APPLE Talk - АррIе Computer фирмасы хаттамаларының жеке стегi. Ол желiлiк ортада компьютерге файл мен принтердi бiрiгiп қолдануға көмектеседi.
OSI хатаммалар жиынтығы – бұл әрбiр хаттама жоғарғы деңгейдегi OSI моделiне сәйкес келетiн толық хаттамалар стегi. Яғни, олар маршруттық және транспорттық хаттамалар жиынтығы немесе IEEE Project 802 сеанстық хаттамалар жиынтығы болуы мүмкiн.
DEСnet - бұл Digatat Eguipment Conporation фирмасының жеке хаттамалар стегi. Бұл Digatat Net - аппараттар мен бағдарламалардың өндiрiстiк архитектураға өткiзу жиынтығы. DESnet-ті TCP/ІP және OSI хаттамасы ретiнде қолдануға болады.. Бұл хаттама маршруттық хаттамаға жатады.
Хаттамалар стегi
Хаттамалар стегi (protocol stack) - бұл кейбiр хаттамалар комбинациясы. Әрбiр деңгейдегi стек, әртүрлi хаттамалардың функцияларын немесе жүйе астын басқару үшiн қолданылады.
Қолданбалы деңгей - инициализациялау немесе сұранысты қабылдау;
Бұл стектердiң хаттамалары өзiнiң деңгейiнде спецификалық жұмыстарды орындайды. Желiнiң iшiнде жатқан коммуникациялық хаттамалардың iшiнен үш типтi бөлiп алуға болады:
Қолданбалы хаттамалар;
Транспорттық хаттамалар;
Желiлiк хаттамалар.
Қолданбалы хаттамалар жоғарғы деңгейдегi OSI моделiнде жұмыс iстейдi. Олар деректердiң бiр-бiрiмен ауыстырылуы мен өзара қозғалысын қамтамасыз етедi. Ең негiзгi белгiлi хаттамалар:
APPC (Advanked Program - to-Program Communication) - IBM фирмасының бiррангтi SNA -хаттамасы, көбiнесе AS/ 400-де қолданылады;
FTAM (File Transfer Access and Managment) - файлдарға қатынау OSI хаттамасы;
X.400 - CCITT электронды почта арқылы халықаралық алмасу хаттамасы;
X.500 - бiрнеше жүйедегi CCITT файл қызметтерi мен каталогтары хаттамасы;
SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) - электронды почтамен алмасу үшiн интернет хаттамасы;
FTP (File Transfer Protocol) - файлдарды жеткiзу үшiн интернет хаттамасы;
SNMP (Simple Network Management Protocol) - желi компаненттерi мен желi мониторинг үшiн интернет хаттамасы;
Telnet - өшiрiлген түйiндердi және оларда мәлiметтердi өңдеу, тiркеу үшiн интернет хаттамасы;
Microsoft SMBs (Server Message Blocks, сервердiң хабарлау блоктары) және клиенттiк қоршамдар немесе редиректорлар;
NCP (Novell NetWare Core Protocol) және клиенттiк қоршамдар немесе Novell фирмасының редикторы;
Apple Talk және Apple Share - Apple фирмасының желiлi хаттамалар жиыны;
Транспорттық хаттамалар компьютердегі аралық байланыстарды және сеанстарды, берiлген деректердi өзара алмасуына кепiлдiк бередi. Ең негiзгi транспорттық хаттамаларға мыналар кiредi:
SPX - IPX/SPX (Internetwork Packet Exchange / Sequential Packet Exchange) деректер үшiн Novell фирмасының тiзбектелген фрагменттi мәлiметтерi үшiн хаттамалар жиынының бөлiгi;
NWLink - Microsoft фирмасының IPX/SPX өткiзу хаттамасы;
NetBEUI [NetBIOS (Network Basic Input/Output System) Extended User Interface - қолданушының кеңiнен тараған интерфейсi] компьютер арасында қатынасты орнатады (NetBIOS) және (NetBEUI) жоғарғы деңгейге транспорттық қызмет көрсетедi;
ATP (Apple Talk Transaction Protocol), NBP (Name Binding Protocol) - Apple фирмасының транспорттық деректерi мен хаттамалар сеансының байланыстары.
Желiлiк хаттамалар байланыс жүйесiн қамтамасыз етедi. Бұл хаттамалар мекен-жай (адрес) және маршрут ақпараттарымен жұмыс iстейдi, қатенi тексеруге және сұрақтарды қайталауға мүмкіндік бередi. Сонымен қатар желiлiк хаттамалар нақты байланыс орталарында қолданылатын ережелердi анықтайды. Мысалы: Еthernet немесе Token Ring.
Ең жақсы танымал желiлiк хаттамаларға мыналар жатады:
IP (Internet protocol) –TCP/IP пакеті беретiн хаттамалар желiсi;
IPX (InternetWork Pocket Exchange) –бұл NetWore фирмасының пакеттерiн маршруттау үшiн тасымалдау хаттамасынан және NWLink - IPX/SPX Microsoft фирмасының өткiзу хаттамасынан тұрады;
Not BEVI – транспорттық хаттамасы, транспорттық мәлiметтердi сеанстық және NETBIOS қосымшаларын қамтамасыз етедi;
DDP (Datagram Delivery Protocol) – мәлiметтердi тасымалдайтын Apple Talk хаттамасы.