Мазмұны Кіріспе І тарау Баланың психикалық дамуының оның тілінің дамуына байланыстылығы



бет5/10
Дата30.05.2022
өлшемі159,5 Kb.
#35994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
kur -til-damytu-adistemesinin-psihologijalyq-negizderi-31

Оқыту тәсілдері
Жоғарыда көрсетілген мысалдар оқытудың бір әдісімен еліктеу әдісімен келтіріледі. Бірақ әр жағдайда бұл әдіс әр түрлі.
Белгілі бір әдістің қолданылу вариантын, сол әдісті құрайтын негізгі іс-әрекетке оқу дидактикалық материалдың сипатынан туындайтын қосалқы іс-әрекеттің енгізілуін тәсіл деп атаймыз.
Сонымен, еліктеу әдісін жүзеге асыратын тәсілдер мыналар болуы мүмкін:
1) айналадағылармен танысқанда нақты затты бақылау— жоғарыда айткан жағдайда, сәби өз қолына қарайды, анасының қолын бақылап, оған ілесе қайталайды, оның сөзіне еліктейді;
2} ойындар: біздің байқағанымыздай, ойын үстінде баланың тілі жаңа лексикамен толығып қана қоймайды, сонымен бірге ол жаңа сөз формасымен де байиды «электр монтері», «қонаққа бару» ойыныңда балалар зат есімді менгереді. «Қызыл Телпек пен сұр қасқырды» ойнағанда, балалар диалог сөздерді байланысгыруға үйренеді.
3) сөз үлгісіне сүйену (сөзді елестету): тәрбиеші айтқан сөздерді балалар кайталайды.
Сонымен, біз үйретуші мен үйренуші бір сөзді айтатын еліктеу әдісімен таныстық, бірақ үйретуші қалай сөйлеу керек екендігі жөнінде үлгі көрсетеді ал үйренуші оны дәлме-дәл қайталайды, оған еліктейді.
Сөйлесу (әңгімелесу) әдісі
Бала үшін орындалуы анағұрлым қиыны оның тілін үйрету әдісі - сөйлеу әдісі, мұны қосымша сұрау мен жауап әдісі, әңгімелесу әдісі деп те атайды.
Әңгімелесу әдісі үйретушінің сұрануынан, ал үйренушінің жауап беруінен тұрады. Демек, олардың екеуі де сөйлейді, бірақ сөзді емес (еліктеу әдісіндегідей), әр түрлі сөздер сөйлейді: үйретуші өзінің сұрағымен баланың өзіне таныс сөздерді, дыбыстарды грамматикалық формаларды немесе дәнекер тексті еске түсіруге және оны орнымен қолдануға итермелейді.
Нақты затқа немесе суретке сүйену тәсілі дидактикалық ойындармен, яғни оқытуға арнайы арналған ойындармен шектеседі. Ересек адамдар балаларды белгілі бір ойынның ережесімен таныстырады. Содан соң олардың өз бетімен ойнауларына мүмкіндік береді. Кез келген дидактикалық ойында баланың тілін дамытатын үлкен мүмкіндіктер бар: өйткені дидактикалық ойын арқылы берілетін кез келген білімді бала ойлеу түрінде үйренеді. Бірақ баланың сөйлеу тілін дамытуға арнайы арналған дидактикалық ойындар да бар,— бұл сөйлеу түріндегі дидактикалық ойындар.Бұл ойындар мынадан тұрады:

  1. балалар белгілі дыбысқа сөз ойлап табады:

  2. ересек адамның суреттеп айтып беруімен заттардың атны оңай атап, оңай жұмбақтарды шешеді.

3) балалар бұрыннан білетін жұмбақтарды айтады немесе өздері жұмбақ ойлап табады.
Дидактикалық ойынның басты ережесі балалар жұмбаққа арқау болған затты көруі (ал ең дұрысы қолымен ұстап, иіскеп, дәмін татып көруі, егер ол дыбыс шығаратын болса, тыңдауы) керек.
Балалардың жас мөлшеріне қарап жайылма сөйлемнің құрылысын, мәселен тікелей толықтырылатын қос құрылымдық сөйлемді игеруі үшін түрлі тәсілдерді (әнгімелесу әдісін) пайдалану керек.
Бес жастағы бала үшін сөзбен елестетуте сүйену ( сөйлесу әдісі) тәсілі.
Төрт жастағы баламен жұмыс істегенде бұл міндетті шешуді суретке сүйену тәсілін қолданып (сөйлесу әдісі) жеңілдету қажет.
Адам мамандығын толық бейнелейтін суреттердің жиынтығы керек: пеш жанында тұрған аспаз, күрек ұстаған бақшашы және т.с.
Алты - жеті жастағы балалармен жұмыс істегенде, біріншіден, күрделі синтаксистік форма берілу (сөйлемде оңалталанған мүшелерді пайдалану немесе күрделі сөйлем құрау), екіншіден, лексиканың ауқымы кенейтілу арқылы сөйдесу әдісі күрделілендіріледі.
Байланыстыра сөйлеуге жаттығу үшін тәрбиеші тақырыпты белгілеп, осы тақырыпты дамытатын бірнеше сұрақ қойып жоспардың пункттері), балалардың тілін дамытуды ұйымдастыра алады.
Төрт - бес жастағы балаға сұрақтың бәрін бірдей қоймай, бір-бірлеп қойып, оны екеу ара әңгімеге шақыру керек.
Сонымен, сөйлесу әдісі — бұл үйретуші үйренушіні өзінің сөздік қорын орынды пайдалануға және сол арқылы тілін жетілдіре түсуге үйрететін әдіс. Сөйлесу әдісі еліктеу әдісінің тәсілдерімен (нақтьг объектілерді бақылау тәсілімен, суретке, сөз үлгісіне сүйену тәсілмен, әр түрлі ойлы түрлерінің тәсілімен), сондай-ақ әр түрлі сұрақ-тапсырма тәсілін қолдану арқылы орындалады.
Сөйлесу әдісін — теориялық материалды берудің бір тәсілі болып табылатын әңгімелесудің мектептік әдісімен шатыстыруға болмайды, сөйлесу әдісі ережесіне қарай практикалық әдіс екендігін аңғарамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет