Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет1/27
Дата29.12.2016
өлшемі2,17 Mb.
#672
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


 
МАЗМҦНЫ 
 
Кіріспе ................................................................................................. 
 
1-тарау  
ХХ ғасыр бас кезіндегі тарихи әлеуметтік  
жағдай және әдебиет 
1.
 
Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында............................................ 
2.
 
Ұлттық баспасӛздің  пайда болуы ................................................ 
3.
 
1916-1917 ж.ж. тарихи оқиғалар және қазақ зиялылары............. 
4.
 
1916 жыл оқиғаларына арналған ӛлең -жырлар........................... 
 
2-тарау  
ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдеби ізденістер 
1.
 
Әдеби ағым-бағыттар ................................................................... 
2.
 
Басты тақырыптар арқауы ............................................................ 
3.
 
Абай ӛнегесінің  ӛрісі ................................................................... 
4.
 
Тәржіма-тәжірибе мектебі ............................................................ 
5.
 
Жаңа жанрлардың ӛркен жая бастауы....................................... 
6.
 
Әдеби талғам-танымның қалыптасуы ....................................... 
7.
 
Кӛркемдік әдіс кӛріністері.........................................................  
 
3-тарау 
Діни-ағартушы бағыттағы ақын –жазушылар.......................... 
1.
 
Бағыттың басты сипаты мен кӛрнекті ӛкілдері.............. 
2.
 
Мәшһүр Жүсіп Кӛпеев.................................................. 
 
4-тарау 
Ағартушы-демократтық  бағыттағы ақын-жазушылар 
1.
 
Бағыттың  басты сипаты мен кӛрнекті ӛкілдері........................  
2.
 
Шәкәрім  Құдайбердиев................................................................... 
3.
 
Сұлтанмахмұт  Торайғыров.................................................... 
 
5-тарау 
Ұлт- азатшыл бағыттағы ақын-жазушылар.................................... 
1.
 
Ұлт  азатшыл  бағыттың  басты  сипаты  мен  кӛрнекті 
ӛкілдері................................................................................... 
2.
 
Ахмет Байтұрсынов ................................................................... 
3.
 
Міржақып Дулатов....................................................................... 
4.
 
Мағжан Жұмабаев......................................................................... 
5.
 
Бернияз Күлеев ......................................................................... 
Қорытынды......................................................................................... 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы  
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
ӚМІРХАН ӘБДИМАНҰЛЫ 
 
 
XX ҒАСЫР БАС КЕЗІНДЕГІ  
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ 
 
Оқу құралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 
«Қазақ университеті» 
2002 


 
 
ББК 83.3 Қаз 
      Ә 13 
Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
 филология факультетінің Ғылыми кеңесі және  
Редакциялық – баспа кеңесі ұсынған 
 
 
Пікір жазғандар: 
филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Кәкішев; 
филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Әбдіғазиұлы; 
филология ғылымдарының докторы Б. Омаров; 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әбдиманҧлы Ӛ. 
Ә 13    XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: Оқу құралы (ӛңделіп, толықтырылып екінші 
рет басылуы) . – Алматы: 
         Қазақ университеті, 2002. -430 б. 
             ISBN 9965 – 12 - 303 – 9 
 
 
 
Филология  ғылымдарының  докторы,  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 
университетінің  профессоры  Ӛмірхан  Әбдиманұлының  бұл  оқу  құралында  жазба 
әдебиеттің ең бір ӛнімді де кӛркемдік ізденіске толы кезеңі – XX ғасыр бас кезіндегі қазақ 
әдебиеті  тұңғыш  рет  толыққанды  түрде  жүйеленіп,  ұсынылып  отыр.  Аталмыш  кезеңнің 
әдебиет  тарихындағы  ӛзіндік  орны,  түрлі  бағыттардың  жазба  әдебиеттің  ӛркендеуіне 
қосқан  үлесі  қазақ  қоғамының  тарихи  дамуымен  бірлікте  алынып  қарастырылады.  Сол 
тұстағы әдебиеттің ӛзекіті мәселелері жаңаша кӛзқарас тұрғысынан байыпталады. 
Оқу құралы жоғары оқу орындарының филология, журналистика факультеттерінің 
студенттеріне, магистранттарына, аспиранттарына арналған. 
 
 
 
     
 
 
Ә4603020102-057 86-02 
   460(05)-02                                                                                           ББК 88.3Қаз 
 
 
ISBN 9965-12-303-9                                                            ©
Әбдиманұлы Ӛ.,2002. 
                                                                                       ©Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,2002. 
 
 


 
КІРІСПЕ 
 
Осы  уақытқа  дейін  ӛткен  ғасырдың  бас  кезіндегі  әдебиет  тарихы,  оны 
түрлі білім сатыларында оқытудың жай-күйі аз сӛз болған жоқ. Бүгінгі күнде 
кӛптеп  жазылып  жатқан  зерттеулерді  былай  қойғанда,  әдебиеттің  осы 
кезеңіне деген қызығушылық, ізденіске деген талпыныстар ғасыр басында-ақ 
байқала  бастаған  еді.  Алғашқы  кезде  жекелеген  мақалалар  мен  мектепке 
арналған  оқулықтарда  сӛз  бола  бастаса,  бірте-бірте  олар  кең  кӛлемдегі 
зерттеу еңбектердің арқауына айналды. 
ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  әдебиетке  арналған  алғашқы  оқулық  зерттеу 
еңбек  –  Сәбит  Мұқановтың  “ХХ  ғасырдағы  қазақ  әдебиеті”  (1932)  атты 
кітабы.  Автордың  ӛзі  атап  кӛрсеткендей  зерттеудің  басты  мақсаты:  “Тың 
жатқан мәселеге із салып, пікір кӛтеру, сонымен қатар материалды системаға 
келтіріп,  жол  ашу”  болды.  Сондықтан  да  “Тыңнан  қозғалған  мәселе 
болғандықтан  кей  жері  кем,  кей  жері  үстірт…”  бұл  еңбек  уақыт  ырқынан 
шыға  алмай,  замана  ығына  жығыла  жазылды.  Онда  ХХ  ғасыр  басындағы 
қазақ  әдебиетінің  кейбір  ірі  ӛкілдері  мен  олардың  кӛрнекті  шығармаларына 
таптық  идея  тұрғысынан  назар  аударылып,  бір  жақты  қарау  басым  жатты. 
Сонымен  бірге  қазақ  әдебиеттану  ғылымының  балаңдығы  және  әдеби 
мұралар мен кӛркем шығармалардың толық жиналып, жүйеге түспегендігі де 
аз зиянын тигізбесе керекті. Әйтсе де, алғашқы зерттеу еңбектің тыңға түрен 
салып, мәселені алғаш болып кӛтеруі, алғаш рет кең кӛлемде сӛз етуі кейінгі 
зерттеулердің жазылуына түрткі болғаны даусыз. 
Кейінгі  жарық  кӛрген  еңбектердің  ішінен  ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі 
әдебиетті  танып  білуде  Е.Смайыловтың  “ХХ  ғасырдағы  қазақ  әдебиеті” 
(1941),  Б.Кенжебаевтың  “Қазақ  халқының  ХХ  ғасыр  басындағы  демократ 
жазушылары” (1958), “ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті” (1976), М.Әуезов 
атындағы  әдебиет  және  ӛнер  институты  шығарған  “Қазақ  әдебиетінің 
тарихы”  ІІ  том,  2-кітап  (1965),  “ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  қазақ  әдебиеті” 
(1994), 
Ы.Дүйсенбаевтың 
“Сұлтанмахмұт 
Торайғыров” 
(1967), 
Б.Шалабаевтың  “Қазақ  прозасының  тарихы”  (1968),  С.Қирабаевтың 
“Спандияр  Кӛбеев”  (1958),  “Әдебиетіміздің  ақтаңдақ  беттері”  (1995), 
Т.Кәкішевтің “Сын сапары” (1971), “Қазақ әдебиеті сынының тарихы” (1994), 
Ә.Дербісәлиннің  “Қазақтың  Октябрь  алдындағы  демократияшыл  әдебиеті” 
(1966),  “Дәстүр  мен  жалғастық”  (1976),  Т.Әбдірахмановтың  “Жаңа  ғасыр 
кӛгінде”  (1969),  “Таланттар  тағылымы”  (1988),  Ш.Елеукеновтің  “Мағжан” 
(1995),  Р.Нұрғалидің  “Әуезов  және  алаш”  (1997),  А.Еспенбетовтың 
“Сұлтанмахмұт Торайғыров” (1992), З.Бисенғалиевтің “ХХ ғасыр басындағы 
қазақ  романы”  (1997),  Б.Әбдіғазиұлының  “Шәкәрім  шығармашылығының 
дәстүрлік және кӛркемдік негіздері” (2000) тәрізді зерттеулердің маңызы ӛте 
зор. 


 
Жалпы ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің келелі мәселелеріне арналғанмен 
әр  кітаптың  жазылуындағы  ӛзіндік  мақсаты  мен  мүддесі  әрқилы.  Бір 
зерттеушілер 
шоғыры 
(Ы.Дүйсенбаев, 
С.Қирабаев, 
Ш.Елеукенов, 
А.Еспенбетов,  Б.Әбдіғазиұлы  т.б.)  ӛз  зерттеулеріне  сол  кезең  әдебиетінің 
жекелеген  ӛкілдерінің  ӛмір  жолы  мен  творчествосын  арқау  етсе,  екінші  бір 
зерттеушілер  ХХ  ғасырдың  басындағы  әдебиеттің  жалпы  даму  бағытын 
айқындау  тұрғысынан  (Б.Кенжебаев,  Ә.Дербісәлин,  Р.Нұрғалиев  т.б.) 
қарастырды.  Зерттеушілердің  үшінші  тобы  белгілі  бір  жанрдың  қалып- 
тасу,  даму  сипатына  зер  салды  (Б.Шалабаев,  Т.Кәкішев,  Т.Әбдірахманов, 
З.Бисенғалиев).  Әдеби  дәстүр,  жаңашылдық  мәселелерін  сӛз  етушілер  де 
болды (Нұрқатов А. т.б.). 
Кезең  әдебиетін  зерттеудегі  үлкен  бір  белес  ретінде  Бейсенбай 
Кенжебаевтың “ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті” оқулығын (1976) атауға 
болады.  Еңбек  авторы  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиетіне  тән 
ерекшеліктерді,  күрделі-күрделі  мәселелерді  жинақтап,  топтап  сӛз  ете 
отырып,  тұтас  бір  әдеби  кезеңнің  ӛзіндік  сыр-сипатын  тануға  ұмтылған. 
Оқулықтың  ғасыр  басындағы  әдебиетті  тану  мен  танытудағы  кӛтерер  жүгі 
қомақты. Ғалым-зерттеуші ХХ ғасыр басындағы әдебиетті тұтас бір құбылыс 
ретінде  ала  отырып,  соның  ішінде  ағартушы-демократтық  бағытқа 
толығырақ  тоқталып,  осы  бағыттың  ӛзіндік  ерекшелігін  жан-жақты  ашып 
кӛрсетті.  
Жалпы  жоғарыда  аталған  еңбектердің  90-жылдарға  дейінгілерінде  уақыт 
ағымына  байланысты  “жабулы  қазан  жабулы”  күйінде  кетіп,  айтылмай 
қалған,  әдейі  бұрмаланған  жерлер  жетерлік.  Ол  еңбектер  қалыптастырған 
кӛзқарастар,  жалпы  алғанда,  ХХ  ғасыр  басындағы  әдебиеттің  ӛрісін 
айқындауға,  даму  ерекшелігін  тануға,  тіпті  жеке  творчестволық  тұлғаларға 
деген  пікірлерді  белгілі  бір  қалыпқа  салып,  шығармашылық  болмысын 
толыққанды түрде ашуға мүмкіндік бермеді. 
Бұл  туралы  кӛрнекті  зерттеуші-ғалым  Т.Кәкішев:  “Жалғыз  қазақ  халқы 
ғана  емес,  Қазан  тӛңкерісінің  дүрмегіне  ілескендердің  қай-қайсы  болмасын 
кӛпшілікті  қызықтырар  қиястығы  мол  идея  соңына  түскенін  қазір  ашық 
айтуға  тиістіміз.  Бұл  идеяда  бұрын  езіліп,  тапталған,  қорлық-зорлықты  кӛп 
кӛрген  еңбекшілерді,  кедей-кепшіктерді  дүниенің  әміршісіне  айналдырамыз 
деген ұранның тартымдылығы күшті болғанын және оны барынша пәрменді 
насихаттап,  білектің  күші,  найзаның  ұшы,  мылтықтың  оғы,  зеңбіректің 
добымен  қалың  жұртшылықтың  сана-сезіміне  зорлап  сіңіру  процесі 
нәтижесіз болмады. Кӛпшіліктің кӛңіл ауаны ғана емес, бар ынта тілегі соған 
ауды, ауғысы келмегенін зорлап аудырдық. Басқаша түсінік болады дегенге 
нанбадық,  әбден  етіміз  ӛліп  алған  соң,  басқаша  ойлайтындар  кездесе  қалса 
әуелі  шамдандық.  Содан  кейін  атып-астық,  тескентау  айдадық…”  –  дейді. 
Осы  жүйе  бойынша  ӛз  ұлтымыздың,  ӛз  тарихымыздың  ӛткенін  сүзгіден 


 
ӛткізіп,  екіге  бӛлдік.  Жұрт  қамын  ойлаған  Шәкәрім  Құдайбердиев,  Ахмет 
Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов,  Мағжан  Жұмабаевтай  ұлыларымызды 
ұлтшылға  айналдырып,  ел  санасынан  ӛшіруге  ұмтылдық.  Солар  бастаған, 
байытқан  әдебиетті  тарихтың  тереңіне  тығып  тастап,  ұлттық  әдебиетіміздің 
тарихын “ақтаңдаққа” айналдырдық. Олар жасаған мол мұра ӛздерімен бірге 
тарих доңғалағының астына тапталып, мәңгі жарық кӛрместей болды. 
Елінің  азаттығы  жолында  күрескен,  “ұлтым”  деп  еңіреп  ӛткен  ерлер 
мұрасы  буржуазияшыл-ұлтшыл  аталып,  тек  датталумен  келді.  Саясатта 
шаруасы  жоқ,  Шығыс  әдебиетіне  еліктеп,  соның  үлгісінде  шығарма  жазған 
саңлақтарымыз ескішіл атанып, ескерусіз қалды. Мәселен әдеби мұрамыздың 
ең  бір  бай  саласы  –  қиссашыл  ақындар  шығармашылығы  діншілдік 
бағыттағы  шығармалар  деп  танылып,  надандықты  насихаттаған,  ӛткенді 
аңсаған кертартпа әдебиет ӛкілдері ретінде бағаланды. Мұсылмандық әлемге, 
шығыстық  дүниеге  бой  түзеп,  үлгі  алғандар  шығармашылығындағы  діни-
таным – адами тәрбие, адамгершілік пен адалдыққа жетелеген ӛнеге екендігі 
ескерілмеді.  Олардың  рухани  тазаруға  үндеген  озық  ойлары  кері  кеткен 
пікірлер  ретінде  бағаланды.  Қазан  тӛңкерісінен  кейінгі  уақытта  діни  мән-
мағынасы бар әдебиет нұсқаларымен күресу мәселесі қатты қолға алынды.  
Осы күрес “нәтижесінде” Ақылбек бин Сабал, Шәді Жәңгіров, Мәулекей 
Жұмашев,  Жүсіпбек  Шайхисламов,  Мұса  молда,  Мақыш  Қалтаев,  Нұржан 
Наушабаев,  т.б.  ақындар  қазақ  әдебиетіндегі  ӛзіне  лайық  орындарын  ала 
алмай  келгенді.  Бұл  туралы  “Шығыс  інжу-маржандарының  ӛзімізге 
лайықтыларын,  тұрақтай  алатын  тақырыпты,  сюжетті  ол  ақындар  (қисашыл 
Ӛ.Ә.)  дұрыс  таңдады.  Әр  жерде  ауызға  алынғаны  болмаса,  баспа  бетін 
кӛрмеген  біраз  шығармалардың  мазмұны,  идеялық  ықпалы  ашылмастан 
жатыр. Бұларды діни уағыз, қиялдан туған дүниелер деп жылы жауап қойып 
отырған  жайымыз бар.  Ал,  шындығына  келсек,  “Ләйлі-Мәжнүн”,  “Мұңлық-
Зарлық”,  “Атымтай  Жомарт”  секілді  махаббат,  адамгершілік  хақындағы 
романтикалық 
дастандар 
қазақтың 
кейінгі 
лирикалық, 
эпикалық 
дастандарына мол әсерін тигізді…” дейді ғалым Ӛтеген Күмісбаев. Бірақ біз 
кезінде  мұны  аңғара  алмадық,  аңғарғымыз  келмеді  де.  Сон-дықтан  замана 
ағысы,  уақыт  барысы  бойынша  кейінгі  кезеңге  дейінгі  зерттеулерде  ХХ 
ғасырдың  басындағы  әдебиет  тарихы  бүкіл  болмыс-бітімімен  ашылмай, 
жартыкеш  күйде  қалып,  тек  ағартушы-демократтық  бағыт  ӛкілдерінің 
әдебиеті  мадақталып,  ӛзге  бағыт-ағымдар  мансұқталып  келгені  жасырын 
жайт емес. 
Бірақ “елу жылда – ел жаңа” ғана емес, ой да жаңарары белгілі. Әр кезде 
бір  кӛтеріліп,  бір  басылып  жүрген  Шәкәрім,  Мағжан  туралы  қазақ 
зиялыларының  ой-пікірлері  замана  ӛзгерісіне  орай  ӛркен  жая  бастады. 
Барлығына тарих тӛреші. Сондықтан да  
 


 
…Асықпаңдар, артымызда қазы бар, 
Тергеп талай сүйектерің қазылар. 
Пайғамбарды сатып отыз тіллә алған 
Яһудамен бірге аттарың жазылар… – 
 
деп,  Ахаң  айтқандай  “арттағы  қазылар”  шындықтың  бетін  ашып,  1988 
жылдан  бергі  уақытта  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  М.Жұмабаев  тәрізді 
тоталитаризм  құрбанына  шалынған  әдебиетіміздің  алыптары  туған  елімен 
қайта  қауышты.  Содан  бастап  ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  әдебиетке  деген 
жаңаша  кӛзқарас  қалыптаса  бастады.  Осыған  орай  ХХ  ғасыр  басындағы 
әдебиетті  жоғары  оқу  орындарында  оқытуға  да  жаңа  талаптар  тұрғысынан 
қарау  керек.  Біздің  мақсатымыз  да  уақытпен  үндесер,  жаңаша  рухтағы 
оқулық дайындау. 
ХХ  ғасыр  кезіндегі  қазақ  әдебиеті  дегеніміз  1900-1920  жылдар 
аралығындағы  мерзімді  қамтиды.  Бұл  кезеңдегі  әдебиетті  кейбір 
зерттеушілер 25,30-шы жылдарға дейін созып жүр. Бірақ тарих шындығынан 
ешкім  асып  кетпек  емес.  1920  жылы  4  қазанда  Қазақ  АССР-і  құрылғаннан 
кейінгі уақытта Қазақстан жеріндегі бүкіл идеологиялық жүйе басқа бағытқа 
бет  алғаны,  әдебиетіміздің  кӛрнекті  ӛкілдерінің  кӛбі,  әсіресе,  ХХ  ғасыр 
басындағы  әдебиетке  елеулі  үлес  қосып,  әдеби  бағыты  айқындалып, 
шеберлігі  жетілген  ақын-жазушылардың  әдеби  шығармашылықпен  тиіп-
қашып  ғана  айналысқаны  белгілі.  Ендеше  ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  әдебиетті 
жиырмасыншы  жылмен  аяқтап,  одан  кейінгі  әдебиетті  кеңестік  әдебиет  деп 
тануымыз керек.  
ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет жалпы қазақ әдебиеті тарихындағы ең бір 
жемісті де түрлі ізденістер мен қайшылықтарға толы кезең болып табылады. 
Сондықтан да қазақ әдебиеті тарихын оқытудың күрделі проблемалары осы 
тұсқа  жинақталған.  Мұның  басты  үш  себебі  бар.  Біріншіден,  жазба 
әдебиеттің  мейлінше  ӛркен  жайған  тұсы,  екіншіден,  әртүрлі  әдеби  ағымдар 
мен  бағыттардың  айқындалған  кезеңі,  үшіншіден,  әдеби  жанрлардың  әр 
саласында  әдеби-кӛркемдік  ізденістердің  белең  алған  тұсы.  Сондықтан  да 
осы  1900-1920  жылдар  аралығындағы  әдеби-кӛркем  шығармалар  мен 
кӛрнекті  ақын-жазушылардың  шығармашылығын  жан-жақты  қарастыру 
әдебиетімізде  бар  дәстүрлердің  дамуы  мен  жаңашылдықтың  негіздерін 
тануға,  кейінгі  әдебиеттің  ӛркендеуінің  түрлі  реңктерін  айқындауға, 
бұрынғы-кейінгі  әдебиеттің  жетістіктерін  терең  зерделеуге  мүмкіндік 
туғызады. 
Сонымен  қатар  “ақтаңдақ”  деп  танылған,  кезінде  әдебиет  тарихы 
оқулықтарының  беттерінен  белгілі  себептермен  түсіп  қалған  қазақ 
әдебиетінің  айбынды  тұлғаларының  шығармашылық  ғұмырнамасын, 
олардың  идеялық-кӛркемдік  деңгейі  жоғары  туындыларын  терең  тану  қазақ 


 
әдебиетінің  қаншалықты  шырқау  биікке  кӛтерілгенін  бағдарлауға, 
әдебиетіміздің  кейінгі  легіндегі  классиктеріміздің  шығармашылығына 
қаншалықты  зор  әсері  болғандығын  бағамдауға  жол  ашады.  Бұл  уақытқа 
дейін  дәріс  тыңдаушылар  фольклор,  кӛне  дәуір,  18-19  ғасырлардағы 
әдебиетімізді  оқып-үйреніп,  ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  қазақ  әдебиетіндегі 
дамудың дәйекті ӛзгерістерін түсінуге толық мүмкіндік алады. Яғни Абайға 
дейінгі  Абайдан  кейінгі  әдебиеттің  бағыт-бағдарын,  идеялық-кӛркемдік 
ізденістердің  ара-қатынасын  айқындауға  жан-жақты  дайындығы  бар  деп 
түйіндеуге болады. Осы тұрғыдан алғанда, мақсат – аталмыш кезеңдегі түрлі 
әдеби 
ағымдар 
мен 
бағыттардың, 
олардың 
айтулы 
ӛкілдерінің 
шығармашылығын  түбегейлі  қарастыру  арқылы  “алтын  ғасыр”  аталған 
әдебиеттің табиғатын ашу. Сондықтан да оқулықта біз мынадай мәселелерге 
басты назар аудардық. 

 
ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  әдебиеттің  тарихи  қоғамдық-әлеуметтік 
жағдайлармен  тығыз  байланысын  қарастыру  арқылы  әдебиеттің  ұлттың  ой-
санасын оятудағы міндетін анықтау. 

 
ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  әдебиетпен  бай-ланысын, 
дәстүрлі  әдебиет  үлгісін  дамыту  мен  ӛзіндік  ізденістерден  туған 
жаңашылдықтың белгілерін тану. 

 
ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  әдебиеттегі  ірі  әдеби  тұлғалардың  романтизм 
мен  реалистік  әдіс-тәсілдерді  қатар  ала  жүріп,  ӛмір  шындығын  ашудағы 
ӛзіндік қолтаңбасын бағамдау. 

 
Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажыратып, белгілі 
ӛкілдерінің шығармашылығын талдау арқылы творчестволық жетістіктер мен 
кемшіліктерді саралау. 

 
ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  әдебиеттегі  Абай  дәстүрі  мен  үлгісін 
дамытудың сан-салалы шығармашылық жетістіктеріне назар аудару. 

 
ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиеттің ӛркендеуіне негіз салған қоғамдық-
санаткерлік, 
кӛсемсӛздік 
(публицистік) 
міндеттердің 
нәтижелерін 
салыстырмалы түрде қарастыру. 

 
Әрқилы  әдебиет  ӛкілдерінің  шығармашылық  болмысына  бойлау 
арқылы  ілгершіл  әдеби  қаламгерлердің  шығарма-шылықтарындағы  басты 
жетістіктерді ашу. 

 
Бұрын  қарастырылмай,  немесе  біржақты  қарастырылып  келген 
әдебиеттің  айтулы  тұлғаларының  шығармашылығын  бүгінгі  кӛзқарас 
тұрғысынан бағалау. 

 
ХХ ғасыр басындағы әдебиетке азаттық сарын, ұлттық рух алып келген 
ақын-жазушылар  шығармашылығының  қазақ  әдебиетін  ӛркендетудегі 
қызметін, ӛзінен кейінгі әдебиеттің дамуына тигізген игі әсерін таныту. 
 
 


 
1-тарау  
ХХ  ҒАСЫР  БАС  КЕЗІНДЕГІ  ТАРИХИ-ӘЛЕУМЕТТІК  ЖАҒДАЙ 
ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ 
 
1. Қазақ зиялылары ҧлт қамы жолында 
 
ХХ  ғасырдың  басы  –  қазақ  халқының  тарихында  бүкіл  қоғамдық  ой-
пікірдің  ӛрлеуіне  мүмкіндік  туып,  Ресей  патшалығы  әдейі  тұмшалаған  ой-
сананың  ояну  дәуіріне  жол  ашқан  кезең.  Ендеше  ұлттық  сананың  ең  ӛнімді 
саласы –  әдебиеттің,  қоғамдық  сананың  кӛрсеткіші баспасӛздің  бұл  кезеңде 
күрт  алға  басуы  –  табиғи  заңдылық.  Бұл  тұста  Абайдың  нақты  жалғасы 
іспетті  Шәкәрім  мен  дүниеге  Абайдан  кейін  келсе  де,  еңбегі  ерте  жарық 
кӛрген Мәшһүр Жүсіп шығармашылығы ӛзінің кемел шағына жетіп, шырқау 
биігіне  кӛтерілсе,  Ахмет,  Міржақып,  Сұлтанмахмұт,  Мағжан,  Бернияз  т.б. 
тәрізді  алыптар әдебиет  айдынында  бой  кӛрсетіп,  биік кӛркемдік  сипаттағы 
дүниелерін жариялай бастады. 
ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  қазақ  ағартушылары  мен  ақын-
жазушылары аңсаған ілім-білімді үйренуге үндеу – ХХ ғасырдың бас кезінде 
біршама  нәтижесін  беріп,  алдыңғы  қатардағы  қазақ  азаматтарын  елді  ояту, 
азаттыққа  қол  жеткізу  мақсатына  жетеледі.  Оқыған  зиялылар  арасынан  ел 
бағытын айқындар сара жолды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алып 
шығуға  ұмтылған  жаңа  тұлғалар  шоғыры  таныла  бастады.  Сол  кӛш 
бастаушылардың  алдыңғы  қатарында  қазақ  ақын-жазушылары  да  болғаны 
талассыз шындық. 
Патшалық  Ресейдің  отарлық езгісінде қиын  да  күрделі ӛмір сүрген  қазақ 
халқының  әлеуметтік  тұрмысы  ХХ  ғасыр  басында  тіптен  қиындап  кетті. 
Ұланғайыр ӛлкені сүлікше сорған Ресей билеушілері обыр құлқынның қамы 
үшін  тізгінді  неғұрлым  қыса  ұстап,  тежеп  отыруды  оңтайлы  кӛріп,  саяси-
әкімшілік  қысымды  күшейте  түсті.  Бірақ  қашанда  әрбір  нәрсенің  екі  жағы 
болатыны  секілді  ӛмір  ӛз  заңдылығымен  алға  дамып,  Россияға  бодан 
болудың да  екі жақты әсері болды. Оны ешқашан жоққа шығара алмаймыз. 
Бірі  зорлық-зомбылық,  езіп-қанау  болса,  екінші  жағы  Қазақстанға  кӛз 
алартушылар  сиреді,  мардымсыз  болса  да  ӛндіріс  орындары  ашылды,  қазақ 
жұртына  батыстық  ілімнің  жарығы  шашырап,  ағарту  ісі  жандана  бастады. 
Тарихи дамудың сол бір кезеңінде бұған негізде бар болатын. Себебі замана 
ағысын аңдаған, жеткілікті дәрежеде білімі бар азаматтар ел арасында кӛптеп 
кездесетін. 
Бҧл  тҧстағы,  яғни  ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  мәдени-әлеуметтік 
дамудың  бір  кӛрінісін  қазақша  кітаптардың  кӛптеп  шығып,  ел  арасына 
кеңінен тарауы аңғартса керек. Қазақ кітаптарының даму тарихына арналған 
еңбектерде  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  қазақ  кітаптарының  сапалық  жағынан 

10 
 
да,  сандық  жағынан  да  күрт  ӛсуі  дәлелді  айтылған.  Мәселен,  зерттеуші 
Ә.Жиреншин  400  кітап  атауымен,  180  басылымды  атаса,  Ү.Суханбердина, 
Д.Сейфуллиналар  480  кітап  атауымен  720  басылымды  кӛрсетеді.  Ал  татар 
ғалымы  А.Каримуллин  1917  жылды  қоса  есептегенде  қазақ  тілінде  509 
басылым  
2  млн.  201  мың  105  дана  болып  таратылды  деген  пікір  айтады.  ХХ  ғасыр 
басындағы әдебиеттің білгірі, ғалым Б.Кенжебаевтың дерегі бойынша 1900-
1917  жылдар  аралығында  200  кітап  жарық  кӛрген.  Бейсекең  негізінен  әдеби 
шығармашылыққа жақындау кітаптарды кӛрсеткен болуы керек. 
Қоғамдық  ӛмірдің  және  әлеуметтік  дамудың  айнасы  баспасӛз  десек, 
аталмыш  кезеңде  оянған  сананы  алға  жетелеген  кӛрнекті  басылымдар 
мәдениет  рухын  септі.  Отаршыл  әкімшіліктің  “Түркістан  уалаяты”,  “Дала 
уалаяты”  секілді  қазақ  тілінде  шығарған  ресми  газеттерімен  бірге  жаңа 
сипаттағы  еркін  басылымдар  дүниеге  келді.  “Серке”  (1907),  “Қазақстан” 
(1911-13),  “Ешім  даласы”  (1913)  газеттері,  “Айқап”  (1911-1915)  журналы 
және  жалпы  ұлттық  қоғамдық-саяси  һәм  кӛп  тиражбен  тараған  “Қазақ” 
(1913-1918) газеті қазақ ұлтының саяси-әлеуметтік ой-санасына түрткі салып, 
замананың  кӛкейтесті  мәселелерін  қозғады.  Отарлық  саясаттың  езгісінде 
отырған  қазақ  халқының  бостандығы  мен  азаттығын  аңсап,  ел-жұртын 
ғылымы мен білімі ӛркендеген халықтар санатында кӛруді қалады. 
Қазақ  зиялыларының  ағартушылық,  демократтық  бағыттағы  күрескерлік 
идеяларын ӛрістете түсуіне 1905-1907 жылғы орыс революциясының да әсері 
болмай  қойған  жоқ.  Патша  әкімшілігінің  революциялық  дүмпуден  кейін 
шарасыздықтан  бұратана  халыққа  кейбір  еркіндіктер  беруі  себепті  (1905 
жылғы 17 октябрь манифесі) қазақтың алдыңғы қатарлы зиялыларының үгіт-
насихаттық,  әдеби-шығармашылық  қызметтеріне  жол  ашылып,  азда  болса 
мүмкіндік  туды.  Бұл  ең  алдымен,  қазақ  даласындағы  европалық  дәрежедегі 
білімі  бар  зиялылардың  сан  жағынан  алғанда  Орта  Азияны  мекендеген 
халықтар  ішінде біршама  жоғары  тұрғандығынан еді.  Бұл  туралы  тарихшы-
ғалым  М.Қойгелдиев  “Қазақтың  жоғары  және  аяқталмаған  жоғары 
білімділері 
200-ден 
астам 
(Ә.Бӛкейханов, 
Ж.Досмұхамбетов, 
Х.Досмұхамбетов,  Ш.Лапин,  М.Тынышбаев,  М.Шоқаев,  Б.Қаратаев  т.б.),  ал 
мектептерді, 
училищелерді, 
мұғалімдер 
семинариясын 
бітіргендер 
(А.Байтұрсынов,  Ә.Жангелдин,  А.Асылбеков,  М.Жұмабаев,  К.Тӛгісов,  т.б.) 
1000-ға таяу болды” дегенді айтады.  
Тарихи шындыққа жүгінер болсақ, мұнан да кӛп екенін аңғарғанымызбен, 
қолда  толық  дерек  жоқтықтан  әзірше  осы  шамада  білімді  жандардың 
болуының ӛзі отаршылдық бұғауындағы бұратана халық үшін аздық етпес-ау 
деген  ойға  тоқтадық.  Және  олардың  әрқайсысы  10  адамның  атқарар  істерін 
жасап кетсе, санынан сапасының жоғары екенін де байқаймыз. 

11 
 
Қоғам  дамуындағы  алдыңғы  қатарлы  ой-сана  әдеби-шығармашылық 
еңбектерде  кӛрініс  табады  десек,  жоғарыда  аты  аталған  зиялылардың 
кӛпшілігі ӛздерінің шұрайлы ойларына қаламгерлікті серік етті. Олар әртүрлі 
аударма шығармалары, тӛл туындылары, публицистикалық еңбектері арқылы 
халыққа ой салып, кӛп сұрақтарға жауапты әдеби шығармалар арқылы берді. 
Сӛйтіп,  замана  рухына  сай  дүниелер  туғызып,  ӛз  ұлтына  бағыт-бағдар 
сілтеді, дамудың даңғыл жолын кӛрсетуге тырысты. 
ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  жазба  әдебиет  –  ХІХ  ғасырдағы  қазақ 
әдебиетіндегі дәстүрлерді дамытумен бірге ӛзіндік ӛрнегін де тапқан әдебиет. 
Мұнда,  әсіресе,  ӛмір  шындығын,  замана  ӛзгерісін,  әлеуметтік  тұрмысты 
нақты  да  шынайы  бейнелеуге  ұмтылу  кӛзге  айқын  шалынады.  Дегенмен  де 
бұл 
тұстағы 
әдебиетте 
ақын-жазушылардың 
қоғамдық-әлеуметтік 
құбылыстарды суреттеудегі, ӛмір шындығын танудағы, ӛз мақсат-мүдделерін 
түсіндірудегі  даралығына,  әркімнің  дарын-талантына,  білік-танымына  сай 
әркелкілік  те  болды.  Мұндай  әр-алуандықтың  болуы  заңды  да  еді.  Ақын-
жазушылардың ӛскен ортасы, шығармашылық мектебі, білім дәрежесіне орай 
әртүрлі  бағыт-бағдарлар,  ағымдар  дүниеге  келіп,  олар  сол  бағыт  арқылы 
қалыптасқан  кӛзқарастарын  шығармашылығы  арқылы  танытуға,  халыққа 
жеткізуге тырысты. 
Осы  тұрғыдан  алғанда  діни-ағартушы,  ағартушы-демократтық,  ұлт-
азатшыл әдебиет ӛкілдері ХХ ғасырдың, яғни ояну дәуірінің негізгі идеясына 
айналған  халықты  “оятуға”  әр  қырынан  келіп,  ӛздері  дұрыс  деп  таныған 
мақсат тұрғысынан кӛтергені белгілі. Жаңа ғасыр басындағы қоғамдық-саяси 
ӛзгерістер алға тартқан кӛп мәселелерді шешуде ӛзіндік бағдар ұстанғанмен, 
олар  қазақтың  ӛзіне  ғана  тән  ұлттық  мәселелерде  – оқу-ағартуға  шақыруда, 
әйел теңдігін кӛтеруде, кертартпа мінез-құлықтарды сынауда, оларды түзеуге 
ұмтылуда  бірлік  таныта  білді.  Ал  азаттық,  тәуелсіздік  тәрізді  күрделі 
проблемаларға  байланысты  ізденістер  оларды  кӛркемдік  дәрежесі  биік 
деңгейдегі  туындылар  жасауға  ұмтылдырды,  соны  соқпақтарға  жетеледі. 
Сондықтан  да  бұл  кезеңде  әртүрлі  пікір  қайшылықтары,  артық-кем  түсіп 
жатқан тұстардың болғанын жасыра алмаймыз. 
ХХ  ғасыр басындағы  әдебиет  тарихына  байланысты  90-жылдарға дейінгі 
жазылған  еңбектерде  кӛбіне  бір  сарындылық  байқалуы  да  осыған 
байланысты.  Олардың  кӛпшілігі  ағартушы-демократтық  бағыт  ӛкілдерінің 
шығармашылығына  арналып,  қалған  екі  бағыт  діни-кертартпа,  ұлттық-
буржуазияшыл бағыттар ретінде бағаланып, кейде тіптен назардан тыс қалып 
жатты.  Бұл  туралы  қазіргі  баспасӛз  бетінде  кӛп  айтылып,  кӛп  жазылды  да. 
Ақталған  ақын-жазушыларымыздың  ӛмірі  мен  шығармашылығы  туралы 
жекелеген мақалалар, еңбектер жазылып, кейбірінің жекелеген жинақтары да 
жарық  кӛрді.  Бұл  ретте  Қ.Мұхаметқановтың,  Т.Кәкішевтің,  Р.Нұрғалидің, 
С.Қирабаевтың,  Ш.Елеукеновтің,  З.Ахметовтің  т.б.  әркезде  түрлі  баспасӛз 

12 
 
беттерінде  жарияланған  мақалаларын,  жеке  кітаптарын  атауға  болады. 
Қазіргі  кезде  сол  тұстағы  әдеби  процеске  қатысы  бар  біршама  зерттеу 
еңбектер де жарияланып үлгерді. 
Бұл  еңбектердің  барлығы  да  негізінен  бұрын  зерттелмей  келген 
тұлғалардың  әдебиетіміз  бен  мәдениетімізде  алар  орнын  айқындауға  басты 
назар аударып, кӛбіне архивтік, ӛмірбаяндық материалдарға сүйене жазылды. 
Жалпы  сол  тұстағы,  әсіресе,  тӛңкеріске  дейінгі  әдебиеттің  бүкіл  бағыт-
бағдарын,  кӛркемдік  ізденістерін  айқындайтын  зерттеулер  әлі  де  болса 
жоқтың қасы. Дегенмен кейбір еңбектерде жаңаша ізденіске деген бетбұрыс 
байқалады.  Мәселен,  сын  жанрының  ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  орнын 
бағалаған (Т.Кәкішев  “Қазақ әдебиеті сынының тарихы”, 1994), сол кезеңде 
ӛмір  сүріп,  әдебиетке  үлес  қосқан  ақын-жазушылар  шығармашылығын, 
ӛмірін  жинақтай  алып  қарастырған  (“ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ 
әдебиеті”,  1994),  әдебиетіміздің  тарихындағы  “ақтаңдақ”  беттерге  назар 
аударған  (С.Қирабаев  “Әдебиетіміздің  ақтаңдақ  беттері”,  1995.  Р.Нұрғали 
“Әуезов және Алаш”, 1997) еңбектердің жарық кӛруі осының айғағы. 
Жалпы  осы  кезге  дейін  ХХ  ғасырдың  басындағы  әдебиет  жеке  шығарма 
немесе  жеке  жазушы  шығармашылығына  ӛзіндік  баға  беру  тұрғысынан 
кӛбірек  зерттеліп  келгені  шындық.  Әрине,  әдебиеттегі  зерттеу  жалпыдан 
жалқыға  немесе  керісінше  жүретін  процесс  екені  де  анық.  Бірақ  әдебиет 
зерттеу ғылымында осы екінші бӛлік кенже қалып жатқан сияқты. Қандай да 
бір жаңалыққа жол ашар еңбекте осыны әсте естен шығаруға болмайды. 
Әдебиеттің жалпы даму үрдісін қарастыру ең алдымен сол әдебиет оятқан 
ұлттық  сананың  болмысын  бағдарлауды  шарт  тұтады.  Ол  үшін  сол  тұстағы 
тарихи әлеуметтік жағдайларға назар сала кеткен орынды. 
Ӛткен  ғасырдың  басындағы  қазақ  қоғамы  ӛзінің  құрылымы  жағынан 
феодалдық-патриархалдық  даму  ықпалында  болып  келді.  Капиталистік 
қатынастардың  кейбір  элементтері  ішін  ара  байқалып,  кӛрініс  тапқанмен 
(сауда-саттық,  ұсақ  қолӛнер,  т.б.),  қалыптасқан  қоғамдық  қатынастардың 
іргесі сӛгіле қоймаған-ды. Патшалық Ресейдің езгісінде қиын да күрделі ӛмір 
сүрген  қазақ  халқының  қоғамдық  дамуының  басты  белгісі  халық 
шаруашылығының  табыс  кӛзіндегі  ӛнер-кәсіп  пен  ауыл  шаруашылығының 
ара-қатынасынан  айқын  байқалады.  Мәселен,  мал  шаруашылығы  табыстың 
60  процентін  құраса,  егіс  30  процентін,  ал  ӛнеркәсіп  бар  болғаны  
10 процентін құрады. 
ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында,  яғни  1863  жылы  Черняевтің  әскері 
Әулие  ата,  Шымкент,  Ташкент  қалаларын  алуымен  Ресейдің  қазақ  жерін 
ӛзіне қаратуы аяқталды. Бұл болашақ кӛп нүктелерді туындатар, қазақ елін, 
қазақ  жерін  толық  түрде  орыс  колониясына  айналдыруға  қойылған  соңғы 
нүкте  еді.  Сӛйтіп,  бүкіл  Сібірді  бауырына  басып,  бір  тұяғы  Кавказды, 
екіншісі  қазақ  жері  мен  Орта  Азияны  бүрген  Ресейдің  екі  басты  самұрық 

13 
 
бейнесіндегі  империясы  жаңа  ғасырдың  басында 17,4  млн.  шаршы км  жері, 
33,2  млн.  халқы  бар  колонияға  ие  болса,  Азия  халықтары  орыс  империясы 
халқының 19,6  процентін  құрап,  жер  кӛлемінің  76,3  процентін  алып  жатты. 
Қазақ  жеріне  еркіндей  енген  Ресей  патшалығы  “мысық  табандаған”  тірлікті 
қойып,  саяси-әкімшілік  қысымды  бұрынғыдан  да  күшейте  түсті.  Қазақ 
ӛмірінің  барлық  қоғамдық-әлеуметтік  саласына  тізе  батыру  мен  басқа 
ұрудың  салқыны  тимей  қойған  жоқ.  Патшалық  ӛкімет  қазақ  жерінің  саяси-
әлеуметтік,  экономикалық  дамуына  тек  отарлық  саясат  кӛзқарасы 
тұрғысынан қарап, қазақ елінің халық, ұлт ретіндегі ӛзіндік даму жолдарын 
айқындауына,  салт-дәстүрінің  сақталуына,  ұлттық  табиғи  эволюцияда 
ӛркендеуіне  мүмкіндік  бермеді.  Мұның  ӛзі  патша  үкіметінің  Қазақстанның 
мол  байлығын  тек  шикізаттық  қор  ретінде  пайдалану  арқылы  халықты 
қараңғылық  қапасында  ұстап,  прогресті  дамуға  қол  жеткізбестен  этнос 
ретінде  жойылуын  кӛздеген  сұмдық  саясат  болатын.  Отаршылдытың  қыл 
бұрауы  қасірет  жайған  қазақ  ұлтының  ӛміріндегі  қиыншылықтарға  ХХ 
ғасырдың басында кесе-кӛлденең шыққан ел азаматтарын, халқының қамын 
жеген  ардақты  ұлдарын  қатты  ойландырған  үш  мәселе  еді.  Бұл  үш  мәселе 
түпкілікті  шешілмей,  қазақ  халқының  қараңғылық  пен  надандық  уысынан 
құтылмасы  айқын-ды.  Бұның  алғашқысы  және  Қазақстандағы  ең бір  қиыны 
жер  мәселесі  болатын.  Ӛйткені  жаңа  ғасырдың  басында  Ресейден  қазақ 
жеріне  шаруаларды  қоныстандыру  үдей  түскен  еді.  Патша  әкімдерінің  әккі 
саясаты  екі  нәрсені  кӛздеген  болатын.  Біріншіден,  Орталық  Ресейдегі  ауыл 
шаруашылығындағы  қиыншылықтан  шығуға  жол  табу,  екіншіден,  қазақ 
жеріндегі  үстемдік  саясатын  жүргізуде  сенімді  күшке  ие  болу.  Бұл  саясат 
патша  үкіметінің  үмітін  ақтады  да.  Бұған  аталмыш  кезеңде  европалық 
Россияны  4-4,5  млн.  крестьяндардың  тастап  кетуі,  Сібір,  Орта  Азия 
жерлеріне 
барлығы  
3  957  058  адамның  қоныс  аударуы  (П.Г.Галуза)  дәлел.  Және  бұл  қоныстану 
ХХ  ғасырдың  басында  жыл  артқан  сайын  ӛте  жоғары  қарқынмен  ӛсіп 
отырды.  Мәселен  1896-1905  жылдары  Ақмола,  Торғай,  Орал,  Семей 
облыстарына 294 296 жан қоныс аударса, 1906-1910 жылдар аралығында 770 
000  жан  қоныс  аударған.  Қоныс  аударушылар  қорына  бӛлінген  жерлер 
неғұрлым  шұрайлы,  егістікке  ыңғайлы  болып  келсе,  жергілікті  халық 
керісінше  қуаң  далаға,  сортаңды  жерге,  таулы  аймаққа  ығыстырылды. 
Мұның  ӛзі  мал  бағумен  айналысқан  халықтың  жағдайының  күрт 
құлдырауына  әкеліп  соғып,  түгелдей  бір  ұлттың  жойылып  кету  қаупін 
туғызды.  Себебі  “…Киргизское  хозяйство  извлекает  почти  3/4  (73,76 
процента) своего дохода от скотоводства, которое доставляет крестьянскому 
хозяйству  менее  1/4  (23,69  процента)  его  общих  доходов”
1
,  –  деген 
                                                 
1
 Букейханов А.Киргизы  ⁄⁄  Казахи о русских до 1917 года.-Оксфорд,1985.-С.2
 

14 
 
Ә.Бӛкейханов  пікірін  еске  алсақ,  әрі  осы  негізгі  табыс  кӛзінің,  яғни  мал 
басының жыл сайын кеми түсуі жоғарғы күдікті жоққа шығармайды. 
Мәселен  ХІХ  ғасырдың  70-ші  жылдарының  аяғы  мен  1902  жылдар 
аралығындағы  20  жылдай  уақыт  ішінде  бір  от  басына  тиесілі  мал  басы 
Жетісу  облысының  Верный  уезінде  806,8  пайызға  (13,2  бастан  7,3  басқа) 
кеміп кеткен. Жалпы ХІХ ғасырдың аяғы мен жиырмасыншы ғасырдың бас 
кезінде, дәлірек айтқанда 1893 жылдан 1905 жылға дейінгі 12 жылдың ішінде 
қазақ  халқының  4  млн.  десятинадан  артығырақ  жері  тартып  алынды.  Бұл 
озбырлық  тонау  патша  самодержавиесі  жағынан  үлкен  жұдырықтық, 
ӛктемдік,  әскери-феодалдық  қанаудың  әлімжеттілік  принципі  негізінде 
жүргізілді. 
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ ӛміріндегі екінші бір күрделі мәселе оқу-
ағарту  ісі  болды.  “Болғанмен  оқу  анық,  мақсат  танық”  деп  Сұлтанмахмұт 
айтпақшы ХХ ғасыр басында қазақта оқу аз болған жоқ. Бұған мұсылмандық 
мектептер туралы мына деректері куӛ: Жетісу мен Сырдария облыстарында 
1913  мектеп  болса, онда 22 422 оқушы  оқыған,  ал осындағы  56  меддреседе 
1330  шӛкірт  дӛріс  алған
1
.  Деген-мен  қазақ  даласында  жалпы  білім  беретін 
негізінен  күштеп  енгізілген  орыс-қазақ  мектептері  болды.  Мұндай  алғашқы 
бастауыш  орыс-қазақ  мектебі  1841  жылы  Жәңгірхан  ордасында  ашылды. 
Екінші  мектеп  Орынбор  шекаралық  комиссиясының  жанынан  1850  жылы 
жұмыс істей бастады. Ол негізінен отарлық аппараттың тӛменгі орындарына 
кеңсе  хатшылары  мен  тілмаштар  даярлау  мақсатын  ұстанды.  Алғашқы  30 
баланың  бірі  ретінде  онда  қазақтың  тұңғыш  ағартушысы  Ыбырай 
Алтынсарин  оқыды.  Ал  үшінші  осындай  мектеп  Омбы  қаласында  Сібір 
қазақтары  облыстық  басқармасының  жанынан  1865  жылы  ашылды.  Оған 
жиырмаға  жуық  оқушы  қабылданды.  Осылайша  бірте-бірте  мектеп  ашу  ісі 
белең  ала  бастады.  Бірақ  бұл  негізінен  орыстық  ықпалды  күшейте  түсуге 
бағыталған  оқу  жүйесі  болатын.  Орыс-қазақ  мектептерінің  кӛздеген  басты 
мақсаты жалпы қазақ балаларының ой-санасын, таным-түйсігін жетілдіруге, 
оларды  білімділік  пен  біліктілікке  ұмтылдыру  емес,  ӛз  кеңселеріне  қажетті 
тӛменгі  дәрежелі  қызметкерлер  даярлау  және  ел  арасында  солардың  тәлім-
тәртібі арқылы орыстандыру саясатының нарқын арттыру еді. Ӛйткені бұған 
дейін, Ә.Бӛкейхановтың пікірінше 1905 жылдың 17 октябріндегі манифестке 
шейін  әр  түрлі  әкімшілік  орындарында  тілмаштық  міндетті  қазақ  тілін 
білмейтін, қазақ жазуын түсінбейтін орыс азаматтары атқарды. Сондықтан да 
олардың  орнын  неғұрлым  қазақ  тілмаштары-мен  ауыстырып,  солардың 
қолымен от кесеуді мақсат еткен патша чиновниктері әлгідей оқу орындарын 
кӛптеп ашуға тырысты. Бұқара халықтың тіл білмеуі, орыс чиновниктерінің 
түсіне  алмауы  тілмаштардың  қолына  үлкен  ерік  берді.  Сондықтан  орысша 
оқу  білім  алудың  емес,  “тӛре”  атанудың,  мал  табудың  таусылмас  кеніне 
                                                 
1
 Гейер И.И.Туркестан.-Изд..2-ое,исправленное и дополненное.-Ташкент,1909.-С.29.
 

15 
 
айналды.  Бұл  туралы  тарихшы  С.Аспандияров:  “Знание  русского  языка 
становится  средством  эксплуатации…  Начиная  с  канцелярии  генерал-
губернатора  и  кончая  писарем  у  волостного  управителя,  эти  группы 
посредников-переводчиков  укреплялись  и  возрастали по  мере даль-нейшего 
проникновения  царизма  в  степь”
2
,  –  деп  тап  басып  айтқанды.  Мұндай 
“ағартушылықтың”  қазақ  халқына  берер  пайдасы  жоққа  тән  екендігі  айдан 
анық  еді.  Оның  мәні  1870  жылдың  26  мартында  шыққан  “О  мерах  к 
образованию  инородцев”  деген  оқу  тәртібінде  былай  деп  анық  айтылған: 
“…Конечной  целью  образования  всех  инородцев,  живущих  в  пределах 
нашего  Отечества,  бесспорно,  должно  быть  обрусение  и  слияние  их  с 
русской  народностью”.  Мұндай  “қамқорлыққа”  патша  әкімшілігі  ғана  емес, 
“халық  ағартуда”  отаршылдық  орыстандыру  саясатының  ірі  қайраткері, 
миссионер  Н.И.Ильминский  (1842-1891)  сияқты  “оқымыстылар”  да  үлкен 
еңбек сіңірді. 
Бұл жерде Ильминскийдің мына бір пікірі кӛп нәрсеге жӛн сілтеп, бұлаң 
құйрық  “пірадардың”  құпиясын  ашады.  “Главное  внимание  должно  быть 
обращено на то, чтобы эти молодые люди получали такое воспитание, чтобы 
они не чуждались от своих соплеменников и охотно возвращались бы в степь 
и там распространяли бы полученные в школе сведения. Поэтому бесполезно 
давать  этим  молодым  людям  слишком  высокое  воспитание.  Привлекать 
киргиз  в  наши  средние  учебные  заведения  даже  вредно”.  Бұл  –  алысты 
кӛздеген  “алғыр”  саясаттың  дегеніне  жетеріне  сенімі  мол  адамның  сӛзі. 
Айлалы  тәсіл  осылай  ӛрістей  берсе,  жемісінің  де  мол  болары  шындық  еді. 
Орыс әкімшілігі мұнымен ғана шектелмей, қазақ балаларының қазақша оқып
тіл  сындыруына  мүлде  қарсы  болды.  Олар  қазақ  даласында  мұсылман 
мектептерінің  ашылуына  мүмкіндік  бермеу  үшін  кӛптеген  айла-шарғылар 
жасап-ақ  бақты.  Соның  бір  кӛрінісі  –  жоғарыдан  жергілікті  орталық 
басқармалар  мен  оқу  ісінің  бастықтарына  мұсылман  мектептеріне  қатаң 
бақылау  жасау  жӛнінде  нұсқаулар  мен  ережелер  жіберіп  отыруы.  Нұсқау 
бойынша  балаларын  қазақша  медресе-мектепте  оқытқысы  келетін  қазақтар 
оқу ісі бастықтарынан арнайы рұқсат куәлік алуға тиіс болған, әр куәлік үшін 
50  тиын  алым  тӛлеген.  Ал  балаларын  үздіксіз  ӛз  бетінше  оқытқандарға 
бірінші  жолы  10  сом,  екінші  жолы  30  сом  айып  салынған.  Бұл  тәртіпті 
үшінші  рет  бұзған  адамдар  5  тәуліктен  15  тәулікке  дейін  қамауға  алынып, 
одан әрі балаларын мұсылман мектептерінде оқытуына тиым салатын болған. 
Бұдан  шығар  қорытынды:  патша  ӛкіметі  мен  оның  “туземдіктерді”  оқу-
ағарту  іс  жӛніндегі  негізгі  идеологтарының  жанын  сала  ізденуінің 
нәтижесінде  орыс-қазақ  мектептері  бұратана  халықтардың  христиандық 
уағызды тезірек қабылдау ошағына айналды. Орыстандырудың ең бір тиімді 
әдісі  ретінде  сауат  ашуды  орыс  алфавитімен  бастауда  да  үлкен  мән  жатыр. 
                                                 
2
 Асфендияров С.История Казахстана (с древнейших времен).Т.1.-Алма-Ата-Москва,1935.-С.152.
 

16 
 
Мақсат – ата дәстүрді, әдет-ғұрыпты бала жастан ұмыттырып, араб әріпімен 
жазылған ұлттық мұрадан қол үздіру. 
С.Аспандияров  Ильминскийдің  миссионерлік  саясатының  арыдан 
ойлайтын  сұрқиялық  құпиясын  былай  ашады:  “Он  предлогал  открывать 
побольше учительских семинарий, где ученики из “инородцев должны были 
воспитаться  в  духе  незыблимых  начал  самодержавия  и  православия  с  тем, 
чтобы  в  будущем  самим  явиться  воспитателями  своего  народа  на  этих 
началах.  …Казахские  дети  вербовались  в  учительские  семинарии,  а  в 
Ташкенте  при  учительской  семинарии  был  открыт  интернат  для  казахских 
детей.  Во  главе  этой  семинарии  стоял  известный  ученик  Ильминского, 
миссионер Остроумов”. 
Жалпы  патшалық  самодержавие  ағарту  саласында  екі  бірдей  бағыт 
ұстанғанын  аңғару  қиын  емес.  Біріншіден,  ол  жаппай  сауаттылыққа  қарсы, 
сондықтан да мұсылмандық бастауыш мектептердің кең ӛріс алмауын қатты 
қадағалаған.  Екіншіден,  жергілікті  әкімшілік  орындарына  кӛмекші  кеңсе 
қызметкерлерін даярлау үшін орыс-қазақ мектептерін ашып, онда орыс тілін, 
арифметиканың  тӛрт  амалын,  орыс  алфавитті  қазақ  тілін  оқытуға  мәжбүр 
болған.  Бірақ  мақсат  айқын,  бағыт  нақты.  Қалай  болғанда  да  академик 
Бартольдтің  тұжырымымен  айтқанда:  “Как  бы  не  сообщить  туземцам 
слишком  много  сведений  на  их  языке  и  не  содействовать  этим  упрочению 
местной  литературы  и  местных  культурных  особенностей,  в  ущерб 
обрусению”
3

Қaжетті  қызметкерлер  мӛлшері  түгенделе  бастаған  соң,  патшалық ӛкімет 
бірте-бірте орыс-қазақ мектептеріндегі жергілікті халық балаларының санын 
кеміте  бастағанын  байқаймыз.  Басты  себебі  –  қазақ  балаларының  мектеп 
кӛргендерінің  біразы  орыстандыру  саясатының  құрығына  ілінбей,  білімін 
ары қарай жалғастырып, жоғарғы мектептерді бітіре бастады. Мысық тілеулі 
миссионерлер қалағандай іс жүргізуші, тілмаш, орыс оқуын дәріптеуші қана 
болып қоймай, юрист, дәрігер сияқты мамандықтарды игеріп, халқының ке-
регіне  жарар  ғылым  жолына  түсе  бастауы  Ресейлік  әкімшілікті 
шошындырмай тұра алмаса керек. 
ХХ 
ғасырдың 
басына 
қарай 
қазақ 
балаларының 
орыс-қазақ 
мектептеріндегі  саны  күрт  тӛмендеп  кеткен  еді.  Бұл  туралы  академик 
Бартольд 
Түркістаннан 
мынадай 
деректер 
келтіреді: 
“…число 
воспитанников-туземцев  правительственных  школах  с  годами  иногда  не 
увеличивалось,  а  уменьшалось.  В  Ташкентских  гимназиях  мужской  и 
женской,  это  число  достигло  высшего  предела:  к  январю  1883  г.  –  20 
мальчиков из 286 /7 процента/ и 10 девочек из 333 /3 процента/, января 1896 
г.  …было  всего  10  мальчиков  из  327  /3  процента/  и  8  девочек  из  377  /2 
                                                 
3
 Бартольд В.В.История культурной жизни Туркестана.-Л.Изд.АН СССР,1927.-C.130.
 

17 
 
процента/  по  сведениям  1909  г.  Воспитанников-мусульман  было  около  2 
процентов в мужской гимназии и около 1 процента в женской”. 
Кӛріп отырғанымыздай, оқу-ағарту ісінде ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ 
ұлты екі түрлі қыспаққа ілініп тұрды. Бірі – ұлттық мектептің мәні жойылуы 
(мұның  ӛзі  жаппай  сауаттылықты  шектеді),  екіншісі  –  қалың  бұқараның 
сауат ашуына жоғарғы тӛлем жол бермеуі. Ал сауатсыздық  – халықтың ой-
санасын  тұмшалаған  тор.  Ӛз халін  ұғынып,  күңгірт  тірліктен  бостандықтың 
боз ала таңына ұмтылу үшін білімнің кәусар бұлағы қажет еді. 
Аталмыш  кезеңдегі  ой  толғантқан  үшінші  мәселе  және  ең  басты  мәселе 
қазақ  еліндегі  адамдық  құқық,  ұлттық  мүддені  табанға  таптаған  патшалық 
ӛкімет  отаршылдығының  шынжыр  бұғауы  –  басқару  системасы  еді.  ХХ 
ғасырдың бас кезінде Ресей патшалығының ішкі отары ретіндегі Қазақстанда 
самодержавиелік империяның билеп-тӛстеуі нақты күшіне ене бастады. Жаңа 
ғасырды  қазақ  халқы  сан  жағынан  5  миллионға  жетеміз  деген  үмітпен 
аттады. Нақтылай айтсақ 4 696 600-ге жетіп, ӛз жеріндегі халықтың 51%-тін 
құрады  (Ә.Бӛкейханов).  Бірақ  қазақ  жері  бір  әкімшілік  орталық- 
қа 
бағынған 
территориялық 
тұтастыққа 
ие 
бола 
алмады.  
Ә  дегеннен-ақ  бас  біріктірмеу  саясатын  берік  ұстанған  патша  ӛкіметінің 
әкімшілігі “бӛліп ал да билей бер” тәсілін қолданып, қашанда да уыста ұстау 
жағын орайластырып отырды. 
Ӛзінің  қазақ  жерін  бӛлшектей  билеу  саясатын  дамыта  отырып  патша 
әкімшілігі  1886 жылы  2  июньде  “Түркістан  ӛлкесін  басқару  туралы  ереже”, 
1891  жылы  25  мартта  “Ақмола,  Семей,  Жетісу,  Орал  және  Торғай 
облыстарын басқару туралы ереже” қабылдады. 
Түркістан  ӛлкесінің  құрамына  Ферғана,  Самарқанд  және  Сырдария 
облыстары кірді. Сырдария облысы қазақ жерін қамтыған 5 уезден – Қазалы, 
Перовск,  Шымкент,  Әулиеата,  Ташкент  уездерінен  құралды.  1891  жылғы 
“Ереже” 
бойынша 
Орынбор 
және 
Батыс 
Сібір 
генерал-
губернаторлықтарының  орнына  орталығы  Омбы  болған  бір  Дала  генерал-
губернаторлығы  құрылды.  Оның  құрамына  Ақмола,  Семей,  Орал,  Торғай, 
Жетісу  облыстары  кірді.  Жетісу  облысы  1897  жылы  қайтадан  Түркістан 
генерал-губернаторлығының  қарауына  берілді.  Осы  ережелердегі  әкімшілік, 
басқару  жүйесі,  сот  құрылысы  Қазан  тӛңкерісіне  дейін  сақталды  және  ол 
қазақ  ӛміріндегі  бүкіл  саяси-әлеуметтік  және  экономикалық  мәселелерді 
бағыттайтын  негізгі  заң  жобасы  ретінде  пайдаланылды.  Қазақ  даласындағы 
отаршыл  ӛкіметтің  ең  жоғарғы  ӛкілі  генерал-губернатор  болып  табылды. 
Оның ӛкілеттілігінің құдіретін салыстырмалы түрде тарихшы С.Сапарғалиев 
былайша  кӛрсетеді:  “Он  не  только  осуществлял  высший  надзор  над 
причиненными  ему  областями,  но  и  являлся  как  бы  “законодательным 
органом”, принимавшим в случае необходимости правовые акты и развитие 

18 
 
Степного  положения.  Таким  исключительным  правом  генерал-губернаторы 
внутренних губерний не наделялись”
4

Ал  бүкіл  далалық  билікті  уезд  бастықтары  ӛз  қолында  ұстады.  Яғни  ӛз 
жерінде  қазақ  халқының  еркі  ӛзінде  болмады.  Бүкіл  бір  халықтың  тағдыры 
талай  қанқұйлы  генералдар  мен  шала  сауатты  офицерлердің  қолжаулығына 
айналды.  Түркістан  дала  генерал-губернаторлығында  бүкіл  әскер  генерал-
губернатордың қарауында, ал облыстағы әскерлер губернатордың қарауында 
болды.  Әскер  ұстауда  екі  мақсат  кӛзделді.  Бір  жағынан  шекараларды 
нығайту,  екінші  жағынан  отарлық  Қазақстанда  әскери-саяси  үстемділікті 
таныту.  Басты-басты  стратегиялық  нүктелерде  біршама  күштерді  жинақтай 
отырып, отаршыл-әкімшілік оларды үнемі жоғары жауынгерлік дайындықта 
ұстады және жергілікті халықтың кӛңіл-күйін қатты қадағалап отырды. 
Сӛйтіп,  жаңа  ғасыр  табалдырығын  қазақ  халқы  жерінен  айрылып, 
шаруашылығы  күйзеліп,  білім  нәріне  қанбай,  санасы  сансырап,  елдігінен 
айрылып,  мемлекеттік  қалпын  жоғалтып,  дауыл  алдындағы  тымырсықтай 
түнеріп аттады.  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет