Мазмұны: Кіріспе Негізгі бөлім Азаматтық қоғамның түсінігі және мазмұны; Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны; Азаматтық қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет; Құқықтық мемлекеттің бастаулары мен белгілері; Қазақстанда құқықтық мемлекет құру



бет3/10
Дата03.06.2023
өлшемі48,56 Kb.
#98489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

Азаматтық қоғамның кұрылымы - Қоғамды өзінің табиғи мүдде-мақсаттарына сәйкес құрушы, реттеп-басқарушы - адам. Адам - қоғам кұрылымының негізгі элементі - діңгегі. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет, олардың ара қатынастары — азаматтық қоғамның элементтері.
Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамын бес жүйеге бөлуге болады: әлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани-мәдени және ақпараттық жүйелер:
Әлеуметтік жүйе - объективтік тұрғыдан қалыптасқан адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары т.б., олардың өзара байланысы бұл жүйеге азаматтық қоғамның ең негізгі ұйымдастырушы жүйе, өзі үш топқа бөлінеді: бірінші тобы — қоғамның үзіліссіз өмір сүру негізін жасаушы, дамытушы топ: отбасы, бала тәрбиелеу, табиғи өмірді жалғастыру; екінші тобы — адамдардың өзара, бір-бірімен байланысы, қатынасы; үшінші тобы — қоғамдық ұйымдардың, таптардың, топтардың, ұлттардың ара қатынастары.
Экономикалық жүйе — қоғамдағы меншіктің түрлері, өндіруші күш пен өндірістік қатынастар, материалдық кірісті әділ бөлуді қалыптастыру. Бұл жүйенің құрылым элементтері: жеке, муниципалдық, акционерлік, кооперативтік, мемлекеттік, фермерлік меншіктер мен шаруашылықтар және қоғамдық кірісті, байлықты әділ бөлу.
Саяси жүйе — мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер және жеке адамдар, депутаттар, т.б., олардың ара қатынастары. Оның ішінде ең күрделісі мемлекеттік билікті іске асырудағы қатынастар. Қатынастардың даму процесінде субъектілерге бостандық берілуге тиіс. Күштеу тек заңдылықты, тәртіпті бұзса ғана қолдануы кажет.
Рухани-мәдени жүйесі - осы бағыттағы мемлекеттік, қоғамдық органдар мен ұйымдар, олардың ара қатынастары. Бұл жүйенің негізгі бағыттары: білім, ғылым, мәдениет, рухани сана-сезім, дін, адамдардың денсаулығы.
Ақпараттық жүйе - осы ақпараттық бағыттағы барлық ұйымдар, бірлестіктер, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, олардың жұмыстары мен ара қатынастары. Бұл бағытта іс-әрекеттерге толық бостандық берілуі кажет.
Осы көрсетілген азаматтық қоғамның жүйелерінің жақсы, сапалы дамуына зор маңызды үлес қосатын мемлекет пен құкық, қоғамдық ұйымдар мен партиялар және қоғамдағы демократияның жоғарғы дәрежеде болуы.
Азаматтық қоғамның белгі - нысандары:
- адамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси бостандығы мен құқықтарының қамтамасыз етілуі;
- қоғамда бостандықтың, жариялылықтың болуы, ақпараттың жұмысына азаматтардың қатысуы, ішкі-сыртқы байланыстарға қатысуға, жүріп-тұруға толық кұқықтарының болуы;
- азаматтардың қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер құрып, өз мүдде-мақсаттарын орындауға, іске асыруға және шет елдердің сондай ұйымдарымен байланыс жасауға кұқықтарының болуы;
- жергілікті өзін-өзі басқаруға толық бостандық болуы, оның жұмысына мемлекеттің араласпауы, қажет болса тиісті көмегін көрсетуі; жергілікті өзін-өзі басқаратын мекеме жергілікті мемлекеттік органмен тығыз байланыста жұмыс жасауы;
- азаматтық қоғам - толық бостандық, демократия қалыптасқан қоғам болуы қажет, ол болашақ құқықтық мемлекеттің талаптарын іске асырып, сол мемлекеттің объективтік тұрғыдан негізі болуға тиісті.

Сонымен азаматтық коғам және кұқықтық мемлекет екеуі қатар дамып, өрескел қайшылықтарды бірлесіп реттеп, қоғамның бейбітшілік, прогрестік жолмен дамуына толық мүмкіншілік жасаулары кажет. Қазақстан Республикасының Конституциясында бұл мәселенің негізгі бағыттары көрсетілген. Оның бірінші бабында азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің ең негізгі қағидалары былай деп жарияланған: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет