255
Кӛзіңді аш, оян қазақ, кӛтер басты,
Ӛткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым енді жату жарамасты.
Осы тӛрт жолдан ақынның бүкіл тыныс-тіршілігінің болмысы
танылғандай. Елі әлгіндей күйде болғанда, ақын жүрегі қалай тебіренбей
тұра алсын. Елін ӛлеңмен оятуға ұмтылған ақын негізгі түйінді мәселелерді
нақты айқындап, назар салар тұсты дәл меңзейді. Осы тӛрт қасіреттен
туындайтын зар-мұң бүкіл жинақтың ӛнбойына ӛзек болуы да сондықтан.
Кітаптағы “Сӛз басында” М.Дулатов былай дейді: “Дүниеге қатынасып
жүрген оқыған азаматтарымыз болмаса, біздің ғумуми қазақ халқы пайдалы
нәрселерден бейхабар еді. Себебі: дария қасындағы тамшы секілді,
оқығандарымыз аздығынан халқымыз шаһар ретінше емес, кӛшпелі әр жерде
бытырап жүргендіктен, заман ахуалынан хабар білерлік оқуға ӛз тілімізде
газет жоқтықтан, татар туғандарымыздың әдеби тіліменен жазылған газеттері
оқу оқымаған халыққа түсініксіздігінен дүниеде болып жатқан ғажайып уа
ғарайыптан пайдалана алмай, біздің халық дүние сарайының бір қараңғы
түкпірінде ұйықтап, ұмыт қалған секілді болып тұр. Сӛйтіп, заманымыз күн
сайын түрленіп келеді, мұнан бұрын ӛткен он бес жылменен бүгінгі
халқымызды салыстырсаңыз да аз уақытта кӛп таршылықта қалған
секілдіміз. Әлі де болса бұрынғыдай қозғалмай, ғафілдікте жата берсек, енді
аз заманда нешік болмақшымыз?
Қой, бүйтпелік әр халықтың күші ӛнер болса, ол ӛнерге… қазақтар да
ортақ болса керек, соның үшін мұсылманша ғылымдар оқып… надандардың
кӛзін қойып, кӛңілін ашып мұнымен ахиреттік пайдамызды табалық! Екінші
– дүниемізде қажетті хақыларымызды алып, жерімізді, малымызды сақтау
үшін, басқалардан қорлық кӛрмес үшін орысша оқып, ӛнерлі болайық!
Орысша білмегендіктің зарарын, білу парыз дәрежесінде қажет екендігін
міне, мұнан байқаңыз: Россия мемлекетінде жүз қырық милионнан артық
халық бар, һәммәсі жүз тоғыз тілмен сӛйлейді, соның ішінде үстем тіл орыс
тілі күллі хикмет махкамаларындағы жұмыстар орыс тілінде болады,
закондар һәм солайшы.
Әркім ӛз қолында барынша жомарт болғаны секілді, мен де ӛз
мағлұматымша бишара халқымызға пайда келтірмек
мақсатымен осы кітапты
жаздым”
79
.
Міржақып “Оян, қазақты” жазғандағы мақсатын қарапайым қазақ
оқырманына осылайша түсіндіріп, бар мақсатын алдына жайып салады. Абай
мақсаты оның жүрегінен берік орын тепкенін осы “Сӛз басынан” тап басып
79
Дулатов М. Шығармалары. – Алматы, 1991. – 19 б.
256
танимыз. Қос ақындағы ортақ мақсат “Наданның кӛзін қойып, кӛңлін ашпақ”.
Ұлы арман соған жетер жолды дұрыс таңдауға тығыз байланысты емес пе?!
Ендеше ӛзге озық елдерден ӛнер, ғылым, үйрену, ӛз тіліңмен қатар саясаты
үстем жұрттың тілінде меңгеріп, безбен басын теңгергеннен ұлтың ұтпаса,
ұтылмасы хаһ. Міне ақынның ӛзекжарды “Сӛз басы” осыны меңзейді, осыған
жӛн сілтейді.
Ақынның ӛзіне қояр талабы да зор. Отаршылдық торына шырмалған
ұлтын ұлан жолға салу үшін, алдымен ӛз бағаңды бағалай білу қажет.
Адасқан сорлы жұртты жарға итермей, жарыққа шығар сәулені кӛрсету үшін
ӛз бойыңда нұрлы сәуленің шуағы мол болғаны жӛн. Міне, ақын осыны
ұғынған, ұғынып ғана қоймай ӛзгеге жеткізе де білген. Сондықтан да оның
әрбір ӛлең жолынан азатшыл рух, азаматтық сарын ӛзгеше леппен есіп
отырады. Уақыттың талабына
тән ұраншылдық басым болғанмен, ол – құрғақ
айқай емес, жүрегін езген қасіреттің ашынған үні. Ақынның жалпақ жұрттан
бұрын алдымен ӛзін-ӛзі қамшылауы осыдан туындап жатса керекті.
“Оян, қазақтың” беташар ӛлеңі “Қазақ халқының бұрынғы һәм бұ күнгі
халы” деп аталады. Ӛлең былай басталады:
Достарыңызбен бөлісу: