Мазмұны Кіріспе Көшпенділер Қазақтың Қасым, Хақназар хандары Тарих-и-Рашиди Қазақ Хандығының құрылу тарихы "Қазақтың ханы Абылай" Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі Кіріспе


"Қазақтың Қасым, Хақназар хандары"



бет3/4
Дата12.04.2023
өлшемі32,96 Kb.
#81847
1   2   3   4
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)

"Қазақтың Қасым, Хақназар хандары"
"Үшқиян" баспасынан жарық көрген "Қазақтың Қасым, Хақназар хандары" атты кітапта ХVI ғасырда Қазақ мемлекетін қалыптастырып, халықаралық аренаға шығарған Жәнібек хан баласы Қасым хан, онан кейін қайта ыдырап, әр елдің қарамағына кеткен қазақтың жерін, елін қайтарып басын біріктірген Қасым хан баласы Хақназар хан туралы тарихи деректер топтастырылған. Бұл кітапты құрастырушы Хақназар ханның тікелей ұрпағы, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Бүкіләлемдік Шыңғысхан академиясының құрметті академигі Жантеке Қалилаұлы Жәрімбетов.

"Тарих-и-Рашиди"
Осы орайда Қазақ Хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректерді де айта өткен жөн. Соның бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың "Тарих-и-Рашиди" атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ Хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Қазақ тарихына қатысты жерлерін парсы тілінен орыс тіліне алғаш В.В. Вельяминов-Зернов аударды. Ал қазақ тілінде 2003 жылы жарық көрді.

"Қазақ Хандығының құрылу тарихы"
"Қазақ Хандығының құрылу тарихы" деп аталатын еңбектің авторы – профессор, тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев. Мерейтой қарсаңында шыққан ғылыми еңбекте Қазақ хандығының құрылу барысы мен тарихи кезеңдері жазылады. Сондай-ақ этникалық және саяси мәселелер де терең зерттелген. Автор кітапты шығыс деректерінен алған мәліметтерге сүйене отырып жазған.


"Қазақтың ханы - Абылай"
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Зарқын Сыздықұлы Тойшыбайдың "Қазақтың ханы - Абылай" атты 2 томдық кітабы бар. Зарқын Сыздықұлының бұл еңбегінде зерттеу институттары мен әртүрлі зертеушілер жинаған құжаттардың барлығы жинақталып, ресми деректердің ең құндылары ғылыми тұрғыдан топтастырылған. Бұрын газет-журналдар мен кітаптарда шашырап жүрген деректер қолымызға дайын күйінде тиіп отыр. Екі кітаптың негізінде Абылай және оның заманына байланысты бірнеше тақырыптық монография да жазуға болады.
Кітап "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Ел-шежіре" қоғамдық қорынан 2000 данамен басылып шыққан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет