Мазмҧны кіріспе


Мұса  Молда  Байзақов  (1849-1932)



Pdf көрінісі
бет31/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

Мұса  Молда  Байзақов  (1849-1932).  Түркістан  ӛңірінде  туып-ӛскен.  Мұса 
молда  шығармашылығында  шығыс  дәстүрі  басым.  Датқадан  шығып, 
кедейленген ақын ӛмір шындығын шынайы суреттеуге ӛте бейім боп келеді. 
Бұрынғы ӛмір қалпына ӛз заманы шындығынан қарап, сын сӛзімен байыптап, 
кемшіліктерін тауып, сынай біледі. Ӛлеңдерінде сыни кӛзқарас мол кездеседі 
(“Есім аға“, “Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл“, “Сайлау деген елге бір 
бүлік  болды“  т.б.).  Мұса  молда  ӛлеңдерінде  ғылым-білімге  үндеу  басым 
болып  келеді  (“Харакетке  жаратқан  адамзатты“,  “Ғылымсыз  болып 
қартайсаң“,  “Жолаушымыз  отырсақ,  жатсақтағы“  т.б.).  М.Байзақов  –  мысал 
жанрын дамытуға ӛзіндік үлес қосқан ақын (“Тышқан мен түйе“, “Жолбарыс 
пен түйе“, “Қайырымды қыз бен қайыршы“ т.б.). Ақынның эпикалық жанрда 
жазылған  шығармалары  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиетіндегі  елеулі 
табыс  болып  саналады.  Поэмалары  (“Ұры  мен  жолбарыс“,  “Опасыз  жар“, 
“Сұлу  әйел  мен  молда“)  кӛбіне  шығыстық  желіге,  ауыз  әдебиетіндегі  аңыз 
әңгімелерге  негізделіп  жазылған.  Мұса  молда  –  айтыс  ӛнерін  дамытуға  да 
үлес  қосқан,  әдебиетке  жазба  айтыс үлгісін  әкелген ақындардың  бірі.  Оның 
“Манат қызбен айтысы“ хат арқылы айтысудың озық үлгісі болып табылады. 
Оңтүстік  ӛңірінде  жиі  кездесетін  бұл  дәстүрді  Молда  Мұса  биік  деңгейге 
кӛтерген. Ақын кеңес дәуірінде де біраз шығармалар жазған (“Жаңа заман“, 
“Талапты жастар“,  “Октябрьдің 14 жылдығына“ т.б.). Жалпы алғанда, Мұса 
Молда Байзақов – діни кӛзқарасты ӛз шығармаларында орынды пайдаланып, 
тәрбиелік мәні зор шығар-малар туғызған ӛз заманына сай ақын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет