Мазмұны кіріспе I. Технологиялық БӨлім


Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет17/21
Дата13.03.2023
өлшемі210,33 Kb.
#73582
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Сағынтай

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

Осы талаптар сұйық аммиактың жер үсті қоймаларына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейді.


1) сұйық аммиакты сақтауға арналған жобаланған, қайта салынған және жұмыс істеп тұрған жер үсті қоймаларында;
2) аммиак өндіретін, оны шикізат ретінде немесе қосалқы материал ретінде тауарлық өнім өндіретін, аммиакты өнеркәсіптік мұздатқыш қондығыларда немесе басқа да мақсаттарға қолданатын зауыттық қоймаларда;
3) порт жанындағы қоймалар немесе су тасымал көліктері базасының өткізу қоймаларында;
4) мекеме аумағының сыртында орналасқан және теміржол цистерналарынан сұйық аммиакты қабылдауға арналған, оны резервуар-ыдыстарда сақтап және тұтынушыларға автокөлік цистерналарда тарататын рельс жанындағы қоймаларда;
5) ауылшаруашылық аудандарының аумақтарында орналасқан қоймаларда;
6) аммиакты құбыр арқылы алатын ауылшаруашылық аудандарында орналасқан таратқыш бекеттерде қолданылады.
Сұйық аммиак қоймаларының әрқайсысының құрылысына, кеңейтілуіне, қайта құрылуына, уақытша жабылуына және жойылуына жобалық құжаттар дайындалады.
5. Қоймалар үшін, белгіленген тәртіпте:
1) технологиялық регламенттер;
2) өндірістік бақылау туралы нұсқаулықтар;
3) апаттарды жою жоспары дайындалып, бекітіледі.


Сұйық аммиакты сақтау

Қоймалардағы сұйық аммиак мына ыдыстарда:


1) қысымы 2,0 МПа болатын резервуар-ыдыстарда (резервуар-ыдыстардағы жұмыс қысымы күн сәулесі радиациясын, жылу және қорғаныс құрылғыларын ескере отырып қабылданады);
2) тұтынушыларға тарату және буланған аммиакты қайтадан ыдысқа қайтару мүмкіндігі бар, артық қысымы 1,0 МПа болатын болатын резервуар-ыдыстарда;
3) буланған аммиакты бөліп алу, сығымдау, суыту және резервуар-ыдысқа қайтару немесе тұтынушыға беру мүмкіндігі (сақтаудың изотермиялық тәсілі) бар жоғарғы қысымдағы изотермиялық резервуар-ыдыстарда сақталады.


Сұйық аммиакты сақтауға арналған резервуар-ыдыстар

Резервуар-ыдыстарға арналған жалпы талаптар:


1) сұйық аммиакты сақтауға арналған резервуар-ыдыстардың құрылғылары, төлқұжатта дайындаушы-ұйым белгілеген қызмет мерзімі біткенше, сенімді және қауіпсіз пайдалануды, ішіндегі сұйықтықтың толық төгілуін, тазалануын, шайылуын, үрленуін, толық қаралуын, техникалық куәландырылуын және жөнделуін қамтамасыз етеді.
Техникалық куәландырылу тәртібі, көлемі және мерзімі технологиялық регламентпен анықталады;
2) қауіпті өндірістік нысандарда пайдаланылатын резервуар-ыдыстар, ғылым мен техниканың жаңалықтарын, өндірістік қауіпсіздік талаптарына сай дайындалған жобаға сәйкес тиісті техникалық құралдары мен білікті мамандары бар ұйымдарда дайындалады;
3) резервуар-ыдысқа арналған жобалық құжаттарда мыналар көрсетіледі:
резервуар-ыдыстың дайындалуына және сынақтан өтуіне арналған талаптар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет