Мазмұны Кіріспе І тарау Баланың психикалық дамуының оның тілінің дамуына байланыстылығы



бет6/10
Дата30.05.2022
өлшемі159,5 Kb.
#35994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
kur -til-damytu-adistemesinin-psihologijalyq-negizderi-31

Қайталап айту әдісі
Мектепке дейінгі бес-жеті жастағы бададарды, жоғарыда айтылған тілге үйрету әдістерінен басқа, қайталап айту әдісімен де үйретеді, ол балалардың сөзін тілдін барлық компоненттерімен (лексикамен, грамматикалық формалар мен интонациямен) байытатын, олардың байланыстырушы сөздерін жаттықтыратын кайталап айту әдісімен сөйлеуге үйретеді.
Қайталама айту әдісінде тәрбиеші балаларға көркем әдеби шығарманы оқып береді (айтып береді) немесе серуендегенде, экскурсияда болғанда өздері көрген нәрселерді олардың есіне салады, немесе «өз өмірінде болған оқиғаларды» айтып береді (баяндайды), немесе балалар көрмеген әлде бір затты, хайуанатты сөзбен суреттеп айтады, содан соң оларды: 1) тәрбиешінің әңгіме айтуы барысында сұрақ қоюға, 2) оның әңгімесін (өз жолдастарының біріне немесе үйдегі ересек адамдар үшін) қайталап айтып беруге ынталандырып отырады.
Қайталап айту әдісі еліктеу әдісіне ұқсас. Бұл әдістердің арасындағы айырмашылық мынада: тәрбиеші оқып болысымен-ақ текстің кейбір жерін бала қайталайды (еліктейді); жуықта естіген текстің мазмұнын бала мүмкіндігінше айтып береді; баланың тексті қабылдауы мен оның мазмұнын қайталап айтуы арасында біршама уақыт етуі кажет.
Балаларды көркем әдебиетпен таныстыруға байланысты методикада қайталап айтудың көптеген тәсілдері бар, мысалы: сүйікті кейіпкерлерін ойнау, ертегілерді, әңгімелерді және т. б. сахнада көрсету.
Құрастыру (әңгімелеп беру) әдісі
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінде құрастыру (әнгімелеп беру) әдісіне кең дербестік беріледі. Оның мәні мынада: балалардың ертегілерді өз бетінше құрастыруын, олардың өз өмірлерінде кездескен нақты жағдайларды әңгімелеп беруін, оқылған көркем әдебиеттегі тақырыптарды араластырып айтуын, картинкаларды, нақты объектілерді— заттарды, хайуанаттарды, өсімдіктерді - суреттеуін тәрбиеші көтермелеп отырады.
Практикалық әдіс пен тәсіл ұғымы
Балаларды ана тіліне үйретудің жоғарыда келтірілген әдістері баланың тіпті өліп арнайы оқытып жүргенін аңғармай, тілді ішкі сезім арқылы игеріп, табиғи қарым-қатынаста үйренуін көздейді. Мұндай әдіс үйретудің практикалық әдісі деп аталады, оның теориялық әдістен айырмашылығы сол, мұнда балаларға және жас өспірімдерге лингвистика — тіл туралы ғылым жөнінде мәлімет беріледі. Теориялық әдіспен балалар мектепте, ана тілін іс жүзінде меңгергеннен кейіп ғана танысады.
Болашақ тәрбиеші үшін балалармен — жеке және бір топ баламен — бірден (яғни алдын ала дайындалмастан) мазмұнды (өрістейтін) әңгіме жүргізе білу дағдысы кәсіби шеберлік болып табылады. Бұл дағдыға олар тиісті методиканы үйрену — практикалық әдістерді меңгеру нәтижесінде не болады. Балаларды әңгімеге шақыру, байланыстырып әнгімелеу шеберлігінің дағдыға айналуы да осылайша жүзеге асырылады.
Тәрбиеші балалармен мазмұнды әңгімеге кірісіп кетуте даяр болуға тиіс:
тұрмыстық істер процесінде (балалар бақшасында ертеңгісін кездескенде; тамақ ішуге әзірлеу кезінде; қол жуатын жерде; тамақ ішу кезінде; ұйықтауға дайындалғанда; оған тұрмыстық және басқа тапсырмалар беруде т. б.);
серуендеу және экскурсияда; ойын кездерінде;
суреттерді, диапозитивтерді, кодопозитивтерді қарағанда;
көркем әдеби шығармаларды оқып, талқылауда, еңбек процесінде және т.б.
Оқытудың практикальгқ әдістері — еліктеу, сөйлесу (әнгімелесу), қайталап айту, әңгімелеп беру (құрастыру) және осы әдістермен жұмыс істеу тәсілдері: нақты объектілерге сүйену, ойындарға (заттық, сюжеттік, қимылдық, дидактикалық) сүйену, иллюстрацияларға (картинкаларға, диапозитивтерге немесе кодопознтивтерге) сүйену, тәрбиешінің сөз үлгісіне, магнитафоннан жазып алғанған грампластинкаға немесе кинолентаға және т. б. сүйену балаларға тіл үйретуде аса тиімді. Өйткені ол тіл үйренудің табиғи процесінің заңдылықтарын ескере отырып жасалған, бұл процесті бұзбайды, қайта оны неғұрлым интенсивті, сөйлеу жұмысын дене, бұлшық ет және ішкі, интеллектуальды, эмоциялық жұмысын көбейте түседі. [6. 97-101б].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет