Мазмұны кіріспе І бөлім



бет14/17
Дата21.12.2023
өлшемі281,5 Kb.
#142247
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Қортынды.
Сонымен, оқыту барысында кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау біліктерін қалыптастыру– күрделіде шығармашылық жұмысты қажет етеді. Бұл жастағы оқушылардың тілін дамытуда өзіндік жұмыс барысында мына мәселелерге баса назар аудару керек:

  1. оқушылар орындаған жаттығулардың мазмұндылығы.

  2. граматикалық қатесіздігі.

  3. орфографиялық , пунктуациялық , орфоэпиялық қажетсіздігі.

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілін дамытудың декті бір саласы–оқу. Ол оқуға ана тілі сабақтары арқылы баланың өзіндік жұмыстары арқылы қол жеткізеді. Ана тілі пәнінде оқу арқылы оқушы қоршаған ортадан қандай оқиғалар болып өткендігін, не болуы мүмкін екендігін байқайды, сезінеді. Солардан үлгі–өнеге алады, дүниетаным кеңейе түседі. Оқу арқылы бала әлемнен, адамдардан, сан-алуан мінез-құлық , іс-әрекет т.б. қасиеттермен танысады. Ана тілі оқулықтарында берілген идеялық мазмұны жағынан оқушылардың түсінуіне, менгеруіне жол ашады. Мысалы:

  1. 3-ші сыныптарда оқу техникасын жетілдіруге көп көңіл бөлінеді.

  2. Ана тілі сабақтарында өз бетінше мәтінді мәнерлеп оқуға жаттығады.

Кіші мектеп жасындағы өз бетінше оқуға үйретудің сапалы болуы оқу сабағын дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Өз бетіндік жұмысты дамытуда кітап материалының пайдасы аса зор. Ана тілі сабақтарында өз бетінше жұмыстар мынадай мақсаттарда көздейді:

  1. Оқушылардың ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту.

  2. Оқушы әдеби тіл нормасына сай өз сезімін ойын дұрыс айтып беретін дәрежеге жету;

  3. Ана тілі, қазақ тілі сабақтарында оқушылардың жазу тілін дамытуға, сөйлеу шеберлігінің де өзіндік ерекшелігі бар.

  4. Тіл дамыту жұмыстары арқылы өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыруға болады.

  5. Оқушыларды ана тілін сүюге, нәзік сөз байлығын әсерлі қолдануға тәрбиелеу.

Қорыта айтқанда тіл дамыту жұмысына қойылатын талаптар да оқушыға білім беру, іскерлікке үйрету және олардың білімін дамыту мақсаттарына бағынуы тиіс. Ана тілі сабағы арқылы тіл дамыту жұмысы- күрделі де шығармашылық процес. Бала тілін дамытуда басты назар аударылатыны өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыруы болып табылады. Бастауыш мектепте ана тілін оқу сабағы арқылы және жаңа жүйелі оқу әдістері арқылы ізденгіш, зерттегіш, шығармашыл, проблеммаларды шеше алады, қиын жағдайларда тығырықтан шығу жолдарын таба білетін есейген, талғамы зор, білім мен тәлім-тәрбие бастамасын жүзеге асыруды өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастырудың нәтижесінен байқауға болады. Өздігінен ана тілді оқу барысында оқу материалының жүйелі түрде менгерту, граматикалық схеманы шешу, іздену, салыстыру, зерттеу, әртүрлі шығармашылық жұмыстарды өз бетінше жұмыс орындау барысында менгереді. Сонымен өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:

  • жұмыстың көлемін шамадан айырмай, оның санасын арттыруға көңіл аудару;

  • өзіндік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлері мен дұрыс ұштастыра білу;

  • оқушының дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

  • өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

  • оқушыларды алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

  • оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, белсенді әрекет жасауға баулу;

  • оқушыда өздігінен жұмыс істеу, еңбек ету дағдысына қалыптастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет