Жайлауға кеше қонған Тасболат бай,
Дарыған қыдыр соған, дәулеті сай...
Тасболат жұрттан асқан малды кісі
Сол үшін ӛз тобының алдыңғысы...
208
Он бес жыл болыс болған, Мекке барған,
Қазақша еш қызығы жоқ мұнан қалған...
Шалдары қошаметші айтушы еді,
– Апырмау, бар ма екен - деп, сізде арман?
“Армансыз” Тасболат ӛзін даланың жалғыз иесіндей сезінеді. Оның
түсінігінше, дүниенің тұтқасы – байлық, одан ӛзге күш те, құдірет те жоқ. Ол
байлығымен қоса замана ыңғайын білетін айлакер де қу. Ӛмір озады, алға
жылжиды. ХІХ ғасырда дегені болған, Тасболат, ХХ ғасырда ӛзінің ӛмір
кӛшінен қала бастағанын жақсы сезінеді. Заман сауаттыға, оқығанға ауыса
бастағанын ұққан әккі Тасболат, билікті ӛз уысынан балалары жетілгенше
шығармауды кӛздеп, жақын ағайын Байболды болыс қояды.
Тасболат қимаса да болыстықты,
Тіл білмесе қоймайтын закон шықты.
Не баласы, не ӛзі оқымаған,
Болғанмен қара күшке сондай мықты.
Ал, енді қыларыңды қыл заманға,
Бір білген ауысылмас мың наданға.
Байболды амалсыздан қоя салды,
Кететін болғаннан соң басқа адамға.
Бұл Тасболаттың әлі де ӛз ортасында күштілігін, беделін танытады.
Қоғамдық ӛмірдің шындығы да бұдан алшақ емес. Тасболат сияқтылар ел
басқарудан қол үзгенімен, байлық та, сырттай билік те әлі солардың қолында
болатын.
Тасболаттың Байболды болыс сайлауы – амалы жоқтық ғана емес, айлалы
әдіскерлік. Ӛз тұқымы ер жетіп, оң-солын таныған соң, билікті ӛз қолына
алмай тынбақ емес. Ол – алыстан ойлайтын, шешімді жан. Сұлтанмахмұт
романда надан, топас, сасық байдың емес, дала кӛкжалының бейнесін
сомдаған. Тасболат – замана ыңғайына қарай мың құбыла алатын, ӛмір
сүрудің қағидаларын жете меңгерген сұңғыла.
Кешегі: “Бай кісі бала оқытып підие ала ма?” – дейтін Тасболат енді
уақытқа үндесу, заманға ілесу үшін кенжесі, сүйіктісі Әжібайды орысша
оқуға береді. Оның тілегі де, тірегі де осы Әжібай. Атадан мұра-билікті қолға
алу тек Әжібай арқылы жүзеге аспақ. Оқудан Әжібайды Тасболат тез қай-
тарып алады. Біріншіден, Тасболат түсінігінде адам болуға, әсіресе болыс
болып, ел билеуге екі жылдық орыс оқуы жетеді. Екіншіден, “алатұғын
жесірі бар, қазақтың жесір деген кесірі бар”. Ағасы, Жақанның орнын басып,
әмеңгерлік міндетті адал орындау керек. Ӛйткені, жесірдің “елден кетпегі” –
209
Тасболаттың ӛлгенде сүйегімен бірге кетерлік таңба. Сондықтан ол үшін
Әжібайдың оқуынан, ата салттың берік сақталуы мың есе артық. Тасболат –
ақын бейнелеуінде ескі ӛмірдің белгісі, ата дәстүрдің берік күзетшісі.
Тарих сахнасына шығар келесі буын ӛкілі – әрине, Әжібай. Автор
шығарманың басты тұлғасын сомдауға кӛп күш салған. Әжібайды кӛркем
әдебиетке тән кӛркемдік шындыққа сай шыншыл бейне етіп шығарып, оның
қоғамдық ортамен қатынасын кӛрсету арқылы ӛзіндік ӛсу, жетілу, ӛмір тану
болмысын бағдарлаған. Автор бұл кейіпкеріне үнемі іш тартып отырады.
Шындығында Әжібай – адами туысында ешкімнен кем емес, азамат болып
қалыптасуына кӛп жұрттан артық мүмкіндігі бар жан. “Әлпеті алмас қылыш
жайнап тұрған”, “Жасынан зейіні алғыр, тілге шешен, қазақша қара сӛзге
ағып тұрған” жас болып кӛрінеді ол автордың алғашқы кезеңдегі
суреттеуінде. Ақын осы кейіпкерінің құлау, құлдырау сипатын алған
тәрбиеден, қоршаған ортадан деп біледі.
Сол азған ортаны, тозған тәрбиені, қоғамдық ӛмірді ақындық кӛзқарас
арқылы аяусыз сынайды. “Жан-жағы тәрбиесіз надан болып, солардың жұға-
жұға кебін киді”, “Осындай әттең дүние зеректігін, оқытпай қараңғыға
байлап қойды” деп, жасында кӛкірегінде сәулесі бар азаматты ортаның қалай
орға жыққанын шыншылдықпен ашады. О баста бойында жалыны, басында
ақылы бар жасты әкесі ұсынған ӛмір жолының соқпағы ӛзге сүрлеуге салып
жібереді. Күнделікті күйкі тірліктің әлегі, болыстыққа таласу, кӛп әйелдің
дау-дамайы ақын суреттеуіндегі Әжібайды ӛмір ырқына бағынған бойкүйез
жанға айналдырады.
Ӛзін орға жыққан ескілікпен күресті ол қаладағы ерсі қылықтарды бойға
жұқтыруда деп біліп, арзан жолға түседі. Бұл сол тұстағы бүкіл Әжібай
атаулыға тән ӛмір салты еді. Ендеше Әжібай арқылы Сұлтанмахмұт замана
ӛзгерісінде ӛз орнын таппаған қазақ жастарының типтік бейнесін жасаған,
және ол ӛмір шындығынан туып, кӛркемдік шындыққа айналған.
Бӛріден бӛлтірік болып туған Әжібай ӛз табиғатына тартпай тұра
алмайды. Бұдан ары ол азғындық бағытқа бет бұрады. Ол ӛз іс-әрекеттеріне
жол ашар мықты құрал атадан келе жатқан билікті қалайда ұстап қалу
мақсатында зұлымдық амал-айланың қайсысынан да тартынбайды. Тіпті
баласы Күлтайды да осы жолға құрбан шалады.
Романдағы ұнамды кейіпкер – Байбол. Оқыған кӛзі ашық, кӛңілі ояу
кейіпкерін автор жаңа заманның жаңа адамы ретінде суреттейді. Әжібайға
қарағанда ол – оқығанын кӛңілге тоқыған, уақыт сырын ұққан, ӛмірге бейім
ел басшысы. Байбол – ақынның ағартушылық идеялары мен оқығандарды ел
ісіне араластыру мақсатынан туған образ.
Әулетті де, дәулетті отбасының келесі буыны – Қабыш. Әжібай ӛзін адам,
азамат ретінде сезініп, қалай болғанда да әрекет жасап, арпалысса, Қабыш –
ондай қасиеттен жұрдай адам, қоғамның азғыны. Ол – арақ, темекі, құмар
210
ойынның құлы болып, ӛзін-ӛзі ӛмірден аластатқан жан. Сӛйтіп, бір кезде
ӛздерін даланың тұтқасы сезінген құдіретті Тасболат ұрпағының үшінші
буыны замана ағысына ілесе алмай, жағаға шығып қалады. Оған жазықты
кім?.. Жан дүниесін жайлаған надандық кесірінен ӛмір ӛзгерісін, уақыттың
алмасуын сезінбеу, жаңаның жақсылығын қабылдамау тәрізді кесірлі
қасиеттер. Ақын түсінігіндегі басты жазықты осылар, яғни адамның сырты
емес, ішкі жан дүниесінің ӛзгермеуі осындай құлдырауға алып келеді.
Қоғамдық ӛмірдің ӛзгеруін, дамуын белгілі бір адамдар мен қауымның
түсінбеуін, олардың жаңа ӛмір тезіне шыдамай құлдырау жолын биік
кӛркемдік шындықпен суреттеген ақынның, хас шебер екендігі айқын.
Романда жаңа ӛмірдің озық құбылыстарын жете болмаса да біршама
түсініп, ӛркениетті ӛмірге қадам басуға ұмтылған бейнелер аз да болса
кӛрініс тапқан. Олар – Аппақай, Күлтай, Фельдшер, Әнуар. Бұлардың
тағдыры әрқилы болғанымен, бәріне тән ортақ белгі – қазақ қоғамына келе
бастаған озық дәстүр, жаңа салтты жіті қабылдап, ӛмір кӛшіне ілесуге
ұмтылуы. Ақын олардағы ертеңнің кӛшіне ілесер, болашаққа үйлесер
қасиеттердің ӛміршеңдігіне сенеді.
Жалпы алғанда, бұл шығарма – Сұлтанмахмұттың ақын ретіндегі
поэзияның күрделі жанрындағы мол мүмкіндігін танытқан аса кӛрнекті
туындысы.
Романнан тӛңкерістен бұрынғы қазақ қоғамының қайшылықты жағдайын,
ондағы адамдардың ӛмір қатынастары мен тұрмыс-тіршілігін танимыз.
Шығармадағы кейіпкерлер ұтымды да нанымды бейнеленіп, туынды
табиғатын ашуға еркін араласып, жазушы мақсатын айқындай алған.
Қорыта айтқанда, Сұлтанмахмұттың “Кім жазықты?” атты ӛлеңмен
жазылған романы ұлтымыздың кӛркемдік танымының белгілі бір даму
сатысын, ӛркендеу кезеңін кӛрсетеді.
Зерттеушілер Сұлтанмахмұттың алғашқы поэмасы ретінде “Таныстыру”
атты шығармасын атайды. Поэма 1917 жылдың аяғы мен 1918 жылдың
басында жазылып біткен. Сұлтанмахмұттың бұл туындыны жазудағы басты
мақсаты – қазақ ұлтының күрескер ұлдары мен аяулы қыздарын еліне
таныстыру. Мұнда кеңестік кезеңде тарихтан аты ӛшіріліп, “қара тақтаға”
жазылған қазақ халқының тұлғалы азаматтарының аты аталып, елге еткен
еңбектері жоғары бағаланады. Сондықтан да бұл поэма туралы соңғы кезде
ғана сӛз бола бастады. Поэма 1993 жылы ақынның 100 жылдығына орай
шыққан 2 томдық шығармалар жинағының 1-томына енді.
Ақын поэманы қара қазақ пен оқыған зиялы адамның диалогына құрған.
Екеуінің арасында пікір алмасу арқылы сол тұстағы қазақ қайраткерлеріне
сипаттама ретіндегі мінездеме берілген. Ақын Шәкәрім, Ахмет Байтұрсынов,
Әлихан Бӛкейханов, Міржақып Дулатов, Әлімхан Ермеков, Халлел Ғаббасов,
Нәзипа Құлжанова, Нұрғали Құлжанов т.б. қазақ халқының бір туар ұл-
211
қыздарының тарихтағы орнын айқындап, олардың атына жылы лебіздер
білдіреді. Жоғарыда айтқанымыздай, ақын мақсаты – құрғақ мақтау емес,
керісінше ел үшін еңбек еткен арыстардың еңбегін бағалап, елге таныту,
солар жайлы ӛз білетінін ортаға салу, олардың ісін кейінгі ұрпаққа ӛнеге ету.
Себебі алаш азаматтарының еліне сіңірген еңбегін, ұлтына еткен қызметін
сол тұстағы зиялылар ғана емес, қарапайым халық та біледі. Мұны біз қара
қазақтың мына сӛздерінен аңғарамыз:
Достарыңызбен бөлісу: |