Байланысты: kur -kompjuterlik-zheliler-turaly-zhalpy-tuinik (2)
TCP/IP Tramission Control Protocol/Internet Protocol (TCP/IP) - өндiрмелi стандартты хаттамалар жиыны, бiртектi емес ортада байланыс қызметiн көрсетiп және компьютердiң әртүрлi типтерiнiң үйлесiмдiлiгiн жүргiзедi. Үйлесiмдiлiк -TCP/IP –дiң негiзгi қасиеттерiнiң бiрi, сондықтан оны көптеген жергiлiктi есептеу желiсi қолдайды. Сонымен қатар TCP/IP Интернет ресурсына қатынасты және өндiрiстегi желiлерге маршруттық хаттамаларды ұсынады. TCP/IP хаттамасы маршрутты қолдайтын болғандықтан, ол желiаралық хаттама ретiнде қолданылады. Өзiнiң танымалдылығының арқасында TCP/IP желiаралық әрекеттестiк үшiн нақтылы стандарты болады.
Арнайы жасалған TCP/IP хаттамалар жиынына мыналар жатады:
SMTP (Simple Mаil Transfer Protocol) - электрондық почта.
FTP (File Transfer Protocol) - TCP/IP қолдайтын компьютердiң арасындағы файлдарды алмастыру.
SNMP (Simple Network Mail Protocol) - желiнi басқару.
TCP/IP-дiң екi кемшiлiгi бар, ол өлшемi және жұмыс жылдамдығының жеткiлiксiздiгi. ТСР/IР - үлкен хаттамалардың стегi MS DOS клиенттерiнде кедергiлер туғызуы мүмкiн. Бiрақта мынадай операциялық жүйе Windiws NT немесе Windows 95 үшiн өлшемi мәселе болып табылмайды, ал жұмыс жылдамдығы IРХ хаттамасының жылдамдығымен салыстырылады.
NetBEUL – NetBIOS-тың кеңейтiлген интерфейсi. Басында NetBIOS және NetBEUL тығыз байланыста болған және бiр хаттама ретiнде қаралған. Содан ЖЕЖ-нiң шығарушылары сеанстық деңгейдегi хаттамалардан NetBIOS-ты бөлiп шығарды, ол басқа маршруттық транспорттық хаттамалардың қатарында қолданылмайды.
NetBIOS (Network Basic Input/OuputSystem-енгiзудiң/шығарудың желiлiк қорылар жүйесi) - бұл желiлерде қолданбалы интерфейс ретiнде ЖЕЖ-мен бiрге сеанстық деңгейде қолданылатын IВМ интерфейсi. NetBEUL - транспорттық деңгейдегi шағын және тез тиiмдi хаттама. Бiрiншi желiлiк Microsoft MS – NET 80-жылдардың ортасында пайда болды.
Х25 - коммутация пакетерi бар желiлерге арналған хатаммалар жиынтығы. Алғашқыда оны өшiрiлген мэйнфрейма терминалдарын байланыстыратын коммутация қызметiне қолданды.
ХNS (Xerox Network System) Ethernet желiсiне арнап Xerox фирмасы жасаған. Ол 80-жылдардың басында кең таралған, бiрақ ТРС/IР хаттамасы шыққанда артқа шегiне бастады. ХNS – үлкен және баяу хаттама, ол кең таралған графигiн ұлғайтатын хабарландыруларда қолданылады.
IPX/SPX NWLink (Internetwork Packet Exchange/Sequuenced Packet Exchange) - Novell желiсiнде қоланылатын хаттамалардың стегi. NetBEUL сияқты, ол шағын және жылдам хаттама. Бiрақ NetBEUL-ге қарағанда ол маршруттықты қолдайды. IPX/SPX ХNS -тiң мұрасы. NWLink - Microsoft фирмасының IPX/SPX өткiзуi.Бұл транспорттық хаттама.
АРРС (Advanced Program-to- Program Communication) бұл - IBM фирмалардың транспорттық хаттамалары, System Network Architecture (SNA) бөлiгi. Ол әртүрлi компьютерлерде жұмыс iстеушiлерге қосымшылардағы мәлiметтерді айырбастауға көмектеседi.