Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет143/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

ҚОРЫТЫНДЫ 
 
ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ  әдебиеті  ӛзіне  дейінгі  ұлттық 
әдебиетіміздің  бар  асылын,  үлгілі  дәстүрін  ала  отыра,  дәуірге  сай  жаңа 
кӛркемдік  мүмкіндіктерді  ашты.  Әсіресе  мұндағы  Абай  ӛнегесінің  құнарлы 
болғанын  атап  айтқан  абзал.  Жаңа  ғасыр  табалдырығын  шығармашылық 
талаппен  аттаған  жас  ақын-жазушылардың  қай-қайсыда  Абайды  ӛзіне  пір 
тұтты,  шама-шарқынша  “бас  ақын“  межелеген  биіктен  кӛрінуге  тырысып, 
түрлі  ізденістерге  бой  ұрды.  Дәстүрді  жалғастыру  мен  жаңашылдыққа  ден 
қою ой-сана тұтастығына, идеялық-кӛркемдік бірлікке алып келді. 
Әрине, ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиетте түрлі бағыттар қалыптасып, 
әр  бағыттағы  ақын-жазушылар  шығармашылығындағы  ӛмір  шындығын 
суреттеу сан-алуан реңктер тапқаны рас. Бірақ әдебиет атты ұлы айдынға бет 
алып,  сылдыр  қаққан  тұма  бұлақтар  бір  арнаға  құйып,  бір  түйінге  бекіді. 
Бәрін  біріктірген  ортақ  ұлы  мақсат  ұлттық  сананы  оятып,  азаттыққа  қол 
жеткізу болатын. 
Белгілі  бір  дәуірде  ӛмір  сүрген  суреткерлер  шығармаларында  болжалды 
идея  үнемі  бірыңғай  күйде  кӛрініс  таппай,  сан-салалы  кӛркемдік  шешімдер 
арқылы бой кӛрсететіні ақиқат. Сондай-ақ, әдеби шығармада кӛрініс табатын 
қоғамдық  ӛмір  шындығы  мен  әрқилы  адам  тағдырын  дайын  қисын-
қағидаларға  бағындыру  арқылы  бағамдау  жӛн  болмас  еді.  Әдебиеттің 
қалыптасу,  даму,  жетілу,  ӛсу  жолдарын  дайын  қалыпқа  салып  бағалау, 
жадағайлыққа ұрындырары hах. Әрбір әдеби бағыттың, кӛркемдік әдістің ӛз 
шеңбер  шегі,  шектеулі  мүмкіндіктері  бар.  Әрбір  үлкен  суреткердің 
айқындалған бағыты бар, ол сол ӛзі ұстанған бағыт жолында еңбек етеді.  
ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  әдебиет  ӛмір  шындығын,  ұлт  мүддесін, 
замананың ӛркениетті кӛріністерін алға тарта отырып, ӛз кезіндегі озық ой-
санадан  ӛріс  тапты,  соны  жетекші  идеяға  айналдырды.  Мәселен  ХІХ 
ғасырдың екінші жартысындағы ағартушылық идеяның ХХ ғасыр бас кезінде 
азатшылдық идеяға ұласуы. 
Біз  осы  оқу  құралында  екі  нәрсеге  басты  назар  аудардық.  Алдымен  ХХ 
ғасыр  бас  кезіндегі  қазақ  әдебиетіндегі  идеялық-тақырыптық  ізденістерге, 
сонансоң оның биік деңгейде кӛрініс табуына игі әсер еткен әдеби-кӛркемдік 
ізденістерге.  Жан-жақты  ізденістердің  белгілері  ретіндегі  дәстүр  мен 
жаңашылдық,  аударма  тәжірибесі,  жанрлық  тұрғыдан  баю  да  назардан  тыс 
қалмады.  Сонымен  бірге  Абайға  ілесе  шыққан  ізбасарлардың  Абай  рухына 
жақындарының  шығармашылық  тұлғасын  айқындауға  баса  кӛңіл  бӛлдік. 
Олардың  әр  қайсысы  қай  бағытты  жанына  жақын  тұтты,  сол  арқылы 
әдебиетке  қандай  ӛзіндік  жаңалық  әкелді,  міне  осы  тұрғыдан  бағдарлауға, 
осы тұрғыдан танытуға тырыстық. 
Ол  үшін  әуелі  тарихи  кезеңге  кӛз  салу  керек  еді.  Оқулықтың  қамтитын 
тұсы  ХХ  ғасырдың  алғашқы  ширегі  болғандықтан  да  заманаға,  уақытқа  ӛз 
үрдісінен үңілуді, бүгінгі кӛзқарас биігінен қарауды қажетсінеді. 
Әдебиет  қашанда  болса  ӛз  дәуіріндегі  қоғамдық  ӛмірмен,  оның  жаңа 
ӛзгерістерге  бейім  жағдайымен  тығыз  байланысты  болып  келеді.  Әдебиет 


335 
 
қоғамдық  даму  бағытына  орай  ӛзгеріп  отыратындықтан  сӛз  болып  отырған 
әдебиет  кезеңіндегі  тарихи-әлеуметтік  жағдайды,  оның  басты-басты 
сипаттарын  айқындап  алмай,  ӛз  тұсындағы  қоғамдық  ӛмірдің  бар 
құбылысын,  айнадай  жарқыратып  кӛрсететін  әдебиет  жайлы  сӛз  қозғау 
мүмкін емес. 
ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ  әдебиеті  ӛз  дәуіріндегі  мәні  зор  үлкен 
мәселелермен  қоян  қолтық  араласып,  олардың  түйіткілін  шешуге,  сырын 
ашуға  ұмтылды.  Бұлар  қандай  мәселелер  дегенде  алдымен  ауызға  ілігері 
ағартушылық.  Осы  мәселе  ӛткен  ғасыр  бас  кезіндегі  әдебиеттегі  қай  бағыт 
ӛкілінің  шығармашылығында  болмасын  бедерлі  белгі  беріп  отырады.  Бірақ 
еске  тұтар  бір  жайт  бұл  ағартушылықтың  ХІХ  ғасырдың  екінші 
жартысындағы  ағартушылықтан  сәлде болса  ӛзгешелігі  барлығы.  Ұлы  ақын 
Сұлтанмахмұт  айтпақшы  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  “Болғанымен  оқу  анық, 
мақсатының“  болатын.  Яғни  оқу  жайы  (мұсылманша,  орыс-қазақша)  бір 
шама шешімін тапқанды. Бірақ оқудағы мақсат айқын еместі. ХХ ғасырдың 
басындағы әдебиетке міне, осы мақсат айқындығы, яғни оқу-білімге шақыру 
ғана емес, оның ұлттық сананы оятудағы қуаты ӛзек болып тартылды. 
Екінші  аталмыш  кезеңдегі  әдебиетте  күні  озған  әдет-ғұрыптар  мен 
отаршылдық  озбырлық  әкелген  жұғымсыз  кесапаттарға  қарсы  күрес  нақты 
кӛрініс тапты.  
Yшіншіден,  әдебиет  ұлттық  сананы  ояту  арқылы  ұлт  бірлігіне,  жер 
иелігіне,  ел  тәуелсіздігіне  үндеудің  жаршысына  айналды.  Оны  кӛркемдік 
әдіс-тәсілдер  арқылы  оқырман  санасына  сыналай  да,  ашық  та  сіңіруге 
тырысты. Мұны түрлі бағыт ӛкілдері ӛз шығармашылықтарының ӛн бойына 
ӛзек етіп, әр қилы кӛркемдік шешімдер жасай білді. 
Мәселен діни-ағартушылар оқу-білімге негізінен мұсылмандық оқу, оның 
қадыр-қасиеті  арқылы  үндеп,  адамдық  негізді  дін  арқылы  қалыптастыруды 
кӛздеп, азатыққа қол жеткізу жолы Ресейдегі мұсылман дүниесінің бірлігінде 
деп  білді.  Біз  оқулықта  мұны  осы  бағыттың  басты  ӛкілдерінің 
шығармашылығына  шолу  жасау  және  Мәшhүр  Жүсіп  шығармашылығына 
жеке-дара  тоқталу  арқылы  байыптадық.  Олардың  мақсат-мұраты,  ұстанған 
бағдары Мәшhүр Жүсіптің:  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет