Мазмұны кіріспе I. Технологиялық БӨлім


Технологиялық режим нормалары



бет10/21
Дата13.03.2023
өлшемі210,33 Kb.
#73582
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
Сағынтай

Технологиялық режим нормалары
Кесте №1.8.

Қысым,атм

280-300

Температура,ºС

400

Синтез коллонасына түсетін газ құрамы,%

64-66 H2, 21-22 N2, 6 CH4, 5Ar, 2-3 NH3.

Синтез коллонасынан кейін газ құрамы,%

52-57 H2, 17,5-19 N2, 6,6 CH4, 5,5Ar, 12-18 NH3.

Синтез колоннасынан шығатын газ температурасы, ºС

120-200

Сулы кондесатордан шыққан газ температурасы, ºС

25-35

1.5. Технологиялық процесті автоматтандыру.

Автоматизация – ғылым мен техниканың жетекші саласының бірі, динамикалық түрде дамып, адам қоғамының барлық сферасына еркін енуде. Автоматизация жұмысшылардың еңбек сипатын сапалы тұрғыда өзгертеді.


Химия өнеркәсібінде механикаландыру кешеніне және автоматтандыруға көп көңіл бөлінеді. Бұл - технологиялық процесстердің жүруінің үлкен жылдамдығымен, күрделілігімен, режимді бұзудың, жұмыс жағдайының зияндығымен, қайта өндірілген заттардың жарылыс және өрт қаупінің тууымен түсіндіріледі.
Өндірісті механикаландыру барысында ауыр еңбек жеңілдетіліп, жұмысшылар саны қысқарып, еңбек өнімділігі артады.
Механикаландыру деп ауыр қол еңбегін жеңілдетуге бағытталған механизмдер мен машиналарды енгізуді айтамыз.
Аппараттардың жүктемесінен, машиналар қуатының күшеюіне, өнеркәсіп аумағының ауырлығына, қысымның, температураның және химиялық реакция жылдамдығына байланысты қол еңбегін механикалық өнеркәсіпте пайдалану тиімсіз. Өйткені тәжірибелі жұмысшының өзі де, процесстің нормасынан ауытқу жағдайда тез арада икемделіп, әрекет жасай алмайды. Осындай жағдайлар салдарынан өрт, жарылыс апаттары болуы қаупі бар.
Өнеркәсіптің дамуына - адам организмінің мүмкіндігінің шектеулігі, адамның тез шаршауы, қоршаған ортаның өзгеруіне және түсіп жатқан ақпараттардың мөлшеріне дер кезінде көңіл аудармауы, жағдайды субьективті бағалау сияқты факторлар кедергі келтіреді.
Адамзатты өндірістегі еңбектен босататын, технологиялық процесстерді, механизмдерді машиналарды басқаруды автоматтандыратын, машина өндірісінің жаңа түрі – автоматтандыру заманы келді. Автоматтандыру өндірістің тиімділігін арттырады. Сонымен қатар өнімнің санынының, сапасының өсуін арттырып, шығарылған өнімнің арзан болуына септігін тигізеді. Автоматтық қондырғыларды енгізу арқылы өнімнің сапасы артып, қалдық азайып, сапасыз өнім саны қысқарып, шикізат пен энергияны үнемдейді.
Өндірісті автоматтандыру адамның өндірістік процестерді басқару функцияларын тікелей орындаудан босап, бұл фукциялардың арнайы қондырғыларға берілуімен сипатталатын машина өндірісінің жаңа кезеңі.
Реттеу параметрі деп агрегат жұмысын немесе технологиялық процесс жүрісін анықтайтын физикалық-химиялық немесе басқа айнымалыларды айтамыз.
Автоматтандырылған реттегіш деп реттеу процесін іске асыратын қондырғылар шоғырын атайды. Технологиялық режимді басқарудың мәселесі жекеленген технологиялық параметрлердің (су шығыны, температурасы, қысымы) автоматтанған реттеудің жергілікті жүйесінің (САР) көмегімен шешіледі.
Реттеу объектісі – бұл, анықталушы параметрін тұрақты түрде қолдауды немесе белгіленген заң бойынша өзгертіп отыруды қажет ететін технологиялық агрегат. 
Тапсырушы жабдық жүйенің кіруіне басқарушы (тапсырушы) әсер етеді. Басқарушы әсер тұрақты тапсырылған шама болуы мүмкін немесе белгіленген заң бойынша қолданылуы мүмкін, егер бұл заң бойынша реттелетін шама қолданылатын болса.
Өлшегіш жабдықтың көмегімен өлшенген реттелетін шаманың нақты мәні ауытқушы ықпалының берілген мәнімен салыстырылатын салыстыру элементіне түседі. Реттелетін шама өзінің берілген мәнінен ауытқиды да, қате пайда болады. Келісілген дабыл күшейткіш арқылы күшейеді де, жаңарту элементіне келіп түседі. Жаңартылған дабыл объектіге реттеуші ықпал ете отырып, өз кезегінде заттың немесе энергияның құйылуын өзгертетін реттеуші органды қозғалысқа келтіретін атқарушы механизмге барады. Соның нәтижесінде бұзылған тепе-теңдік қалпына келеді де, реттелетін шама берілген мәніне қайта оралады. Автоматтандыруға ұсату, ұнтақтау, флотация, фильтрлеу, қойылдыру және құрғатып, кептіру үрдістерін жатқызуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет