258
Шен алып, шекпен кигеніне мәз болғандар туған халқын сатып, кӛгеріп
жатқаны ақын жанын қалай ӛртемесін. Ӛз ішінен шыққан озбырлар елін
езген сыртқы жаудан бетер екені бесенеден белгілі. Ақынның оларға қатты
шүйлігуі де сондықтан.
Батыра айтып, кӛзге шұқу ӛз жұртын жек кӛруден туған сезім емес, ел
қамын жеген ақынның осал жерді айтып, қатты сӛзбен жамандықтан
жирендіріп, жақсылыққа тез қадам бастыруды ойлаған қам-қаракеті.
Бұл жолда Міржақыптың басты сүйенер тірегі – ӛзі тектес, сӛзі үндес
зиялы қауым. Әлихандай, Ахметтей ағаларының “Ақ жолына” сенім артып,
үнемі оларды жоғары кӛтеріп отырады. Ақынның оларға деген ыстық
ілтипаты мен сенімі “Ӛнерін халық пайдасына жұмсап жүрген оқыған-
дарымызға” атты ӛлеңінен кӛрініс табады:
Достарыңызбен бөлісу: