268
әдебиетінде жетекші жанрға айналған роман жанрына тұңғыш түрен салған
шығарма.
А.Байтұрсынов 1914 жылы “Арысұлы” деген бүркеншік есіммен жазған
“Роман не нәрсе
” деген мақаласында Міржақыптың “Бақытсыз Жамалы”
туралы “Қазақта бұрын роман жоқ еді. Біздің арамызда қазақша бірінші
роман жазып шығарған Міржақып Дулатов болды. Оның “Бақытсыз Жамал”
деген романы 1910 жылы басылып жарыққа шықты…” – десе, С.Сәдуақасов:
“Меніңше, Міржақыптың “Бақытсыз Жамалы” да ескермеген ескі мұраның
бірі. Бақытсыз Жамал – сүйгеніне тие алмаған қазақ қыздарының бірі. Оны
бақытсыз еткен – малына сенген таз Жұман…”, – деп, романға замананың
кӛкейкесті мәселесі арқау болып, ӛз кезеңіндегі ірі шығарманың бірі
болғандығын нақты айтады.
Ал, кӛрнекті сыншы Қошке Кемеңгеров романның жұртшылыққа кең
тарағандығын айта келіп: “Міржақыптың “Бақытсыз Жамалы”, “Бедная
Лиза” сияқты болған”, – деген қорытынды жасайды. Кезінде қазақ
оқығандары мен қарапайым оқырмандарының жылы қабылдауына ие болған
туынды қазақ прозасының дамуындағы үлкен белес болып табылады. 1914
жылдары бұл шығарманың жанрын роман деп айқындаған Ахаң, 1926 жылы
шыққан “Әдебиет танытқышта” басқаша пікір айтқан. “Ұлы әңгіме түрде
қазақ тілінде басылған шығарма әзірше жоқ. Міржақыптың “Бақытсыз
Жамалына” роман, ұлы әңгіме деп ат қойылса да, ӛресі мен ӛрісі шағын
болғандықтан, ол ұлы емес ұзақ әңгімеге (повесть Ӛ.Ә.) жақын”, – деп баға
берді. Дегенмен М.Дулатовтың бұл шығармасы ӛзінің олқылығымен де,
ӛзгелерден озық тұрған жетістігімен де қазақ прозасындағы алғашқы роман
ретінде бағаланары сӛзсіз.
Романның ӛлеңмен жазылған сӛз басында:
Достарыңызбен бөлісу: