Мазмҧны кіріспе


Әбубәкір (Кердері) Шоқанов (1958-1912)



Pdf көрінісі
бет28/133
Дата14.09.2022
өлшемі2,17 Mb.
#39028
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   133
Байланысты:
Мазм ны кіріспе

Әбубәкір (Кердері) Шоқанов (1958-1912). Ақтӛбе облысында туып ӛскен. 
Әбубәкірдің 1903 жылы “Әдебиет қазақия“ деген кітабы шыққан. Бұл 
кітаптың ӛз кезеңіндегі маңызы зор. Ондағы ӛлең-толғаулардың тақырыбы 
әркелкі. Ақынның заман жайы, қазақтың бұрынғы хал-жайы, қоғам, адам 
жайлы ӛзіндік ой түйіндері ӛте мол. Дін жолына, ғылым-ӛнерге үндеуде ӛз 
дәуірі тұрғысынан алғанда ілгершілдік кӛзқарастары бар. Ол ӛз тұсындағы 
қазаққа тән емес жат құбылыстарды, ел арасындағы жағымсыз мінез-
құлықтарды аяусыз сынайды. Ӛлеңдерінің кӛбі отаршылдық озбырлыққа 
қарсылықты са-рында жазылған. Кӛбіне ӛткен ӛмірдің жақсылықты 
жақтарын поэзиясына арқау етіп, бүгіннен түңілгендей сипат танытады. 
“Сырқау болып жатқанда“ ӛлеңіндегі ӛмір, адам туралы толғаныстары, 
ақындық ой-топшылаулары ӛте мәнді. Адам ӛмірінде ғылымбілімнің алар 
орны туралы ақын орнықты ой-пікірлер айтқан. “Заманның опасыз халінде 
айтқан ӛлеңінде“ ӛз заманының келбетін кеңінен суреттейді. Ӛсиет-терінің 
ӛмірмен тығыз байланыстылығы бар. “Әубәкір молланың ноғай халқына 
насихат қылып айтқаны“ толғауында түркі тектес халықтарды бірлікке, 
ынтымақтыққа шақырып, діндес, тілдес ұлттардың бірлігін жақтайды. Жалпы 
алғанда, Әубәкір шығармашылығындағы ӛмір ӛзгерісін, қайшылықтарды 
сынау, ең алдымен, діни ұғыммен астасып отырады. 
Нұржан Наушабаев (1859-1919). Қостанай облысында туып-ӛскен. 
“Манзұмат қазақия“ (1903), “Алаш“ (1910) атты кітаптарының ХХ ғасыр 
басындағы әдебиетте ӛзіндік орны бар. Нұржанның Сапарғалимен айтысы 
негізінде “Жұмбақ айтысы“ (1903) кітабы да басылып шыққан. Бұл айтыста 
ақындардың білімі, ой-ӛріс кеңдігі кӛрініс тапқан. Нұржан поэзиясындағы 
шағын жанрлардың әрқилы түрлері молынан кездеседі. Нұржан назым, 
терме, тақпақ т.б. жанрларда елеулі еңбек еткен. Шығармаларында заманаға 
деген ӛзіндік кӛзқарастары молынан кӛрініс тапқан. Ӛлеңдеріне тақырып 
қоймай, бірінші назым, екінші назым деп атаған. Замана құбылысын 
жалпылама сипаттамай, ӛлеңдерін нақтылыққа бейімдей білген. Оның жеке 
мінез-құлықты, жағымсыз адами пендешілікті сынау тақырыптарындағы 
және әзіл-сықақ ӛлеңдерінде қазақ әдебиетінің бай дәстүрі, ауыз әдебиеті 
үлгілерінің сипаты басымдау келеді. Нұржан “Назымдары“ – дарынды 
ақынның ӛзіндік ізденістері. Шығармашылығының ӛнбойына діндарлық 
арқау болған. Кӛбіне “заман азды“ деген ойды ӛзек етіп, соның мән-
мағынасын ұғынуға ұмтылады. Кейде ӛмір шындығына терең бойлай алмай 
қалатын сәттері де кездеседі. Мәселен “Манзұмат қазақия“ атты кітабында 
қазақтың шығу тегі туралы ел аузындағы аңыздарды кейінгі діни шежіремен 
ӛзектес алып, қайшылыққа ұрынады. Н.Наушабаев шығармаларында ӛз 


108 
дәуіріне сай жетістіктер де, кемшіліктер де бар. Олардың ара салмағын 
алдағы уақыт айқындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет