Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет34/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   144
 
Бес жаста бісміллә айтып жаздым хатты, 
Бұл дүние жастай маған келді қатты. 
Сегіздей тоғызға аяқ басқан күнде, 
Мұса еді қосақтаған “Мәшhүр“ атты
39

 
Ақын  ӛзі  айтқандай,  сегізге  енді  толған  шағында  қалың  топтың  алдына 
шығып,  ауыз  әдебиетінің  озық  үлгілерін  Шығыстық  қисса-дастандарды, 
лиро-эпостық жырларды нәшіне келтіріп, келістіре жатқа оқиды екен. Оның 
ӛнеріне  риза  болған  Шорманның  Мұсасы  Жүсіпке  “Мәшhүр“  атағының 
таңылуына себепкер болыпты. Ол Мәшhүрдің тақиясына үкі тақтырып, “Бұл 
бала  ӛз  заманында  халыққа  Мәшhүр  болатын  бала  екен”  депті,  содан  бері 
Жүсіп атына “Мәшhүр“ атағы қосақталып айтылатын болған. 
Бүгінде 
Мәшhүр 
Жүсіптің 
ӛмірін, 
ақындығын 
зерттеп 
жүрген  Қ.Жүсіпов,  С.Кӛпеев  тәрізді  немерелері,  Н.Жүсіпов,  Г.Жүсіпова 
сынды шӛберелері келтірген “әулеттік архив” деректеріне және ақынның ӛз 
ӛлеңдеріне қарасақ, оның ӛмір жолы былай ӛріледі.  
Мәшhүр-Жүсіп  5  жасында  Баяндағы  Байжан  Смағұлұлының  медресесіне 
барып,  Нәжімолдин  хазіреттен  алғашқы  дәріс  алады.  8  жасынан  бастап 
Қамариддин  хазіреттен  оқи  бастайды.  Бұл  кісі  Омбы  облысының  ахуны 
болған  ӛте  білімдар  адам  болса  керек,  Баянға  Шорманның  Мұсасының 
шақыруымен келген екен. Осы ғұламаның қолында Мәшhүр 15 жасқа дейін 
оқиды. 
1874  жылдан,  яғни  16  жасынан  ӛзі  де  ұстаздық  жолға  түседі.  Балаларға 
діни  сабақ  үйретумен  бірге,  оларды  халықтың  ауыз  әдебиетіне,  музыка 
ӛнеріне, қолӛнерін үйренуге бейімдеп тәрбиелейді. 
Ақын  20-25  жас  аралығында  Сарыарқаны  аралайды,  Жетісуды  кӛреді. 
Қазақтың  небір  игі  жақсыларымен  араласып,  таныс-біліс  болады.  Мәшhүр 
Жүсіп  Кӛпеев  Бұқара,  Түркістан,  Ташкентке  бірнеше  рет  барып,  білімін 
жетілдірген. Ол алғаш рет Бұқараға 1887 жылы 29 жасында барады.  
Мәшhүр Жүсіп Кӛпеевтің ӛз ӛлеңдеріндегі деректер бойынша 1895 жылы 
араға  сегіз  жыл  салып  ол  жаққа  қайта  жолы  түседі.  Ақынның  бұл  екінші 
сапарының  мақсаты  да  ғылым  жолы  еді.  Ал  Бұқара,  Ташкентке  жасаған 
үшінші  сапарының  жӛні  бӛлек.  Мұның  себебі,  Мәшhүр  Жүсіп  1907  жылы 
жарық кӛрген үш кітабы үшін (“Хал-ахуал, “Сарыарқаның кімдікі екендігі“, 
“Тірлікте  кӛп  жасағандықтан  кӛрген  бір  тамашамыз“)  қудаланып,  осы 
кітаптарды  бастырып  шығарған  Қазан  қаласындағы  Хұсайыновтарға  он  екі 
                                                 
39
 Кӛпеев М.Ж. Таңдамалы. 2 томдық шығармалар жиынтығы. I том. – Алматы, 1990 .-123б 
 


112 
 
мың  айып  салынады.  Ақын  патшаға  қарсылар  тізіміне  ілігіп,  ел  ішінде 
жасырынып  жүреді.  Бұқара,  Ташкентке  үшінші  рет  сапар  шегуі  осыған 
байланысты. 
Мәшhүр  ғұмырнамасын  ӛте  жақсы  білетін  Дихан  Әбілевтің  “Мәшhүр 
Жүсіп“  атты  естелігінде  (“Жұлдыз“,  1992,  N2)  мынадай  дерек  бар:  “Дала 
уалаяты“ газетінде басылған 1905 жылғы “Қанды жексенбі“ ӛлеңі, “Сарыарқа 
кімдікі“  толғауына  байланысты  патша  жандармдары  Мәшhүрді  тұтқындап, 
соттатып жібермек болғанда, Мәшhүр лажсыз тӛрт-бес жыл бойы Орта Азия 
жақта қашып жүрген”. Ӛйткені “Сарыарқа кімдікі” толғауында ата-бабаның 
қасиетті  мекені,  елге  ырзық,  малына  құт,  қазақтың  кең  сахарасының 
ортасынан  ойып  орын  алған  киелі  Сарыарқаны  патша  отаршылдары 
озбырлықпен  тартып  алғанын  ащы  шындықпен  әшкерелеп,  халықтың  ауыр 
хал-қасіретін тебірене жыр еткен. 
  
Айрылды біздің қазақ Есілінен
Ӛзінің болған емес кесірінен. 
Жер мүлкі шаруаның қызықты ең-ау
Қойнында құшақтаған жесірінен. 
 
Осы  ӛлеңдегі  ақын  айтпағы  “Ұйқыңнан  оян!  Елдігіңді  ұмытпа!”.  Елдің 
еңсесін  басып,  езгіге  салып  үкілі  арман-мұратының  күлін  кӛкке  ұшырған 
отаршыл  патша  ӛкіметінің  әккі  саясатын  Мәшhүр  Жүсіп  осы  “Сарыарқа 
кімдікі“ ӛлеңінде жалтақсыз, ашықтан-ашық айтады. Әрине, бұл сияқты ӛткір 
тілді адамның патша ӛкіметіне ұнамайтыны белгілі.  
Ғылым  мен  ӛнерді  ӛз  ӛнерпаздығының  туы  етіп  кӛтерген  Мәшhүрге 
ақындық  ӛнер  қашан  қонғандығының  оның  ӛлеңдері  арқылы  білеміз. 
“Мәшhүр  атты  қалай  алғандығы  туралы“  атты  ӛлеңінде  ақын  бұл  туралы 
былай дейді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет