Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет5/27
Дата29.12.2016
өлшемі2,17 Mb.
#672
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Қазақстан  Ресейге  қосылу  нәтижесінде  екі  мәдениеттің  алыс-берісінен 
қазақ  даласының  рухани  ӛмірінде  Шоқан  Уәлиханов,  Ыбырай  Алтынсарин, 
Абай Құнанбаев сынды ағартушылар дүниеге келді. Қазақ қоғамының дамуы 
процесі  талап  етіп  отырған  ең  негізгі,  кӛкейтесті  мәселелерді  қазақ 
ағартушылары дәл түсініп, бүкіл күш жігерін ӛркениеттілік дамуға жұмсады. 
ХХ  ғасыр  қазақ  даласына  да  жаңа  дәуірдің  жаршысы  болып  келді.  Абай 
дәстүрін 
дамытып, 
жалғастырған 
ізба- 
сар  ақындар  Шәкәрім,  Ахмет,  Міржақып,  Сұлтанмахмұт,  Мағжандар  тарих 
сахнасына  шықты.  Осы  кездегі  Ресейдегі  саяси  әлеуметтік  ӛзгерістердің 
қазақ  жеріне  жаңғырып  жетуі  қоғамдық-әлеуметтік  ойдың  ӛрісін  кеңейтті. 
Жоғарыдағы  ақын-жазушылар  бастаған  қазақ    ақын-жазушылары  ұлттық 
сана-сезімді  оятар  бағыт-бағдар  іздеді.  Оны  әрқайсысы  ӛзінше  тапты,  ӛз 
пікірлестерін бір бағытқа түзеді. 
ХХ ғасырдың басы – қазақ халқының тарихында ұлы ӛзгерістер мен үлкен 
асулар кезеңі, яғни, айбынды да айлалы саяси күрес, ащы ыза мен кекке толы 
кӛтерілістер  дәуірі  болды.  Дәл  осы  тұста  қазақ  арасында  оқу-ағарту 
жұмыстары  ӛркен  жайып,  қазақ  зиялылары  алдыңғы  қатарға  шыға  бастады. 
Қазақ  тілінде  кітап  бастыру,  газет-журнал  шығару  жолға  қойылды. 
Халықтың сана-сезімі оянып, руханияттың басты қайнар кӛзіне айналды.  
Қазақ  жазба  әдебиетінің  ӛткен  ғасыр  басындағы  әдеби  ағым-бағыттары 
турасындағы  кӛзқарастарды  қарастырғанда,  бүгінгімен  салыстырғанда 
олардың  айтылған  мерзімдеріне  кӛңіл  бӛлу  аса  қажет.  Ӛзімізге  белгілі, 
“кемелденген  социализм”  дәуірінде  жазылған  әдеби  зерттеулерде  ғасыр 
басындағы шындықтар бұрмаланып келді. 
Біз  осы  уақытқа  дейін  пайдаланып  келген  әдеби  зерттеулерде  ХХ  ғасыр 
басындағы  қазақ  ақын-жазушыларын  идеялық  әдеби  ағым-бағыттарына 
қарай  мынадай  топтарға  бӛлді:  1)  ағартушы  ақын-жазушылар,  2)  ағартушы 
демократ ақын-жазушылар, 3) буржуазияшыл-ұлтшыл ақын-жазушылар. 

62 
 
Тарихымыздың, оның ішіндегі әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері аршылғалы 
ХХ  ғасыр  басындағы  әдеби  ағым-бағыттар  айқындалып,  сол  ағым-
бағыттардың кӛшбасшысы болған ақын-жазушылардың шығармашылықтары 
кең түрде зерттеліне бастады. 
Абай  негізін  қалаған  жазба  әдебиеттің  ең  бір  шырқау  биікке  кӛтерілген 
тұсы – ХХ ғасырдың бас кезі. Бұл тұста қазақ әдебиетіне бірі кеш, бірі ерте 
қос  арнадан  нәр  алған,  батыс  пен  шығысты  тел  емген,  Абай  туын  биікке 
кӛтерген  Шәкәрім,  Мәшһүр-Жүсіп,  Ахмет,  Міржақып,  Сұлтанмахмұт, 
Мағжан сынды әдебиет алыптары келді. Бірінің қанатын кеңге жайып, алыс-
жақынды  биіктен  шала  бастаған,  екіншілерінің  әдебиет  биігіне  енді  қанат 
қаға  бастаған  тұсы  –  осы.  Оларды  біріктіретін  де,  ерекшелендіретін  де  бір 
ғана  ұлы  күш  –  ұлтын  ояту  атты  ұлы  арман.  Осы  асқаралы  мақсатқа  жету 
жолындағы  сан  тарау  соқпақты  әрқайсысы  ӛз  ой-ӛрісі  межесінен  таңдады, 
таңдағанын нақты сара жол деп таныды.  
Осынау  сара  жолды  таңдауда  сан  қилы  кереғар  пікірлер  туындап, 
арыстарымызды сан қиырға салған адасулар да болды. Ендеше бұл кезеңнің 
әдебиеті – қоғамдық ой-санадан туындаған қарама-қайшылықты кӛзқарастар 
жемісі.  
ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  әдебиеттің  үш  бағыты  бар  екендігі  талайдан 
айтылып  келе  жатқан  жайт.  Атауын  мың  құбылтып,  айдар  тағудан 
жаңылмағанымызбен, әйтеуір сол үшеудің тӛңірегінен табылып жатамыз. Үш 
бағыттың  алғашқысын  “діни-ағартушы  ағым”  деп  атаған  еңбек  те  жарық 
кӛрді (У.Қалижанұлы “Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым”). Мұны 
ағым  емес,  бағыт  деп  танитынымызды,  оған  не  себеп  екенін  біз  жоғарыда 
айттық.  Діни-ағартушы  бағытқа  арналған  тарауда  арнайы  тағы  тоқталамыз. 
Екінші  бағытты  ағартушы-демократтық  бағытты  бұрыннан  солай  атап 
келеміз,  түпкілікті  дәлелденген  нәрсе.  Үшінші  бағыт  туралы  әрқилы 
кӛзқарастар  бар.  Біз  бұл  бағытты  ұлт-азатшыл  бағыт  деп  атағанды  жӛн  деп 
таптық.  
Жалпы ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиетке тән басты ерекшелік – ұлт қамы 
қай  бағыт  ақын-жазушысының  шығармашылығы  болмасын  ортақ  тақырып 
ретінде кӛрініс табуы. Олар ӛз ұлтының ӛзге ӛркениетті елдердің қатарынан 
кӛрінуін аңсап, ел тілегінен шығып, әдебиеттің ұлттық рухын шырқау биікке 
кӛтерді.  Қазақ  халқының  алдында  тұрған  асқарлы  мақсаттарды  әрқайсысы 
әлқадырынша,  ой-ӛрісінің  жеткен  қырынан  тани  отырып,  негізгі  мәселе 
ретінде қоя білді.  
Осы  ірі  тұлғалардың  шығармашылығы  арқылы  жазба  әдебиетіміз 
ӛркендеп,  сан-салалы  тақырыптарды  қамтып  тарамдала  түсті.  Қалыптасқан 
әлеуметтік-қоғамдық  жағдайлар  жазба  әдебиетті  бұрын-соңды  болмаған 
деңгейге кӛтеріп, оның ой-сана оянуының басты құралына айналуына ықпал 
етті.  Ол  жағдайлар  –  атап  айтсақ,  біріншіден,  оқу-ағарту  жұмысының 

63 
 
бұрынғы  кезеңдерге  қарағанда  біршама  жақсы  дамуы.  Әдебиет  үшін  ең 
керегі оқырман қауым болса, ХХ ғасыр басында мектептер кӛптеп ашылып, 
әдебиет  сүйер  қауым  кӛбейді.  Екіншіден,  ХХ  ғасыр  басында  әдебиеттің 
құлашын  кеңге  жайып,  ӛркендеуіне  қазақ  баспасӛзінің  дамуының  ең  басты 
қозғаушы  күш  болғанын  атап  ӛтуіміз  керек.  “Айқап”,  “Қазақ”,  “Қазақстан”, 
“Ешім  даласы”  сияқты  баспасӛз  беттерінде  әдебиетіміздің  ірілі-ұсақты 
ӛкілдері  ӛз  шығармаларын  жариялап  отырды.  Бұл  басылымдар  ӛз  кезегінде 
жаңа  шығармаларға  сын  айтып,  бағыт-бағдар  берді.  Әдебиетіміздің  ӛркен 
жайып, жандана түсуіне, қоғамдық ой-пікірді ӛрістетудің маңызды құралына 
айналуына осындай объективті себептер әсер етті.  
Ұлт  зиялыларының  отаршылдыққа  қарсы  күресте  елдің  басын  біріктіріп, 
саяси-күреске  ояту  іс-әрекетіндегі  кӛздеген  мақсаттары  әдебиетте  айқын 
кӛрініс  тауып  отырды.  Жалпы  ХХ  ғасыр  басындағы  әдебиетке  тән  тағы  бір 
ерекшелік  –  әлеуметтік-саяси  мәселелерді  кӛп  кӛтергендігі.  Отаршылдық 
талқысы  езіп-жаншып,  жері  талан-таражға  түскен,  халқының  тоз-тозы 
шыққан, бірліктен кетіп, берекесінен айрылған елінің қара түнектегі жағдайы 
қай  бағыт  ақын-жазушыларының  шығармашылығында  болмасын  ортақ 
тақырып  ретінде  кӛрініс  тапты.  Мәселен  діни-ағартушы  Мәшһүр-Жүсіп 
Кӛпеевтің 
 
Байланып қорыққандықтан жүрді тілім, 
Қазағым, қайран жұртым, халқым елім. 
Мұжық кеп, қара шекпен крестьян, 
Жеріңді қылмады ма тілім-тілім, – 
 
деп,  қазақ  жағдайына  жүрегі  қарс  айырылса,  ағартушы-демократ 
Сұлтанмахмұт Торайғыров: 
 
Сұмдар салған жүректе 
Аз ба біздің жарамыз? 
Тепкісінде басқаның, 
Қор боп жүдеп барамыз, – 
 
деп,  ұлтының  қасіретті  жағдайының  ең  негізгісін  нақты  атай  отыра,  елін 
серпілтер ой-идеяны ӛзіндік ӛршіл үнмен кӛтереді. Бұл құбылысты  Абайша 
терең сезіне жырлаған ұлт-азатшыл бағыттағы Ахмет Байтұрсынов: 
 
Қазағым, елім, 
Қайқайып белің, 
Сынуға тұр таянып, 
Талауда малың, 

64 
 
Қамауда жаның, 
Аш кӛзіңді, оянып, – 
 
деп,  халықтың  мүшкіл  халіне  себеп  болған  басты  жағдайлардың  түп-
тамырын даналықпен кӛре біліп, ұлт санасын “ояту” идеясын алға тартады. 
Міне, осы тұрғыдан алғанда ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің басты белгісі 
–  ең  алдымен  азаттыққа  ұмтылу,  соған  “ояту”  әдебиеті  болғандығында  деп 
тануымыз керек. 
Бірақ “оятудың” жолын әрбір ӛнер иесі ӛз кӛзқарасы арқылы айқындады. 
Мәселен,  бірі  (ағартушы-демократтар)  оны  тек  ағартушылықта,  әлеуметтік 
теңсіздікті жоюда, екіншісі (ұлт-азатшылдар) ұлт болып азаттыққа, теңдікке, 
бостандыққа  ұмтылуда,  соған  қол  жеткізуде  деп  білсе,  үшіншілері  (діни-
ағартушылар)  адамгершілік  тәрбиесінің  негізі  діни-рухани  бостандыққа 
насихаттауда деп ұқты. Сондықтан да Сұлтанмахмұт:  
 
Қараңғы қазақ кӛгіне, 
Ӛрмелеп шығып, күн болам! 
Қараңғылықтың кегіне 
Күн болмағанда, кім болам? 
Мұздаған елдің жүрегін  
Жылытуға мен кірермін, – 
 
деп, ӛз поэзиясының, ӛмірінің мақсаты ағартушылық екенін, қараңғылықпен 
айқас екенін асқақ романтикалық үнмен жеткізді.  
 
Мен жазған кеңес, 
Мақтаныш емес, 
Ат шығармақ ақындық. 
Ер батқанда жорғалық, 
Молда жақта молдалық, – 
 
деп,  Ахаң  ӛзін  ақын  еткен  басты  себеп  ақындықты  елінің  азаттығы 
жолындағы саналы күресте басты қаруы ретінде жұмсауға бекінген ниеттен 
екендігін нақты да айқын білдіреді. Халқының бостандығы үшін ӛзінің бүкіл 
ғұмырын арнаған ақын қашан да азаматтық міндетті жоғары қояды. Азатшыл 
ақындар ӛлеңдеріндегі: 
 
Кӛзіңді аш, оян қазақ, кӛтер басты, 
Ӛткізбей қараңғыда бекер жасты, 
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп, 
Қазағым, енді жату жарамасты, – 

65 
 
 
деген азатшыл, тәуелсіздікшіл сарындар олардың бүкіл шы-ғармашылығына 
негізгі  желі  болып  тартылды.  Бұл  бағыттағылар  ӛздері  жазған  ӛлең,  поэма, 
роман, повестерінде осы азатшыл идеяны аяға ұстады.  
Діни  бағыттағы  ақын-жазушылар  да  орыстың  езгісінде  езіліп,  діні  мен 
имандылығынан  айрылып,  “ұйқышыл”  халде күн  кешкен қазақты  оятуға  үн 
қосты.  Бұлар  негізгі  идея  ретінде  діни  ағартуды  ұсынды.  Қазақ  ӛміріндегі 
кесір-кесапатты  дінге  кӛзқарас  салқындығынан,  дінді  уағыздаушы  шала 
молдалардың  надандығынан  деп  білді.  Бүкіл  Россия  мұсылмандарының 
бірлігінен ғана қазақ ұлтына жарық күн туады деп сенді. Мәселен, Мәшһүр-
Жүсіп: 
 
Тауып ал, тұман түспей тұстасыңды, 
Жолдас бол, сынап ал қостасыңды. 
Баласы дін – мұсылман ұрандасып, 
Қосыл кісі санына қос басыңды. 
Немесе: 
Болып тұр мұсылманға Қазан басшы, 
Сен де соған жейтұғын асыңды асшы, 
Дін исламның бір болып ынтымағы, 
Патшаның қол астында бір жарасшы, – 
 
деп, Ресейдің басқа мұсылман халқымен бірігіп, дін үшін, жер үшін күреске 
шығуға, ынтымақшы болуға үндеді. 
  
Дінімізді кемітіп қорламасын, 
Кӛзімізді бақырайтып ұрламасын. 
Баламызды билетсін ӛзімізге, 
Оқытсын деп орысша зорламасын, – 
 
деген батыл талаптар да қоя білді. 
 
 
2. Басты тақырыптар арқауы 
 
ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  қазақ  әдебиетінде  исламшылдық  идеясын 
кӛтерген діни тақырып үлкен орын алды. Оның басты себебі – ХХ ғасырдағы 
Ресейдің  отарлау  саясаты  крестьяндарды  қазақ  жеріне  молынан 
қоныстандыру,  сол  арқылы  билеп-тӛстеудің  қуатын  арттыру,  рухани  тонау, 
шоқындыру  шараларын  жандандыра  жүргізумен  сабақтастырыла  іске  асы-
рылды.  

66 
 
Міне,  осындай  белгілі  бағыттағы  іс-әрекеттер  күшейе  түскенде, 
Россиядағы  ӛзге  мұсылман  жұртындағыдай  қазақ  даласында  да 
“мұсылмандық қозғалысы” ӛріс алды. Бұл, әсіресе, діни-ағартушы бағыттағы 
ақын-жазушылар шығармашылығына ерекше әсер етті. Олардың осы тұстағы 
ӛлеңдерінде  ой  еркіндігі  ӛзгеше  тыныс  ашқандай.  Замана  туралы 
толғаныстар діни ағымдағы ӛзекті оймен ӛріліп отырады. Нұржан Наушабаев 
ӛлеңдеріндегі: 
 
Кӛгертпес жауғанменен тасқа жаңбыр, 
Алланың бергеніне еткін шүкір, 
Қалыптан асып, қылма күпірлікті 
Жігіттің һауасына болып мағрұр. 
Немесе: 
Нұр хикмат кӛңілде болса кәміл, 
Кешсеңде қауіп болмас дариясын Ніл. 
Бей-мағына сӛз сӛйлеп аһ ұрғанмен, 
Жан-тәнде, тән саламат, ынсапқа кір, – 
 
деген  ұғымды ойлар  рухани  тазаруға,  адамдық  асыл  қасиеттермен  табысуға 
үндеумен ғана шектелмей, ақынның ӛзіндік кӛзқарасын да танытады.  
Діни-ағартушылардың  адамдық  жақсы  қасиеттерді  қалыптастыруды 
тікелей  дінмен  байланыстыру  ӛзге  бағыттардан  кӛзқарас  алшақтығының 
нақты белгісі. Сондықтан да: 
 
Оқып қал, әй балалар, жас шағыңда, 
Оқуға уақыт, кеңдік бар шағында. 
Ендігі заманаға оқу керек 
Оқусыз ӛнер тапқан адам бар ма? 
 
Пайғамбар хак, алланы бір біліңіз, 
Орысша, мұсылманша тіл біліңіз. 
Қазіргі күйімізге қарағанда, 
Қазақты еш жарықсыз түн біліңіз, – 
 
деп,  Мұхамедсәлім  Кәшімов  жастарды  оқу-білімге  шақыра  отырып,  жақсы 
мен  жаманның,  білімді  мен  білімсіздің  парқын  айырып,  ізгі  қасиеттерді 
тікелей діни ұғым-таныммен байланыстыра жырлауға ден қояды. 
“Халықты 
ояту” 
идеясын 
діни 
бағыттағы 
ақын-жазушылар 
адамгершілікпен,  имандылықпен,  діни  іліммен  астастыра  отырып,  Абай 
салған  сыншыл  реализм  жолына  түсіп,  ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  әдебиетте 
ӛзіндік  деңгейде  із  қалдырды.  Олар  тек  діни  уағыз  аясында  қалып  қоймай, 

67 
 
қоғамдық  ӛмірдегі,  тұрмыс-тіршіліктегі  келеңсіз  жайларды  сынай  да  білді. 
Діни  имандылық,  ізгілік  идеялары  тұрғысынан  ӛз  тұсындағы  әлеуметтік 
теңсіздік кӛріністерін шама-шарқынша кӛрсетіп отырды.  
Қазақ  халқын,  әсіресе  жастарды  оқу-білімге,  ӛнер-ғылымға  шақыру  ХХ 
ғасырдың  басындағы  барлық  бағытқа  тән  десек  те,  бұл  саладағы  ағартушы-
демократтардың  еңбегін  ерекше  айтуымыз  керек.  “Қараңғы  қазақ  кӛгінде 
күн” болуды армандаған Сұлтанмахмұт: 
 
Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек, 
Оқыса, басқа елдердей қатарға енбек. 
Білімге ел боп аңсап құмарланса, 
Жетілмек аз-ақ жылда жоғары ӛрлеп, – 
 
деп,  ӛзінің  ӛршіл  үнімен  оқу-ағартуды  жырына  арқау  етсе,  С.Кӛбеев  орыс 
ақындарының ӛз ойымен орайлас, үндес шығармаларын былайша аударады: 
 
Балалар жиналыңыз мектепке ерте, 
Мәз болмай деген сӛзге мырза, ерке. 
Бұл кезде ӛнерлі адам ӛрге шықты, 
Зат емес надан кісі алар текке. 
 
Қазақ  жастарының ел  арасындағы  арзымас  іспен  күні  ӛтіп,  “екі  ауылдың 
арасында  тентіреп  жүргені”  жандарына  қатты  батқан  ақын-жазушылар, 
ағартушылық ұранды барынша кӛтерді. 
Ағартушы-демократтар  ұлтының  орыс  отаршылдарының  езгісінде 
тапталып  жатуының  себебін,  ең  алдымен,  білім-ғылым  жоқтығынан  деп 
білді. Сондықтан Абай ӛсиет еткен “Мақсатым тіл ұзартып, ӛнер шашпақты” 
берік  ұстанды.  Ал,  ӛнер-білімге,  оқуға  үндеу  ХХ  ғасыр  басындағы 
әдебиеттегі  ӛрлеу  мен  ізденістің  нәтижесінде  дүниеге  келіп,  бар  жанрға 
басты  тақырып  ретінде  желі  болып  тартылды.  Мәселен  сол  тұста  кең  етек 
жая бастаған проза жанрындағы “Жас ғұмырым яки жастық ғафлаты” (1907), 
“Садық әпенді” (1911), “Оқуға махаббат” (1914) т.б. ұсақ әңгімелерден “Қыз 
кӛрелік” (1912) тәрізді ұзақ әңгімелерге дейін осы надандық кесір-кесепатын 
ашып, оқу мен ғылымға үндеді. Кейде негізгі тақырып басқа болса да, білімді 
мен  білімсізді  салыстыра  кӛрсету  дәстүрі  басым  болды.  Қазақтың  алғашқы 
драмалық  шығармаларының бірі  “Надандық құрбанының” негізгі  тақырыбы 
әйел  теңсіздігі  болса  да,  кӛбіне  надандықты,  білімсіздікті  кӛрсету,  оған 
сауаттылықты қарсы қою идеясы ӛзек етілген. 
ХХ  ғасырдың  басында  әйел  теңдігі  мәселесі  қазақ  қоғамындағы 
әлеуметтік  теңсіздіктің  нақты  кӛрінісі  ретінде  кӛзге  айқын  шалынады.  Оны 
шешу  бір  қадам  болса  да  алға  басқандық болып  табылар еді.  Сондықтан  да 

68 
 
ағартушы-демократтар  бұл  мәселені  ӛз  шығармашылықтарының  алтын 
арқауы етті. 
Қазақ  қызының  қайғылы  халі,  аянышты  жағдайы  қазақ  ақын-
жазушыларының  қаламынан  шыққан  барлық  туындыларына  ӛзекті  мәселе, 
негізгі желі болып тартылды десек, қателеспейміз. 
ХІХ  ғасырда  дана  Абайдың  жас  сұлуы  “Етімді  шал  сипаған  құрт  жесін 
деп”,  жартастан  терең  суға  құлап  мерт  болса,  Шәкәрім,  Сұлтанмахмұт 
кейіпкерлері  де  әйел  теңсіздігін  тудырып  отырған  ескілікті  салт-сананың 
тегереуіне  шыдай  алмай,  кейде  қарсыласып,  кейде  бұйығы  күйде  ӛмірден 
ӛтеді. 
 
Айыпсыз ата-ананың сіз баласы, 
Түбінде тамам жұрттың сіз анасы. 
Үзді ғой кәрі шандыр тілегіңді, 
Басқанын хан болғанда қыз баласы. 
Қазады бес жасыңнан атаң орды, 
Қарайды малы кӛпке оңды-солды. 
Таз болсын, тазша болсын кеттің жылап, 
Жігерсіз мұнша неден болдың сорлы, – 
 
деп, Сұлтанмахмұт тұрпайы салттың қасіретіне душар болған қазақ қызының 
жігерсіздігіне қынжылады. Ӛлең астарында қазақ қызының жігерсіздігін жек 
кӛруден гӛрі аяушылық басым. Әділетсіздікке жаны қас ақын қазақ қыздарын 
ӛз бақыты мен еркіндігі үшін күресуге шақырады. Мұратқа тек күрес арқылы 
жетуге болатындығына сендіруге тырысады. 
Милеттің түзелуі сіздермен, 
Бұзып шық, солмай жылап, қалың торды. 
Ыңғайымен ұялғансып кете барсаң, 
Ӛзіңе ӛз обалың сонда болды. 
Атаңның сіз кӛнбеңіз алдауына, 
Сүйгенсіп, қарағым деп арбауына. 
Қор қылды, оқытпады, надан қылды, 
Ол аз деп шалға сатты, жалмауына. 
 
Сұлтанмахмұт  алға  тартқан  ой  арнасы  ағартушы-демократ  ақын-
жазушылардың бәріне тән десек, артық айтқандық емес. Бұл кӛзқарас тіптен 
сол кездегі барлық ақын-жазушыларға ортақ. Ағартушы-демократтар да, ұлт-
азатшылдар  да,  діни-ағартушы  бағыттағылар  да  ұлтымыздың  ертеңі  анаға 
байланысты  екенін  терең  ұғынып,  қыздарды  шалға  сату  ұрпақ  ӛркениетіне 
кесір  екенін  кӛрсетуге  әрқайсы  шама-шарқынша,  ӛз  ұғым-таным  биігінен 
келді.  Тәрбиелі,  оқыған  анадан  ӛнегелі  ұрпақтың  ӛнетінін,  надан,  сауатсыз 

69 
 
анадан  тәрбиесіз  ұрпақ  туатынын  санаткерлеріміз  ұдайы  тілге  тиек  етіп 
отырды. 
Сонымен ХХ ғасырдың басында әйел теңдігі кезек күттірмей, тез шешуді 
қажет  ететін  басты  мәселеге  айналды.  Бұл  сияқты  үлкен  тақырыпты  дәуір 
тілегіне  лайық  суреттеу  жолында  шағын  ӛлең  формасы  тарлық  жасай 
бастады.  Ӛмірдің,  әдебиеттің  алдында  тұрған  түбегейлі  проблемаларды 
замана  талабына  сай  бейнелеу  үшін  кесек  те  күрделі  шығармалар  жасау 
қажеттігі  туды.  Міне  осы  қажеттілік  Мұхаметжанның  “Гүлкашимасын”, 
Міржақыптың “Бақытсыз Жамалын”, Шәкәрімнің “Еңлік-Кебек”, “Қалқаман-
Мамырын”, туғызды. 
Сонымен  ХІХ  ғасырда  Абай  қазақ  қыздарының  аяулы  бейнесін  ӛзінің 
лирикалық  шығармаларында  жасаса,  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  қазақ  қызы 
кӛркем  шығарманың  белсенді  кейіпкері  ретінде  кӛрініп,  заман  сырын 
танытуда,  жұртшылықты  әділеттілікке,  адамгершілікке,  шақыруда  үлкен 
қызмет атқарды. 
 
3. Абай ӛнегесінің ӛрісі 
 
ХХ 
ғасыр 
бас 
кезіндегі 
қазақ 
ақын-жазушыларының 
бүкіл 
шығармашылығы Абай атты ұлы арнадан бастау алады. Сондықтан ХХ ғасыр 
басындағы  әдебиетті  сӛз  еткенде,  Шәкәрім,  Ахмет,  Міржақып, 
Сұлтанмахмұт,  Мағжан  сынды  ұлы  тұлғалар  поэзиядағы  Абай  салған 
дәстүрдің сан қырын ашып, жаңашылдықпен жалғастырғанын атап ӛту ләзім. 
Онсыз сол кездегі поэзияның даму барысын, кӛтерілген биігін аша алмаймыз.  
“Абай  –  қазақтың  жаңа  реалистік  жазбаша  поэзиясының,  әдебиетінің 
негізін  салды.  Абайдың  ақындық дарыны  аса  қуатты  және  сан  қырлы.  Ол  – 
керемет  суреткер  ақын  және  сыршыл  лириканың  сирек  кездесетін  шебері. 
Сонымен  бірге  біз  Абайды  ойшыл  ақын  дейміз.  Мұны  алдымен  ақынның 
ӛмір  құбылыстарын  терең  толғау  жағы  басым  келетін  ӛлеңдеріне  қатысты 
айтсақ,  сонымен  қатар  ӛмір,  адам  тағдыры,  дүние,  заман  ағымы  жайлы 
пікірлері, дүниетанымы кӛбірек кӛрінетін ӛлеңдеріне қатысты, яғни ойшыл-
философ ақын деген мағынада айтамыз” – деп, З.Ахметов ұлы дарынға үлкен 
баға  береді  де:  “Ақын  тұлғасы  қаншалықты  ірі  болса,  ықпалы  соншалықты 
зор болатыны, айналасына түсетін жарығы да мол болатыны анық”
30
, – деген 
тұжырым жасайды. 
Абай  ӛзінен  кейінгі  ақындардың  барлығына  “Жарығын  түсірді”  десек, 
ӛсіріп  айтқанымыз  емес.  Ӛйткені  “Абай  –  қазақтағы  суретті,  сұлу  сӛздің 
атасы,  тереңге  сырлы,  кең  мағыналы  кестелі  ӛлеңнің  атасы.  Қазақ  ӛлеңіне 
ӛрнек  берген,  түрін  кӛбейтіп,  қалыбын  молайтқан  –  Абай.  Ол  қазақтың 
                                                 
30
 Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. –Алматы, 1995. -245 б
 

70 
 
ішінен оқушы тапқан”
31
. Ұлы Мұхтар Әуезовтің бұл ойларынан артық Абай 
болмысын тап басып тану қиын. Абай дәстүрін жалғастырушылар оның осы 
“оқушылары”  еді.  Олар  –  ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  қазақ  поэзиясын  әлемдік 
деңгейге  кӛтерген  Шәкәрім,  Ахмет,  Міржақып,  Сұлтанмахмұт,  Мағжан 
сынды  бір  туар  дарындар  еді.  Бұлардың  бәрі  ӛз  кезегінде  Абай  ұлылығын 
тануға ұмтылып, ақындығын бағалауға тырысқан болатын. Осы орайда Абай 
ақындығын бағалаудағы олардың ұлы ақынға берген атаулары да әрі қызық, 
әрі ой саларлық. Ең жақын шәкірті Шәкәрім “Ұлы ұстаз” тұтса, Ахмет “Қа-
зақтың  бас  ақыны”  деп  біледі,  Мағжан  үшін  “Ақындар  хакімі”  болса, 
Сұлтанмахмұт “Ақындар пайғамбары” кӛреді. 
Абай  ұлылығын  тани  біліп,  ақындығына  табынған  осынау  “оқушылар” 
ұлы ақын дәстүрінің әр қырын, әр бағытын ӛз шығармашылық мүмкіндігіне, 
ұстанған мақсатына орай дамытып, жаңғыртып әкетті.  
Шәкәрім  Абайдың  қоғам  туралы  толғамын,  адам  болмысын  танудағы 
ізденісін,  адамның  адам  болып  қалу  жолындағы  имандылықты,  ар-ұяты, 
адамгершілікті  уағыздау  ӛнегесін,  білім  мен  ӛнер  шашпақ  үлгісін,  теңіздей 
терең ойшылдығын ұлы ұстаз дәстүрін сақтай отырып, жаңаша жаңғыртып, 
жасампаздықпен дамытты. 
Ахмет  бас  ақынға  қоғамның  ең  кӛкейкесті  мәселелерін  қозғаған  ой-
толғаныс,  отарлық  уысындағы  ұлттың  қамын  ойлаған  тұстан  үндесіп, 
азаматтық ұстанымнан туындаған азаттық сарынды алға тартуымен жаңаша 
жол тапты. 
Міржақып  ӛлең  ӛнерінің  Абай  таныған  құдіретін  мойындау  арқылы  оны 
ұлттың  санасын  азаттық  күреске  оятудың  күшті  құралы  деп  біліп,  ӛз 
поэзиясына азатшылдықты арқау етуі негізінде Абаймен іштей үндесіп, ӛлең 
ӛлкесіне ӛзіндік ӛршіл рух септі. 
Мағжан “ақынның ақыны” ретінде “Хакім Абайдың” сыр мен сезімге толы 
кӛңіл  күй  лирикасын,  адамның  ішкі  болмысына  терең  бойлаған 
сыршылдығын,  жан  тебіренткен  сезімнің  терең  иірімдерін  жүрекке  дӛп 
жеткізер сезімшілдігін, жансызға жан бітірер суреткерлігін шебер игеріп, оны 
“европалық  әшекеймен”  үлбіретіп,  ӛзіндік  үлгі  тауып,  ӛзгеше  ӛріспен 
ұштастырды. 
Сұлтанмахмұт  әлеуметтік  ӛмірдегі  теңсіздік  кӛрінісін  шыншылдықпен 
суреттей  біліп,  қоғамдық  қайшылықтың  негізін  “кӛкірек  кӛзімен”  кӛріп, 
нақты  танып-біліп,  ащы  шындықты  ақындар  пайғамбары  санаған  Абайша 
айта алып, шыншылдық пен сыршылдықтың ӛрісін кеңейтті. 
Қарап отырсақ, ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушылар Абай ақындығынан 
үлгі  ӛнеге  ала  отырып,  ұлы  тұлғаның  сан  қырлы,  мол  сырлы  поэзиясының 
жандарына  жақын,  рухына  үйлес,  ӛз  ой-пікірімен  үндес  келер  тұсын  үйіріп 
әкетіп, жаңғырта да жаңаша дамытқанын байқаймыз. 
                                                 
31
 Әуезов М. Әдебиет тарихы. –Алматы,1991. -230 б
 

71 
 
Жалпы  Абайдың  ақындық  дәстүрін  дамытушылар  туралы  30-жылдардан 
бергі  кезеңде  әр  түрлі  сипатта  болса  да  сӛз  болып  келеді.  М.Әуезовтің, 
С.Мұқановтың, 
Е.Ысмайловтың, 
Ы.Дүйсенбаевтың, 
А.Нұрқатовтың, 
Қ.Мұхаметхановтың, 
Ә.Жиреншиннің, 
З.Ахметовтің, 
З.Қабдоловтың, 
Т.Кәкішевтің, 
Р.Нұрғалиевтің, 
Ж.Ысмағұловтың, 
Б.Әбдіғазиевтің, 
К.Бейбітованың  әр кезде шыққан зерттеу еңбектері  осының айғағы. Осынау 
әдебиеттанудың  алыптары  мен  әдебиет  ғылымында  азды-кӛпті  еңбек  етіп 
жүрген  ғалымдардың  барлығы  да  Абай  творчествосының  ХХ  ғасыр 
басындағы  әдебиет  ӛкілдеріне  тигізген  игі  әсері  жайлы  нақты  мысалдар 
келтіріп, тұжырымды ойларын айтқан. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет