320
Ұмытылмас жыл, ӛмірі ұзақ мәңгі жыл.
Теңдік, теңдік – тіршіліктің тұтқасы,
Бірлік, ерік, бостандықпен атқан гүл, –
деп, ақын бұл жылдың қайшылықты да күрделі сипатын, буырқанған замана
ағымын, дүлей дауылды құбылысын ашып, “ардақты жыл”, “атақты жыл”,
“қанды жыл” деп мың құбылған бітім-болмысын тап басады, нақты ашады.
…Қара күштің жаман ойын тапқан жыл,
Кем-кетікті, кеміс күнде жаққан жыл.
Баулы бұлбұл байлауынан босанып,
Жаңа күннің жарық шамын жаққан жыл…
…Сенде рахат, сенде жеңіс, сенде гүл,
Әлді-әлсіз айырусыз сенде бір.
Тарих беті, жұрт аузында ұмытылмас,
Жылдың жылы, жыл патшасы – сенсің гүл!
Жас ақынның бұл жылдары үлкен ізденіс үстінде болғаны шындық.
Орынбордағы оқытушылар семираниясында оқып жүріп, орыстың, батыстың
классикалық поэзиясынан кӛп үйренгенді. “Жас ақын ел ӛміріндегі –
революцияны құшақ жая қабылдайтынын жасырмайды” – дейді, зерттеуші
Ы.Дүйсенбаев ақын ӛмірінің осы кезеңі туралы. Дұрыс та шығар. Тӛңкерістің
болашақ кесапатын дәл сол жылдары кім ұқты дейсің?! Жүректің қан
жылайтыны кейінгі жылдар! Оған әлі уақыт бар еді.
Ақынның ӛнімді де белсенді еңбек еткен жылдарының бірі – 1920 жыл
екенін жоғарыда айттық. Бұл тұста ақын поэзиясының кӛркемдік кестесі
әрленіп, ӛлеңдегі ой ӛткірлігі, ішкі тебіреніс қуаты арта түскен. Осы жылғы
ӛлеңдерге тән басты бір ерекшелік, ақынның азаматтық үні айқындала
түскендей. Неге десеңіз, осы жылдан бастап Бернияздың кӛп нәрсеге кӛзі
жетпегенімен, кӛңіл толқысынан белгі бере бастағанды. Сондықтан болу
керек ӛлеңдеріндегі әлеуметтік тақырып кӛбірек кӛзге шалынады. Ақынның
“Алға”, “Қу-ларға”, “Заман-ай әніне”, “Жаз”, “Ел ерлеріне”, “А, дариға-ай”,
“Күз”, “Ер жігітке”, “Кім бар?” лирикалары осы сипатымен құнды. “Ел
ерлеріне” деген ӛлеңінде ақын қазақтың бұрынғы ӛткен халы, талайсыз
тағдырына назар салады. Кӛңіліне күдік ұялағанда ақындар қашанда ӛткенге
үңілері белгілі. Бұл ӛлең кезіндегі зерттеулерде тек таптық түсініктен ғана
қаралып, талданылып келді. Шындығына келсек, ӛлең мазмұнына тап
теңсіздігі емес, қазақ ұлтының теңсіздігі арқау болған. Отаршылардың
халыққа әкелген кесір-кесепаты, жалпы отаршылдықтың ауыр зардаптары
ӛлеңде нақты бейнеленген. Ақын ӛзі қайырылып отырған Ел ерлерінің есіне
отаршылдардың зобалаңы мен зұлымдығы, қаныпезер қаталдығы мен
озбырлығы бас кӛтертпеген кезең тарихын салады.
Достарыңызбен бөлісу: