Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет36/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

Ақынның ӛлең-толғаулары 
 
Мәжhүр  Жүсіп  ӛлеңдеріндегі  тақырыптық  ізденістерге  келсек,  мұнда 
қоғамдық-әлеуметтік  ӛмір  тудырған  замананың  зәру  мәселелері  кӛрініс 
тапты. Соның ең негізгілері: дін жайы, халықтың тұрмыс жағдайы, ұлт, жер 
мәселесі,  білім,  ғылым,  еркіндік,  азатшылдық,  патшалық  саясаттың  қилы 
қитұрқы әрекеттерін сынау, жалпы адамзаттық ой-толғамдар. 
Ақын  ел  еңсесін  басқан  қараңғылықтың  себебін  білім  жоқтықтан  деп 
біледі. Отаршылдардың зардабын, олардың зорлығының қатты бататындығы 
да  содан  деп  түйеді.  “Алты  бақан  алауыздықтың”  түп  тӛркіні  надандықта 
жатқандығын  терең  сезінеді.  Надандықтың  тұманын  түретін  нұрлы  сәуле 
білім екенін ақын аңғарып қана қоймай, соны ұлтының үмітіне айналдыруға 
тырысып,  білімді  насихаттауға  бар  күшін  салады.  Сондықтан  да  ақын  “Yш 
рет сӛз“ атты ӛлеңінде: 
 
Қылады әркім мазақ ғылымы жоқтан 
Надандар адасуда білімі жоқтан, – 
 
дей  келіп,  оның  отаршылдықтың  құрсай  түсуіне  тиімді  болып  тұрғанын 
ашына айтады: 
 
Шаруаның берекесі кірмейді екен, 


116 
 
Мекен-жай қоныс қылар орны жоқтан. 
Іргеңнен атақоныс мұра шықты, 
Тарылтып аймағыңды крестьян. 
 
Мұнда  қазақ  жерінің  талан-таражға  түсіп,  күйі  қашқан  қысылтаяң  сәті 
ешбір  бүкпесіз  берілген.  Еркіндігінен  еріксіз  айырылған  ел  іргесінің 
бүліншілікке  ұшырауына  түрткі  болған  кім  деген  сұрақтың  туары  шындық. 
Ақынның  бағамдауынша  оған  негізгі  қозғаушы  күш  болып  отырған  “ӛз 
тамағы  тойған  соң,  қисық  жаққа  бұза  шыққан“  тӛрелер,  “ат  айғырды  қан 
сорпа қылып, қырып-жойып жүрген“ ғаділетсіз хәкімдер. 
Құрметті ел билеген хакімдер де, 
Жыландай зәрін тӛгіп, сорып жатқан. 
Бас салып мұңлы-зарлы кем кетікті. 
Бүркіттей тырнағымен бүріп жатқан. 
 
Ақын  бейнелеуіндегі  хәкімдер  бейнесі  ап-айқын.  Момын  халқын  сорып 
жатқан  улы  жылан,  тырнағымен  бүріп  жатқан  бүркіт  тектес  хәкімдер 
жауыздықтың  нақты  образына  айналған  озбырлық  пен  азғындықтың 
біртұтасқан жиынтығындай. Нақ табылған, тап келген теңеу деп осындайды 
айтса керек. 
Мәшhүр 
Жүсіп 
Кӛпеев 
– 
негізінен 
діни-ағартушы 
ақын. 
Шығармашылығындағы  басты  желі  діни  таным  тӛңірегінен  ӛрбіп  жатады. 
Әйтсе  де  ақын  ӛлеңдерінде  “дін“  ұғымы  қандай  мақсатпен  үйлесім  тапты? 
Шығармашылығына  дінді  тұғыр  еткен  кез-келген  ақын,  сӛзсіз  оның 
танымдық, тәрбиелік негізін арқау етеді. Мәшhүр Жүсіп поэзиясындағы діни 
таным оның әрбір айтар ойына, толғамына тірек қызметін атқарады. Мәшhүр 
мұрасын  зерттеушілердің  бірі  Ертай  Мәшhүр  Жүсіп  шӛбересі  ақын 
ӛлеңдеріндегі  дін  тақырыбы  жайлы  “Мәшhүр  Жүсіп  Кӛпеевтің  дін 
тақырыбына кӛп жазғанын зерделегенде, алдымен оның себебіне біраз үңілу 
керек. Мәшhүр Жүсіп алғашқы ӛлеңдерін жазып, әдебиетке араласа бастаған 
шағы  ХІХ  ғасырдың  соңғы  ширегіне  дӛп  келеді.  Бұл  патшалық  Ресейдің 
қазақ  елін  отарлауы  белең  алған  кез  еді.  Жердің  ең  шұрайлысын 
келімсектерге беру арқылы тек экономикалық емес, рухани қыспақта дендеп 
ене бастады. Мұндай жағдайда дінге насихаттау, халықты Аллаға құлшылық 
етуге,  дін  жолына  шындап  кірісуге  үгіттеу  дінді  ғана  емес  тілді,  жалпы 
ұлттық болмыс-бітімді сақтаудың ең пәрменді құралы болғанын аңғару қиын 
емес“ (“Ислам әлемі“. 1997, N3) деген түйінді ой айтады. 
“Дін“ деген ұғымның тек қана жақсылықпен жанасатыны және адамды 
ізгілікке, бӛлінбейтін бірлікке, бүтіндікке, адалдыққа тәрбиелейтіні белгілі. 
Әр халықтың дүниетанымдық ерекшелігі, таным-түсінігіне орай ол белгілі 
денгейде ұлттық санаға да әсерін тигізбей қоймайды. Мәшhүр Жүсіп ӛз 


117 
 
поэзиясына дінді тұғыр етіп, сол арқылы ағартушылық-азатшылдық ойын 
білдіре отырып, бірлікке, білімге, ғылымға үндеп, адамгершілікті насихаттау 
арқылы қоғамдық маңызы бар ой айтқан. Осы тұрғыдан келгенде ақын 
шығармашылығындағы дін рухани-мәдени ӛмірді ӛркендетуге үндеудегі 
басты бағыт-бағдар. Ақын бірде: 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет