Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет22/27
Дата29.12.2016
өлшемі2,17 Mb.
#672
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

 
 

267 
 
Қазақтың тҧңғыш романы 
 
М.Дулатовтың сан қырлы саңлақ дарын екенін жоғарыда атап ӛттік. Ол – 
тек  поэзияда  ғана  емес,  шығармашылық  еңбектің  қай  саласында  болмасын 
ӛзіндік  із  қалдырған  жан.  Оның  қаламынан  туған  кӛсем  сӛздік 
(публицистика) мақалалары – ӛнімді шығармашылық саланың бірі. Олардың 
кӛбі  жай  ғана  газеттік  немесе  журналдық  мақалалар  емес,  қазақ  мәдениеті, 
әдебиеті  мен  ӛнері,  тарихы  мен  ғылымы  жӛнінде  кӛшелі  ойлар  айтқан  ірі 
зерттеулерге пара-пар кӛлемді ізденістер болып табылады. Бұл мақалалардың 
басым  кӛпшілігін  Міржақып  “Қазақ”  газетінде  қызмет  істеген  жылдары 
жазды.  “Манап”  драмасы  (1914  N82),  “Қазірет  сұлтан”  (1913  N16,  17), 
“Шоқан  Шыңғысұлы  Уәлиханов”  (1914  N71,  73,  77),  “Исмаилбек 
Гаспринский”  (1914  N50,  81),  “Ғабдолла  Тоқай”  (1913  N9),  “Григорий 
Николаевич Потанин” (1915 N158), “Абай” (1914 N67), “Надандық құрбаны” 
(1916 N175), атты мақалалары алғаш осы “Қазақ” газетінде жарияланған. Бұл 
мақалалардың құндылығы – аталған тұлғалар мен шығармалар туралы кӛбіне 
алғашқы айтылған қомақты пікір, құнды зерттеу еңбек болып келетіндігі. 
Міржақып  Дулатов  –  “Ұлық  болсаң,  кішік  бол”  деген  халық  даналығын 
бойына  сіңіріп  ӛскен,  дархан  дарын,  тума  талант.  Ӛзі  ұстаз  тұтқан,  қатар 
жүріп  қадір  қасиетіне  тұшынған  ағаларын  халқына  таныту,  таныстыру 
жолында да ол алғашқы болып қызмет етті. Олардың ел алдындағы еңбегін 
үнемі  дәріптеп  отырды.  Мұның  бір  айғағы  –  1922  жылғы  жазылған  “Ахмет 
Байтұрсынович  Байтұрсынов”  атты  кӛлемді  зерттеу  мақаласы.  Бұл  Ахмет 
Байтұрсыновтың  кӛзі  тірісінде  оның  азаматтық  тұлғасын  жан-жақты  ашып 
кӛрсеткен,  ғалымдық,  шығармашылық  болмыс-бітімін  терең  танытқан  әрі 
тұңғыш,  әрі  ең  кӛлемді  мақала  болып  табылады.  Мақала  1922  жыл 
Орынборда басылып шыққан, “Труды общество изуче-ния Киргизского края” 
атты  жинақтың үшінші  шығарылымында  жарық  кӛрген.  Бүгінгі  күнде  Ахаң 
жайлы жазылып жатқан кӛптеген мақалалар мен зерттеу еңбектердің бастау 
кӛзі – осы мақала екені бұлтартпас шындық. 
М.Дулатов шығармашылығының ең бір биік белесі – прозадағы шоқтығы 
биік  жанр-роман  жазуы.  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  және  ХХ 
ғасырдың  басында  қазақ  әдебиетінде  прозаның  шағын  жанрлары  новелла, 
хикая әңгімелер туып, дами бастады. Ал осы саладағы кӛлемді туынды алғаш 
Міржақыптың  қарымды  қаламынан  қанат  қақты.  Ол  1910  жыл  Қазанда 
басылып  шыққан  “Бақытсыз  Жамал”  романы  еді.  Ӛз  кезегінде  Міржақып 
замандастары-зиялылар,  ақын-жазушылар,  сыншылар  А.Байтұрсынов, 
Ә.Бӛкейханов,  К.Кемеңгеров,  С.Сәдуақасов  романды  әр  қилы  бағалағаны-
мен,  оның  қазақ  прозасындағы  кӛлемді  шығарма  ретіндегі  тұңғыштығына, 
ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасының табысы болып саналатындығына еш 
шек  келтірмеген.  Ендеше  “Бақытсыз  Жамал”  –  бүгінгі  күнде  қазақ 

268 
 
әдебиетінде жетекші  жанрға  айналған  роман  жанрына  тұңғыш  түрен  салған 
шығарма. 
А.Байтұрсынов  1914  жылы  “Арысұлы”  деген  бүркеншік  есіммен  жазған 
“Роман  не  нәрсе

”  деген  мақаласында  Міржақыптың  “Бақытсыз  Жамалы” 
туралы  “Қазақта  бұрын  роман  жоқ  еді.  Біздің  арамызда  қазақша  бірінші 
роман жазып шығарған Міржақып Дулатов болды. Оның “Бақытсыз Жамал” 
деген романы 1910 жылы басылып жарыққа шықты…” – десе, С.Сәдуақасов: 
“Меніңше,  Міржақыптың  “Бақытсыз  Жамалы”  да  ескермеген  ескі  мұраның 
бірі.  Бақытсыз Жамал  –  сүйгеніне  тие алмаған қазақ  қыздарының бірі.  Оны 
бақытсыз  еткен  –  малына  сенген  таз  Жұман…”,  –  деп,  романға  замананың 
кӛкейкесті  мәселесі  арқау  болып,  ӛз  кезеңіндегі  ірі  шығарманың  бірі 
болғандығын нақты айтады. 
Ал,  кӛрнекті  сыншы  Қошке  Кемеңгеров  романның  жұртшылыққа  кең 
тарағандығын  айта  келіп:  “Міржақыптың  “Бақытсыз  Жамалы”,  “Бедная 
Лиза”  сияқты  болған”,  –  деген  қорытынды  жасайды.  Кезінде  қазақ 
оқығандары мен қарапайым оқырмандарының жылы қабылдауына ие болған 
туынды  қазақ  прозасының  дамуындағы  үлкен  белес  болып  табылады.  1914 
жылдары бұл шығарманың жанрын роман деп айқындаған Ахаң, 1926 жылы 
шыққан  “Әдебиет  танытқышта”  басқаша  пікір  айтқан.  “Ұлы  әңгіме  түрде 
қазақ  тілінде  басылған  шығарма  әзірше  жоқ.  Міржақыптың  “Бақытсыз 
Жамалына”  роман,  ұлы  әңгіме  деп  ат  қойылса  да,  ӛресі  мен  ӛрісі  шағын 
болғандықтан, ол ұлы емес ұзақ әңгімеге (повесть Ӛ.Ә.) жақын”,  – деп баға 
берді.  Дегенмен  М.Дулатовтың  бұл  шығармасы  ӛзінің  олқылығымен  де, 
ӛзгелерден озық  тұрған  жетістігімен де  қазақ прозасындағы  алғашқы роман 
ретінде бағаланары сӛзсіз. 
Романның ӛлеңмен жазылған сӛз басында: 
 
Жамалдың жайын жаздық бұл кітапта
Бақытсыз бір қыз екен осы шақта. 
Біреуге хас нәрсе емес, һәм болған іс, 
Жайылған бұл бір ғұрып һәр қазақта. 
Айырсын оқушылар мағынасын, 
Жай ғана хикая деп қарамасын. 
Кӛрген кім шариғаттан деген сӛзді: 
“Қор етіп әйел халқын аямасын  – 
 
деген жолдардан автордың кӛздеген мақсаты аңғарылады. 
Міржақып шығармашылығын зерттеуші ғалым М.Әбсеметовтың деректері 
бойынша  романға  негізінен  Кӛкшетау  даласында  болған  оқиға  ӛзек  болған. 
“1908 жылы Міржақып ізіне түскен патша тыңшыларынан бой тасалау үшін, 
Торғайды  тастап,  Кӛкшетауға  келеді.  Кӛкшетауда  Саумал  кӛл  деген  жерде 

269 
 
ауыл  мектебінде  мұғалім  болып  істеп  жүргенінде,  ол  Жамал  атты  қазақ 
қызының  тауқыметті  тағдырына  куә  болады.  “Бақытсыз  Жамал” 
романындағы  сол  аяулы  бейне  осылайша  шындық  ӛмірден  алынған  еді. 
Роман  оқиғасы  қазіргі  Кӛкшетау  облысындағы  Айыртау  ауданында 
орналасқан  Саумал  кӛл  –  Сұлу  кӛл  тӛңірегінде  ӛтеді.  Бұл  табиғаты 
тамылжыған,  алабын  ақ  қайың  кӛмкерген,  айнадай  жарқыраған  кӛлдері  кӛз 
тұндырған  қазақ  даласының  бір  құйқалы  да  кӛрікті  жері.  Романның  бас 
кейіпкері  дәл  осы  маңайда  дүниеге  келген.  Жамалдың  руы  –  Атығай, 
Ғалидың  руы  –  Керей.  Ақмола  уезі,  Ақкӛл  болысында  туып  ӛскен,  Жұман-
ның  руы  –  Қаруыл,  қазіргі  Кӛкшетау  облысы,  Арықбұлақ  ауданы, 
Ақанборлық деген жерден”
80
.  
1909  жылы  М.Дулатов  Қызылжарға  келіп,  Жұмағали  Тілеулиннің  үйіне 
паналайды.  Кейіннен  Сасық  кӛлде  Мағжан  Жұмабаевқа  орыс  тілі  мен 
әдебиетінен  сабақ  береді.  Жазып  жүрген  “Бақытсыз  Жамал”  романының 
нүктесін сол жерде қояды. 1910 жылы Қазанда басылған роман шығысымен-
ақ елге тез таралып кетеді (М.Әбсәметов). 
М.Дулатов  роман  желісіне  қаақ  ӛміріндегі  ең  бір  әлеуметтік  мәні  зор 
мәселе - әйел теңсіздігін арқау еткен. ХХ ғасыр басындағы қазақ қыздарының 
теңдікке ұмтылуының әдебиетіміздегі маңдай алды тақырып болып табылуы 
тек  қана  әйел  тағдыры  емес,  рухани  теңдікке,  бостандыққа  ұмтылған  қазақ 
ұлтының күрескерлік болмысын танытумен тығыз байланысты. 
Сондықтанда  қазақтың  алғашқы  романында  Жамал  тағдыры  жалаң 
алынбай,  қазақ  ӛмірінің  сан  қыры  әлеуметтік  мәселелерімен  кӛмкеріле, 
сабақтастырыла суреттелген. Осыдан келіп романда ӛз тұсындағы реалистік 
ӛмір шындығы молынан кӛрініс тапқан. 
Романның  бас  кейіпкері  –  Жамал.  Оның  айналасын  қоршаған  қосалқы 
кейіпкерлер әкесі – жуас Сәрсенбай, шешесі – нәзік жанды, ақылды Шолпан, 
айттырған күйеуі “таз Жұман”, дала шонжары қатігез Байжан, сүйген жігіті 
Ғали. 
Романдағы Жамал мен Ғали – екеуі де елге сүйкімді, бір-бірін тең тұтып, 
сүйіп  қосылмақ  болған  жандар.  Жамалды  алып  қашқан  Ғали  қаладағы 
саудагер  татар  қайырымды  Патухулланы  паналайды.  Сенгенінен  сенімді 
тірек  кӛре  алмай  Ғали  Жамалмен  алыстағы  нағашысына  кетеді,  сонда 
кенеттен ауырып ӛледі. Ғашығын жоғалтқан, панасыз қалған Жамал айналып 
келіп  айттырған  күйеуінің  азабына  түседі.  Мың  сан  азап  тартып,  еріксіз 
қосылған  күйеуінен  тепкі  кӛрген  Жамал  берік  шешімге  келіп,  қыстың 
боранды  күнінде  қашып  шығады.  Езгіде  ӛткен  ӛмірден  гӛрі  не  еркіндікке 
жетуді,  не  ӛлімді  жӛн  кӛреді.  Қалың  боранда  адасып,  қарлы  далада  үсіп 
ӛледі. Романға арқау болған оқиға сюжеті осындай. 
                                                 
80
 
Дулатов М. Шығармалары. – Алматы, 1991. – 370 б. 

270 
 
Ӛмір-тағдыры  романға  арқау  болған  Жамал  –  кӛптің  бірі  емес,  қазақ 
қыздарының  басындағы  қайғылы  халін  ұғына  білген,  ӛз  тағдырына  араша 
түсуге  дайындығы  мол,  санасы  жетілген  қазақ  қызы.  ХХ  ғасыр  басында 
шанда  болса  да  мұндай  сауатты  қыздардың  ел  ішінде  болғандығы  ӛмір 
шындығы. Әке-шешесінің кӛзінің ағы мен қарасындай жалғыз қыз жасынан 
еркіндіктің дәмін татып ӛскен. Оның кейінгі ӛз бостандығы жолында күреске 
ұмтылуының  және  оған  батылының  баруының  бір  сыры  осындар  жатыр. 
Мәселе  кейіпкердің  сауаттылығында  ғана  емес,  автордың  кейіпкер 
табиғатына  еркіндік  рухын  тәрбие  негізі  арқылы  құюында.  Теңдікке  деген 
жүректегі бұлқыныс қыз санасының бірте-бірте ӛсуімен жетіле түседі. Автор 
бұл  ӛзгеріс,  ӛсулерді  Жамалдың  ішкі  жан-дүниесін,  мінез-құлқын  ашатын 
психологиялық  иірімдер  арқылы  емес,  жанама  мінездеулер  арқылы  беріп 
отырады.  Жамалдың  зейінділігі,  тез  хат  тануы,  оқымаған  кітабы  қалмауы, 
ӛлең жазуға талаптануы кейде автор арқылы, кейде сырт адамдардың сӛздері 
арқылы  айтылып  та,  аталып  отырады.  Яғни  оқырман  Жамалды  үнемі  ӛсу 
үстінде кӛреді. 
ХХ  ғасыр  басындағы  алғашқы  роман  болғандықтан  мұндай  жанама 
мінездеу  арқылы  кейіпкер  портретін  сомдау  ӛзін-ӛзі  ақтауға  тиіс.  Біздің 
бұдан кейінгі прозалық шығарма-ларымызда да бұл әдіс ӛз ӛрісін тапқан жоқ 
па?!  Мәселен  Б.Майлиннің  “Шұғаның  белгісі”  ұзақ  әңгімесі  мен 
С.Торайғыровтың  “Қамар  сұлу”  романдарындағы  портреттер  осы  тәсілдер 
арқылы  жасалғаны  белгілі.  “Шұғаның  белгісі”  повесіндегі  әңгімешінің  ә, 
дегенде-ақ “…ой, шіркін, ӛзі де Шұға десе Шұға еді-ау!”  деген бір ауыз сӛзі 
оқырманды Шұғаға ынтықтырып-ақ қоймай ма?! 
Романда  Жамалдың  ішкі  жан-дүниесін,  сезім  толғаныстарын  бейнелеуге 
деген  автор  ұмтылысы  да  байқалады.  “Жамал  қанша  ішінен  қапаланса  да, 
басқа  бір  кісіге  айтуының  ебін  таба  алмай,  –  бір  күні  қолына  қағаз  бен 
қарындаш  алып,  “тым  болмаса  кӛңілімдегі  қасіреттің  оннан  бір  бӛлігі 
шықпас па екен”, – деп, ӛз басындағы халіне бір азырақ ӛлең жазып еді”
81

Әрине,  мұндай  суреттеулер  романда  сирек  кездеседі.  Бірақ  прозамыздың 
алғашқыларының  бірі  саналатын  ілкі  дүние  үшін  бұл  қанша  дегенмен 
кешірімді.  Шығыстық  туындылар  мен  қазақ  ауыз  әдебиетінің  озық 
үлгілерінің дәстүрінде тәрбиеленген оқырман үшін осылай жазылуы сәтті де 
шығар.  Автор  кӛбіне  бас  кейіпкер  жан  дүниесін  оның  ӛлеңдерінде  ӛрілген 
ой-сезімдер  арқылы  ашуға  күш  салған.  Сондықтан  да  жалаң  баяндаулар 
кӛбіне  Жамалдың  ӛлеңі  арқылы  кӛмкеріліп,  тігісі  білінбей  кетеді.  Бастапқы 
кезде  роман  құрылымына  жуыспайтын  әңгімелер  мен  оқиға  ӛтер  тұсқа 
дейінгі  жағдайларды  ұзақ  сонар  баяндауға  ұрынған  автор,  уақиғаның 
шиеленісер тұсынан бастап ширап сала береді.  
                                                 
81
 Дулатов М. Бақытсыз Жамал. Шығармалары. – Алматы, 1991. – 138 б.
 

271 
 
Жамал  мен  Ғали  кездескен  сәттен  әрі  қарай  бастап  шығарма  оқырманды 
ӛзіне ерекше тартып алады. Кейіпкерлердің сырласу сәттерін, бір-біріне берік 
сенісіп, ӛздерінің  бақыты үшін  күреске  бел байлап жолға  шыққан  тұстарын 
автор жылы сезіммен тебіренте жазады. 
Ғалидың  кенеттен  ауруынан  бастап,  ғашығынан  айырыларын  сезінген 
Жамалдың  кӛңіл  күйі  мен  ішкі  жан-дүниесін  ашуға  жаралы  жанның 
жүрегіндегі толқыныс пен тебіреністі суреттеу арқылы жеткізуге ұмтылады. 
“Жамалдың  кӛзінен  қанды  жастар  тӛгіліп,  ас  ішпей,  кірпік  қақпай  зор 
қасіретке  кірісті.  Бір  минут  Ғалидың  қасынан  кетпей,  жаман  ауырды  деген 
жерлерін сипап, мӛлдіреген кӛздерін Ғалидан алмай қарап отыратын болды”, 
–  деп,  қасіретті  жанның  естен  кетпес  портретін  жасаса,  Ғали  қазасынан 
кейінгі Жамалдың алай-түлей ішкі сезімін, жан толқынысын қабір басындағы 
сӛзі арқылы тӛгілтеді. “Қып-қызыл шоқтың ішіне тастап, алыс-алыс сапарға 
жӛнелдің, ӛзің үшін қайырлы болсын! Мен сорлың кеудемде шыбын жаным 
барда ұмытпаспын. Дүниеде патшаның баласы болса да саған теңгермеспін. 
Қош  жаным!  Ғали!  Бір  мен  үшін  мейірбан  ата-анаңды  да  кӛре  алмай, 
қолдарынан топырақ салғыза алмай кеттің, кеш жаным! Алла тағала ақиретте 
қосылуға несіп тілесін, сол уақытта ғана кӛрген қасіретім бір сағаттай болмай 
ұмытылар. Мен сорлың опасыз дүниеде қонақтай алмай адасып қалдым, қош 
жаным…” 
Тағдырдың  тақсіретін  тартқан  Жамал  мен  дүлей  боранды  астастыра 
беруде  қазақ  прозасындағы  ішкі  сезім  мен  сыртқы  табиғат  құбылысын 
символдық  бірлікте  алып  суреттеудің  алғашқы  ұшқыны  байқалады.  Бұдан 
кейінгі  шығармалардағы  қазақ  қыздары  тағдырына  мойынұсынған  немесе 
қатал  заманның  қысымына  шыдай  алмай  мерт  болған,  болмаса  ӛмір 
шындығына  сай  келмес  ойдан  жасалған  жандар  болса,  алғашқы  романдағы 
Жамалдың  тағдырға  қарсы  жүзуі  психологиялық  тұрғыдан  дәлелді.  Қазақ 
қызына тән қайсарлықпен ӛз бақыты үшін күресе білген, бірақ бақытқа жете 
алмай мерт болған Жамал образы – шындықтан шыңдалған тұлға. 
Жамал  табиғатына  тән  қайсарлық  пен  күрескерлікті  автор  ұтымды 
детальдар  арқылы  сәтті  тауып,  орынды  қолдана  білген.  Жамал  қиындықтан 
қаймығатын,  ӛлімнен  қорқатын  жан  емес.  Жазушы  бұны  алғашында  оның 
сүйгені  Ғалиға  жазған  бір  хатынан  байқатады.  “Бір  алла  жалғыз  ӛзі  болсын 
айғақ //Тұралық уағданы бекем байлап //Сен үшін бір басымды еттім құрбан 
//Шынжырлап жіберсе де Сібірге айдап!” 
Жұмандай  таз  күйеуінің  тәлкегіне  шыдамаған  Жамал,  боранды  түнде 
қашып шығардың алдында Жұманға “Мені ӛлтіретін  болсаң бір жола ӛлтір, 
әйтпесе  ӛзі  күйіп  жүрген  жанымды  күйдірме”  –  деп,  ашық  айқасқа 
шақырады.  Ызаға  булыққан  Жұман  талдырып  жыққан  соң,  есін  жинай 
салысымен  “…бүйтіп  тіршілік  қыла  алмайды  екенмін,  мұнан  да  бұл  иттің 
қолынан  ӛлгенше  басқа  жаққа  кетіп  ӛлейін”  деген  берік  байламға  келеді. 

272 
 
Характер сомдаудағы Міржақып қолданған осындай сәтті штрихтар сӛз жоқ 
жазушы  табысына  саналуға  тиіс.  Жалғыз  бұл  емес,  жалпы  М.Дулатовтың 
қаламына  тән  қасиет  –  халық  ӛмірін,  қазақ  әйелдерінің  ауыр  тұрмысын 
кӛркемдік  шындықпен  суреттеу.  ХХ  ғасырдың  басында  Міржақып  Дулатов 
романының  ізін  ала,  Міржақып  кӛтерген  тақырыпқа  жазылған  кӛлемді 
шығармалардың  бірінен  кейін  бірінің  шығуы,  жазушының  ӛз  кезеңіндегі 
тамаша табысының куәсі болса керек. 
Тағдырға қасқайып қарсы тұрған, қасқыр мінез адамдардың озбырлығына 
илікпеген Жамал тылсым табиғаттың дүлей күшінен де қаймықпайды. “Бара-
бара боран әбден күшейіп, алды-артын орап алды. Қорқыныштың не екенін 
һәм  жан-тән  рақатын  ұмытқан  Жамалдың  ойында  Ғали  ғана  болып  келе 
жатқан уақытта аты бір жерге келіп тұрып қалды”. 
Автор  боран  мен  Жамал  арпалысында  символдық  тәсілді  қолданған. 
Жамалдың  бостандыққа  ұмтылған  жолын  қиып,  адастырып  ӛлімнің  суық 
құшағына  жетелеген  ызғарлы  боран  –  түнек  заманның  бүкіл  кертартпа 
кесірлерінің  жиынтығы.  Ары  таза,  жаны  таза,  нәзік  қыздың  жан-жағынан 
қысқан  алапат  дүлей  күштің  қыспағында  мерт  болмауы  мүмкін  емес  еді. 
Шығармада  шымырлаған  шындықтың  барлығы  да,  авторлық  шешімнің 
табиғилығы да осында жатса керек. 
Міржақып  алғаш  қадам  жасаған  бұл  тәсіл  кейінгі  қазақ  прозасында  биік 
кӛркемдік деңгейге кӛтерілді. М.Әуезовтің “Қорғансыздың күніндегі” Ғазиза 
тағдырының  боранмен  астасуы,  Ж.Аймауытовтың  “Ақ  білегіндегі” 
Ақбілектің түн қорқынышымен арпалысының бастау бұлағы осы “Бақытсыз 
Жамалдан” тартылады. 
Шағын  кӛлемді  романда  сол  тұстағы  қазақ  ӛмірінің  айнасы  дерліктей 
мазмұн  бар.  Романды  оқи  отыра  қазақ  даласындағы  қоғамдық-әлеуметтік 
ӛмірмен,  ұлтымыздың  сол  замандағы  тыныстіршілігімен  жүздесіп,  замана 
қойнауына еркін бойлаймыз. Дала саясатының тізгін ұстары, айлакер, қажет 
жерінде  қатыгездік  пен  жауыздықтан  бойын  аулақ  салмайтын  Байжан  мен 
осы даланың жауқазын нәзік ӛскіндері Ғали, Жамал арасындағы тартыс кімді 
болса  да  селт  еткізбей  қолмайды.  Жауыздық  пен  адалдық,  соқыр  сенім  мен 
ӛміртаным  тартысы  –  қандай  шығармаға  болса  да  негізгі  арқау.  Ол  қалай 
берілген  –  ӛмір  шындығымен  кӛркемдік  шындық  шынайы  шешімін  тапқан 
ба?  Міне  жазушы  шеберлігі  ең  алдымен  осы  арқылы  айқындалады.  Бұл 
тұрғыдан  Байжан  болыс  –  ескінің  етегінде  шырмалып  қалмаған,  жаңаны 
бойына жұқтыра отырып, оны ӛзінің арам пиғылының мүлт кетпес қаруына 
айналдыра  білетін,  жаңа  заманның  озбырлық  күшінің  қазақ  прозасындағы 
нанымды  сомдалған  соны  образы.  Тұңғыш  романының  ӛзінен  Міржақып 
қазақ прозасында бұрын болмаған, соңын ала шыққан алғашқы романдардың 
кӛбінде  жоқ  тың  бейнені  тұлғаландырған.  Айлалы  дала  кӛк-жалынан 
ӛктемдігіне қарсылық кӛрсетем деп бақытсыз атанған Жамал жаңа заманның 

273 
 
жаңа  лебінің  қарлығашы,  кӛрікті,  әрі  білікті,  ақылдығына  ақындығы  сай 
білімді  қыз  ретінде  бейнеленген.  Жазушы  Жамал  арқылы  ӛмір  кӛші 
ӛзгертпей  тұрмас  шындықты  ашып,  жаны  оянуға  құштар,  санасы  оянған 
қазақ  қыздарының  типтік  бейнесін  жасауға  талпынған.  Ӛйткені 
Міржақыптың  романға  жазған  алғы  сӛзіндегі  ойлары  Жамал  тағдыры  қазақ 
қыздарының  барлығына  ортақ  жағдайдың  жиынтық  кӛрінісі  еді  дегенді 
меңзейді. 
Романдағы аз кӛрінсе де, есте ұзақ сақталатын Ғали – оянған қызға серік 
болар  жігітті  арман  етіп,  нағыз  азаматты  бейнелемек  болған  Міржақыптың 
тілегінен  туған  сүйкімді  образ.  Ғалидың  ӛз  бақыты  жолындағы  күресте 
биіктен  кӛріне  алмауы  да  жазушының  оны  сүйкімді  ете  отыра,  сенім  арта 
алмағандығында.  Бұл  да  ӛмір  шындығынан  алыс  емес!  Ӛйткені  жазушы 
прототипті  ӛз  ортасынан  алды  емес  пе?  Екі  ғашықтың  іс-әрекетіндегі 
шешуші  қадамды  жасап  жүрген  Ғали  болсада,  қайсарлық  безбені  кӛбіне 
Жамал  жағына  ауып  отыруының  себеп-салдары  осында.  Ғали  әрекеті  бас 
сауғалаудан  ары  аспайды,  ал  Жамал  бойынан  енді-енді  пісіп-жетіліп  келе 
жатқан  күрескерлік  нышандары  кӛзге  түседі.  Махаббаты  үшін  не  сұмдық 
кӛрсе  де  тӛзуге  әзір,  жанына  нұрлы  бақыттың  ұшқынын  сепкен  Ғалиын 
ұмыта алмайтын Жамалдың қарлы боранда қашып шығып, белгісіздікке бет 
түзеуі де осының белгісі. Қорлықтан азапты ӛлімді артық кӛрген әйел шешімі 
бас азаттығы үшін күрескерлікке шақырған ӛзгеше үн еді. 
Жамалдың  жансыз  денесін  тауып  алған  жолаушылар  оның  қалтасынан 
шыққан бір жапырақ қағаздағы мына жолдарды оқиды: 
 
Арасында екі оттың, 
Мені алла қор еттің. 
Ғарыптың кӛңілін мұңайтып, 
Дұшпанды шат, зор еттің. 
 
 
Я  ӛкініш!  Ӛкінішті  ӛмірдің  лағынеті!  Бірақ  Жамалдың  ӛз  бақыты 
жолындағы  күресте  қаза  табуы  кейінгі  оқырман  сіңлілерін  ойландырмай 
қоймасына кім кепіл. Ендеше ол  – ерлік рухын сеуіп кеткен шейт жан. Сол 
себептен ХХ ғасыр басында қазақ әдебиетін алғаш зерттеуші Сәбит Мұқанов 
“ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті” деп аталатын еңбегінде: “Бұл роман бірінші 
жақтан  әйел  бостандығын  жырласа,  екінші  жақтан  ескі  дін,  ескі  салт,  ескі 
әдетке  қарсы  шыққан  роман.  Бұл  қазақтың  жаңа  байларының  жаңашылдық 
сойылын соғып шыққан роман. 
Сондықтан  роман  қазақ  арасында  кӛп  тарап,  елдің  жаңашылдардың 
аузында аяттай жатталып жүрді. Жамал болғысы келген, Жамалға ұқсағысы 

274 
 
келген  талай  ауылдың  қызын  кӛзіміз  кӛрді.  Ғали  ауыл  жігітіне  үлкен  үлгі 
бола алған жоқ, Жамал ауыл қызына үлкен үлгі болды. 
“Бақытсыз  Жамалға”  еліктеп  “Мұңлы  Мариям”  (Сәлім  Кәшімұлынікі) 
сияқты  романдар  шықты.  “Бақытсыз  Жамал”  соңғы  кезге  дейін  кӛп 
жазушының  темасына  үлгі  болды”,  –  деп  жазды.  1932  жылы  жарық  кӛрген 
бұл  еңбекте  дәуір  талабына  сай  жазылып,  артық-кем  айтқан  тұстары 
кездесетінін  жоққа  шығара  алмаймыз.  Дегенмен  дәлелді  пікірлерін 
пайдаланғанның  еш  айыбы  болмаса  керекті.  Кеңестік  дәуірдің  алғашқы 
кезінде  жазылған  еңбектегі  “Бұл  қазақтың  жаңа  байларының  жаңашылдық 
сойылын  соғып  шыққан  роман”  деген  жолдарды  шам  кӛрсек,  алпысыншы 
жылдары  жарық  кӛрген  еңбектердегі  одан  да  сорақы  пікірлерді  қайда 
қоямыз.  Зерттеуші-ғалым  Әнуәр  Дербісәлин  “Қазақтың  октябрь  алдындағы 
демократияшыл  әдебиеті”  атты  еңбегінде  (Алматы,  1966)  екі  шығармадағы 
(“Қамар  сұлу”,  “Бақытсыз  Жамал”),  басты  кейіпкерлердің  (Қамар  мен 
Жамал) ӛліміндегі авторлық шешімдерге әртүрлі баға береді. 
Міржақып Дулатовтың “Бақытсыз Жамал” романының ең басты жетістігі 
Жамал  бейнесінің  толыққанды  жасалуы  дер  едік.  Оның  рухани  биіктігі, 
бойындағы  ерлік  рухының  ұшқыны  қазақтың  дәстүрлі  әдебиетіндегі 
қаһарман қыздарының бейнесінен нәр алған. Әрісі Ақжүніс, берісі Еңліктен 
ӛрілген  ӛнеге  жаңа  заман  кейіпкерінің  бойына  сіңісті  түрде  кіріктірілген. 
Сондықтанда  жаңа  заманның  жаңа  кейіпкерін  оқырман  жатсынбай 
қабылдады. 
ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  әдебиетінде  роман  жанры-на  қалам 
сілтеген  жазушылар  шығармашылығына  осы  “Бақытсыз  Жамалға”  тән 
жетістіктер  мен  кемшіліктер  ортақ.  Бұл  олардың  авторларының  кӛздеген 
мақсаттары,  ұстанған  бағыттары,  стильдік  әдіс-тәсілдерінің  ұқсастығынан 
ӛріс  алып  жатады.  Бір  атап  ӛтетін  жайт,  кейінгі  шығармаларда  кейбір 
кӛркемдік  жетістіктерге  қол  жеткізілгенмен  (“Қалың  мал”,  “Қамар  сұлу”) 
басты тұлғалардың бейнелері солғындау шығып, Жамалдай қайсарлық кӛзге 
түсе  қоймайды.  Кейбір  шығармаларда  (“Қалың  мал”)  ӛмір  шындығынан 
алшақтық, екі жасты бақыт құшағына орау мақсатындағы дәлелсіз схематизм 
бой кӛрсетті. 
Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романның авторы, азамат ақын, кӛсем сӛздің 
кӛшбасшыларының  бірі,  саналы  санаткер,  кӛрнекті  қоғам  қайраткері 
Міржақып  Дулатовтай  тұлғаның  шығармалары  ұзақ  жылдардан  соң 
халқымен  қайта  қауышты.  Ендігі  міндет  –  оның  шығармашылығын  жан-
жақты зерттеу. Бұл бағыттағы алғашқы қадамдарда жасалып жатыр. 
Міржақып  шығармашылығын  ӛз  тұсының  замандастары  айрықша 
бағалағанын  жоғарыда  айтқан  едік.  Мұның  тағы  бір  мысалы  –  ӛз  ара 
пікірқайшылықтары  болса  да,  шындыққа  жүгінген  Сұлтанмахмұт 

275 
 
Торайғыров  ақындық  ӛнердегі  ӛрен  жүйріктердің  қатарында  кезінде 
Міржақыпты да атап, ақындығына әділ баға бергендігі:  
 
Кешегі Бұхар жырау, Жанақ ақын, 
Шӛже, Орынбай халыққа жайған даңқын. 
Ахмет пен Міржақып һәм Мағжан, 
Алты алаштан баласы біледі атын. 
 
Халқына  “Жүрек  майын  шам  қылған”  азаматтық  тұлғаның  әдебиеттегі 
ӛзіндік дара орны қашанда биіктен табылары хаһ. 
 

276 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет