыздың ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында келешек ұрпақтарымызды халқымыздың салт - дәстүрлерінде, әдет - ғұрыптарында ертеден сақталып келе жатқан мәдени бай мұраларымыздың қадір - қасиетін сезіне білу заңды құбылыс деп санауымыз керек. Өйткені, бүгінгі жас жеткіншектер өз халқының рухани мол қазынасын тереңірек оқып білуі арқылы өз бойларына сіңіріп, ұлттық ерекшеліктерімізді қадірлей білуге мүмкіндіктер алады. Сондықтан да қазіргі таңда қоғам салауатты да жігерлі ұрпақтарды тәрбиелеу барысында қазақ шешендік өнерінің сан ғасырлар бойы тереңнен тамырланған негіздері бар екені және шешендік өнер қашанда ұлт тағдырына, ел, жер мүддесіне сай қоғамдық қызмет атқаратындығы мәлім. Шешендік - қадірлі өнер. Өнер алды - қызыл тіл деп қазақ бекер айтпаған. Қоғам тарихына көз салсақ, қай халықтың болсын күрделі қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлері, қолбасшылары, ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болғанын байқаймыз. Шешендік сөз бата - тілектен бастап, бүкіл өнеге, өсиет сөздерді қамтиды. Жас ұрпақтың өзінің ана тілінде еркін мүдірмей сөйлеу үшін тілін дамыта оқыту қажет. Сол себепті де шешендік сөз және сөз мәдениетін дамыту мен қатар ой - өрісін, дүниетанымын қалыптастыру арқылы ұлттық ерекшеліктерімізді анықтаймыз. Шешендік сөз бата - тілектен бастап, бүкіл өнеге, өсиет сөздерді қамтиды. Жас ұрпақтың өзінің ана тілінде еркін мүдірмей сөйлеу үшін тілін дамыта оқыту қажет. Оқушылардың тілін дамыту қазіргі кезде оқу - тәрбие ісіндегі басты мәселе деп танимын. Сол себепті де шешендік сөз және сөз мәдениетін дамыту мен қатар ой өрісін, дүниетанымын - қалыптастыру арқылы ұлттық ерекшеліктерімізді анықтау үшін:
1. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту
2. Ана тілін ардақтау, қазақ халқының салт - дәстүр, әдет - ғұрпына тәрбиелеу.
3. Сөз құдіретін тануға үйрету
4. Сөздік жұмысын жүргізу.
5. Салыстыру, байқау қабілетін дамыту [13].
Оқушылардың таным белсенділігін арттыру үшін осы бағыттарды іске асыруға тырысу керек. Шешендік сөздерді оқыту және оның мағынасын түсіндіру оқшыларды жақсы әдепке үйретіп, жаман қылықтардан жирендіреді . Оқушылар өздерінің ой - көзқарасын жеткізу, пікірін қорғай білу және шешен адамдар ел ішінде дау - шараға араласып, ел ішінде шешімін таппай жатқан әртүрлі жанжалдарды, ру, жүз арасындағы жайлы мағлұматтар алды. Сонымен қатар шешендер билік айтқан кезде қарасөзбен емес, тақпақтап, мақалдап сөйлейтіндігі жайлы да айтылды.
Шешендік сөздерді оқытуда мынадай талаптар қойылады:
1. Қазақ халқының даналығы мен дәстүрлі шешендік асыл қазынасын оқыту, мән - мағынасын ашу.
2. Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысына түсініктер беру.
3. Ой зерделігінен туып, халық жүрегіне ұялаған парасатты шешендікті таныту, тарихымызды танытып, ұлттық намысымызды оятып, рухымызды көтеретін би - шешендер сөздерін саралап, жүйелеу барысындағы ой толғаныстар. Сөз тереңдігін түсініп, бағалай білуге, сұлулық сезіміне баулу.
4. Қазақ халқының шешендігі жайында айтылған пікірлермен таныстыру.
5. Ата - баба салт - дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу.
Оқушыларға халықтың негізгі қызметтері мен шаруашылықтарымен таныстыру. Халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу. Шешендік сөздерді оқытуда оқушылар сөз құдіретін эстетикалық, танымдық тәрбиені сіңіреді, оқушылардың оқу әрекеттері, ойлау қабілеттерін, өзіндік ізденісін жетілдіріп, сөз өнерінің рухани құндылығын тануға көмектеседі. Оқушылар ойын еркін, шешен жеткізе алу, әдеби - теориялық білімін жазба жұмыстарда сауатты қолдана алуын қалыптастырады. Сонымен қатар шешендік сөздерді оқыту арқылы сөйлеу мәдениеті мен ой - өрісін, дүниетанымын қалыптастырып, тілдік амал тәсілдерді қарым - қатынас мақсатына қолдануға төселдіреді.

ІІ БӨЛІМ. ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ


2.1 Шешендік сөздерді оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту

Қазақтың шешендік сөздері жалпы білім беретін мектеп оқушыларына тәрбие берудің аса қасиетті де құнарлы қаруы болып табылады. Себебі, оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, шешендік сөз өнерінің қуатын арттыратын тілдік құралдар, дидактикалық сипаттағы ақыл, нақыл сөздер таным үрдісі мен дұрыс ойлау қажеттіліктерін ашуда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар шешендердің сөйлеу әрекетін, сөйлеу түрлерін, шешен бейнесін талдаудан туындаған шешендік сөз тағылымы қазіргі жасөспірімдерді тәрбиелеуде өзекті мәселе болып отыр. Өйткені шешендік сөз өнері өмір шындығымен, әлеуметтік уақыттың қатал да құбылмалы мiнезiмен бетпе - бет келгенде адамға рухани жәдігер болып, көзден алыс, көңілге жақын құбылыстарды түсінуге жетелейді.


Халық даналығының жас ұрпақты тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулуда тәрбиелік мәні ұшан - теңіз. Жас ұрпақтың жақсы жақтарын көре біліп, оны жариялай білу де мұғалімінің шешендік өнері болып табылады [14]. Оқушыларға инабаттылықпен қарым қатынас жасай отырып, ізгілікпен оның жақсы ісін, мінезін, сөзін, білімін бағалай білу үшін ұстаздық сезімталдық пен шешендік қажет. Ойлаудың белсенділігі оқушылардың әрбір сабақ тақырыбына ден қойып, отырған ынта - ықыласы тек қана проблемалық жағдайды туғызуы және оны бірлесіп шешуге жетелейтін қызметінің арқасында ғана мүмкін болады. Өйткені проблемалық жағдаятты шешу кезінде оқушыларда өз күшіне деген сенімділік пайда болады, яғни ой мен іздеу арқылы ақиқаттың бейнесін тану мүмкіндігіне ие екендігіне көз жеткізіп, соны ұйымдастырған ұстазына деген ризашылық сезіммен сенім ғана емес, танымдық қызығушылығы артып, білімге деген көзқарасы жаңа сапаға көтеріледі.
Сонымен мектепке шешендік өнерге баулу сабақтарына негіздеп төмендегідей тақырыптарды, тапсырмаларды ұсынуға болар деп ойлаймыз.
а) Қожанасыр туралы, оның алғырлығы тапқырлығы білгірлігі жайында әңгімелер;
ә) Алдар Көсеге байланысты әңгімелер;
б) Абай Құнанбаевтың да, дәстүрлі шешендік өнерге қатысты қақында тоқталып, тұжырым айту;
Халқымыздың асыл мұраларының бірі-шешендік өнерді дамыта оқытуда, оны бүгінгі ұрпақ санасына сіңіре білуде мұғалімдер мен оқушылар қауымының бірлесе ізденіп жұмыстануы қажет деп ойлаймыз [16].
Әрбір оқушыға шешендік сөздердің астарлы мағынасын талдату , белгілі бір шешеннің сөз стилін талдау, дауды шешу, тапқырлық, логикалық жұмбақтарды шешкізу, ыммен сөйлесу сияқты шешендік өнерді үйрететін түрлі үрдісті проблема қоя отырып ұйымдастыруымыз қажет. Мысалы, Сократ ақиқатты танытудың істі сұрақпен бастап, жауабын бірге іздеп, нәтижесінде тыңдаушысының өзі ақиқатқа жеткендей ететіні белгілі. Бұл сенімділікті қалыптастыру әдісі.
Сонымен қатар, оқушыларды шешендік өнерге бейімдеу әдістерді ( монолог әдісі, пайымдау әдісі, репродуктивтік әдісі, диалог әдісі, эвристикалық әдісі ) барлық сабақтар барысында қолданылуы зерттелген болса, енді сол ерте кезде шешендік өнерді үйретумен тығыз байланыста қалыптасқан бұл әдістер шешендік сөздерді зерттеу тақырыбында үлкен орын алады. Монологтік әдіске Риторика теориясына қатысты еңбектерге сүйене отырып, Квинтилиан әдісі, Аристотель әдісі тұрғысынан анықтама береміз [17].
Квинтилианның шешен дайындаудағы әдістемелік жүйесі төмендегідей болып келеді :
риторика теориясын әбден меңгеру;
шешендік үлгілердің классикалық түрлерін танып, үйрену;
еліктеулер жасау;
өзінің жеке шешендік тәжірибесін жүргізу.
Оқушыны шығармашылық жұмыстарға жетелеуде мұғалімнің атқаратын рөлі үлкен. Қолына қалам алып ақын-жазушы, журналист болсам деп армандамайтын оқушы кемде -кем. Оларға ұйқас пен мағына бір-бірімен тұтасқанда ғана өлең шығатыны түсіндіремін. "Өлеңге әркімнің - ақ бар таласы",- демекші сенікі өлең емес, сене ақын шықпайды деп ықыластанған баланың сағын сындыруға болмайды. Талаптың тұлпарына мінген оқушыны өнерге баулудың, адамгершілік тәрбиелеудің қуатты құралы.
Өлең- сөздің патшасы сөз сарасы,
Қиынынан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы,- деп ұлы Абай жақсы өлеңді жоғары бағалаған емес пе? Ал, енді көркем сөздің асылы- поэзия болса, біз оны қалай үйретіп жүрміз? Поэзиялық шығармаларды балаға жеткізуге өлең құдіретімен қатар , мұғалімнің сабақты өту шеберлігі болу керек деп ойлаймын. Оқушыларға шешендік, ақындық өнері туралы сөз қозғағанда ең алдымен , мұғалім күнделікті сабақ беру үдерісінде шешендік сөздерді орынды жерінде ойын дәлелдеуде дәнекер етсе, оқушыларды тілге шебер, ойы орамды мәдениетті сөйлеуге тәрбиелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет