Мазмұны: Кіріспе Негізгі бөлім а. Интерферон және оның типтері ә. Интерферондардың жіктелуі және рөлі б. Интерферондардың әсер ету механизмі в.



бет1/4
Дата16.11.2022
өлшемі52,58 Kb.
#50715
  1   2   3   4
Байланысты:
Интерферон срс


Мазмұны:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

а. Интерферон және оның типтері
ә. Интерферондардың жіктелуі және рөлі
б. Интерферондардың әсер ету механизмі
в. Рекомбинантты интерферондар өндірісі
г. Интерферон препараттары

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе
Интерферон — табиғаты ақуыз болып келетін организмнің қорғаныс заттары. Вирустардың торшаға енуіне жауап ретінде омыртқалылар торшалары өндіреді. Интерферон негізгі үш түрін ажыратады: лейкоциттік (а), фибробластық (Р) және иммундық (ү). Интерферондар «қару» болып табылады, олар ауру тудыратын бактерияларға, паразиттерге және жасуша қатерлі ісігіне қарсы тұра алады. Интерферон организмнің арнайы емес әржақты қорғаныс, төзімділік факторы болып есептелінеді. Зақымданғаннан кейін интерферон организмде бірнеше сағаттан кейін пайда болады да, адам мен жануарлардың табиғи сауығуына көмектеседі. Интерферон вирустарға қарсы әржақты әрекеті бар. Интерферон «вирусқа қарсы емес» бірнеше маңызды — қатерлі ісікке қарсы, радиопротекторлы, иммунды модульдық және т. б. әсерлері табылған. Интерферон және оның индукторлары терінің ұшық, грипп және басқа да тыныс ауруларының және қатерлі ісік туғызатын вирустардың өсіп-көбеюуіне кедергі жасайды, сонымен қатар организмнің иммундық қабілетін күшейтеді.
Интерферондар - 146-166 аминқышқылдар қалдықтарынан тұратын төмен молекулалы ақуыздар. Негізгі қасиеті – вирустың репликациялануын бұзу, яғни интерферондардың болуына байланысты жасуша вирусты инфекцияларға төзімді болып табылады.
Интерферондардың әсер ету механизмі:

аРНҚ бар вирусты ақуыз синтезінің инициация факторларын бұзу – интерферон жасуша геномына тікелей әсер етпейді, тек мембрана арқылы. Интерферон вирус жұқтырған жасушаға әсер етпейді, тек сау жасушаларды вирустан қорғайды.
Интерферондардың негізгі әсерлері:
Барлық интерферондар вирусқа қарсы, иммуномодуляциялаушы, ісікке қарсы және антипролифератты әсерге ие болып табылады.
Вирусқа қарсы әсері интерферонмен өңделген жасушалардың индукциялануы нәтижесінде вирустарға «сезімтал емес» болуына негізделген. Бұл жағдайда мынадай механизмдер жатады: вирустың РНҚ синтезін және вирус қабығында ақуыздар синтезін тежеу.
Иммуномодуляциялаушы әсер иммунды жауапқа қатысатын жасушалардың әрекеттесуін реттейтін интерферондардың қабілетімен байланысты.
Ісікке қарсы әсер – бұл ісік жасушаларының өсуін баяулататын немесе тежейтін және иммунды жүйенің ісікке қарсы механизмдерін белсенді ететін әсермен байланысты.
Интерферондардың ісікке қарсы әсерлерін тікелей және тікелей емес деп екіге бөледі. Тікелей әсер ісік жасушаларының өсуіне, дифференциациясына әсер етеді, тікелей емес әсер – иммунды жасушалардың атипті жасушаларды анықтауға және жоюға қабілетті.
Антипролиферативті әсер – интерферондардың цитостатикалық қасиет көрсету қабілетін айтады: РНҚ синтезін ингибирлеу арқылы жасушалардың өсуін, протеиндерді, жасушалардың пролиферациясын ынталандыратын өсу факторларын тежейді.
Интерферондардың жалпы қасиеттерімен бірге айырмашылықтары бар: альфа және бета-интерферон бір-біріне ұқсас болып келеді. Олардың гені 9-хромосомада шоғырланады. Оларды өндіруде индуцирлеуші сигналға вирустар жатады. Бұл интерферондар вирусқа қарсы және ісікке қарсы әсерге ие болып табылады, алайда иммунодомуляциялаушы қасиеті аз байқалады.
Гамма-интерферон иммуномодуляциялаушы әсерге ие, иммунды жауап пен асқынған реакцияларды реттейді. Оның вирусқа қарсы және ісікке қарсы әсері төмен болып табылады. Гамма-интерферон 12-хромосомада орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет