Аммиак синтезі. Аммиакты синтездеу үрдісі төмендегі реакция бойынша жүреді.
N2 + ЗН2 ↔ 2NН3, ∆Ho298 = -92,52 кДж,
яғни, молекулалар саны азаюымен жүреді, соның салдарынан реакция өнімі энтропиясы мен бастапқы реагенттер энтропиясының айырмасы теріс таңбалы шама болып табылады. So298= -198,6 кДж/(моль·град). Аммиактың пайда болу үрдісінде бөлініп шығатын жылу мөлшері (2моль 92,52кДж) артық емес, бұл атмосфералық қысымда аммиак синтезінің тәжірибелік мүмкін еместігін ескертеді. Бұл реакция солдан оңға қарай тек ∆G<0 болғанда ғана жүре алады.
Үрдістің еркін энергия теңдеуінен ∆G = ∆H-T∆S үрдістің температураларын ∆G=0 болғанда анықтаймыз T,
92,52-(-198,4)T=0,
осыдан T=466к(193С). Сондықтан, атмосфералық қысымда аммиак синтезі көптеу дәрежеде тек 1930С-тан төмен температурада ғана болады.
Реакцияны қажетті бағытта жүргізу мақсатында аммиак синтезі үрдісін өндірісте қысым астында өткізеді. Бірақ, жоғары қысымда да және жоғары температураларда да азот пен сутегі бір-бірімен реакцияға тек аздап қана түседі. Сондықтан түзілген аммиак конденсациясынан соң азотсутегілі қоспа синтез колоннасына қайтарылады, яғни реагенттердің айналымы туындайды.