Мазмұны: Кіріспе. Негізгі бөлім



бет4/8
Дата25.03.2022
өлшемі36,07 Kb.
#28733
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сәбит Мұқанов шығармаларындағы көркемдеу құралдарының

Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында, «ізденіс» әдісі маңызды болды. Ол бұрын белгізі болған шығармаларды жан-жақты қарастыруда қолданылады. Өзіме таныс болған шығарманы қайта қарай отырып, «зер салу» әдісі арқылы туындыдағы көркем сөздерге ерекше мән бере отырып, мәліметтер «сараптау», «талдау», «топшалау», «салыстыру», «жүйелендіру» мен «тұжырмдау» әдістері жүргізіледі.

Құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, үш тараушадан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші және екінші тарауда С.Мұқанов шығармаларына талдау жасалынды. Қорытындыда диплом жұмысының негізгі мазмұны тұжырымалады.

Сәбиттің есімі XX ғасырдың алғашқы ширегінен басталған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысымен, жаңарулармен тікелей байланысты кең тараған. Осы тұста сол қозғалысты қолдап, жаңа әдебиетті жасаушы ағалармен бірге ол қалам қайратын халықтың отаршылдық езгісіне жаншылған, надандыққа шырмалған күйін суреттеуге, жаңару идеясын қолдауға жұмсады. Ол тек қалам иесі емес, үлкен қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілді. Содан өзі қайтыс болғанға дейінгі қоғам өмірінде іске асқан қоғамдық өзгерістрдің қай саласында болсын Сәбиттің ізі бар. Ол өз тағдырын халқымен тығыз байланыста ұстап, оның мүддесін батыл қорғады. Жаңа әдебиеттің негізін салуға қатысып, оны халық өмірінің шежіресіне айналдыруға жәрдемдесті. Көркемдіктің биік үлгілеріне көтерілді. Жазушы деген аттың абыройын көтеріп, оны үлкен қоғам қайраткерлерінің қатарына қойды. Жалпы «Алыптар» еңбегі бір жақты емес, осындай жан-жақтылығымен, күрескерлігімен, қоғамдық құрылыстаға қажырлы ағалары өмірден озған кезде, олардың мұрат-мақсаттарын арқалап, ұзақ жолдың қызығымен ауыртпалығын да көтерген Сәбит болды. М. Әуезовтің «Сәбит өмірі мен еңбегі жазушының бір басының ерекшелігін ғана баян етпейді. Ол қазақ әбебиетінің тарихындағы аса күрделі дәуірдің өскен жолын, іздеген мүддесін, жеткен өрісін де баян етеді» деуі де осыдан. [1;145]

Сәбит Мұқанов 1900 жылы 26 сәуірде қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар ауылында кедей отбасында дүниеге келген. Енді ғана жетіген келген шағында әкесінен, сегізге толған кезінде анасынан айрылып, жетімдіктің мұңын кешкен. Содан соң, ағасы Мұстафа Сәбитті өз қамқорлығына алады.

Жетімдіктің тауқыметін тартқан Сәбит, өмір қиындығына ерте араласып кетті. Он жасынан бастап байлардың есігінде жүріп, қойын бақты, отыны мен суын тасыды, жылқышы болды. Жоқшылықтан көзін аша алмай, мұқтаждық қолын байлап оқи да алмады. Алайда білімге деген құштарлығы бір сәт те басылған Сәбит өз бетінше оқу-білімге ұмтылып, ауыл молдасынан хат таныды. 14-15 жасында ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренді. Өлең шығаруға талаптанды, ел аузына ілігіп, ауыл ішінде өлеңші бала атанды. Абай Құнанбайұлының 1909 жылы басылған өлеңдер жинағымен танысып, Абайдай ақын болуды армандады. Абайдың поэзиясы Сәбит Мұқановтың ақындық талантына зор қозғау салды.

Сәбиттің шығармашылық өмірі ақындықтан басталғаны белгілі. Ол 20-50 жылдары көптеген өлеңдер мен поэмалар жазды. Әдебиеттің таптығын ұран күйінде түсініп жазған шығармалар мен өлең жолындағы тұңғыш қадамының сәтсіздіктері, көркемдік жұпынылық ақын өткен ұзақ жолдың алғашқы тәжірибесі есебінде бағалануы тиіс. Оның бұл өлеңдерінде әлеуметтік теңсіздікте отырған қазақтың қарапайым шаруасы мен кедейдің жағдайын жырлауылардың бірі деуімізге болады. [1;146] Сәбит- қазақ әдебиетінің барлық жанрында өнімді еңбек еткен жазушы, қаламынан туған әдеби мұра – көп жанрлы, мол көлемді, идеялық-эстетикалық мәні жоғары әрі құнды. Сәбит Мұқанов 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялар, қазақ мәдениетінің тарихы мен этнографиясы туралы зерттеу еңбектер және тағы басқа кітаптар жазып қалдырды.



1928 жылы "Сұлушаш" дастаны, 1931 жылы "Адасқандар" романы және тағы басқа туындылары жарық көрді. "Сұлушаш" дастанында ғашықтық, махаббат мәселесін көтере отырып, әлеуметтік мәні зор түйіндерді толғаған. Ал "Адасқандар" романы қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романдардың бірі, болып саналды. Ол бұл романды едәуір өзгерістер енгізіп, 1959 жылы "Мөлдір махаббат" деген атпен қайта бастырып шығарды."Жұмбақ жалау" ("Ботагөз") романында- Қазақстандағы 1910-1920 жылдардағы күрделі оқиғаларды бейнелеген шығарма. Бірінші дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы көтеріліс, Ақпан революциясы, Қазан төңкерісі, Азамат соғысы, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, тағы басқа ірі тарихи оқиғалар роман сюжетіне арқау болды. Романдағы басты тақырып – қазақ халқының, Қазақстанның тарихи тағдыры. "Ботагөз" романы – қазақ халқы өміріндегі төңкерістік ірі кезеңді шебер бейнелеген келелі шығарма. Роман КСРО халықтары тілдерінде және бірқатар шет ел тілдерінде аударылып басылды. "Ботагөз" романына негізделіп пьеса жазылып, Казақстан театрлары сахнасына шықты, кинофильм түсірілді.

Сәбит Мұқанов 40-шы жылдары "Менің мектептерім" романын, "Балуан Шолақ" повесін, "Сырдария" романын, "Поэзия маршалы", "Майданға хат", "Жеңімпаз Қызыл Армия", "Фашизмнің ажалы" және тағы басқа прозалық және поэзиялық шығармаларын жазды.Прозада роман мен мемуарлық әдебиеттің дамуына үлес қосты.



Сәбит Мұқанов қазақтың он тоғызыншы ғасырдағы ойшылы, ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармаларын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Омбының, Ленинградтың мұрағаттары мен кітапханаларында болып, Шоқан өміріне қатысты материалдар жинаған. Соның нәтижесінде, оның қаламынан "Шоқан Уәлиханов" пьесасы мен "Жарқын жұлдыздар" атгы зерттеу еңбегі туды. Сәбит Мұқанов өмірінің соңғы жылдарында Шоқан өмірінен "Аққан жұлдыз" романын жазып, оның екі кітабын шығарған. Жазушы 4 том ретінде жоспарлаған бұл роман аяқталмай қалды. Сәбит Мұқанов драматургия саласында да көп еңбек сіңірген, сын, әдебиеттану саласына да көп еңбектенді. Сәбит Мұқановтың шығармалары әлемнің 46 тіліне аударылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет