Кӛп құлағы мақта менен тығулы,
Қасқыр қуып, үріккен қойдай ығулы.
Құбыжық бар десе қорыққан баладай,
Су жүрек боп сорлы қазақ бұғулы.
Жалыны ыстық жас ғұмырым шыдатпай,
Теріс істі пәк ұжданым ұнатпай.
Тоқтай алмай басым тасқа жеткенше,
Қарсы шауып қайырылған ӛткір болаттай…
Жаудың бетін қажып тұрмыз бұра алмай,
Бұрмақ түгіл шыдап қарсы тұра алмай.
Күннің кӛзін қара бұлыт жасытып,
Күлімсіреп нұрын шашып шыға алмай.
Міржақып – тек халық қамын ойлаған, жеке бас мүддесін елінің
мүддесінен жоғары қойып кӛрмеген, халқының азаттығы жолындағы күреске
басын байлаған ақын.
Аяусыз жаным, мен құрбан лағың,
Болса алуға, қаным себеп, мұрадың.
Болайын сүйінші: жұлдызы жанып бақыттың,
262
Сені кӛркейді деп естісе құлағым, –
дейді ол “Арманым” атты ӛлеңінде.
Ақынның үшінші жинағы “Терме” 1915 жылы Орынборда жарық кӛреді.
Екі кітапта ортақ тақырыптық байланыс болғандықтан, қатар ала отырып
қарастыруды жӛн кӛрдік.
Бұл жинақтардан біз ақындық шеберлігі жетілген, ӛлең ӛнерін мейлінше
меңгерген, ой айтудың астарлы сырын ұстанған ақынды танимыз. “Оян,
қазақтағы” ӛршіл сарын сақталғанмен, ақынның нәзік жанын, сыршыл
сезімін ашар лирикалық сипаттың бой кӛрсетуі кӛзге түседі. Кеше ғана “оян,
халқым” деп, адуынды келетін “ащы айқай” ақыны жүректі тербер жыр
жазып, ӛз оқырманын лирикасының терең тұңғиығына жетелеп, кӛркемдік
сырына қанықтыра түседі. Бұл жинақтардағы ӛлең ӛрнегінен тың теңеулерді,
бейнелі образдарды, сыршыл суреткерлікті байқаймыз. Дегенмен, Міржақып
ӛзі ұстанған бағытына ӛте берік, қатты сынды қаймықпай, батыл айту – оның
поэзиясының алтын қазығы.
Ақылын жанашырдың алмаушы едің,
Сӛзіне сірә құлақ салмаушы едің.
Қымызға шекең қызып, етке тойсаң,
Пайдасыз құрғақ дауға талмаушы едің.
Жаз жимай қыс азығын жатушы едің,
Арзанға қымбатыңды сатушы едің.
Ермекпен табар пайдаң болмаған соң,
Борышқа шаш-етектен батушы едің.
Осы сияқты жинақтағы қатқыл үнді, қатал сындар кейде сырлы да мұңлы,
сезімге толы лирикалық ӛлеңдермен алмасып отырады.
“Азаматқа” біраз аударма ӛлеңдер енгізіп, Пушкин, Лермонтовтардан
ӛнеге алған ақын сол жылдары орыс классиктерінің шығармашылығына
қатты кӛңіл аударып, поэзияның соны сипатты үлгілерін қазақ
жұртшылығына молырақ жеткізуді мақсат еткен секілді. Қазақ оқырманын
орыс поэзиясының озық үлгілерімен таныстыру, олардың ой-санасына жаңа
тәсіл, соны үрдіспен әсер ету арқылы ақын ӛзінің шығармашылық
мүмкіндігінің жаңа қырын да байқатты. Бұның бір белгісін ұлы Пушкиннен
аударған “Гүл” ӛлеңінен байқауға болады.
Кітаптың арасында ұмыт қалған,
Иіссіз кепкен гүлді кӛзім шалған, –
263
деп басталатын аударма қазақ ұғымына дәлмедәл келіп, құйылып түскен.
Пушкин “Гүлінің” мәні мен мағынасы, ӛлең формасы айнытпай беріліп,
айтар ой ажары айшықты ӛрілген.
Қайда ӛстің, қай уақытта, қайсы жазда?
Кескен кім, кӛгердің сен. Кӛп пе, аз ба?
Пушкиндегі сұрақтар дәл түпнұсқасындағыдай қуатпен келісім тауып,
орайлас соғып жатса, ол ақын шеберлігін айқындары хақ.
Ақынның “Сұлу қызға” деген тӛл туындысы осындай аудармалардан үлгі
алған ӛнегенің шарапаты екенін жоққа шығара алмаймыз. Әдемі тӛгіліп
түскен сұлу лириканың куәсі болғандаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |