Мазмұны: Кіріспе. Негізгі бөлім



бет7/8
Дата25.03.2022
өлшемі36,07 Kb.
#28733
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сәбит Мұқанов шығармаларындағы көркемдеу құралдарының

«Майға сәлем» өлеңі. Бұл поэзия идеялық-көркемдік жағынан қазақ поэзиясы үшін елеулі олжалы табыс деуге болады. Осы өлеңімен қазақ-совет лирикасында жаңа бет ашты, соны ырғақ, жаңа образ жасай алды.

Сәбиттің 1933 жылы жазлған «Майға сәлем» өлеңін дүниежүзі еңбешілерінің ынтымақ күні- 1-Майды тек жасыл көктем, шуақ күн деп қана жырламай, бұл күн бүкіл езілген халықтың қолына ту ұстап, күреске шығатын, бостандыққа ұмтылатын, азат еңбекке бастайтын күн дегенді уағыздайды. Май мейрамының өзін ақын «Жолдас» деп атап, оны жаңа адам, жұмыскер бейнесінде елестетеді:

Мың сәлем саған,

Мәңгі жолдас майым!

Сен жас жолдас жігіт болып келген сайын,

Жар жібек барқыт киіп,

Жасыл желек,

Бүркенеді үйеңкі терек қайың!

Басқаа қымбат, саған тегін, арзан,

Түрлі гүл: інжу жақұт, лағыл, маржан

Үстіне төгіледі.

Үкің-бұлт,

Қалпағың-күн.

Найзағай қылыш қазының

-дейді. Тармақ ұзындықтары әртүрлі. Бірде бір сөйлем бір тармақ жасаса, бірде – бірде бір сөз тіркесі бір тармақты құрайды. Көп буынды тармақ кенеттен аз буынды тармаққа ауысса, керісінше аз буынды тармақа бірден көп буынды тармаққа ауысады. Секірмелілік бар. «Дауыс толқынының еркін құбылыпотыруына мейлінше сәйкестендіріліп құрылған осы өлшемнің басты ерекшелігі, мұнда ұзынды-қысқалы көлемі жағынан бірден-бір мүлде алшақ тармақтар бір шумақ шеңберінде түйіскен» [4]. Міне, бұл өзгешеліктер шумақ ішінде үзіліс тудырып, интонациялық құнарлылық үстейді. Және де үзіліс өлеңді ауызекі сөйлеу интонациясына жақындатады. Сөйтіп айналмалы буын, айналмалы ұйқас, тұрақты қайталануы түрдің болмаушылығы шумақ көлемінде үзіліс жасаудың тәсілі. [3;38]

Мұнда «Май» айын (қазақша «мамыр»), яғни көктем мезгілінің ең соңғы айын өлеңдегі басты образы етіп отыр. Образ деген не?

- Шын жаратылыс дүниенің көркем қиял, түйсік, зердемен, тіл арқылы сурет бейнесіне көшірілуі. Әдебиеттің жұмысының өзі осы, яғни образ ұғымын қазақша бейнелеу, сөзбен сурет салу, перделеу деп атауға болады. Көркем сөз ұғымында – образға теңеу де, эпитет те, троп, фигуралардың түрлері де жатады. [2;50]

«Мың сәлем саған,

Мәңгі жолдас майым!

Сен жас жолдас жігіт болып келген сайын,» - деп, басталуында-ақ «майға» адамға сәлем берген сияқты сәлемдесе отырып, жас жігітке теңеп отыр. Бұдан әрі, «балдай-қаймақ», «алмалар атқан таңдай», «жайнайды қызыл шоқтай», «желдей есіп, күлім көз күндей шалқып» деген сияқты теңеулерді пайдалана отырып, табиғатқа жан бітіре суреттейді.

Жер жібек, барқыт киіп,

Бүркенеді үйеңкі, терек қайың.

... Үстіңде төгіледі,

Үкің – бұлт,

Қалпағың – күн.

Найзағай – қылыш – қазынаң. – деу арқылы метафораны шебер қолданған. Метафора – шығармадағы заттың, не болмаса құбылыстың суретін күшейту үшін оған ұқсас затпен немесе құбылыспен балап, мағынасының өңін айналдырып айту болып есептелінеді. [2;78].

Бұл өлеңі арқылы ақын көптеген шындықтың бетін ашады. Әуелгі басында, май айының келгендігіне, онымен бірге табиғатқа өң кіргеніне қуанады. Майды өзінің жолдасына сыр айтқандай сырласады. Кейіннен өз өткен өмірінен, яғни жетімдік көрген күндерінен де сыр шерте отырып, қазақтың болашағына алаң көңілімен үңіледі. Жан-жақтан анталаған алпауыт елдер – Қытый, Неміс, Жапонияға бағанышты болып қалудан сақтанудымызды ескертеді. Өлеңінде байқасақ, ешқандай орыс, қазақ деп бөліп жарып жатқан ешқандай жолдарды байқамаймыз. Тек біріге, бірлесе отырып жауға қарсы тұру керек екендігіміз керек екендігін айтады.

Сәбиттің жетімдіктің ауыр зардабын ерте көргендігін білеміз. Оның өлең жазып бастаған шағынан бастап-ақ, өмірдің ауыр тұстарымен бетпе-бет келгенін байқаймыз. Алғаш жазылған өлеңдерінде, кедейліктің жай-күйімен қоса, жетімдіктің де зарын шертеді. Сондай өлеңдерінің бірі ретінде

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет