Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет128/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

Жейтұғын ӛз күшігін болдым бӛрі, 
Ісімді мынау ағат немен жабам. 
Қарабет болдым алаш баласына, 
Ер дер ме енді мені Абылай данам. 
 
Баянның  кейінгі  қалмақ  қолы  туралы  хан  шешімімен  келіспеуі 
мойындамау  емес,  жан  жарасына  ем  іздеу.  Оған  соғыс,  қанды  қанмен  жуу 
қажет,  ішкі  әлеміндегі  арпалысты  алапат  айқаспен  басу  қажет.  Яғни  ӛзі 
жазалауды аңсайды батыр Баян. Ӛзі айтқандай “Қан кӛрсе, қас қыранда шер 
тұра  ма?!”  Оның  Абылай  қолы  шегінер  кездегі  жүз  жігітпен  ажалға 
сескенбей қарсы баруы, қан майданда ерлікпен қаза табуы – ӛзіне шығарған 
үкім. Поэманың романтикалық сарыны осы тұста айрықша кӛзге шалынады. 
Баян  –  ажалдан  қаймықпаған,  “күнәсін”  қанмен  жуған  –  романтикалық 
қаһарман.  Сан  тарау  сезімге  серік  болған  махаббат  трагедиясы  осындай 
романтикалық ірі пафосқа алып келеді. Соңғы сәт! Соңғы дем! Ақын тағы да 
кейіпкердің ішкі әлеміне үңіледі: 
 
Тағы ашты жұмған кӛзін, тағы кӛрді, 
Алдында тұрған жас пен толқын шашты. 
Екеуі құшақтасып жап-жақын тұр, 
Басымен ишара етіп амандасты. 
  
Бұл  кешірім  бе?..  Жоқ!  Үзілер  сәттегі  шарқ  ұрған  сезімнің  алдамшы 
кӛрінісі.  Жанның  санадағы  құбылысы  арқылы  ішінде  кеткен  ақынның  ішкі 
әлемнің  мың  толқын  иірімін  ашуға  ұмтылысы.  Оны  толықтыра  түсу  үшін 
ақын тағы да монологқа жүгінеді. 
 
“Кӛзімнен неге ақпайды қан боп жасым
Жан беріп, жазғаным ғой жан жарасын. 
Кетсе де жаннан жара, қан кетпек пе? 
Дариға жазамнан да күнәм басым! 


305 
 
Күнәмді тәңірім кешпес, кешер бірақ
Жауында жан берген соң алты алашым!” 
 
Ел  намысы  үшін  қос  ғашықтың  жас  жанын  қиған  күнәсін  алты  алашы 
кешіреріне сенімі бар Баян “қос қарағынан” кешірім сұрап, дүниеден озады. 
Мағжан  тарихи  шындықтан  ӛзі  екшеп  алып,  қиялына  қанат  бітіріп, 
жүрегін  жарып  тужырған  туындысына  кӛркемдік  шындықты  шырақ  еткен. 
Тарихтағы Баян дәл мұндай болмаса да, дәл осылай ерлікпен қаза таппасада, 
алғашқы  ғашықтық  желісін  ел  намысына  жеңдіру  арқылы  ӛз  арын 
арашалаған  ұлттық  ұлы  айбары  –  Батыр  Баянның  мәңгілік  идеал  кӛркем 
бейнесін дәуір шындығымен астастыра отырып сомдаған. Шығармада ӛткен 
ӛмірдің реалистік шындығы мен мұндалап тұр. 
Мағжан… “тарихи адамдарды ала ма, ертегі айта ма, ұран сала ма бәріне 
де  ақынның  ойлағаны,  сезгені,  жүрегінің  қайғыруы,  жанының  күйзелуі, 
кӛңілінің  кірбіңі  кӛрініп  тұрады”  дейді  Жүсіпбек.  Рас.  Бұған  қосарымыз 
ұлтжандылығы, тіпті, мейлі, “ұлтшылдығы” танылып тұрады.  
“Батыр  Баянда”  ашу  қысқан  соқыр  сезім  мен  махаббат  атты  мӛлдір 
сезімнің  арпалысын  суреттей  отырып,  ақын  оқырманды  небір  қиырға 
салдырған  ойға  Батыр  Баян  кім?!  Ардақ  тұтар  тұлға  ма?..  Жоқ  әлде  інісін 
ӛлімге  қиған  қанішер  ме?..  Жо-Жоқ!  Батыр  Баян  елі  үшін  жаралған  –  ұлт 
ұланы. Ӛйткені 
Алаштың ардагері Батыр Баян, 
Бір қырда қала берді топырақ қауып. 
Жаудан да мейірімді боп жылады жел
Күңіреніп, ер денесін құммен жауып, – 
 
деп, ақын батыр Баянның ашумен істеген ісі үшін ӛзін-ӛзі жазалауын түсінуді 
кейінгі ұрпақ үлесіне қалдырады. Ақын оның ел есінде мәңгілікке қаларына 
сенеді. 
 
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас, 
Ел үшін тӛккен ерлер қанын жұтқан
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас. 
Арқаның селі, желі, шӛлі, белі, 
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас! 
 
“Батыр  Баян“  –  реалистік  шығарма.  Мағжан  поэмасының  реализмі 
кейіпкерлерінің  тарихи  нақты  тұлғалар  екендігімен  емес,  оқиғаны 
суреттеуінің  кӛркемдік  шешімі  мен  ӛмір  шындығының  сай  келіп  жатуымен 
дәлелденсе керек. 
Жалпы алғанда, Мағжан шығармашылығы – қазақ поэзиясына ӛзгеше леп 
әкелген,  соны  шығармашылық  ізденіс  жемісі.  Қазақ  оқырманы  Мағжан 
поэзиясын  енді  ғана  тұщына  оқып,  “мың  қайталап”,  жанына  ләззат  тауып 
жатуының  сыры  осында.  Қазақ  әдебиеттану  ғылымы  оның  ұлттық  ақын 


306 
 
ретіндегі  ұлылығын  енді-енді  тану  жолына  түсті.  Мағжантану  мәңгіге 
жалғасын табады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет