Мазмҧны кіріспе


Уж сколько раз твердили миру



Pdf көрінісі
бет19/27
Дата29.12.2016
өлшемі2,17 Mb.
#672
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27

 
Уж сколько раз твердили миру 
Что лесть гнусна, вредна; но только все не впрок
и в сердце льстец всегда отыщет уголок
61

 
Абай алты жолмен, жеті буынды ӛлеңмен мысалдың басында береді: 
 
 
Жұрт біледі, күледі 
 
Сұрқия тілдің жаманын. 
 
Қошеметшілердің амалын, 
 
Сонда да олар қайда жоқ? 
 
Ептеп айтса ересің, 
 
Артынан ӛкінсең де пайда жоқ
62

                                                 
60
 Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – Алматы, - 19597 – 1966 б. 
61
 
Крылов И.А. Стихотворения. – Ленинград,  - 1954. – С.49. 
62
 
Құананбаев А. Шығармаларының толық жинағы. 2 – том. – Алматы: Ғылым. 1977. – 101 б. 
 

234 
 
 
Ал  Ахмет  нұсқасында  алдымен  оқиға  суреттеледі  де,  түйін  соңында 
айтылады.  Түлкінің  аярлықпен  астасып  жатқан  мақтауын  Ахаң  әсерлей 
түсуге ұмтылған. Марапатпен Қарғаның есін алған Түлкі: 
 
Сені іздеп келіп тұрмын алыс жерден, 
Сұлу деп мақтаған соң әркім кӛрген. 
“Халық айтса, қалт айтпайды” деген рас, 
Арман жоқ жанда сені кӛріп ӛлген! – 
 
деп  үздігеді.  Ал  бұл  пікір  түпнұсқада  да,  Абайдың  аудармасында  да  жоқ. 
Абайды  жетік  білген  Ахмет,  ӛз  уақытын  үндестіре,  жаңаша  аударудың 
қажеттілігін жете түсініп аударған. Түлкідей залым-әкімдер алдауына түскен 
момын-аңқау  халқының  ауыр  халін  Крылов  ӛлеңдерінің  сюжетін  пайдалана 
отырып  жеткізеді.  Сӛйтіп,  мысалды  неғұрлым  оқырманына  таныс,  қазақ 
тұрмысына, қазақ психологиясына жақын ете түсуге тырысқан. Біз жоғарыда 
келтірген  “артық”  шумақтар  сол  ниеттен  пайда  болған.  Қазақ  шындығында 
“атақты адамдарды” алыстан іздеп келу - қалыптасқан жайт. 
Абай ӛз мысалының түпнұсқаға неғұрлым жақын болғанын қаласа, Ахмет 
Абай аудармасымен таныс болғандықтан, Крыловтағы түпнұсқадан да, Абай 
аудармасынан да алшақтыққа бет бұрған. Әрине, біздің Крылов мысалдарын 
түпнұсқаға  балауымыздың  ӛзі  оның  ӛзіне  дейінгі  мысал  нұсқаларына  еш 
ұқсатпай  жазып  шыққандығында.  Сонау  Эзоптан  басталатын  бұл  сюжетке 
Федр  да,  Лафонтен  де,  Крыловқа  дейінгі  орыс  ақындары  В.Тредьяковский, 
А.Сумароков, М.Херасковтар да қалам сілтеген. 
Крыловтың  бұл  мысалының  ӛзіне  дейінгі  орыс  ақындарының 
шығармаларынан  басты  ерекшелігі  –  поэтикалық  кӛркемділігі.  Крыловтың 
нұсқасында Қарғаның аяудан гӛрі оның надандығына, аңқаулығына келемеж 
басым.  Абайда  түпнұсқадағы  ой-мазмұн  толық  сақталған.  Ахмет 
Байтұрсыновтағы  ұлағат-ой  ӛзге  бір  сарынға  бой  ұрып,  түпнұсқадағы 
моральға жақындамайды: 
 
 
Жұрт едік, аңқау ӛскен қазақ болып
 
Далада кең сахара кӛшіп-қонып, 
 
Алдаған залымдардың тіліне еріп, 
 
Жүрмесек жарар еді мазақ болып. 
 
А.С.Выготский  Крыловтың  осы  мысалы  туралы  В.Кеневичтен  алынған 
мынандай  бір  дерек  келтіреді.  Крылов  осындағы  Түлкіні  граф  Хвостовпен 
арақатынасына  қатысты  ӛз  бейнесі  етіп  жасаған.  Әдетте  Крылов  Хвостовқа 
ӛз  мысалдарын  оқыған  соң,  оның  мақтауын  алып,  сосын  графтан  қарызға 
ақша  сұрап  алады  екен
63
.  Крыловтағы  әдемі  сӛйлейтін,  келемежшіл  қу 
Түлкінің  сүйкімдірек  шығуының  бір  ұшығы  осында  жатса  керек.  Ал  Ахмет 
                                                 
63
 Выготский Л.С. Психология искусства. – М., 1986 . – С. 155.
 

235 
 
Крылов  ұсынған  желіге  ӛзге  мән-мағына,  кең  мазмұн  беріп,  жаңаша  ой 
айтады. 
Ахаңды тартқан Крылов ұсынған қарғаның аңқаулығын келемеждеу емес, 
сол  қарғаның  аянышты  халі.  Аңқау  халықты  сүлікше  сорған  түлкі-
шенеуніктер  сұрқиялығы.  Сондықтан  да  Ахаңның  түлкісі  –  қу  ғана  емес, 
аңқаудың аузындағысын тартып жеуден тайынбайтын залым. 
Крылов  пен  Абайдағыдан  гӛрі  Ахмет  түлкінің  залымдығын,  сипатын 
айқындай  түсуге  күш  салады.  Мәселен,  Крылов  ә  дегенде-ақ  “На  ту  беду 
Лиса  близеконько  бежала”  деп  жылы  тартса,  Абай  “Бір  қу  түлкі  сорына, 
жақын жерде жүр еді” деп береді, ал Ахмет оны бірден “Ағашты Түлкі залым 
аралар  ма?”  деп,  залымдығына  назар  аударады.  Яғни,  осы  бір  Белинский 
“ғибратшылдық  пен  ақындық  шарпысып  жататын”  топқа  енгізген  мысал 
Ахаң ӛңдеуінде ӛткір сатираға айналып, әлеуметтік жүк кӛтерген. 
Ал Ахмет болса, елді ағартушылыққа шақырып, қазақ оқырмандарына ой 
салу мақсатын кӛздей отырып, мысалдарда неғұрлым саяси-әлеуметтік  мән-
мазмұн  беруге  тырысты.  Сондықтан  да  Крылов  мысалдарындағы  ӛмірден 
алынған, шымырлаған шындық, ой мен идея, Ахаңның қиялын тербеп, ойына 
ой қосып, аудармадан туған тӛл туындысында заманалық, уақыт мінбесінен 
айтылған ӛткір де ӛміршең ойларын жыр жолдарына түсіруге жетеледі. 
А.Байтұрсынов  Крылов  мысалдарының  Белинский  бӛлген  үш  тобына  да 
назар  аударса,  Абай  үшінші  топтан  мысал  аудармаған
64
.  Ол,  кӛбіне,  екінші 
топтағы  мысалдарды  аударған.  Яғни,  Абай  орыс  халқының  Крылов 
заманындағы 
саяси-әлеуметтік 
ерекшеліктерінен 
туған 
сатиралық 
мысалдарды  кӛп  алмайды.  Абайды  Крылов  шығармаларындағы  поэтикалық 
кӛркемдігі  жоғары  мысалдар  қызықтырған.  Абайдан  соңғы  қазақ 
ақындарының  кӛпшілігі  осы  дәстүрді  берік  ұстанған.  Мәселен,  Бекет 
Ӛтетілеуов  те  осы  екінші  топтағы  мысалдарды  кӛбірек  аударған.  Бірінші 
топқа  кіретін  мысалдардан  ол  алты,  үшінші  топқа  кіретін  мысалдардан  бір 
(“Мұжықтар мен ӛзен” – “Крестьяне и река”) мысал аударған
65
. 
“Қырық  мысалдағы”  тәржімаланған  шығармалардың  38-і  Крыловтан 
алынған, ал екеуі (“Ат пен есек”, “Екі шыбын”) Дмитриев пен Хемницерден 
алынған.  Ӛзі  таңдаған  40  мысалды  тұтас  бір  шығарма  тәрізді  жүйеге  құра 
отырып  Ахаң  “Аққу  Шортан  һәм  Шаянды”  кітапты  ашар  кілт,  ал  соңғы 
мысал “Малшы мен масаны” айтар ойдың түйіні ретінде берген. 
“Малшы  мен  Маса”  –  Ахаңның  ең  ӛзекті  ойын  беретін,  Ахаң 
мысалдарының  тӛл  туындылық  қасиетін  айқын  танытатын  асыл  дүние. 
Ақынды  осы  мысалда  жазуға  итермелеген  қазақ  тұрмысын,  оның  қайғы-
қасіретін  шынайы  кӛрсетер  образдардың  бедерлі  бейнесі.  Крыловта  оқиға 
кӛлемі 9 жол, Ахаңда 18 жол. Әңгіме жолдарының айырмашылығында емес, 
ортақ сюжеттегі айтылар ойдың, берер ғибраттың әр алуандығында. Крылов 
мысалында малшы кӛлеңкеде ұйықтап жатқанда, жылан шағуға жақындайды, 
                                                 
64
 Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 1985 . – 214 б. 
65
 Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр кӛгінде. –Алматы, 1969. – 93 б. 

236 
 
сол  кезде  маса  малшыны  шағып  оятады.  Оянған  малшы  масаны  тұрмастай 
етіп  қағып  түсіріп,  жыланды  сонан  соң  аңғарып,  оны  да  ӛлтіреді.  Бұл 
оқиғадан қорытындыны Крылов былай береді:  
 
Таких примеров есть немало: 
Коль слабый сильному, хоть движимый добром. 
Открыть глаза правду покусится, 
Того и жди, что же с ним случится, 
что с Комаром. 
 
Ахаңда:  
 
 
 
Мысалы қазақ малшы ұйықтап жатқан, 
Жыланды пәле делік аңдып-баққан. 
Пәленің түрін кӛрген мен-сарымаса, 
Халықты оянсын деп сӛзбен шаққан. 
 
Қос мысалшының соңғы ой-тұжырымдарынан аңғарылатындай оқиға бір, 
ой алшақ, мақсат ӛзге. Сюжеттегі оқиға желісінде де кӛптеген айырмашылық 
бар. Салыстырып кӛрелік. Крыловта: 
  
Пастух под тенью спал, надеялся на псов, 
Примется то, змея из-под кустов, 
Ползет к нему, вон высунувши жало. 
 
Байтұрсыновта: 
 
Бір малшы кӛлеңкеге келіп жатып, 
Қасқырдан иттеріне сеніп жатып, 
Үстінде кӛк шалғының самал жерде, 
Тырайып қалды сабаз ұйықтап қатып. 
Келеді қара жылан шағайын деп, 
Қапысын ұйықтағанда табайын деп… 
 
Қарап  отырсақ,  Крыловта  оқиға  дамуы  қарапайым,  бір  сарынды.  Ахмет 
Крыловтың  қара  сӛз  тектес,  әңгімелеу  стиліндегі  жолдарын  әсерлі  ӛлең 
жолдарына  түсіре  отырып,  кӛркемдігін  арттырған.  “Тілге  жеңіл”  ӛлең 
жолдары  кейіпкер  характерін  молынан  ашып,  ерекшеліктерін  айқындай 
түседі.  “Тырайып  қалды  сабаз  ұйықтап  қатып”  деген  жолдарда  малшының 
қаннен-қаперсіз,  бейқам  күйінің  әдемі  суреті  жасалған.  Осылай  ойнақы 
басталған  ӛлең  жолдары  келесі  сәтте  адамның  жүрегін  дір  еткізеді.  “Келеді 

237 
 
қара  жылан  шағайын  деп,  қапысын  ұйықтағанда  табайын  деп”.  Ақын 
оқиғадағы іс-әрекет дамуын бірте-бірте ширатпай, кілт ӛзгертіп жіберіп және 
үдете,  үстемелей  дамытады.  Крыловтағы  кӛп  жыланның  бірі  ретінде  алына 
салған  жылан  “Қара  жылан”  болып  заһар  шашса,  “қапысын  ұйықтағанда 
табайын  деген”  зымыстан  ойы  оны  одан  әрі  зәрлендіре  түседі.  Ахаңның 
оқиғаны  күрт  ӛрбітіп,  кӛркемдік  суретті  қоюландыра  түсуінің  себебі 
түсінікті.  Ұйқыдан  мәңгілік  оянбауын  діттеген,  соны  жүзеге    асыруды 
кӛздеген  қатерлі  жаудың  қаскӛй  әрекеті  мен  залым  ойын  халқына  жеткізу. 
Масаны  ұрып  түсірген  соң,  оқиға  Ахаң  мысалында  ӛзгеше  бір  қисынға  бет 
бұруы осыдан. Сӛзіміз дәлелді болу үшін тағы да мысалдарға жүгінейік: 
Крылов:  
 
 
Проснувшися, Пастух змей убил; 
Но прежде Комара спроснья так хватил, 
Что бедного его как не бывало. 
 
Байтұрсынов: 
 
Ұйқысын малшы оңды ашпай тұрып, 
Ӛлтірді шағып тұрған Масаны ұрып. 
Кӛтеріп жерден басын біраздан соң
Қарады жан-жағына мойнын бұрып. 
Жыланды кӛрген шақта малшы ӛкінді, 
Достығын сары масаның сонда ұғып. 
 
Крылов  мысалы  Малшыға  Жыланды  ӛлтіртсе,  Байтұрсынов  оқиғаны 
Малшының  ӛкінішімен  аяқтайды.  Мұның  себебі,  Ахмет  назары  бейқам 
ұйықтап жатқан Малшыны қатерден құтқарған Сары маса тағдырына түскен. 
Ол  жебеушісін  танымай,  достықты  қастық  кӛрген  ұйқыдағы  малшы 
наданның  ісіне  налыса,  жӛн  сілтеп,  қатерді  кӛрсеткен  әлсіз  болса  да  адал 
достың аянышты халіне қабырғасы қайысады. Сондықтан да: 
 
Сӛзімнің сӛкпеңіздер шолақтығын, 
Демеңдер сӛз жазуға олақтығын. 
Жыланды Малшы кӛріп болғаннан соң, 
Келмеді бір-біріне жолатқызғым, – 
 
деп доғарады. 
Ақын Сары маса мен Малшы оқиғасынан ӛз заманының шыншыл суретін 
танып, “Пәленің түрін кӛрген мен – Сары маса, халықты оянсын деп сӛзбен 
шаққан”, – деп түйеді. 

238 
 
“Қырық  мысалда”  жазған  Сары  маса  туралы  хикая  ақынның  кейінгі 
кітабының  атын  алып,  оның  тынымсыз  тірлігі  сол  кітаптағы  бүкіл  идеяның 
алтын тамырына айналды. 
Ахмет  туындыларын  тӛл  дүниеміз  ретінде  тануымызға  толық  хақымыз 
бар.  Ӛйткені  олардың  мазмұны  Крыловтікі  болғанымен,  ой  сонылығы, 
баяндау  әдісі,  құрылысы,  табиғаты  тыңнан  табылған  тӛл  шығармадай  етіп 
жазылған.  Осы  тұста  ежелгі  орыс  әдебиетін  зерттеуші-академик 
Д.Лихачевтың  ӛзге  жұрттан  ауысқан  аударма  жәдігерлерді  орыс 
мәдениетінің ірге ажырамас бір бӛлшегі ретінде қарастыруын еске ала кеткен 
орынды. Ол былай деп жазады: “Так называемая переводная литература была 
органическая  частью  национальных  литератур;  и  она  не  имела  четких 
границ, отделяющих ее от литератур оригинальной. Переводчики и писцы по 
большей части были соавторами и соредакторами текста”
66

Крылов  мысалдары  түпнұсқада  поэзиялық  шығарма  емес.  Ол  жайында 
М.Әуезов  былай  дейді:  “Орыс  әдебиетінде  мысал  (басня)  ӛлең  (стих)  емес. 
Ол ӛзі бӛлекше жанр. Оның жол ӛлшеулері ӛлеңге тән ӛзгешеліктей болып, 
шумаққа  да  бӛлінбейді.  Әр  кезде  сӛйлеп  айтатын  ауызша  әңгіме,  халықтық 
әңгіменің  нақышты,  ырғақты,  қара  сӛзіне  бейім  келеді.  Қысқа  қайырылған, 
ӛте мазмұнды жауаптасу, қағысулар оқиғалы желіге құрылады”.
67
 
Осы  ерекшеліктерді  орыс  зерттеушілері  де  атап  ӛтеді:  Басня 
рассматривалась  Крыловым  как  жанр,  произносимый,  “разговорный  и 
обращенный  к  слушателю,  к  широкой  и  разнообразной  аудитории, 
П.Вяземский  писал  о  том,  что  Дмитриев  пишет  басни  свои,  Крылов  их 
рассказывает”
68
.  
Ал  Крыловты  аударған  қазақ  аудармашыларының  бәрі,  оның  ішінде 
А.Байтұрсынов  та,  оның  осы  ерекшелігін  сақтамаған.  Қазақша  аударғанда 
орыс әдебиетінің ӛзіндік ерекшелігі бар жанры қазақша бӛлекше сипат алып 
шыға келеді, тіпті баяндау, жеткізу формасының ӛзі ӛзгеріске ұшыраған. 
Крылов  жайында  пікір  толғаған  сыншы  Белинский  оның  мысалдарын 
ешқандай да шет жұрт тіліне аудару мүмкін емес, оларды тек қайта жасауға 
болады деп білген
69

Демек,  Эзоп,  Федр,  Бабрий,  Лафонтен,  соның  ішінде  Крылов  мысалдары 
аударылғанда  сол  халықтың  тӛл  туындысына  айналып  кетіп  отырады.  Осы 
тұста  Белинскийдің  Крылов  туралы  тағы да бір  пікірін  келтіре  кетейік:  “Ол 
ӛзінің  кейбір  мысалдарының  мазмұнын  Лафонтеннен  алғанымен,  оны 
аудармашы деуге болмайды, ӛйткені оның таза орыстық табиғаты барлығын 
орыстық  түрге  қайта  ӛңдеп,  орыстық  рухтан  ӛткізген”
70
,  –  дейді.  Ендеше, 
Белинскийдің осы пікірі Крылов мысалдарын аударған Ахметке де қатысты 
айтылғандай.  Ахмет  мысалдарды  қазақ  халқының  даналыққа  толы  ой-сана 
сүзгісінен  ӛткізіп,  ӛзіне  дейінгі  әдебиет  үлгілерінің  бай  дәстүрінің  ең 
ыңғайлы,  ең  ӛтімді  формасымен  жырлаған.  Сондықтан  да,  Ахмет  –  ақын 
                                                 
66
 Лихачев Д. С. Избранные работы в трех томах. Т. 1. – Ленинград, 1987. – С. 44.
 
67
 Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 1958 .- 216 б.
 
68
 Степанов Н. «И.А. Крылов» в книге Крылова И.А. Сочин. в 2- томах. Т. 1. –М., 1969. – С.30.
 
69
 
Беленский В. Г. Собр. Соч. В 3- томах. Т. II. – С. 714.
 
70
 Белинский В. Г.  П.С.С.  Изд-во АН  СССР.  Т.4.  –М., 1955. – С.151. 
 

239 
 
Крылов  мысалдарын  қазақтың  тӛрт  жолдан  тұратын  он  бір  буынды  қара 
ӛлеңімен  қайта  жазып  шығарған.  Бұл  –  бірінші  және  ең  басты  ерекшелігі. 
Яғни  Крыловтық  әңгімелеу,  диалогтық  құрылымға  поэзиялық  әр  беріп, 
образға жан бітірген. 
Екіншіден, 
Байтұрсынов 
ӛз 
аудармаларында 
Крылов 
ұсынған 
композицияларды  сақтай  бермейді.  Бұл  әсіресе  мысалдың  басталуы  мен 
аяқталуынан  айқын  кӛзге  шалынады.  Сондықтан  да  Ахмет  мысалдарында 
жалпы  ой  жетекке  алынып,  сақталынғанымен,  сипаттау,  баяндау  тәсілі 
ӛзгеше. Оған нақты дәлел - “Кісі мен Аю” мысалы. Жол сандары да қарайлас, 
Крыловта  -  61,  Ахметте  –  68.  Оқиғаның  дамуы  да,  шарықтауы,  шешімі, 
аяқталуы  –  бәрі  ұқсас.  Бірақ  Байтұрсынов  мысалының  басты  екі 
айырмашылығы бар. Алдымен, мысал мазмұнын қазақ құлағына сіңісті ертегі 
тектес уақиға етіп жеткізеді. 
 
Бір адам айдалада елден жырақ, 
Жеке-тақ, жапан түзде қылды тұрақ. 
Жаяулық, жалаңаштық жақсы емес қой, 
Жалғыздық олардан да қиынырақ. 
сал! 
Күзетіп жан жолатпай мен тұрайын 
Сен ұйықтап, біразырақ тынығып ал!” 
 
“Жеке-тақжан!”  бірауыз  сӛз  бүкіл  мысалдың  ӛн  бойынан Аюдың досына 
деген  жылылық  мейірімін  тӛгіп  тұр.  Міне,  осылайша,  аю  жанындай  жақсы 
кӛрген  досын  шыбыннан  қорғамақ  боп,  таспен  ұрып  ӛлтіргенде,  оның 
надандығына  қайран  қаласың.  Шығарманың  ӛне  бойынан  қазақы  сӛз 
оралымдар,  қалыптасқан  тіркестердің  молынан  кӛрініс  табуы  мысалдың 
поэзиялық ажарын әрлендіре түскен. 
Крыловпен замандас Жуковскийдің “Переводчик в прозе есть 
раб; переводчик в стихах – соперник”
72
, – деген пікірі осындай 
озық сипаттағы аудармада 
Кӛк шалғын, ағаш, бұтақ - бәрі жақсы 
Болмайды нақ адамдай серік бірақ 
Сӛйлесіп іштің шерін тарқата алмай, 
Жеке-тақ қапаланды жалғызсырап
71

 
Егер  Ахмет  Крыловтан  аудардым  демесе,  еш  қазақ  жатырқамастан  ӛз 
дүниесіндей қабылдары хақ. 
Екінші айырмашылық оқиғаны Крыловша ӛрбіткенімен, сӛзден сурет сала 
отырып, ажарландыра түседі. Крыловта “человек” болса, Ахаңда “Жеке-тақ”. 
Ә  дегенде  бұл  жай  айтыла  салған  атау  болып  кӛрінгенімен,  аюдың  адамға 
                                                 
72
 
Литературная критика 1800-1820-голов. – М., 1980. – С.75.
 
71
 Байтұрсынов А. Қырық мысал. –Қазан, 1922 . – 58 б.
 

240 
 
қарап сӛйлеуінде ерекше роль атқарып, аңқау аюдың досына деген жылылық, 
мейірімнің шуағы осы сӛзге оранып жатқандай. 
 
Сонда оған Аю айтты: “Жеке-тақжан! 
Айтайын мен бір ақыл, құлағыңды рға бағытталса керек. 
Крылов  мысалдарында  кӛбіне  қорытынды  мораль  жеке  бӛлініп 
айтылмайды.  Ахмет  әрбір  мысалдың  соңынан  үнемі  ӛзіндік  ой-пікірін 
тұжырымдап, ғибрат айтып отырады. Осы құбылысқа ойлана қарасақ, Ахмет 
мысалдарының  екі  бӛлімнен  тұратындығын  байқаймыз.  Біріншісінде  оқиға 
бағдары,  кейіпкер  әрекеті  баяндалса,  екіншісінде  қорытынды  түйін,  мораль 
беріледі.  Сондықтан  да  әрбір  мысалға  ақындық  қатынас,  шығарушының 
мақсаты  айқындала  түседі.  Мұның  ӛзі  Ахмет  мысалдарының  бірін-бірі 
толықтырар,  бір-бірімен  сабақтас  екі  бӛліктен  тұрар  толыққанды  дүние 
екендігін  танытса  керек.  Атақты  Лафонтенде  осыны  жақтаған.  Оның  “Тело 
есть басня, Душа - мораль”
73
, - деп кесіп пікір айтуы бұған куә. 
Крылов  мысалдарының  Ахмет  аудармасын  тӛл  туындымыз  деуге  үшінші 
негіз  –  олар  қазақ  ӛміріне  бейімделіп,  сахара  тіршілігіне  үйлестірілуінде. 
Қазақ  тұрмысына  сай  емес  образдар  мен  есімдер  халқымызға  тән 
бейнелермен ауыстырылған. Бұған дәлел ӛте кӛп. 
Ал  “Қасқыр  мен  Мысық”  мысалында  адам  аты  қазақшаланып  қана 
қоймай,  сол  адамдардың  характерін  ашатындай,  адамдық  қасиеттерін 
айқындайтындай етіп алынған. 
Крыловтың “Волк и Кот” мысалында аңшылар қуып келе жатқан қасқыр 
деревняға  кіріп,  қайда  тығыларын  білмей,  мысықтан  ақыл  сұрап,  жақсы  бір 
адамның үйін нұсқап жіберуін ӛтінеді. Сонда мысық: 
 

 
“Проси скорей Степана: 
Мужик предобрый он”, - Кот Васька говорит. 
“То так; да у него я ободрал барана”, - 
“Ну, попытайся ж у Демьяна” – 
“Боюсь, что на меня и он сердит: 
Я у него унес козленка” 
“Беги ж, вон там живет Трофим”, 
“К Трофиму? Нет, боюсь и встретиться с ним: 
Он на меня с весны грозится за ягненка!” 
“Ну плохо ж! Но авось тебя укроет Клим?”, 
“Ох, Вася, у него зарезал я теленка!” 
 
Осылайша, бұл  деревняда  ешкімге  береке  таптырмаған  Қасқырға  Мысық 
ешкім  жасыра  алмайтынын  айтады.  Қорытынды  мораль  мысық  аузымен 
былай беріледі: 
 
“И правы, – сам себя вини: 
                                                 
73
 Степанов Н. Басня Крылова. – М., 1969. –С. 57.
 

241 
 
Что ты посеял, то и жни” 
 
Крыловтың  30  жолдық  мысалын  Ахмет  46  жолға  ӛсіріп,  еркін  аударады. 
Және мысық пен қасқыр диалогын жалпақ тілді қазақша сӛз қағысу желісінде 
кеңінен  толғап,  кӛсіле  баяндайды.  Сӛйтіп,  мысалдың  қазақылық  табиғатын 
байыта түседі. Енді Ахаң мысалына кезек берелік: 
 
“Мысықжан, бұл жердегі жұрттар қандай?.. 
Айта гӛр қайырымды ер бар болса, 
Тасалап мені жаудан құтқарғандай”. 
“Бара ғой, – Мысық айтты Қоянкӛзге,  
Жігіт кем ер кӛңілді онан ӛзге! 
Адамды анау-мынау тоқтатарлық, 
Ӛзінің ебі де бар сӛйлер сӛзге”. 
“Оны қой, - Қасқыр айтты, - ол жасырмас, 
Жеп едім бір ту қойын ӛткен күзде”. 
 
“Барып кӛр олай болса, Құрамысқа 
Адам жоқ жасыруға онан ұста, 
Шамасы ӛзі асқан жақсы жігіт, 
Жалғыз-ақ тоны келте, қолы қысқа”. 
“Мысықжан, оны да қой, ӛзгесін айт, 
Жеп едім бір лағын былтыр қыста”. 
“Иесі анау үйдің Кӛпберген бай, 
Жақсылық, жамандықты кӛп кӛрген бай, 
Қонақжай, ӛзі асқан дәулетті адам, 
Жатсаң да ауырламас бірнеше ай”. 
“Баруға, қасқыр айтты, – жүрексінем, 
Оның да қозыларын жеп ем талай”. 
Білмеймін сілтерімді енді қайда! 
Барып кӛр Қисықбасқа анау сайда! 
Болғанмен, басы қисық, ӛнері кӛп, 
Әр түрлі табылады онан хайла! 
“Мысықжан, оны да айтып, әуре болма, 
Жеп едім бір бұзауын ӛткен айда”. 
 
Мұншама  ұзақ  үзінді  келтіргендегі  мақсатымыз  –  Ахаң  мысалының 
ӛзіндік  ұлттық  бояуын  таныту.  А.Байтұрсынов  мұнда  тек  кісі  аттарын  ғана 
ӛзгертіп  қана  қоймай,  оған  үлкен  мән-мағына  беріп,  Қасқырдың  бүкіл 
болмысын  ашады.  Қорқауға  жақсы  да,  жаман  да,  жалғыз  атты  кедей  де, 
мыңды  айдаған  бай  да  бір,  ақ-қарасын  айырмай  залагерлік  кӛрсеткен 
Қасқырға айтылар үкім де еш күмән туғызбайды. 
А.Байтұрсыновтың  “Қырық  мысалы”  түгелімен  қазақ  тілінің  кӛрігінен 
ӛткізілген. Аз сӛзбен кӛп мағына білдіретін ұтымдылығы да Ахаң мысалынан 
бой  кӛрсетіп,  із  тастап  отырады.  Ақын  халқының  тілдік  қорындағы  бай 

242 
 
ұлттық  ӛрнек,  кӛркемдік  айшықтарды  ӛлең  оралымдарына  түсіріп,  ұлттық 
санаға сай түйіндер, тұжырым-қорытындылар жасап отырған. 
Байтұрсынов мысалдарындағы ӛлең жолдары “бӛтен сӛзбен былғанбаған”. 
Онда  араб,  парсы,  татар  тілдерімен  шұбарлау  мүлде  кездеспейді.  Ахаңның 
жол-жӛнекей  атқарған  ең  ұлы  мақсаты  –  ана  тілінің  абыройын  арттырып, 
мерейін  биікке  асқақтату.  Сондықтан  да  қай  мысалды  алмасаңыз  да  онда 
халықтық  тілдің,  ұлттық  поэзияның  бейнелі  бедері,  халық  даналығының 
мәйегі  –  мақал-мәтелдер,  қанатты  сӛздер  айтар  ойдың,  кӛркем  суреттің, 
қажетті детальдің ажарын аша түседі. 
Сонымен  қатар,  А.Байтұрсынов  кейіпкерлердің  іс-әрекетін  суреттеуде, 
баяндауда  қазақ  тұрмыс-тіршілігіне  таныс  құбылыстарды  сәтті  пайдаланып 
отырады. 
Белгілі  бір  кейіпкер  болмысын  ашуда,  ауызекі  сӛйлеуде  қолданылатын 
тіркестерді ойната отырып, керемет ӛткір ой айтады: 
   
 
Құдай да, құран да оған жалғыз қарын
   
 
Сол үшін қара жерге кӛмген арын. 
 
 
 
 
 
(“Сорлы болған мұжық”) 
 
Ахаң  мысалдарының  тілін  сӛз  еткенде,  онда  кеңінен  қолданыс  тапқан 
қазақ  мақал-мәтелдері  мен  қанатты  сӛздерін  айтпай  кетуге  болмайды.  Олар 
мысалдардың  негізгі  бӛлімінде  де,  ғибрат  сӛздерінде  де  орнын  тауып 
қолданылып, кейде тура күйінде, кейде ӛлең жүйесінің ыңғайына қарай мәнін 
сақтап,  ӛзгеріссіз,  кейде  сӛз  орындары  ауыстырылып  беріліп  отырады. 
“Жазмыштан – озмыш”, “Алланың адам басы добы…”, “Әлін білмеген әлек”, 
“Залымдар  айран  ішіп,  аман  кетіп,  Момындар  тұтылып  тұр  шелек  жалап”, 
“Жақсылықты  басыңа  қыл,  Басыңнан  асса,  –  деген  досқа  істеңіз”,  “Болады 
асыл таста, ӛнер – жаста”, “Ұялған тек тұрмайды”, “Біреуге күлме, келер ӛз 
басыңа”, “Сыйға-сый”, “Садаға бастан құлақ”, “Боларсың дұшпан түгіл досқа 
күлкі”, “Алды – жӛн, адасқанның деген сӛз ғой”, “Нені ексең, соны орасың”, 
“Ӛзі  тойса,  кӛзі  тоймай”,  “Аузыңды  құрғақ  қасық  босқа  қажар”,  “Халық 
айтса, қалып айтпайды”, “Қанағат азға деген жоққа – сабыр”. 
Сонымен  қатар,  Ахаң  ӛз  жанынан  жаңа  тіркестерді  қолданып,  салмақты 
мағынаны аз сӛзге сыйдырып, халық даналығының қадір-қасиетін аспандата 
түседі:  “Сары  жезден  саф  алтынды  айырмайтын”,  “Досыңнан  надан  болса, 
артық  дұшпан”,  “Пиғылды  түзетпейді  дәулет  пен  бақ”,  “Ғылымсыз  надан 
адам соқырға есеп”. 
Аударма  әдебиетті  тӛл  әдебиеттің  туындысы,  оған  қосылған  үлес  деп 
қарайтын  болсақ,  Ахаң  сіңірген  еңбек  ӛз  алдына  бір  асқарлы  шың. 
А.С.Пушкин: “бірде-бір француз Лафонтеннен ешкімді жоғары қоюға жүрегі 
дауаламайды, бірақ, меніңше, біз Крыловты одан да жоғары қоя аламыз. Бұл 
екеуі ӛз елінің мәңгілік сүйіктісі болып қалады. …Лафонтен мен Крылов екі 
халықтың рухының ӛкілдері”
74
, - деп, ұлы мысалшылардың қызметін жоғары 
бағалаған  еді.  Ахмет  Байтұрсынов  тәржімадан  тӛл  туынды  тудырған 
                                                 
74
 Пушкин А.С.  ПСС. Т. 5.  – М., 1954. –С. 20 
 

243 
 
мысалдарында  қазақ  ӛмірінің,  оның  тұрмыс-тіршілігінің  шындығын,  мінез-
құлқының  бар  болмысын  жарқырата  ашып,  қазақы  мысал  жасады. 
Мысалдағы пернелеу арқылы отандастарына азатшыл ой тастады. Ендеше біз 
де оны ешкімнен кем тұта алмаймыз. 
Ахмет  ӛз  жанынан  бірде-бір  мысал  шығармады.  Бірақ  мысал  сюжеті-
негізінен бар халыққа ортақ алтын қазына. Әлем мысалшылары ежелгі грек 
мысалшысы  Эзоптан  бастап  бүгінгі  мысалшыларға  дейін  бір-бірімен 
тақырып  алмасып  отырған.  Крылов  ӛз  мысалдарының  33-ін  аударма  деп 
мойындаса,  28-інің  сюжетін  француз  мысалшысы  Лафонтеннен  алған  екен. 
Ал  Лафонтен  –  ӛз  жанынан  мысал  шығармаған,  ӛзіне  дейінгі 
мысалшылардың сюжетін алып, ӛзгеше жазған ақын. Орыстың атақты ақыны 
Жуковский  бұл  туралы  “Лафонтен,  который  не  выдумал  ни  одной 
собственной  басни,  почитается,  невзирая  на  то,  поэтом  оригинальным. 
Причина  ясна:  Лафонтен,  заимствуя  у  других  вымысли,  ни  у  кого  не 
займствовал ни той прелести слога, ни тех чувст, ни мыслей, ни тех истинно 
стихотворных картин, ни того характера простоты, которыми украсил и так, 
сказать обратил в свою собственность заимствованное”
75
, – деп түйіп айтып, 
Лафонтеннің ақындық табиғатын тап басқан. 
Осы  бір  орынды  пікірді  негізге  ала  отырып,  бізде  Ахметтің  мысалшы 
ретіндегі  ерекшелігінің  ең  басты  қасиеті  тӛл  туынды  жасай  білгендігінде 
демекпіз.  Ахаң  Крылов  мысалындағы  сюжеттік  желіні  ӛз  уақытына 
үйлестіріп,  қазақ  халқының  тағдырындағы  ділгір  мәселені  кӛтеруге 
пайдаланып,  “негізгі  түпнұсқаға  орайластырып,  кӛркем  ойға  ой  қосып, 
суретке  сурет  қосып,  пікірді  ұштап”  (Р.Нұрғалиев)  таза  қазақи  тӛл  туынды 
жасаған. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет