Мазмұны кіріспе I. Технологиялық БӨлім



бет18/21
Дата13.03.2023
өлшемі210,33 Kb.
#73582
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Сағынтай

Қызметкерлерді қорғау

1. Қойма қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен (аммиактан қорғану қобдишасы бар сүзгілік противогаздар, арнайы киім және арнайы аяқ киім) қамтамасыз етіледі.


Қоймадағы апаттарды жою үшін арнайы киім, противогаздар, қолғап, аяқ киім және басқа да қорғаныс құралдарының ауысымдағы ең көп жұмыскерлер санына жететіндей шамада қоры сақталады.
2. Шыққан аммиак қауіп төндірген жағдайда қойма қызметкерлері қауіпсіз жерге көшіріледі.
3. Қойма аумағы апат кезінде көзді жууға арналған су аққылармен және сұйық аммиакты жуып тастауға арналған душтармен жабдықталған. Апаттық душтар мен су атқылар көрініп тұратын кеңістік жерлерге орналастырылады. Душтар астына адам тұрғанда автоматты түрде іске қосылатын болуы керек. Душтар мен су атқылардың саны мен орналасу орны жобада қарастырылады.
Суы тасымалданып әкелінетін алыс жерлердегі тарату бекеттері мен қоймаларда, жоғары қарай бағытталған екі қол жуғыш және сиымдылығы 200 литрден кем болмайтындай ыдысы бар душ орнатылады.
4. Қойма зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету құралдары мен дәрі-дермектер салынға дәрігерлік қобдишамен қамтамасыз етіледі.
5. Қызметкерлердің денсаулығына және өміріне қауіп төндіретін жерлерге тиісті жазулар мен ескерту тақтайшаларын іліп қою керек.
6. Аз мөлшерде төгілген аммиакты 10:1 қатынасындай болатын сумен жуып тастауға, көмір қышқылымен залалсыздандыруға болады. Көп мөлшерде төгілген аммиакты сумен шаюға болмайды, себебі, суда көп мөлшерде еріген аммиак буға айналып, ауада аммиак концентрациясы көбее түседі.
7. Жеке қорғаныс құралдарының күй-жайы қойманың жауапты тұлғасымен тексерліп тұрады.
Противогаздарды мезгілімен тексеріп тұруды газдан қорғау қызметі жүргізеді.
8. Қойма жұмыскерлерін қалыпты қорғаныс және апатты – қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, оларды дер кезінде ауыстырып тұруға ұйымның техникалық басшысы жауап береді.
Противогаздарды тексеру және жөндеу жұмыстарын газдан қорғау қызметі жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет