Мазмұны кіріспе


Мектепке дейінгі жастағы балалардағы жалпы тіл дамуының бұзылыстары мәселесінің отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерде көрініс табуы



бет8/19
Дата11.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#30650
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
айман дип

1.2 Мектепке дейінгі жастағы балалардағы жалпы тіл дамуының бұзылыстары мәселесінің отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерде көрініс табуы

Ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасауда басты назарды сөйлеу тілінің дұрыс дамуына аудару маңызды болып табылады. Өйткені баланың жеке дамуына сөйлеу тілінің тигізетін әсері мол. Сөйлеу тілі үш негізгі қызметті атқарады: коммуникативті, танымдық және реттеушілік.

Л.С.Выготскидің [22,95б.] айтуынша, сөйлеу тілі ең алғаш адамдар арасындағы қарым - қатынас құралы, ол кейін ойлау құралы мен іс әрекетін реттеушісі.

Сөйлеу тілінің дамымауы баланың жалпы психикалық дамымауына, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауына, танымдық үрдістерінің қалыптасуына, білім алуына, жалпы толыққанды тұлға болып қалыптасуына кері әсерін тигізеді.

Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы деп - есту қабілеті мен ой-өрісі қалыпты дамыған балалардың дыбыстық және мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің жүйесінің қалыптаспауының бұзылуынан болатын тіл бұзылысы.

Дефектология ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері Р.А.Каше [15,62б.], Л.Ф.Спирова [16,28б.]және т. б. Р.Е.Левинаның [14, 52б.] басқаруымен өткен ғасырдың 50 – 60 жылдары мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіл кемістіктерін жан-жақты зерттеулерінің нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.

Фонемалық және фонетикалық бұзылыс баланың өз туған тілін дыбыстау жүйесінің құрылу процесі бұзылумен сипатталады, кейіннен бұзылысына ұласады. Фонетикалық-фонемалық бұзылыстың ең көп тараған түрі дыбыстарды шатастыру болып табылады.

Фонемалық және фонетикалық бұзылыс баланың өз туған тілін дыбыстау жүйесінің құрылу процесі бұзылумен сипатталады, кейіннен бұзылысына ұласады. Фонетикалық-фонемалық бұзылыстың ең көп тараған түрі дыбыстарды шатастыру болып табылады.

Кейбір балаларда тіпті қалыпты интеллектімен қалыпты есту қызметінде кейбір фонетика, лексика, грамматика сияқты тіл компоненттерінің құрылуы күрт кешеуілдеуімен сипатталады. Бұл бұзылысты ең алғаш Р.Е.Левина [14, 65б.] зерттеп, жалпы тіл кемістігі деп анықталған.

Қазірде сөйлеу тілінің жалпы бұзылысына барлық сөйлеу тілі компоненттерінің құрылыу деңгейінің бұзылысы жатады. Жалпы сөйлеу тілі кемістігі түсінігі сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің құрылмауы болып табылады (фонетикалық-фонемалық жағы, лексикалық құрамы, грамматикалық қатары).

Логопедияда «сөйлеу тілінің даму бұзылысы» және сөйлеу тілі дамуының кемеуілдеуі-бұл баланың жасына сай келмейтін сөйлеу тілі даму деңгейі және сөйлеу тілінің кемеуілдеуі.

Жалпы белгілердің қатарына сөйлеу тілінің дамуының кеш басталуы, сөздік қорының саяздығы, аграмматизм, дыбыстаудың кемшілігі, дыбыстарды шатастыру жатады. Бұл бұзылыс әр түрлі деңгейде болуы мүмкін: сөйлеу тілінің болмауы немесе былдырлап сөйлеуден қалыпты сөйлеуге дейін фонетикалық және лексика-грамматикалық элементтер бұзылысымен сипатталады.

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың тілінің дамуы біркелкі және баяу өтеді. Соның салдарынан сөйлеу жүйесінің әртүрлі қатарлары қалыптаспай қалады. Тіл дамуының баяулауы, сөздік қорды меңгеруінің қиындықтары және грамматикалық құрылыстарын қабылдауы баланың үлкендермен және құрдастарымен сөйлесуіне шектеу жасап, тілдік қарым-қатынасқа түсуге бөгет жасайды.

Р.Е.Левина [14,40б.] жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың тіл кемшілігінің біркелкі еместігін зерттей келе, жалпы сөйлеу тілі дамымауының үш деңгейін белгіледі.

Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың

І-ші деңгейінде толық немесе жартылай қарым-қатынас сөйлеу құралдарының болмауымен сипатталады. Сөздік қоры дыбыстық және дыбысқа ұқсас комплекстерден тұрады, бірақ олар қоршаған адамдарға түсініксіз болғандықтан түрлі қол қимылдарымен сүйемелденіп отырады. Мұндай балаларды кейде «тілсіз балалар» деп атайды.

Бұл деңгейдегі балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынадай болып келеді: былдырап сөйлейді жеке дыбыстарға еліктейді, жекелеген зат есімдік сөздер мен күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланады, сөйлемді былдырап мүлдем түсініксіз етіп, үзіп-үзіп айтады, сөйлемде дыбыстар анық айтылмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді. Сөздік қоры шамадан тыс шектелген бұндай балалар заттардың және әр қимыл іс-әрекеттердің сыртқы түрлеріне немесе олардың шығатын дыбыстарының ұқсастығына қарап, өздерінің былдырлаған тілімен  барлығына бір сөзбен ат қойып алып түсіндіреді.

Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың ІІ-ші деңгейінде тіл мүмкіндіктерінің біршама өскені байқалады. Тіл дамуының екінші деңгейі әдебиеттерде «жалпы қолданбалы тілдің басы» деп аталады. Оның айырмашылығы баланың тілінде екі-үш, төрт сөзді фразаның пайда болуы мүмкін. Сөздерде сөз тіркесін және фразаны жасай отырып, бала әртүрлі сөз тәсілдерін қолданады және оңай бұза да алады. Балалардың өзіндік тілінде кейде жай шылаулар мен олардың былдырлаған нұсқалары кездеседі.

Екінші деңгейдегі бала шылауды дұрыс қолданбай, сөйлем мүшелерін дұрыс құрастырмайды. Алдыңғы деңгейге қарағанда сөздік қоры тек сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да жақсарады: зат есім, етістік, сын есімнің саны кеңейіп, үстеу мен сан есімдер пайда болады. Бірақ сөз туындатушы операциялардың жеткіліксіздігі етістік, сын есім, зат есімдер жалғауларын дұрыс қолданбауға әкеледі. Жалпылама ұғымдар, синоним мен антонимдер жүйелерінің қалыптасуы қиынға түседі.

Екінші деңгейдегі балалардың сөзі дыбыстарды айтқанда сөздердің буын бұзылуына қарай түсініксіз болып келеді. Бірінші деңгейдегі балаларға қарағанда суретке қарап және сұрақ бойынша әңгімелеуі қарапайым, әрі қысқа болғанымен, грамматикалық құрылымы мен сөз тізбегі біршама дұрыс. Буындар мен дыбыстардың орнын ауыстыру, ұқсас буындардың алмастырылуы, қатарласып келген дауыссыз дыбыстардың қысқартылуы салдарынан сөз құрамындағы дыбыстардың орналасу заңдылықтары бұзылады.

Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың ІІІ-ші деңгейінде кең түрдегі фразалық тілмен, бірақ сонымен қатар кейбір тілдің лексикалық-грамматикалық және фонетикалық-фонематикалық дамымауымен сипатталады. Бұл деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар кеңейтілген сөз туындаушы модельдер арқылы жаңа сөздер жасап, оны түсіне алады. Дегенмен бала сөздегі туындаушы негізді дұрыс таңдауда қиналады (үйші - үй салушы адам), адекватты емес аффиксальді элементтерді пайдаланады. Сонымен қатар қайталанатын ұғымдарды, абстрактілік және дерексіз сөздерді, ауыспалы мағынадағы сөздерді нақты түсінбейді және дұрыс қолданбайды. Балалардың сөйлеу әрекетіне даму мүмкіндіктеріне детальды талдау жасауда сөздер мен күрделі буынды құрылымға фразаларды айту кезінде қиындықтардың болатынын дәлелдейді. Дыбысты айту мүмкіндігінің жақсаруында да дыбыстардың дифференциациясын шығарудың жеткіліксіздігі байқалады. Бала өмірден алған тәжірибесінің нәтижесінде күнделікті тұрмыстағы өзіне жақсы таныс заттардың атын, түсін, сапасын және бөлігін айтып беруге бұрынғыдай қиналмайды. Олар өзі, үй-іші, достары және айналасында болып жатқан тіршілік туралы қысқа  түрде әңгімелеп бере алады.

Алайда, сөйлеу тілін мұқият жан-жақты тексерген кезде тілге қатысты жүйенің (лексиканың, грамматиканың, фонетиканың) бір бөлігінің толық дамымауын айқындайтын көріністі көруге болады. Бала ауызекі сөйлескенде өзінің тілі келмейтін қиын сөздерді, нақышты сөз тіркесін айтпауға тырысады. Егер сондай балалардың алдарына шарт қойса, онда сөздің және грамматикалық категориялардың қандайын болса да міндетті түрде пайдаланады да, сөйлеу тілінің дамуындағы кемшіліктер айтарлықтай анық көрінеді. Бала сөзді емін-еркін қолданып сөйлегенімен, сөйлеу тілі дұрыс дамыған құрдастарына қарағанда, өздігінше сөйлем құрау кезінде үлкен қиындық көреді. Әдеттегідей қиыстыру мен меңгеру қателерінен шығатын аграмматизмдерді дұрыс құрастырылған сөйлемнен де кездестіруге болады. Бұл қателер тұрақты сипат бермейді: грамматикалық категориялардың әртүрлі жағдайлары дұрыс та, бұрыс та қолданылуы мүмкін.



Р.Е.Левина [14,49б.] жалпы сөйлеу тілінің дамымауын үш деңгейге бөледі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет