212
тұрғанына қарамастан, ӛмірге келудің ӛзі ұжмақ екенін ол ішкі түйсікпен
сезінеді. Ол үшін бәрі таңсық, бәрі қызық, ӛмір – тек шаттық пен қуаныштан
тұратын қызылды-жасылды дүние. Айналасындағы жан түршігерлік
құбылыстар оның әлі санасына сіңе қоймаған. Адамның жүрегіне дақ
түспеген, кӛңілін кір шалмаған тұс бұл. Яғни поэманың осы бӛлігінде
нәрестеге тән сезімнің ұғымдық шындығы бейнеленген. Және де осы бӛлімде
алда айтар ойларының, кейінгі тараулардың арқауы болар мәселелердің
желісі тартылғандай.
Кім біледі қоярсың еркімді алып,
Кім біледі, жоярсың кӛркімді алып,
Кім біледі бұл ерік, бұл кӛріктің –
Жоғалғанын білмеспін қайда қалып.
“Мен – жігіт” бӛлімінде лирикалық қаһарманның арманы, үміті артып,
алдындағы мың сан таңдауға жігерлі қадам басқанын кӛреміз. Ол ӛз
бақытына жету жолында кім болуға керек? Міне “...он бес – отыз
арасындағы” жігітті толғандыратын осы нәрсе. Қиялы шартарапқа самғаған
балаң жігіт ақыры нені таңдау керек деген сұрақтың жауабын табады.
Бай болу, хакім болу, алғыс, атақ –
Достарыңызбен бөлісу: