Мазмұны кіріспе I. Технологиялық БӨлім



бет16/21
Дата13.03.2023
өлшемі210,33 Kb.
#73582
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Сағынтай

4.2. Техника қауіпсіздігі

Аммиак өндірісінің ең қолайсыз факторларының бірі-кәсіпорын аумағындағы және ішкі бөлмелердегі сыртқы ауаның улы булармен ластануы.


Төтенше жағдайларды болдырмау үшін жұмыс жабдықтарын, газ құбырларын, қышқыл құбырларын, қауіпсіздік жүйелерін және басқа жабдықтарды алдын ала тексеру қажет.
Өндірістегі қауіпсіз техниканы, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын құрудың негізгі бағыттары-өндірістік агрегаттарды ірілендіру және біріктіру, процестерді автоматтандыру және кешенді механикаландыру, автоматты басқару жүйелерін (АБЖ) енгізу, үздіксіз процестерге көшу, түбегейлі жаңа машиналар мен жабдықтарды жасау, арнайы қауіпсіздік құралдарын - жарылыстан қорғау және жарылыстан басу жүйелерін, жаңа типтер мен әдістерді кеңінен енгізу . сақтандырғыш клапандардың, мембраналардың, тез әрекет ететін бөлгіштердің, от бөгегіштердің конструкциялары; еңбек жағдайлары мен режимдерін санитарлық-гигиеналық және физиологиялық зерттеу және тиісті ұсыныстар әзірлеу.
Химия өнеркәсібі кәсіпорындарының техникалық деңгейінің артуына, жаңаларын әзірлеу мен игеруге, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту мен жетілдіруге байланысты Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің біліктілігіне қойылатын талаптар артып келеді, сондықтан оларды даярлауға ерекше назар аударылуға тиіс. Өндірісте қауіпсіз және зиянсыз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудегі басты рөл еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасымен айналысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерге тиесілі.
Аммиак түссіз және өзіне тән мүсәтір спиртінің иісіне ұқсас өткір, тітіркендіргіш иісі болады.
1. Аммиактың сынаппен, хлормен, йодпен, броммен, кальциймен, күміс тотығымен және де басқа химиялық заттармен түйісуі жарылғыш қоспалардың пайда болуына әкеліп соқтырады.
2. Аммиак мыспен, алюминиймен, мырышпен және олардың қорытпаларымен өзара әрекеттеседі, әсіресе судың қатысымен кәдімгі резеңкені балқытады.
3. Аммиактың қауіптілігі оның улылығымен анықталады. Ол 4 классты улы заттардың қатарына жатады.
Сұйық аммиак адам терісін күйдіреді, ал оның булары - тері ауруларының пайда болуына ықпал етеді.
Аммиактың мүмкін шекті концентрациясы (ШМК), мг/м3:
өндірістік ғимараттың жұмыс аумағының ауасында ................................. 20
елді мекеннің атмосфералық ауасында ...................................................... 0,2
санитарлық-тұрмысқа арналған су қоймасында............ 0,2 (азот бойынша).
4. Аммиактың қаныққан күйіндегі бу қысымы мен сұйықтық тығыздығының температураға байланысты өзгеруі 1-кестеде келтірілген.
5. Газ күйінде аммиак жанатын түссіз газ болып есептеледі. Катализдік әрекетке ие, болат бомбадағы аммиактың өзінен өзі тұтанатын температурасы 650оС тең, кварцтық бомбада – 850оС. Аммиактың ауамен қоспасының тұтану шегі 15-28 пайыздық көлем шекарасында болады. Аммиакты-ауалық қоспаның (стехиометриялық) жарылысының ең жоғарғы қысымы 0,58 МПаскальді құрайды. Тұтанудың ең аз қуаты 680 мДж/кг-ды құрайды, ол басқа жанатын газдардан жүз есе көп; сондықтан аммиакты тек қуатты тұтандырғыш арқылы жағуға болады.
Аммиактың жылу бөлу қабілетінің аздығының арқасында, диффузиялық жануды өздігінен қолдау мүмкіншілігі стехиометриялық аммиакты-ауалық газ қоспасының әрекеті кезінде де қамтамасыз ете алмайды. Оның жануы тұрақты от көзінде жүреді де, және от көзінен алыстаған кезде лезде тоқтайды. Газ түріндегі аммиакты, 20 % қосымша жанғыш зат (метан, пропан-бутан) болмаса факелде жағу мүмкін емес.
Атмосфералық қысымда және қоршаған орта температурасында аммиактық-ауалық қоспаның жалынының таралуының қалыпты жылдамдығы 0,1 м/с аспайды. Сонымен қатар, аммиактық-ауаның стехиометриялық қоспасының жабық көлемде бөлек жануы кезінде қысымның өсу жылдамдығы да өте аз (6 МПа/с), сондықтан, аммиактың сыртқы алаңқайларда пайда болған шексіз бу-бұлттарының жануы кезінде, жойқын жарылыс толқыны пайда болмайды. Аммиактың мұндай қасиеттерін, аммиактың қауіпті бұлтын залалсыздандыру (жою) кезінде пайдалануға болады
6. Сұйық аммиак қиын жанатын заттар қатарына жатады. Төгілген сұйық аммиактың бетінен шыққан, аммиактың жанған буларының жылу шығаруы, оның тұрақты жануын қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Төгілгеннен кейін тез арада, оның қарқынды қайнау кезеңінде, тұрақты от көзі болса да, жану тек төгілген аммиактың бетінде ғана, буланған аммиактың оқтын-оқтын тұтануы түрінде болады. Төгіліп, жайылғаннан кейін бірнеше минуттан соң, сұйық аммиактың қарқынды қайнауы салдарынан, оның температурасының қайнау температурасынан төмендеуі байқалады және қайнау мүлдем тоқтайды. Аммиак қайнап біткеннен соң, оқтын-оқтын тұтану да тоқтайды.
Жоғарғы қысымда тұрған жабдықтардан бу-сұйықтықтардың апаттық жағдайда ағуынан пайда болған аммиактың бүріккіш булары мен атмосфералық ылғалдың тамшы түріндегі булары, от от көзінен де тұтанбайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет