Алакөл ауданының таулы алқаптарының жер бедері.Аудан аумағына Жетісу Алатауының солтүстік-шығысындағы Қандыарық (3668), Батыртас (3578), Тастау (3546), Күңгей (2919), Қайқаң (2385), Шыбынды (1461), Ақшакүңгей (2040), Сандықтас (3439) жоталары кіреді.н. Жетісу Алатауының шығысының биіктік белгісі 2500 м. Тау алды алқаптары жер бедерінің тізбекті, тізбекті-күмбез тәрізді, тізбекті-жонды, конус тәрізді типтерінен тұрады. Мұнда ежелгі пенеплендер мен көтерілулер дамыған.
Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс және шығыс бөлігінде орналасқан.Басқа биік таулы аудандардан айырмашылығы біліктік жоталардың жалдары барлық ұзындығында іс жүзінде 4000 метрден аспағаны мен Жетісу Алатауының ең биік бөлігі болып табылатын Лепсі, Тентек6 Ырғайты өзендерінің бастауында Абай (4990м.,) және Шумский (4442м.,) Сандықтас(3722м) шыңдары орналасқан.Олардың аралығында сәуір қыркйек айлаорының аралығында асуға қолайлы альпенизмді дамытуға мүмкіндік беретін Талды,Тарлаулы,Көкетау,Ашықкөтен, Сарыбөрік, сыяқты асулар шоғырланған. Олардың ішіндегі ең ең аласасы Талды асу (3504м) болыптабылады. Биік таулы алқаптардың аумағындағы ендік бағыттағы негізгі жоталар тізбегіне перпендикуляр бағытта созылып жатқан ежелгі мұзбасулардың экзорациялық әрекетінен түзілген бүйір жоталары басқа аумаққа қарағанда енді болып келуімен ерекшеленеді. Олардың орташа биіктігі 3600-3800 метрден аспайды. Қазіргі және ежелгі мұздықтардың абляция аймағындағы Жаманты, Тентек өзендерінің бастауындағы Жасылкөл сияқтыэстетикалық тартымдылығымен ерекшеленетін бөгелмелі циркті көлдер альпенизм, танымдық ат және тау туризмдерін дамытуға қолайлы аумақ болып табылады. Ендік және субендік бағытқа созылып жатқан Солтүстік-Орталық жота мен Тастау, Күңгей жоталарының аралықтарын неотектоникалық қозғалыстардың әсерінен түзілген абсалют биіктігі 1000-3000 метр аралығында ауытқитын Ойжайлау, Күнтай, Қараүңгі, Қарынбай жоны, Байыс, Бақай сыяқты үш деңгейлі тау аралық криптодепрессиялық ойыстар бөліп жатыр. Жоғарыда аталған жоталардың біліктік бөлігінің ірге тасы ірі антиклинорилі құрылымдар болып табылатындықтан сыртқы күштердің әсерінен өзгерістерге ұшыраған эстетикалық тартымдылығымен ерекшеленетін табиғат ескерткіштеріне өте бай.. Таубеткейлерін ежелгі және қазіргі мұзбасулардың экзорациялық әрекеті терең әрі тік беткейлі тар шатқалды, терең өзен аңғарлар мен терең сайлы кар аңғарларынын қалыптастырған. Ойжайлау, Күнтай ойыстарының аралықтарын сыртқы күштердің әсерінен бұзылған неотектоникалық қозғалыстардың әсері баяу байқалған аридті климат жағдайында күшті денудацияланған Жүнжүрек(2333м) Жаманқотыртас(2480м) таулары бөліп жатр. Жүнжүрек, Күңгей, Тастау.Жабық жоталарының солтүстік беткейлерінің 1000-1400 метр биіктікке дейінгі бөлік аласа таулы бөлігінің беткейлерінің көлбеулігі 15-25º аралығында ауытқиды. Аңғардың табаны солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп биіктейді.
1400-2000 метр биіктік аралығндағы Күңгей, Жаманқотыртас тауларының солтүстік беткейінің аласа таулы бөлігі біршама тегіс әрі біртіндеп көтерілуімен ерекшеленеді. 2000-2600 метр биіктік аралығын қамтитын Ырғайты, Тентек, Жаманты өзендерінің жоғарғы ағысындағы орташа биіктіктегі таулы бөлігі биіктік айырмасы 800-1000 метрге жететін терең сайлар торымен тілімделген. Аласа таулы белдеуден бірінші айырмашылығы жауын-шашынның мол түмуіне байланысты ағыны қатты тау өзендерінің суының бұзушы әрекетінен түзілген жер бедерінің алуан түрлі эрозиялық пішіндері басым. Екінші айырмашылығы экзогендік әрекеттермен қатар неотектоникалық қозғалыстардың әсерінен жүрген көтерілулер нәтижесінде түзілген ерекше тартымдылығымен көзге түсетін бірегей табиғи мүсін болып табылатын алып жартасты дайкалар, ысырынды моренналы төбелер,терең тілімделген кар аңғарлары мен циркті көлдер,соңғы вюрм мұзбасуының қайтуы кезіндегі сел әрекетәнеен түзілген қойтастар тау беткейлерінің келбетіне көрік беріп тұрады.
Лепсі, Тентек, Жаманты, Ырғайты өзендері бастау алатын 2800-3500 метр биіктіктегі Жетісу Алатауының биік таулы бөлігі Күңгей, Тастау және Солтүстік-Орталық жоталардың біліктік бөліктерін қамтиды. Теңіз деңгейінен биікте орналасуына байланысты біліктік бөліктерінде эрозиялық-денудациялық және тік беткейлі альпілік жер бедері басым. Жауын-шашынның мол түсуінің әсерінен қазіргі мұзбасулардың
Негізгі жоталардың тегістелуі мәңгі қар қапасында 3500-4000 метр биіктікте сақталған. Жоңғардың солтүстік бөлігінің жоталарының бәрінде полеогенге дейінгі денудациялық жазықтар бар. Көптеген жерлерде 3000 метр биіктікте (Тастау жотасы) палеоген-неогенің қалдықтары жатыр. Солтүстік жотаның суайрығының қасында мұздармен бұзылған немесе шайылған және төбесі жартылай мұзданған мореналар орналасқан. Іле ойысының солтүстігіндегі Қарашоқы тауларында 6-7км жерде флювиальді қойтасты-малтатасты жыныстар жатыр. Жер бедері қарқынды эрозияланған үшкір опырмалы ойыста пайда болған күрделі тайғақ жарлары бар. Мұзды формалардың Жер бедері дамыған, яғни қарлы, соңғы мұзбасулардың мореналары, мұзды өзендер көптеген жазықтар, мұздықты иілген жазықтар кездеседі. Бірақ осы мұздар арасында да денудациялық жазықтардың фрагменттері көрінеді.
Орташа биік таулы белдеу - негізгі жоталардың тау сілемі немесе 2000-3000 м биіктікте негізгі жоталар орналасқан. Орташа биік таулы Жер бедері ауданының дамуы қуатты эрозияланудың әсерінен бөлшектелген. Таулардың тектоникалық бұзылған жерлеріндегі жарлар жарықталған. Орташа тауларда ежелгі мұзбасулардың іздері аз. Аласа таулар тау жүйесінің батысында ежелгі денудациялық жазықтар бөлшегі көлемді ауданды алып жатыр. Аласа тауларда көп жерлерде қойтасты-малтатасты жыныстар сақталған.
Таудан тауалды жазықтарына шыққанда өзендер жақсы шырынды қалыптастырады, өзендердің шеткі аймақтары аяқталмаған күрделі және сатылы болып келеді. Таудан шыққанда өзеннің құлауы ұлғаяды, сарқырама және жайылмасы пайда болған. Тауда өзендердің құламасы орташа 100 м, Ағыны қатты өзендерде – 115 м, Сарқанда -130, Лепсіде- 109 м.
Тауаралық жоталардың түйісуінен құлау 30-8 м/км-ге дейін азаяды, өзеннің тауалды жотасына шыққанда оларда теңескен күйде болады, ол жерде құлау 6-1,6 м/км болады. Өзендердің көбі биік таулардан бастау алады мұздық және қар суымен қоректенеді, көктемгі - жазғы тасқыны бар. Су жинайтын ауданы көптеген өзендерде 3000 км² жетеді (Сарқан 3300 км²). Тасу кезінде су шығыны 10-20 есе өседі. Тентек өзенінің орташа айлық су шығыны қаңтарда 9-15 м³/с, тасқын кезінде 200-360м³/с өседі.
Ол теңіз деңгейінен 340 метр биіктікте орналасқан. Көлдің беткі ауданы 2400 шаршы шақырым. Орташа терңдігі 25 метр. Ең терең бөлігі 52 метр. Орталық үлкен және кіші Аратөбе аралы бөлігінде орналасқан солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа 110. Батыстан шығысқа 55 шақырымға созылып жатыр. Көлдің жағалау сызықтары қатты тілімделуімен ерекшеленеді.