189
Ә, дүние, кіріп бойым жылытар ма едім,
Қаңтардың аязындай ыстық қойның.
Ызғар шығар қойныңнан,
Жанжал шығар ойныңнан!
Осылайша езуіңе еріксіз күлкі үйірілетін осы ұзақ ӛлеңде ақын олақ
қыздың кӛріксіз келбетін, жағымсыз мінез-құлқын кӛрсете отырып, әр
шумақты жоғарғыдай екі жолмен түйіп тастап отырады.
Ақынның “Қыз сүю”, “Гүләйім”, “Жан қалқам” деп аталатын ӛлеңдерінің
кестесі мүлде бӛлек. Бұлар – таза махаббат
лирикасына жататын сыршыл
ӛлеңдер. Оларға ақынның сұлу сезімі, жастық ӛмірдің махаббат шуақ
шашқан қызықты сәттері арқау болып, лирикалық қаhарманның сезім күйлері
тӛгіліп түсіп отырады. Мысалы, ақын Гүләйім атты сұлу қыздың бет бейнесін
әдемі суреттейді.
Он беске Гүләйімнің келген жасы,
Жібектей үлбірейді маңдай шашы.
Ақ торғын екі беті құлпырған нұр,
Алланың бір жаратқан тамашасы, –
деп, жан сұлулығына тән сұлулығы сай кӛрікті қыздың кӛркем бейнесін
жасайды.
“Жан қалқамда” лирикалық қаhарманның ғашық жарына деген отты
сезімі, жауапсыз қалған махаббаттың ӛзекті сыры ақтарылады. Ақын бір
сәтте:
Ӛзегімді жандырдың,
Идеямнан тандырдың.
Ӛмірлік кетпес қайғымды,
Бір кӛз салып қалдырдың, –
деп, сезімі мен назын қатар жеткізсе, тағы бір сәтте:
Кӛлеңкеңді кӛрейін,
Құрбандықта ӛлейін.
Жандырдың ӛзің ӛрт салып,
Баспасаң қайтіп сенейін, –
дей келіп, сүйген сұлуына деген адал сезімін ақтара тебіренеді:
Сірә да жалғыз мен емес,
190
Сенсіз дүние тең емес.
Ауруым қатты ӛлемін,
Ӛзіңнен басқа ем емес.
Сұлтанмахмұт – адамға тән сезімді, кӛңіл күйдің
сәттік ахуалын тап
басып суреттей алатын, оны кӛркем образ, кӛркем суретке айналдырып, кӛз
алдыңнан кетпестей, жүрекке әсерін ерекше етіп бере білетін сыршыл лирик
ақын.
Сұлтанмахмұт кӛптеген лирикалық ӛлеңдерінде лирикалық кейіпкер
атынан сыр шертіп, ӛлеңдегі сезімділікті ӛзгеше бір күйге бӛлеп тастайды.
Мұндай ӛлеңдерінде айтылар ой, нақтылықтан гӛрі,
жалпылыққа ауысып,
барлық оқырманға ортақ сезімдей қабылданып, оқушыға ерекше әсер етеді.
Бұл – лирикалық тәсілдің бір түрі. Осы тұрғыдан қарағанда ақын ӛлеңдерінің
мән-мағынасы оқырман ұғымына, сезіміне сай келіп, жүрегімен табысып,
жанына жақын болып жатады.
“Алты аяқ” деп аталатын лирикалық ӛлеңінде ӛмір үшін арпалысқан, ӛмір
тұңғиығындағы небір қиындықтар
мен қиыншылықтарды жеңіп, жарқын
болашаққа ұмтылған лирикалық қаhарманның бейнесін сомдайды.
Достарыңызбен бөлісу: