1.3 Сюжетті – рөлдік ойын туралы түсінік
Мектеп жасына дейінгі бала өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең. Бұл кезде баланың ақыл - ой қабілеті, қасиеттері және эстетикалық сезімдері қызықты, мазмұнды сабақ, еңбек, ойын процесінде жан-жақты қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі бала әрқашан, барлық жерде - бала. Бала үшін ойын өз тәжірибесін, өмір мен адамдар туралы түсініктерін тексеріп, зерделейтін эксперименттік алаң ғана емес, сонымен қатар, үлкендер араласпайтын, өзі қалаған нәрсесін жасай алатын өзінің жеке, тәуелсіз, таңғажайып әлемі. Ойын бала әрекетінің негізгі түрі.
Ойын дегеніміз - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс- әрекеттің бір түрі. Ойынның түрлері өте көп. «Ойын» сөзі мағынасының түп - төркіні қуаныш, әзілге сәйкес келеді. Мысалы, Ежелгі Рим халықтарында «ойын» сөзінің мағынасы қуаныш, мереке сөздерінің мағынасымен ұштасып жатыр, еврей тілінде әзіл мен күлкіні білдіреді, ал қазақ тілінде жас баланың іс-әрекетін, ересектер арасындағы әзілді, қалжыңды меңзейді. Бұл қазақ халқының мақал-мәтелдерінде анық байқалады. Мысалы, «Асық ойнаған - азар, доп ойнаған - тозар, кітап оқыған - озар» нақыл сөзінде ойын сөзі балалардың іс-әрекетін білдірсе, «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» мақалында ойын сөзі әзіл - қалжыңға сәйкес келеді.
Өте ертедегі тұжырымда ойын адамдардың бос уақытына байланысты пайда болды деген пікір бар. Ежелгі уақытта ойынға діни-саяси жағынан мән берілді. Ежелгі гректер Құдай ойынға қатысушыларды қорғайды деп ойлады. Сондықтан Ф.Шиллер [46] ежелгі ойындар адамның бос уақытындағы қызметі деп тұжырымдады. Ежелгі Қытайда мерекелік ойындарды әмірші өзі ашып, оған өзі қатысқан.
Ойын дегеніміз - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс- әрекеттің бір түрі. Ойынның түрлері өте көп. «Ойын» сөзі мағынасының түп - төркіні қуаныш, әзілге сәйкес келеді. Мысалы, Ежелгі Рим халықтарында «ойын» сөзінің мағынасы қуаныш, мереке сөздерінің мағынасымен ұштасып жатыр, еврей тілінде әзіл мен күлкіні білдіреді, ал қазақ тілінде жас баланың іс-әрекетін, ересектер арасындағы әзілді, қалжыңды меңзейді. Бұл қазақ халқының мақал-мәтелдерінде анық байқалады. Мысалы, «Асық ойнаған - азар, доп ойнаған - тозар, кітап оқыған - озар» нақыл сөзінде ойын сөзі балалардың іс-әрекетін білдірсе, «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» мақалында ойын сөзі әзіл - қалжыңға сәйкес келеді.
Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның маңыздылығын қазақстандық ғалым Н.Құлжанова [47] да зерттеп, «ойын бала үшін еліктеу, инстинкт, күнделікті басты әрекет және оның жеке өмірі болып табылады» деп дәлелдеген.
Н.Құлжанованың[47,25б.] айтуы бойынша ойын әрекетіндегі басты педагогикалық мақсаттары - баланың алдағы өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімделуі ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалануды көздейді. Осы тұста ғалым бала ойын әрекетінде ғана тынығып, жұмыс жасап, өсіп жетіледі, оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым - қатынас жасау мүмкіндігі артады деген пікірді білдірген.
В.Сухомлинский [48]: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты», - деген ой айтады.
Мектепке дейінгі топ балаларының тілін дамытуда ойындардың рөлі зор. Ойын үстінде балалардың тілі дамып, бір затқа бейімділігі, қызығушылығы артады. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне осы жағдайларды ескере отырып, балалар қарым -қатынас дағдысын дамытуда пайдаланылатын ойын түрлерін төмендегідей жүйелеуге болады.
1.Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, темір жол, теңізшілер.
2.Қимыл-қозғалыс ойындары: ақ серек, көк серек, ұшты-ұшты, аңшылар, сиқырлы таяқ, жаяу көкпар, ормандағы аю, мысық пен торғайлар, бақташы мен қозылар, қуыспақ, қасқыр қақпан, соқыр теке, т.б.
3.Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, ұзын-қысқа, аласа-биік, әр құстың мекенін тап, түсті ретке келтір, дәл тауып айт, тігін шеберханасы, тез ретке келтір, мына затты сипатта, жоғары-төмен, дүкен, көршілер, т.б.
4.Құрылыс ойындары: лото және басқа конструкторларды пайдалану.
5.Спорттық ойындар: футбол, волейбол, теннис, хоккей, баскетбол.
6.Оқиғалы-рөлдік ойындар: адамгершілік тәрбиесі тақырыбына оқылған ертегі, әңгімелерді рөлдерге бөле отырып орындау.
Осы ойын түрлерінің ішінен мен сюжеттік рөлдік ойындарға тоқтала кетемін. Рөлдерге ену ойындары балаларға таныс ертегі, әңгіме негізінде құрылады. Жан дүниесіне жақын рөлдерді өздері орындауға талпынады. Бұндай ойындарда ауыз әдебиеті үлгілері пайдаланылатындықтан, олар балалар өміріне жарқын сезім, қуаныш, белсенділік, шығармашылық енгізеді, тілін дамытады. Осындай қасиеттер тәрбиеленушінің тұлғасының қалыптасуына маңызды рөл атқарады.
Балалардың тілін дамытуда, байланыстырып сөйлеуге сюжетті-рөлді ойындардың орны ерекше. Ойында адамдар өмірінің сан қыры, тұрмыс-тіршілігі, еңбегі, дүниетанымы, арман - тілегі, болашаққа деген сенімі, ержүректілік пен жігерлілікке құлшынысы көрініс табады.
Сюжетті - рөлдік ойындар бейнелеу құралы рөлмен ойын әрекеті. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы, «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне еліктейді. «Шаштараз», «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдіруге болады. Педагог өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалын бағалауға, өз тобындағы сюжетті - рөлдік ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс. Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды, бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересек рөлін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орын үлкендер өміріне араласудың айрықша түрі болып саналатын рөлдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс - әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететін және бірсыпыра құқықтар беретінін біледі. Ойын ойнатуда мынадай бірқатар талаптар қоюға болады:
1.Ойлау жоспарындағы іс-әрекет. Бұл кезеңді әртүрлі атауларының болуына қарамастан, барлық зерттеушілер біледі. Ойлаған жоспарында іс- әрекет жасау қажеттілігі балалардың ойлау қабілетінің бейнелі түрдегі қызметінің дамуына, елестету жоспарының қалыптасуына, қиялындағы жағдайын құрастыруға жетелейді;
2.Баланың адамдармен қарым-қатынасы жүйесіндегі өзіне бағыт-бағдар беру біліктілігі, себебі ойын оларды жүзеге асыруға бағытталған. Ойындағы қарым - қатынастардың негізгі мазмұны әлеуметтік рөлдерді бір - біріне бағындырудың негізгі әртүрлі комбинацияларынан құралады. Міне, осы мазмұн ғана баланың қабылдауында бірінші кезекте тұрады.
3.Ойынға қатысып отырған балаларда шынайы қарым-қатынастардың қалыптасуы.
Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Ұшақтар», «Отбасы», «Бала бақшасы» және тағы сол сияқты болып ойнайды. Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балаларды өзара қарым - қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара қарым – қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе.
Мектепке дейінгі балалық шақ 3-тен 6-7-ге дейінгі жас - баланың дамуындағы мүлде айрықша кезең болып табылады. Дәл осы жаста ішкі психикалық өмір және жүріс - тұрысты іштей реттеу пайда болады. Бұл ішкі өмір жалпы түсініктер бойынша әрекет ету қабілетінде, баланың қиялында, ерікті жүріс - тұрыста, ересектер және құрдастар арасындағы мазмұнды қарым - қатынаста танылады. Осы маңызды қасиеттер мен қабілеттердің барлығы, ересектермен әңгімелесуде, мамандар сабақтарының барысында емес, сюжетті - рөлдік ойында туындайды. Осындай ойында балалар ересектердің рөлдерін ойнап, өздері арнайы құрастырған ойын жағдайларында, қиялдан шығарған жағдайларда ересектердің іс - әрекеттерін және олардың арасындағы қарым - қатынасты қайта орындайды.
Сюжетті - рөлдік ойындардың психологиялық әсерімен балада:
-Өз-өзіне деген сенімнің бекуі;
-Этикалық және адамгершілік негізінде мінез-құлық, жүріс-тұрыстың меңгерілуі;
-Қарым-қатынас дағдылары мен біліктерінің дамуы болатындай түрлері жинақталып, іріктеледі.
Сюжетті - рөлдік ойындардың 2 түрі – импровизациялық және сюжеттік түрлерін қолдануға болады. Импровизациялық ойындардың мазмұны балалардың өздерінің үйреншікті өмір жағдайларынан, қарым-қатынас сферасынан алынып отырады. Мұнда тек алдын - ала рөлдер мен позициялар бөлініп беріледі. Импровизацияланатын ситуациялардың ең қарапайымы таңдалынады.
Импровизациялық ойындардың арасынан ұзақ даярлықты қажет етпейтін, тренинг барысында өрістейтін түрлері қолданылады. Бірақ мұндағы басты талап ойын мазмұны балалардың қарым-қатынас саласындағы мәселелерге бағытталуы. Алдыңғы диагностикалық зерттеулер мен диагностикалық ойындар нәтижесіне жүгіне отырып, импровизациялық ойын мазмұны құрастырылды. «Анар бүгін балабақшаға ең әдемі қуыршағын алып келген екен», «Анасы мен Болат дүкенге келді», «Сәуле үйде отырғанда есік қағылды», «Саматпен оның досы Дәурен телефонмен сөйлесіп отыр», «Жанардан көшеде бір бейтаныс аға аты-жөнін, үйінің мекен-жайын сұрады», «Гүлнар мен Мөлдір ойнап жүріп ренжісіп қалды» т.с.с балалардың жас ерекшелігіне, қарым-қатынас қажеттіліктеріне және тренинг мақсатына орай тақырыптар бойынша спонтанды түрде бір оқиғалар ойналып отырды. Мысалы, «Анар бүгін балабақшаға өзінің ең әдемі қуыршағын алып келген екен» ойынының мазмұнын алайық. Тәрбиеші алдын ала Анарға өзіне ғана, кім сұраса да, қалай сұраса да қуыршағын ешкімге бермеуін тапсырады. Ол үшін Анар балалардың әрқайсысының өтінішіне нақты, тура жауап беруі керек. Ал балаларға тәрбиеші бар мүмкіндіктерін пайдаланып қуыршақты сұрап алып, ойнауларына бағдар береді. Бұл ойын барысында балалар бірін - бірі түсінуге, тыңдауға, қарсы жауап таба алуға, сендіруге, ынталандыруға, сыйлауға, өтініш айтуға, сөзін өткізе алуға үйренеді.
Сюжеттік ойындар алдын-ала ойластырылып, бүкіл сабақтардың жоспарын құруда ескеріледі. Бұл оқиғалы рөлді ойындардың бастапқы кезеңі. Сюжеттік ойын типтік коммуникативті ситуацияларды, яғни балалардың баршасына дерлік тән жағдайларды талдауға бағытталады. Мұндай ойындарда күрделі коммуникативті ситуациялар моделденеді. Әдетте импровизациялық ойынға қарағанда, сюжеттік ойынға уақыт көп кетеді. Оқиғалы рөлді ойын барысында тәрбиеші көп кірісе бермеуі тиімді; ойын өздігінен ұйымдасатын болуы керек. Рөлдік ойындар қорытынды сабақтарда ойналады. Себебі балалардың топ ішіндегі қарым - қатынасы интенсивті болып, өздері қарым - қатынас кезінде әр түрлі позициялар, стратегиялар, инициатива коммуникация ережелерін біліп, ситуацияларға талдау жасай алатын кезде ғана рөлдік-сюжетті ойын тиімді болады.
5-6 жастағы балалардың ойналатын сюжеттік ойынға 1-1,5 сағат уақыт керек. Мүмкін болса сюжеттік ойынды тұтастай бейнетаспаға түсіріп алған жөн. Мұндай таспалар талдау жасағанда кейбір ойын сәттеріне қатысты балалардың әржақты көріп - қабылдауынан туындайтын даулы жағдайларды қарастыруда аса қолайлы. Сюжетті ойынның осындай «мүмкіншіліктердің» барлығы мектеп жасына дейінгі баланың тәжірибелік әлемін кеңейтіп, оған ішкі эмоционалдық жайлылықты қамтамасыз етеді.
Қазіргі заманның психологиялық - педагогикалық зерттеулерінде сюжетті ойын - адамның кез келген іс-әрекеті сияқты - балада өз бетімен пайда болмайды, оны меңгерген, «ойнай алатын» өзге адамдар арқылы қалыптасатыны туралы көрсетілген. Сюжетті ойын тақырыбынан тыс өзінің ең қарапайым түрінде заттармен шартты әрекеттер тізбегі ретінде құрылуы мүмкін, күрделі түрінде - спецификалық рөлдік ара-қатынастардың тізбегі ретінде, аса күрделі түрінде - әр түрлі оқиғалардың бірізділігі ретінде құрылуы мүмкін.
Тәрбиеші ойын сюжет-оқиғалардың элементтеріне, кейіпкерлеріне (рөлдерге), олардың әрекеттеріне сүйеніп, еркін пайдалану тиіс, әр жастағы балалармен сюжеттерді өрістете алу тиіс. Балалармен бірлесіп ойнағанда да, өзіндік іс-әрекетері үшін жағдай жасаған кезде де, ересек тарапынан мәжбүрлеу, тақырыптарды, ойын рөлдерін, ойын түрін (өздік немесе бірлескен) міндеттеу мүлде жарамайды. Балалардың бойында балабақшада «өз еркінше емес, бұйрық бойынша ойнау керек» деген сезім тудырмау тиіс. Жалпы, педагогикалық процесте ойынға қатысты бір бірімен тығыз байланысы бар екі құрамдас бөлікті ажырату қажет: ойын процесінде жаңа біліктері қалыптасатын балалар мен тәрбиешінің біріккен ойыны және балалардың өздік ойыны, оған тәрбиеші тікелей қатыспайды, тек ойын белсенді болу үшін және балалар меңгерген ойын біліктер арсеналындағы ойын дағдыларын қолдану үшін жағдай туғызады.
Сонымен бірге мектепке дейінгі кіші жастағы балалар арасында ойынның мазмұны ретінде көбіне адамдар арасындағы қарым-қатынас көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |