Мазмұны Кіріспе



бет12/16
Дата06.01.2022
өлшемі130,17 Kb.
#15741
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Курстык жумс педагогика

әдіс – тәсілдері.

Бүгінгі таңда ата – аналардың жанұя тәрбиесі жағдайында бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда дайындығын арттырудың бір жолы оларға жүйелі түрде білім беру болып отыр. Ол ата – аналар жиналысы, ата– аналар университеті, сұхбаттар мен әңгімелер және басқа да іс – шаралар мазмұнына ендірілу арқылы жүзеге асырылады.

Бастауыш сынын оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда ата -аналарды мектеп жұмысына тарту арқылы нәтижелі еңбек етіп жүрген ғалым педагогтар тәжірибесіне сүйенсек, Ш.Амонашвили ол мектепті балалардың үлкен өмірге даярлығын қалыптастыратын "өмір мектебіне" берген ата - аналар мектептің алдағы оқу тәрбие үрдісіндегі мақсатымен хабардар етілуі керектігін айтады. Кейбір жаңадан ендірілген білімдермен, әрекеттермен (оқу құралдарының, сабақ өту дәстүрлерінің өзгеруі) ата-аналарға оқу бағдарламаларының мазмұны шектен тыс көп сияқты болып көрінуі мүмкін дейді.

Сондықтан, әсіресе, бірінші оқу жылдарында ата – аналармен шыдамдылықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонда біртіндеп, "өмір мектебі" ата-аналармен ынтымақтастық қарым - қатынаста бола алады. Бұл процестің қарқынын, яғни мектептің жанұя тәрбиесіне ықпалын арттыру үшін "өмір мектебі" ата — аналарға есігін айқара ашады. Бұл ата - аналарға балалармен өткізілетін әртүрлі тәрбиелік іс-шаралар мен сабақтарға қатысуына мүмкіндік туғызады деген сөз. Тіпті кейде, ата - аналар арнайы дайындықты талап ететін үйірмелерді басқаруға, саяхаттар мен серуендерді ұйымдастыруға шақырылады. Оларға оқушылар тарапынан концерттер мен қойылымдар, көрмелер ұйымдастырылып, ынталандырылады. Қажетті болғанда мұғалімдер мен сынып жетекшілері жанұяда оқушы арқылы баласының сабақтағы үлгерім жетістіктері мен ұнамды әрекеттері жайлы хабарлап, хаттар жолдайды. Жылына екі рет ата - аналар өз балаларының жетістіктері туралы толық баяндалған пакеттер алады.Пакетте баланың жеке басының рухани-адамгершілік дамуына педагогикалық мінездеме беріледі.

"Өмір мектебінің" ата-аналармен жүргізетін жұмысының негізгі мақсаты мыналардан тұрады:

Біріншіден, ата - аналар мектепті балалардың шын жүрегімен қабылдайтын үйі деп санап, өздері де мектеп жұмысына көмектесуге дайын болуын қамтамасыз ету;

Екіншіден, ата - аналарды жанұяда балаларымен өзара тұлғалық -гумандық қарым-қатынаста болуға үйрету.

Көптеген педагогтар тәжірибелерін қорытындылай отырып, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуды сынып жетекшілерінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының төмендегідей әдістемесін ұсынуға (№ 5 кестесі).

Жанұя тәрбиесі жағдайында бастауыш сынып оқушыларын жеке тұлғасын қалыптастыру ата - аналардың педагогикалық білімін жетілдіру

жұмыстарын жүргізу өте тиімді. Ол ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың мазмұнына жанұя тәрбиесі мәселелері жайлы білімдерді ендіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, ең алдымен сынып жетекшілерінің білімін көтеру жолдарын іздеу ата – аналардың педагогикалық білімін көтеруде пайдаланылатын білімдер қорын ең алдымен сынып жетекшілерінің жетік меңгеруі тиіс.



Сынып жетекшілердің ата - аналармен жұмыс істеудің тағы бір әдісі - ата - аналар жиналысы. Бұл сынып жетекшінің отбасымен байланысының аса маңызды түрі. Ата - аналар әр мектепте, әр түрлі кездерде, әр түрлі жағдайларда болады.

Ата - аналар жиналысы біздің мектепте оқу жылының басында және әр тоқсанның аяғында, әр мерекенің, кештердің алдында өткізіледі.
Бұл жиналыста ата-ананың көңілін сынып жетекшісі өзіне аудару жөнінде кіріспе баяндамалар оқып кетеді. Сонан соң күн тәртібінде қаралатын мәселелерді ескертеді. Жақсы дайындалып, шебер өткізілген жиналыстар балалар мінез - құлқын дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Алғашқы жиналыста мұғалім ата-аналар комитетінің құрамын сайлайды. Бұл мәселені ата-аналардың өздері келісіп шешкен жөн.

"Сынып жетекшісінің жұмысы туралы" әдістемелік хатта былай делінген: "Ата-аналар жиналыстарында педагогикалық оқу-ағарту жұмыстарымен қатар мектеп пен отбасында бала тәрбиелеудің тәжірибесін алмасу жүзеге асырылады, ата-аналар қолданып жүрген тәрбие әдістерінің сәтті және сәтсіз жақтары талқыланады".

Сынып жетекшілері тақырыптық жиналыстарды да жиі өткізеді. Олардың мақсаты ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып, отбасында бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімеи таныстырып отыру болып табылады. Жиналыстардың тақырыбы тәрбие жұмысын бүгінгі күннің талабына сай және ата-аналардың талаптарына байланысты алынады. Мысалы: "Баланың жақсы оқуына қалай көмектесуге болады?", "Балаларды отанды сүюге тәрбиелеу", "Балаларды шындыққа және адалдыққа тәрбиелеу", "Отбасында баланы ынталандыру", "Ата-ананың беделі және жеке басының үлгісі" т.б. Ата-анамызға арналған жиналыстарға жоғары сынып оқушыларынан қатысып күрделене түседі. Жиналысты үлгермейтін және тәртіпсіз оқушылардың ата-аналарын талқылау органына айналдыруға болмайды, дұрысы тәртіп пен үлгерімді жақсарту айтылғаны мақұл. Жиналыстарға ата - аналар келмеу себептері балаларының үлгерімдерін айтып, көңіл-күйін төментеду сияқты, олар үйде балаларын ұрып-соғады. Бұл жерде ата-аналардың намысына тимеу керек. Қазіргі таңда ата-аналар жиналысына көбіне аналары келеді де, әкелері қалып қояды. Сол үшін жиналысты әкелер жиналысы, әжелер жиналысы деп бөліп шығаруға болады. Біз бастауыш сыныптағы ата-аналар білімін жетілдіру мақсатында төмендегідей лекциялар бағдарламасын жасадық. Бастауыш сыныптағы ата-аналары үшін отбасы тәрбиесі бойынша лекциялар бағдарламасының мазмұны:

1 дәріс. Тақырып: Отбасындағы өзара түсінбеушіліктің тұрмыстық адамгершілік негізі. (2 сағат, практикалық)

Отбасы өмірі, ондағы психологиялық ахуал, отбасы мүшелерінің көзқарасы мен қарым-қатынасы туралы ғылыми - теориялық хабар. Отбасы мүшелерінің өзара түсінбеушілігінің педагогикалық - психологиялық тұрғыдан түсіндірілуі. Ата - аналардың пікірлері мен жеке тәжірибелерін тыңдау. Олардың отбасы өмірін ұйымдастыруының әр түрлі қырын анықтауға арналған тестін немесе анкеталық сұрақтарға жауап алу. Солардан қорытынды шығару.

2 дәріс. Бүгінгі отбасы тәрбиесінің ерекшелігі мен мүмкіндіктері (2 сағат)

Мұнда қарастырылатын мәселелер: бүгінгі жеке бастың қалыптасуындағы қоғамның талабын қанағаттандыруда отбасы мүмкіндіктері мен ерекшеліктері. Ғылыми және халықтық, сондай-ақ әлемдік педагогика жетістіктерін тәрбиелеуде қолдану жоспарын қарастыру. Осы мәселені зерттеген ғалым педагогтар еңбектерімен танысу. Ата-аналаларды өз еліміздегі, қаламыздағы әр түрлі деңгейдегі тәрбие институттарының мүмкіншіліктерімен таныстыру. Ата - аналар тәжірибесінен пікірлерін тыңдап, ой бөлісу оларға отбасы өмірін ұйымдастыруды дұрыс әрекет етуге бағыт беру. Ұл балалар үшін әкелер жиналысы, қыз балалар үшін аналар жиналысы өте қолайлы. Осы жиналысқа байланысты отбасы тәрбиесі бойынша ата-аналардың білімін жетілдіру іс жүзінде мынадай сайыс өткізуімізге болады. Бұл - "Шаңырақ сыны" сайысы. Сайысқа ор отбасы балаларының жас ерекшеліктері 1 - 4 сынып аралығында болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет