Сүю-сүю бола ма зорлауменен,
Кӛңілді ұстап тұру жоқ торлауменен.
Кӛңіл болса, қосылмай тоқтала ма?
Оқ атып, қылыш шауып, қорлауменен, –
дейді ол.
Қамардың молдамен сӛз қағысы романда ескі мен жаңаның арасындағы
тартыс ретінде берілген. Бәйтік молданың сенімсіз сӛздеріне нақты тойтарыс
беру, ұтымды жауап қайтару, негізсіз ойларын әшкерелеу, надандығын бетке
басу арқылы Қамар шариғатты жамылғы еткен дүмше молданың білімсіз,
дүмбілез күйін ӛлтіре сынайды.
Романдағы автор ұтымды қолданған тәсілдің бірі – хат жазысу. Хаттар
ерекше маңызға ие, онда образдар болмысын ашар ӛзгеше қасиет бар. Қамар
Ахметті жанымен сүйе отырып, лажсыздықтан үмітін үздіру үшін қатты
жауап қайтарғанмен, оның жанын жараламайтын сӛздер тауып, сырты
қатқыл болғанмен, ішінің жылылығын білдіріп отырады. Оның жауап
хаттарындағы ӛлең жолдарында Ахметке деген аяушылығы мен
сүйіспеншілігі, ескі әдет-ғұрыпқа жиіркене қарауы айқын аңғарылады.
Хаттар сӛз жоқ, Қамар образын толықтыра түсіп, кейіпкердің ішкі
жандүниесін ашуға септігін тигізген.
Шығарма Қамардың сананы надандық тұмшалаған замандағы ескі әдет-
салттың құрбаны болуымен, оның ертеңгіге айтқан зарымен аяқталады. Ол
ӛлім аузында жатса да адамдық арын биік қояды. “Ахметтен басқа жанды
сүйгізбей ал!” деген соңғы тілек айтып, дүниеден адал пәк боп ӛтуді
армандайды. Жастардың еркіндігін аяққа таптаған қоғамдық ӛмір заңына
лағнет айтып, ертеңгілердің еркіндікке жетуін тілейді.
Қамар – бүкіл болмысымен, ақыл-ой, білімімен, заманадан озған
түсінігімен ояну дәуіріндегі адамдық құқын қорғау жолындағы күреске
талпынған, кӛкірек кӛзі ашық қазақ қыздарының типтік бейнесін танытады.
Қамар – кешегі кер заманда ӛзінің бас бостандығын қорғау, махаббат
еркіндігін алу жолында құрбан болған қазақ қыздарының аянышты да
қасіретті ӛмірін бейнелейтін, Сұлтанмахмұттай хас шебер қаламынан
жаралған толымды тұлға.
205
Романдағы Қамардан кейінгі басты кейіпкер – Ахмет. Ақын оны “аузы
асқа, ауы атқа тимеген” кедейдің баласы дей отыра, ӛз заманының озық ойлы
азаматы ретінде суреттейді. Бұл – Сұлтанмахмұттай шыншыл суреткердің
ӛмір шындығынан алыс кетпегенінің белгісі. ХХ ғасырдың бас кезіндегі
оқығандардың әртектіден шығып, тіпті алғашқы кезде орыс оқуын кедей
балаларының кӛптеп оқығандығы – ойдан шығарылған нәрсе емес. Бұған сол
кездегі түрлі құбылыстар аз әсерін тигізбеген. Орыс оқуынан шошынған
байлар байыбына бармай, ӛз балаларын алып қалып, кедей балаларын
оқытқанына Әріп, Спандияр тағдырлары куә. Ахмет – солардың жиынтық
бейнесі.
Сонымен бірге Ахмет – ӛз дәуірінің шындығы мен автордың ӛзі тәріздес
ағартушылар тілегінен жаралған типтік образ. Сұлтанмахмұт осы ұнамды
кейіпкерінің іс-әрекеттерін сүйсіне суреттеу барысында, оның ӛз кезінің
шындығынан алыстатып алмауды айрықша қадағалайды, мүмкіндігінше, оны
уақыт, заман шындығы негізінде бейнелеуді назарда ұстайды.
Кӛзі ашық, кӛкірегі сара Ахмет қоғамдық дамудың қайшылықтарын жіті
аңғарады, бірақ қолдан келер қайран болмағандықтан, ӛкініштен басқа айла
жоқ. Сол тұстағы қазақ даласында етек алған теңсіздік пен әділетсіздік
Ахметтің тек жан дүниесінде реніш туғызып қана қоймай, оны тағдыр
тәлкегіне салады.
Сүйгені Қамарға қолы жетпей, жазықсыз жалаға ұшыраған Ахмет елден
безіп, оқуға кетеді. Ӛзін қолдар жанның, Қасен сияқты жӛн білер азаматтың
аздығы оны осындай дәрменсіздікке алып келеді.
Ал бұл дәрменсіздіктің ӛзіндік әлеуметтік себептері бар. Ол – зиялы
қауымның әлі де болса бас біріктіріп, әлеуметтік ортада ӛзіндік күшке ие
бола қоймауы.
Шығарманың соңында қиыншылықтың тезінен ӛткен, шындыққа кӛзі
жеткен Ахметтің шектен асқан айуандыққа күшпен қарсы шығудан басқа
амалы қалмайды. Қамармен қоштасарында: “Кӛрсеткен саған қорлық
жауыздардан, кетермін тым құрғанда ӛшімді алып”, - деген сӛзін ол
бұлжытпай орындап, бақсыға пышақ салады, Нұрымды жаралайды. Ӛзі де
“бұл дүниенің залым тұрмысынан ақыреттің әділ тұрмысына” сапар шегеді.
Шығарма оның осы бір оқыс қимылымен аяқталады. Автордың ӛзінің сүйікті
кейіпкерін мұндай іс-әрекетке алып келуінің психологиялық дәлелі ӛзін-ӛзі
ақтайды. Ӛзі тартқан тақсірет, сүйгенінің ӛлім аузындағы халі оны
ашындырмауы мүмкін емес. Осы бір әділеттсіздікке күш жұмсауға алып
келген шешім – кенеттен туғанымен, надандық пен зорлыққа қарсы күрестің
алғашқы белгісі. Ол Ахмет ӛлімімен бітіп қалмайды. Жалғасы ертеңде
жатыр. Қараңғылық түнегін түрер уақыт та жақын қалған болатын. Ахмет
бейнесі – ақпанның ақ таңы атар қарсаңдағы қазақ қоғамында енді-енді пайда
бола бастаған жаңа тұлға.
206
Қамардың ағасы Қасен романда негізгі кейіпкердің бірі ретінде
кӛрінбеседе, әділдікті, адамгершілікті жақтайтын жаңаның белгісі. Тіпті осы
Қасен – Ахмет ісін келешекке жалғастырар, автор үміт артқан елдің ертеңі.
Романдағы ерекше назар аудартатын, әдебиетімізде бұрын кӛріне
қоймаған образдардың бірі – Қамардың әкесі Омар. Омар – жаны таза, арына
дақ түсірмеуге тырысатын адал әке. Ӛмірдегі бар тілегі – жанындай жақсы
кӛретін қызының бақытты болуы. Омар Қамардың басына қауіп тӛнгенде
оны арашалап, қорғап қалу үшін бүкіл амал-әрекетін, қолдан келген күш-
қайратын жұмсайды. Оның мұндай нағыз әкелік, биік адамгершілік
қасиеттерге ие болуының негізгі себебін ақын Омардың “турашыл, сәулелі
кісі”, “қанша айтқанмен, оқыған” адам екендігінен іздейді. Сұлтанмахмұттың
бұл суреттеуінен оның әділдік пен турашылдықты оқыған адамнан күткен
ағартушылық идеясын тағы байқаймыз.
“Қамар сұлу” романындағы ендігі бір шыншылдықпен бейнеленген
образдар саласы – ұнамсыз кейіпкерлер бейнесі. Жазушы ХХ ғасыр
басындағы қазақ ауылындағы кері тартпа әдет-ғұрыптар мен надандық
туғызған зорлық-зомбылық, әділетсіз шешімдерді қоғамдағы озбыр
топтардың түрлі ӛкілдерінің типтік бейнелері арқылы шебер де ұтымды
әшкерелейді. Дін иелерін Қалтан қажы, Бәйтік молда, Әбділда ишан,
Кӛңілбай бақсы арқылы кӛрсетсе, билеуші таптың ӛкілдерін Оспан, Нұрым
образдары арқылы шынайы бейнелейді.
Қалтан қажы мен Оспан бидің шығармада Қамардың жақын туыстары
болып келуінің астарлы мәні бар. Жазушы оларды Қамарға туыстық
тұрғыдан жақындастыру арқылы ол екеуінің ӛздерінің қараниетті мақсаттары
жолында інісінің қызы – Қамарды құрбандыққа шалуға дейін баратын
мейірімсіз, айуандық қасиеттерін айқындай ашуды кӛздеген.
Сұлтанмахмұт бейнелеуінде оларға бедел, мәнсап, байлықтан ӛзге жақын
жоқ. Олар – жанында жылу, жүрегінде мейірім жоқ тоғышарлар. Қалтан мен
Оспан – күні ӛткеніне қарамастан жорға Нұрымдардың беделін пайдаланып,
шариғат жолымен де, ескі салт жолымен де елге билігін жүргізіп қалуды
кӛздеген ескі ел билеушілерінің қалдығы.
Романдағы ең басты жағымсыз образ – жорға Нұрым болыс. Бірақ ол
шығармада билік иесі емес, Қамардың басына қасірет бұлтын үйірген күйеу
ретінде суреттеледі. Қалтан қажы мен Оспан би арқылы ел билеушілердің
нашарға ӛктем, мықтыға тәуелді мүсәпір халін ашып кӛрсеткен жазушы,
Нұрымды кӛбіне билік үстінде емес, Қамарға қатысы арқылы танытуға
ұмтылған. Автор негізінен Нұрымның адамдық қасиетсіздігін, надандығы
мен пасықтығын, топастығы мен дүлейлігін ашу арқылы ӛктем жанның естен
кетпес типтік бейнесін жасаған.
Сондықтан да жазушы жорға Нұрымның портретімен мінез-құлқын
барынша шыншыл кӛрсетуге ұмтылып, Қамар аузымен де, авторлық
207
баяндаумен де жеріне жеткізе суреттейді. “Дүңкиген күйек сақал, сасық
ауыз”, “Малы кӛп, мал сияқты пасық-қақпас” тәрізді Қамар аузымен
берілетін мінездеме Нұрымның шын болмысын, шынайы бейнесін аша
түседі. Жазушы Нұрымның портретін былай береді: “…әліпті таяқ деп
білмейтін надан, пішіні де жаман, аузы толған боқауыз бен былш-былш
насыбай, ішпей мас, әрі лас, елу шамасында жасы бар, қой сақтардың
басындай басы бар, жай формының ӛзі сұп-суық, бүйі секілді түксиген,
күпсиген, бұқа мойын, ӛгіз құрсақ, алақан кӛз, жайын ауыз, добыра сақал,
тоқпақ мұрын, бір түрлі нысаналы жануар еді”. Міне, Қамар басына қара
түнек боп орнаған дүлейдің кейпі осы. Одан Қамардың мерт болмай аман
құтылуы мүмкін емес еді. Ахметтің соңғы арпалысында, оның жаралы болып
құтылып кетуі де Нұрым тектестердің әлі талай алдан тосып, аяқтан шаларын
мегзегендей.
Қорыта айтқанда, “Қамар сұлу” романы – ӛзінің замана жүгін кӛтерген
мазмұны жағынан да, шұрайлы тілмен ӛрнектелген кӛркемдігі жағынан да
жалғыз Сұлтанмахмұт шығармашылығындағы ғана емес, жалпы қазақ
әдебиеті тарихындағы ӛз орнын ойып алар туынды.
“Кім жазықты?” романы (1915) – Сұлтанмахмұттың екінші рет іргелі
жанрға қалам тартқан шығармасы. Әуелгі аты “Әжібай болыс”. Ақын
ӛлеңмен жазылған осынау шығармасын әуелі бір адамның тағдырына
байланыстыра жазуды кӛздесе керек. Кейіннен шығарманы жазу барысында
оның алғашқы кезде ӛзі жоспарлаған ырықтан шығып бара жатқанын сезіп,
шығарма атауын оның табиғатына сай ӛзгерткен болуы тиіс. Әдебиет
тарихында мұндай жайттар кӛптеп кездеседі. Ӛкініштісі - 1915 жылы
жазылған
бұл
шығарманың
бізге
түгелдей
жетпей
қалғаны.
Сұлтанмахмұттың “Кім жазықты?” романы – қазақ әдебиеті тарихындағы
ӛзгеше құбылыс. Бұған дейін әдебиетімізде ӛлеңмен жазылған роман бол-
маған. Сондықтан бұл шығарманың жанры туралы ғалымдар мен
зерттеушілер қилы пікірлер айтады. Оларды талдап, қайсысы дұрыс қайсысы
бұрыс екенін дәлелдеп жатудың қажеті шамалы. Зерттеу пікірлердің басым
кӛпшілігі бұл шығарманы роман жанрына жатқызады.
Романға ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамында
ӛмір сүрген бір отбасының үш ұрпақ буынының ӛмір жолын кӛрсету, сол
арқылы замана, дәуір жайлы ой толғау арқау болған. Сахараның билеушісі
Тасболаттың биіктен басталып, құрдымға кеткен тағдыры – шығарманың
ӛзекті желісі. Ақын оны былай таныстырады:
Достарыңызбен бөлісу: |