Мазмұны: Кіріспе. Негізгі бөлім



бет8/8
Дата25.03.2022
өлшемі36,07 Kb.
#28733
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сәбит Мұқанов шығармаларындағы көркемдеу құралдарының

«Шоқпыттың шаруасы» атты өлеңін айтуға болады.

Әуелі, «1905 жылы» жазылған бөліміне назар аударайық.

Өлеңдегі басты эпикалық образ – кедей Шоқпыт. Өлең қара өлең ұйқас түрімен жазылған. Төрт шумақтан, он алты тармақтан тұрады. 2-3 бунақтан, 10-11 буыннан құралған.

Шоқпыттың күні нашар болды,

Бар малы бір қашар болды

Жазғы үйі дауылға құлап,

Қыс қорасы осал болды.

Балалары өте жас болды,

Қатыны аздап есуас болды.

Үйі толған қызыл аяқ балаға

Жалықса да өзі бас болды.

Тамағын баю ісіре берді,

Шөпте бір қолын кісіге берді,

Малының басы құрала бастаса,

Не пәле келіп өшіге берді.

Мұнда, эпифора (әрбір өлең жолының яки ой ағымының соңғы сөзі қайталанып отырады) деген айшықтаудың түрі қолданылып тұр.

2.2. Сәбит Мұханов прозасындағы көркемдеуіш құралдарды қолданылуы.

«Егер жазушы жинаған материалдарының көлемінен аса алмай қолында бармен ғана қанағаттанса, одан ойдағыдай шығарма тумайды. Көркем әдебиетше қорыта білмеген материал көркем шығарма емес. Сондықтан, талантты, ысылған жазушы белгілі бәр темаға керекті материалды меңгеріп алғасын фантазиясына ерік беріп, шарықтайды. Қажетті жерінде тарихи материалдың көлемінен бастап, болмаса да болуға мүмкіншілігі бар оқиғаларды қосады. Содан барып әдебиет образы туады.»(1) - дейді С.Мұқанов

Романның әр бөлімінің атының өзінде симолдық мағына болады. Олардың әрқайсысы әр бөлімнің мазмұнын өз ішіне сыйғызып, белгілі бір жиынтық бейнелерді құрайды. Әрбір бөлімге қойылатын атаулардың өзінде өзіне сай жасырылған үлкен мағына жатқанын байқаймыз. Мысалы, «Ботакөз» романындағы «Тұңғиықта» деп аталатын тарауында – Қазан алдындағы қазақ халқының сондай қараңғы өмірін суреттейді. Яғни, таң шапағы атар алдындағы қою қараңғылыққа теңейді. «Таң атарда» бөлімінде – Қазан шұғыласы алаулап біліне бастаған кезді айтады. Одан бір жақсылықтың болып қаларын білдіреді. Ол кез – 16-жылғы болған революцияға ұласады. «Күн күлімдегенде» деген бөлімінде, әйтеуір күннің шығып, елге нұрын шашып, халықты қуанышқа бөлейтіні туралы айтылады. Сол уақыт шығармада, Қазан революциясы жеңіп, Қазақстанда кеңес одағы орнауынан хабар береді.

Жоғарыда айтылған бөлімдерінің сырын аштық, ендеше осы бөлімдердіңтарауына тоқталатын болсақ, «Бас кескен балта» - тарауының астында қандай сыр жатқанын байқап көрейік.

Балта – бұл жерде символ, бейне ретінде алынған. Бұл тарауда суреттелетін дүниелерге тоқталайық, патшаның қазақтан майданға солдат алу жарлығына байланысты елдегі наразылықтар мен халықтың көңіл күйі. Революцияның сәл-ақ алдында болған бұл оқиға бұқара қарапайым халықтың ашу-ызасын тудырады. Осы бір кезең екі тараптың да бетперделерін ашады. Бірінші жақ – халықтың қайғысын өзіне пайдаланған байлардың тарапы болса, ал екінші жақ – не боларын білмей алас ұрған, тығырыққа тірелген қалың жұрт. Ақыр аяғында ашу-ызаға буырқанған халықтың болыстың басын шабумен тынады.

Дәл осы тарау алты бөлікке бөлінеді . бірінші бөлігінде, қазақтан солдат аламыз деген хабарды Амантай тобы қалай қабылдайды. Екінші бөлімінде, жаңалықты Итбай ауылының қабылдауы. Үшінші бөлікте, Асқарың қалай қабылдауы. Төртінші, Асқар мен Ботакөздің Амантай ауылында кездесуі. Бесінші, Темірбектің балтасы аренаға қайта шығады. Алтыншы, Амантай тобының болыс ауылына шабуылы туралы. Ол болыстың өлімімен аяқталады.

Негізгі идеялық, көркемдік жүк көтеріп тұрған негізгі бөліктер – 2 және 6-бөліктер деуімізге болады.

Екінші бөліктің оқиғасы Итбай үйіне Кошкиннің келуімен басталады. «Орта атты желдіріп, шеткі атты шаптырып», «қара жолдың шаңын асанға шығарып», «қатты келе жатқан пар атты», «суыт жүрген кісі...», «соңғы бір айдың ішінде Кошкин ат ізін суытпай өте жиі келіп кеткен. Келген сайын үлкен жаңалық әкелетін ...»

Мәтінде әртүрлі мағынада қолданылып, бір мақсатқа қызмет етіп тұрған түбәрлес сөздер де (суыт жүрген кісі – ат ізін суытпай) айтылмақ ойға өз үлестерін қосып тұр. Тұрақты тіркес түрінде қолданылып тұрған бұл екі тіркес те о бастағы мәндері жағынан төркіндес, суыт жүру – асығыс жүру болса, ат ізін суытпау – жиі келуді айтады.

Кошкиннің келісін толық жеткізу үшін бес бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қолданып тұр,

«Басқа күндері келетін әдетіндей, Кокин орта аттың барлық желісімен және қамытын ауыз омыртқасына апара, арбаны күшін сала тартқан шеткі аттың барлық шабысымен доғаға байлаған екі қоңыраудың тымық далада ызыңдай шіңгірлеген даусымен, жолдың шаңын бұрқыратып отырып, үйдің түбіне тоқтай қалды.». құрмалас сөйлемдегі біріңғай амал бағыныңқылар Кошкиннің келу жағдайын жеріне жеткізе бейнелейді.

Сәбит шығармаларында орыс тілдерегі сөздердің қайталанып қолданылғанын байқаймыз, мысалы тізім, список екеуінің де мағынасы бірдей. Орыс сөздері, бір жағынан, кейіпкерлердің сөйлеу ерекшелігін дәл беру үшін қолданылса, екіншіден, бір сөзді қайтала бермеу үшін өзара синоним ретінде де жұмсалады.

Автор суреттеуінде Байсақалдың қорқаулығы мен аярлығы баласы Итбайдан да асып түседі. «Ақшаның жүзін ыстық көруі ...»саудадан түскен пайда мен залалды есептеп отыруы «алым-салықтан түскен ақша мен парадан ақша түссе тіпті қуануы», «Итбайдың... келуін күтіп ошарылып жатып алған топты жылы қабақпен қарсы алып, ...жыландай жылмаңдауы» - Байсалдың бейнесін ашатын детальдар. Оның өзінің сөйлуі де өз бейнесін жақсы ашады.

Жемқор топтың бейнесін інісі болыс Елікбай одан әрі толықтырады. Жазушы екі сөйлеммен суреттейді.

«Елікбай ашық айтқан өтінішке ашық жауап беріп те, сататын адамдай ашық саудаға кірісті». «Бірер адаммен саудаласқаннан кейін Елікбай «бір кісінің жасын түзеуге жүз сом» деген жарлық шығарды».

Алғашқы сөйлемде ат сататын адамдай қатар, ашық сөзінің үш рет қайталануы сөйлемнің экспрессивтік қасиетін күшейтеді. Тілдік қорға такса сөзінің алғаш енуі де сөйлемнің әсерін күшейтері сөзсіз.

Мына бір сөйлемде, «Өзін Итбайға сондай қосақты тай көретін Бүркітбай осы бүгін таңда ноқтасының бауын Итбайдан біржолата үзді...». Ноқта бауының үзілуі, жіптің үзілуі – бұлар малшы өмірін бейнелейтін атрибуттар болса, соны жазушы Бүркітбайдың Итбайдан ажырасу сәтінің көркем бейнесін жасау үшін сәтті пайдаланған.[5,202-208]

2.3. «Мөлдір махаббат» романындағы көркемдеуіш сөздердің қолданылуы.

1928 бір қанды оқиғаның бізді ерекше ойландыра беретін себебі не? Бұның бар себебі – әлгі қанды оқиғадан Сәбит Мұқановтай қазақ жазушысының «Адасқандар» («Мөлдір махабббат») романының жазылуында десек қателеспеспіз. Дарынды жазушы, Сәбит Мұқанов, осы бір болған қанды, аяғы кісі өліміне апарған оқиғаны өмірден алынған материалдармен таңдаулы роман жазды да өмірдегі өткінші құбылысты – әдеби құбылысқа айналдырып жіберді. Бұл әрине жазушының біліктілігін, дарындылығына келіп тіреледі.

(Талдау үшін біз бұрынғы «Адасқандарды» емес, толық өңделіп жазылған «Мөлдір махаббатты» алдым.)

«Мөлдір махаббат» - төрт бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлім – «Сүйген жер»

Екінші бөлім – «Сүйген жар»

Үшінші бөлім – «Адасу»

Төртіні бөлім – «Шешілген шиелер»

Бірінші бөлімінің басы – Бүркіттің бірінші дәптерінен үзінді келтіріледі. Бұл күнделігінде Бүркіт өзінің он жеті жасқа келіп қалғандығын жазады. «бұл жылдар маған таныс кейбіреулердің өмірі сияқты босқа өтпей, аз уақыт жасымның өң бойына, қан сонарда берекесіз шұбыраған жан-жануардың ізіндей шым-шытырық шимайларын қалдырыпты.» [6,6-7]

«Қан сонарда берекесіз шұбыраған жан-жануардың ізіндей» - мұны күрделі теңеу түріне жатқызы аламыз. Бұл сөздің неге бұлай айтылғанына, тереңіне үңілсек, Бүркіт – Абайдың шығармаларына қызығатынын, оны көп оқығандығын аңғару қиын емес, өйткені өз күнделігінің басын да осы ұлы ақын Абайдың сөздерінен бастағанынын көре аламыз. Яғни, бұл теңеуді де Абайдың «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінен алып отыр. Бұл өлеңде, бос желкілдеп лалақтап, бүркіттің ұшқанын қызық көріп, күні бойы сандалып жүретін қазақтарды қатты сынға алады. Солар сияқты он жеті жасына дейін, уақытын бос өткізбегендігін айтып тұр.

Бүркіт туған жері туралы жазғанда, біреулер қиырсыз қара көк теңізімен, біреулер долы өзенімен, біреулер қалың жынысты орманымен мақтанатынын айтады. Бұл жердегі қиырсыз қара көк теңіз бен қалың жынысты орман сөздерінде, метафора қолданылып тұр. Метафора – шығармада кездесетін заттың не құбылыстың суретін күшейту үшін оны ұқсас бір затқа немесе құбылысқа балап, мағынасының өңін айналдырып айту. Ал, долы өзен – «долы» сөзі сөзінің негізгі мағынасы – адамдың мінезі, ашуланғанда қолданылатын сөз, мысалы «долы адам». Ал, жазушы өзенде болатын құбылысты адамның мінезіне ұқсатып айтып жатыр. Мұнда, кейіптеу (жансыз нәрсені жанды зат қылып көрсету)қолданылып тұр.

«Сүйген жер» бөлімінің өзі бірнеше бөліктерге бөлінеді. Кейіпкер өзінің туған жері, туған үйі туралы өз күнделігінде мәлімет береді. Тарихта болған 1911 жылғы жұт «Доңыз жұты» оқиғасы да Бүркіттің үйіндегілерге де кесірін тигізбей қойғандығын айтады. Бүркіттің әкесі дүние- байлық десе ішкен асын немесе ар-ұяттанда жоғары қоятын, өз жақындарында сатып кететін аяр кісі ретінде шығармада суреттеледі.

Романда Бүркіт әжесінің бейнесін – нағыз қазақтың анасы образын көрсетеді. Мұндағы кейіпкердің әжесіне деген ерекше сезімі мен мейірімі оқырмандарды да еріксіз баурайды. Әжесінің өжеттігін суреттегенде әдебиеттегі батыл аналардың бейнесі көз алдымызға оралады. Бүркіттің әжесінің алдында, өз әкесінің жуасып қалатын мінезін жазушы шебер суреттейді. «Әжем қапсағай, тарамыс денелі зор кісі және кескіні еркек сияқты ұсқынды кісі. Қайратына келсек, дыңдай жігітті көтеретін жүгін мен ес білгенге дейін көтеріп жүрді. Ісі де, күші де осындай болғандықтан, өзін «еркек орнындағы кісімін» деп түсінетіндіктен, сөздері батыр адамдай кесек болатын еді, біреуді тілдегісі келсе ерекшелеп боқтайтын еді...» - деп суреттейді.





  1. Мұқанов С. Таң. Шығ.16т. А., 1978. 194б.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. С. Қирабаев. «Әдебиетті қайта оқу». Алматы. «Балауса» баспасы 2010ж.

  2. А. Қалшабек. «Әдебиеттану ғылымына кіріспе». Астана -2016ж.

  3. C. Негимов. Шығармалары. Бірінші том. Астана-2015ж.

  4. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы,

  5. Сыздықова Р. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау. Алматы 2017ж.

  6. Мұқанов С. Мөлдір махабат. Алматы «Атамұра» 2006





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет